Дерево страниц

Сравнение версий

Ключ

  • Эта строка добавлена.
  • Эта строка удалена.
  • Изменено форматирование.

Хабарламамен танысу

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша айқындалған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жібергеннен кейін Жүйе танысу үшін МС порталында хабарламаны көрсетеді. 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Оқылмаған хабарлама болған жағдайда, Жүйе пайдаланушылардың барлық әрекеттерін бұғаттайды және «Таныстым» батырмасы басылғанша одан арғы әрекеттер қолжетімді емес болады. Бұл ретте, бірнеше хабарлама болса, онда әрбір хабарламада «Таныстым» батырмасын басу қажет. Хабарламамен МС Порталында тіркелген МС ұйымдастырушы ұйымның кез келген қызметкері таныса алады.  

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Хабарламаны орындау мерзімі хабарламаны жеткізгеннен   кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күні.  Жүйе мүмкіндік береді:

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Хабарламаны орындау мерзімі аяқталғаннан кейін Жүйе хабарлама мәртебесін «Орындалмады. Танысты» немесе «Орындалмады. Танысқан жоқ» деп өзгертеді. Бұл ретте Жүйе жоспар тармағының мәртебесі «Бекітілді» болған жағдайда жоспар тармағына өзгерістер енгізу жолымен хабарламаны орындау  мерзімі өткеннен кейін хабарламаны орындауға мүмкіндік береді. Хабарламалар журналында хабарламаны орындау мерзімі, бұзушылықтарды жою тәсілі, сондай-ақ күнтізбелік күндерде хабарламаны орындау аяқталғанға дейін қалған күндер көрсетіледі.  

«Тауар биржалары», «Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу» сатып алу тәсілдерімен жоспар тармақтары бойынша хабарламаны орындау 

«Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу» және «Тауар биржалары» сатып алу тәсілдерімен жоспар тармақтары бойынша бұзушылықтарды жою үшін  «Тапсырыс беруші» рөлімен пайдалданушыға кіріп, жылдық жоспар жобасын жасау қажет. «Жылдық жоспарды құру» батырмасын басыңыз.  

Назар аударыңыз! «Бекітілді» мәртебесімен ғана камералдық бақылау негізінде жоспар  тармақтары бойынша өзгерістер енгізуге болады. 

Image Added

Ашылған нысанда «Қаржылық жыл», «Актінің нөмірі», «Бұйрықтың күні» міндетті жолдарын толтырыңыз және бекітілген бұйрықты қоса тіркеңіз. 

Image Added

Барлық міндетті жолдарды толтырғаннан кейін «Сақтау» батырмасын басыңыз. Жүйе «Жоба» мәртебесімен жылдық жоспардың жобасын жасайды.

Қарау үшін жоспар тармақтарын ашыңыз.

Image Added

Жылдық жоспардың ашылған терезесінен хабарлама жіберілген жоспар тармағын табыңыз. Батырманы басыңыз және ашылған мәзірде  «КБ хабарламасы негізінде редакциялау» дегенді таңдаңыз. 

Image Added

Жүйе редакциялау режимінде жоспар тармағын көрсетеді. Бұдан әрі ашылған нысанда өзгерісті енгізу, өзгерісті сақтау қажет. 

Жоспар тармағын сақтағаннан кейін, Жүйе хабарламаны орындау туралы анықтаманы қалыптастыру нысанын ашады:

Image Added

Бұл нысанда қажет болғанда файлды қоса тіркеу және «Қалыптастыру» батырмасын басу қажет.   

Бұдан әрі қалыптасқан құжатпен танысу және қолтаңба қою қажет:

Image Added

Жылдық жоспарды бекіткеннен кейін, Жүйе хабарлама мәртебесін «Танысты»/»Орындалған жоқ. Танысты» дегеннен «Орындалды» деп өзгертеді. Жоспар тармағын редакциялау және жылдық жоспарды бекіту сипаттамасы  бұрынырақ сипатталған. 

Қалыптасқан анықтамамен Хабарламалар журналында танысуға болады:

Image Added