...
Назар аударыңыз! Сатып алуға бір де бір өтінім берілмеген жағдайда, Қорытындылар хаттамасын жүйе автоматты түрде қалыптастырады және жариялайды, бұл ретте осы хаттамаға не хатшы, не конкурстық комиссия мүшелері қол қоюға мүмкіндік жоқ және талап етілмейді.
Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру
Конкурстық баға ұсынысын веб-портал біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне конкурсқа қатысуға өтінімді қарау қорытындылары бойынша автоматты түрде ашады.
Веб-портал конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын автоматты түрде салыстырады және ең төмен шартты баға негізінде конкурс жеңімпазын айқындайды.
Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша екінші орын алған конкурсқа қатысушы ең төмен шартты бағадан кейінгі шартты баға негізінде айқындалады.
Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде төленген салықтардың үлкен көрсеткіші бар конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.
Төленген салықтардың көрсеткіштері тең болған кезде қатысуға өтінім басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрын түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.
Комиссия мүшелерінің қорытындылар хаттамасына қол қоюы
Конкурстық комиссия мүшелеріне қорытындылар хаттамасымен танысу және қол қою үшін хабарландыруды қарау нысанына өту қажет.
...