Versions Compared

Key

  • This line was added.
  • This line was removed.
  • Formatting was changed.

...

Хабарландыруды ойдағыдай жариялаған жағдайда «Жарияланды» мәртебесі беріледі, лотқа (лоттарға) «Жаарияланды» мәртебесі беріледі. Олай болмаған жағдайда жүйе қате туралы хабарлама береді .


 


   Құжаттаманың ережелерін талқылау

Назар аударыңыз! Құжаттаманы талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін Жүйе өнім берушілерден сауал бар-жоқтығын тексереді:

-         Егер өнім берушілерден сауалдар болмаса және хабарландыруды бір де бір лот бойынша жіберілген хабарламалар болмаса, онда құжаттаманы талқылауды аяқтау төменде берілген сипаттамаға сәйкес орындалады.

-        Егер өнім берушілерден сауалдар жоқ болса, бірақ хабарландырудағы бір лот бойынша белгілі бір хабарлама болса, онда құжаттаманы талқылау 5.4.1.1 тарауда келтірілген сипаттамаға сәйкес орындалады.

Егер сатып алу бойынша конкурстық құжаттама жобасына ескерту, сондай-ақ конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сауалдар болса, Өнім беруші жариялған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей ұйымдастырушыға хабарлама жаза алады. 

Назар аударыңыз! Құжаттама ережелерін талқылау атқарымы қолжетімді емес:

−        Барлық лоттарға арналған хабарландыруда «Жұмыс» жолында  «ТЭН және ЖСҚ-мен жұмыс» мәні толтырылған жағдайда.

−        қайта сатып алу өткізу жағдайында.

Келіп түскен сауалдар туралы хабарлама ұйымдастырушы хатшысына, Төрағасына және Тапсырыс беруші өкіліне келеді.  Өнім берушілердің сауалдарын қарау үшін «Құжаттаманың ережелерін талқылау» қосымша бетінде, хабарлама тақырыбын басу керек.

Image Added

Өнім берушінің деректері туралы хабарлама мәтіні бейнеленеді.

Image Added

Сауалға жауап беру үшін «Жауап беру» батырмасын басу талап етіледі.

Назар аударыңыз! «Жауап беру» батырмасы құжаттаманы талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін ғана қолжетімді болады.

Өнім берушінің сауалына жауапты Хатшы не Тапсырыс беруші өкілі не Ұйымдастырушы өкілі 1 рет қана бере алады. Батырма белсенді болысымен,  шешім таңдау үшін мәзір бейнеленеді.

Image Added

Түсіп тұратын тізімнен келесі мәндердің бірін таңдау қажет:

-        Конкурстық құжаттама жобасына өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізу;

-        Ескертуді қабыл алмау;

-        Конкурстық құжаттама ережелеріне түсініктеме беру.

  Ескертуді қабыл алмау немесе конкурстық құжаттама ережелеріне түсініктеме беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, «қабыл алмау себебі/түсіндіру мәтіні» міндетті жолын толтыру қажет».

Image Added

Шешімді көрсеткеннен кейін «Жауап беру» батырмасын басу қажет. Жүйе әрекетті растауды талап етумен қалқыма терезені бейнелейді.

Image Added

Талқылау хаттамасы әлі қалыптаспаған жағдайда, Хатшыға «Редакциялау» батырмасының көмегімен сауалды қарау нысанында берілген жауаптарды редакциялау қолжетімді.


 Image Added

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 1-бағыт бойынша камералық бақылау жөнінде жіберілген хабарламалар болса,  онда өнім берушілердің сауалына  жауаптар ұсынғаннан кейін құжаттаманы талқылауды аяқтау атқарымы   5.4.1.1 «Құжаттаманы талқылау мерзімінің аяқталуы» тарауында берілген сипаттамаларға сәйкес жұмыс істейді.

        «Құжаттаманы талқылауды аяқтау» батырмасына сипаттама

Өнім берушілер Хатшыға жіберген Барлық сауалдарға жауаптар бергеннен кейін «Қолжетімді әрекеттер» мәзірінде «Құжттаманы талқылауды аяқтау» әрекеті қолжетімді болады.

Сатып алуды жалғастыру үшін «Қолжетімді әрекеттер» тарауында - «Құжаттаманы талқылауды аяқтау» басу қажет.


 Image Added

Бұдан әрі Өкілге қол қою үшін талқылау хаттамасын қосу қажет, бұл үшін «Қосу» батырмасын басу керек.  Пайдаланушыны іздеуді сүзгілер жинағының көмегімен (ЖСН немесе Аты-жөні бойынша) жүзеге асыруға болады. Тағы бір өкілді қосу қажет болған жағдайда   Image Added  пиктограммасын, алып тастау  үшін   Image Addedбасу қажет. Қосылған өкілді сақтау үшін «Сақтау» батырмасын басу қажет. Талқылау нысаны «Талқылау хаттамасын қалыптастыру» батырмасының көмегімен қалыптасады.


 Image Added

Талқылау хаттамасы «Хаттамалар» қосымша бетіне орналасады.

Image Added

Назар аударыңыз! Талқылау хаттамасын  қажет болған жағдайда   қол қойғанға дейін  ғана Хатшы алып тастай алады. Хаттама алып тасталғаннан кейін сауалдарға  арналған жауапты редакциялау мүмкіндігі пайда болады.

Хаттаманы жүктеп алу және қарау үшін PDF форматында құжатқа белсенді сілтемені басу қажет.

Талқылау хаттамасы қалыптасқаннан кейін, Жүйе талқылау хаттамасына қол қою қажеттігі туралы қосылған өкілге жеке кабинетіне хабарлама жібереді. Өкілге (дерге) хабарламадағы сілтеме бойынша өту немесе «Жұмыс кабинеті» - «Менің хабарландыруым» тарауында хабарландыруды іздеуді жүзеге асыру, хабарландыруды қарау нысанында «Хаттамалар» қосымша бетіне өту және хаттамаға қол қою қажет.  Танысу үшін PDF форматында құжатқа белсенді сілтемені басу қажет.

Image Added

Талқылау хаттамасына қол қойғаннан кейін, Хатшының жеке кабинетіне хаттамаға қол қойылғаны туралы хабарлама келеді. «Хаттамалар» қосымша бетінде хабарландыруды қарау нысанында «Жариялау» батырмасы қолжетімді болады.

 


 Image Added

Талқылау хаттамасын жариялағаннан кейін конкурстық құжаттама жобасына өзгеріс немесе толықтру енгізу туралы шешім қабылданған жағдайда, жүйе 2 индексімен сатып алу жобасын автоматты түрде жасайды. 

Image Added

Бастапқы хабарландыруға (1 индексімен) «Құжаттама өзгертілді» мәртебесі беріледі.  Қарау нысанында хабарландыруға сілтемелермен және талқылау хаттамасына жүктеп алу мүмкіндігімен хабарландыру бойынша  шешім қабылданғаны туралы хабарлама бейнеленеді .

Хабарландыру жобасына өзгеріс енгізу үшін «Жұмыс кабинеті» - «Менің хабарландыруларым» тарауына өту, хабарландыруды іздеуді жүзеге асыру және  Image Addedпиктограмманы басу талап етіледі.


 Image Added

Жүйе хабарландыруды редакциялау нысанын бейнелейді.

Image Added

Алдындағы қадамға өту үшін «Артқа» батырмасын басу талап етіледі.

Хабарландыру хатшысына хабарландыру жобасында мынадай мәліметтерді өзгертуге мүмкіндік беріледі:

­   Лот туралы мәлімет;

­   Ұйымдастырушы мен тапсырыс беруші өкілі туралы деректер;

­   Кокнурстық комиссия мүшелері;

­   Өтінімдерді қабылдау мерзімінің аяқталуы;

­   Конкурстық құжаттама.

 

Редакциялауға тыйым салынады:

­   Сатып алу өткізу тәсілі;

­   Сатып алу мәнінің түрі;

­   Мүгедектік белгісі;

­   Қазақ және орыс тілдерінде хабарландыру (сатып алу) атауы.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

-        Егер сатып алу мәнінің түрі «Жұмыс» болып, хабарландыруда  «Жұмыс» жолында  «Лоттар бойынша деректерді енгізу» қадамында   «ТЭН және ЖСҚ-мен жұмыс» (№1 индексі бар хабарландыруда) мәні толтырылған  болса, онда жүйе осы лоттар бойынша мәліметтерді редакциялауға тыйым салуы тиіс.

-        Егер сатып алу мәнінің түрі «Жұмыс» болып,  №1 индексі бар хабарландыруда  «Лоттар бойынша деректерді енгізу» қадамында, «Демпинг белгісі» жолында  «Демпингті есептемегендегі жұмыс» мәні толтырған болса, онда № 2 индекспен хабарландыруды редакциялаған кезде жүйе  «Демпингті есептегендегі жұмыс» мәнін таңдауға мүмкіндік береді және «Жұмыс» жолында,   «ТЭН/ ЖСҚ әзірлеуге арналған жұмыс» мәнін автоматты түрде толтырады, «Демпинг есебімен сома» жолы толтыру үшін қолжетімді болады.

-        Егер сатып алу мәнінің түрі «Жұмыс» болып,  №1 индексі бар хабарландыруда  «Лоттар бойынша деректерді енгізу»  қадамында «Демпинг белгісі» жолында    «Демпингті есептегендегі жұмыс» мәні, ал «Жұмыс»  жолында «ТЭН/ЖСҚ әзірлеуге арналған жұмыс» мәні толтырылған болса, № 2 индексі бар хабарламаны редакциялаған кезде Жүйе «Демпингті есептемегендегі жұмыс» мәнін таңдауға мүмкіндік береді.

-        Егер сатып алу мәнінің түрі «Көрсетілетін қызмет» болса, Жүйе «Лоттар бойынша деректерді енгізу» қадамында келесі мәліметтерді редакциялауға мүмкіндік береді:

-         «Инжинирингтік қызмет» белгісін алып тастау немесе керісінше қосуға мүмкіндік беру (белгіні қосқан жағдайда, «Демпинг еебімен сома жолын міндетті түрде толтыру).

 

Хабарландыру жобасына өзгерістер енгізгеннен кейін «Жариялау» батырмасын басу талап етіледі. Бұл ретте өтінімдерді қабылдаудың басталу мерзімі ағымдағы күн мен уақытқа сәйкес келеді (редакциялауға жатпайды).

 

 Өзгерістер лот туралы мәліметтерге қатысты болған жағдайда, Тапсырыс берушіге жылдық жоспар жобасын (жоба болмаған жағдайда) жасап, жоспардың тиісті тармағын редакциялау және жылдық жоспарды бекіту қажет.

Жүйе әр қадамда  «Хатшы» рөлімен редакциялу режимінде келесі хабарламаны бейнелейді: Назар аударыңыз! Жоспар тармақтарында мәліметтер өзгерді, осыған байланысты лоттарда мәлімет автоматты түрде жаңартылды. Өзгерген лоттар үшін техникалық өзіндік ерекшелікті жаңарту,  автоматты түрде қалыптасқан құжаттарға қайтадан қол қою қажет: Конкурстық құжаттама, 1-қосымша, шарттағы мәліметтерді жаңарту, лицензиялар мен рұқсаттарды жаңарту.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Құжаттаманы талқылау кезеңінде өнім берушілерден сауалдар келіп түспеген жағдайда, талқылау хаттамасын  жүйе талқылау мерзімі аяқталуына қарай автоматты түрде  қалыптастырады және жариялайды. Бұл хаттама «Хаттамалар» қосымша бетіне орналасады.

Image Added

Жүйе «Өтінімдерді  қабылдау басталуының алдын ала мерзімі»  жолының атауын  «Өтінімдерді қабылдаудың басталу мерзіміне» және «Өтінімдерді қабылдау мерзімінің  аяқталуының алдын ала мерзімі» атауын «Өтінімдерді қабылдау мерзімінің аяқталуы»  атауына өзгертеді.  Өтінімдер қабылдауды  бастау мерзімі басталғанда хабарландыру мәтіні автоматты түрде Жарияланды (өтінімдер қабылдау) болып  өзгерді.  

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Талқылау хаттамасын автоматты түрде жариялағаннан кейін,  егер өтінімдер қабылдаудың басталу мерзімі хаттаманы талқылауды жариялау күнінен көп болса, Жүйе  өтінімдерді қабылдаудың басталу мерзімін талқылау хаттамасын жариялау күніне тең күнге ауыстырады. Бұл ретте өтінімдерді қабылдаудың басталу уақыты мен талқылау хаттамасын жариялау уақыты арасында  «Жарияланды» мәртебесінен «Жарияланды (өтінімдер қабылдау» мәртебесіне  ойдағыдай өзгеру үшін жарты сағат айырмашылық бар. 
Өтінімдерді қабылдаудың басталу мерзімі мен өтінімдерді қабылдау аяқталуы арасындағы аралық бұрын Ұйымдастырушы өтінімдерді қабылдаудың алдын ала мерзімі кезінде  көрсеткен аралыққа тең. Өтінімдерді қабылдау басталуының алдын ала мерзімі 2016 жылғы 01.03. көрсетіле, ал өтінімдерді қабылдаудың алдын ала мерзімінің аяқталуы 2016 ж. 20.03.  көрсетілсе, онда олардың арасындағы аралық 20 күнтізбелік күн болады. 


         Мемлекеттік сатып алудан бас тарту

«Сатып алудан бас тарту» рәсімі  «Тапсырыс беруші» рөлімен пайдаланушыға қолжетімді. Толық нұсқаулық «Тапсырыс беруші» нұсқаулығында сипатталған.

Назар аударыңыз!Хабарландыру бойынша «Аяқталды» мәртебесінде барлық лоттар бойынша немесе ішінара сатып алудан бас тарту жасалса, жүйе сатып алудан бас тарту есебімен қорытындылар хаттамасын қайта қалыптастырады.

Комиссияны өзгерту

Хатшыға хаттаманы қарау нысанында «Комиссияны өзгерту» әрекеті қолжетімді.

Image Added

Осы әрекетті толтырғаннан кейін экранда конкурстық комиссияның өзгеруі нысаны бейнеленеді.

Image Added

Конкурстық комиссия мүшесін өзгерту үшін «өкілді өзгерту» батырмасын басу қажет. Аукциондық комиссияның жаңа мүшесін қосу «комисссия мүшесін қосу» батырмасының, алып тастау батырмасының көмегімен орындалады .

«Шешім нөмірі», «шешімнің күні» жолдары міндетті болып табылады. Өзгерістерді сақтау үшін конкурстық комиссияны өзгертуге негіз болып табылатын файлды қоса тіркеу және «Өзгерісті сақтау» батырмасын басу қажет.

Ескертпе:

−        хабарландыру Хатшысын Конкурстық комиссия төрағасы ғана өзгерте алады.

−        Егер дауыс беру   және «Өтінімдерді қарау»/»Өтінімдерді толықтыруды қарау» хабарландыру мәртебесі аяқталмаса, жүйе конкурстық комиссияның  жаңа мүшесін шығарып тастауға немесе қосуға мүмкіндік береді. Конкурстық комиссияның шығарылған мүшесі дауыс берген жағдайда, Жүйе  дауыс беру нәтижелерін тастауы тиіс және  осы конкурстық комиссия мүшесіне қайтадан дауыс беруге тыйым салынады.Егер комиссияның шығарылған мүшесі әлі дауыс бермесе, Жүйе өнім берушілерді жіберу/қабыл алмау бойынша шешімдерді енгізу үшін қолжетімділіктерді жабуы тиіс.

Комиссияның жаңа мүшесін қосқан жағдайда, Жүйе конкурстық комиссияның осы мүшесіне дауыс беруі тиіс.

 

       Өнім берушілердің ашық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін қарау

Конкурстық комиссия мүшелері Өтінімдерді қабылдау мерзімі  басталысымен Жүйе Өнім берушілердің өтінімдерін қарау қажеттігі туралы хабарламаларды автоматты түрде жібереді. «Хабарландыру» тарауына өту үшін «Хабарлама» тарауында «Қатысушының бейіні» мәзірін ашу керек.

Image Added

Хабарламаларды  қарауды сондай-ақ беттің оң жақ жоғары бұрышындағы  келіп түскен хабарламалар саны түрінде пиктограмманы басып орындауға болады. Пиктограммаға басқан соң соңғы 5 алынған хабарлама тізімі бейнеленеді. Барлық хабарламаларды көру үшін «Барлық хабарламалар» сілтемесін басу қажет.


 Хабарламаға өтуді сілтеме бойынша хабарландырудан жүзеге асыруға болады, немесе «Жұмыс кабинеті» тарауына өтіп, «Хабарландыруларды іздеу» (жалпы) мәзірін таңдау керек.

Image Added

 Өнім берушілер ұсынған өтінімдерді қарау үшін хабарландыруды қарау нысанында «Қолжетімді әрекеттер» тарауында тізімнен «Өтінімді қарау» таңдау кажет.

Image Added

 Конкурсқа өтінім берген  Өнім берушілер туралы ақпаратты қарау үшін өтінім нөмірі сілтемесіне басу қажет.

Image Added

«Өнім беруші туралы мәлімет» қосымша бетінде өнім берушінің атауы, деректемелері, мекенжайы және өнім беруші өкілі туралы ақпарат көрсетілген.

Image Added

«Өнім беруші сатып алуға қатысу үшін лоттар» қосымша бетіне өнім беруші өтінім берген лоттар орналасады.

Image Added

«Құжаттама» қосымша бетіне өнім беруші берген құжаттар орналасады. Құжат атауы бар жолда қоса берілген файлдар саны көрсетіледі. Қоса берілген файлдар бейнеленуі үшін тарау атауын басу қажет. Құжатты қарау және жүктеп алу үшін құжат атауының белсенді сілтемесін басу талап етіледі.


 Image Added

 Өнім берушіні жіберу/қабыл алмау бойынша дауыс беруді жүзеге асыру үшін  «Лоттар бойынша өнім берушіні жіберу» қосымша бетіне өту талап етіледі.

Лоттар бойынша өнім берушіні жіберу екі тарауды қамтиды:

-        Барлық лоттар бойынша жалпы құжаттар;

-        Әрбір лот бойынша құжаттар.

Image Added

  «Барлық лоттар бойынша жалпы құжаттар» тарауы  мынадай санаттардан тұрады:

-        МС туралы Заңның 6 т. бойынша шектеулер болмауы.

«МС туралы Заңның 6 т. бойынша шектеулер болмауы» санаты бойынша шешім қабылдау үшін «Ескертпе» жолында Түсіп тұратын тізімнен келесі мәндердің бірін таңдау талап етіледі:

-Жіберілді

-Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады .

«Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады» мәні таңдалған жағдайда, тиісті жолға қанат белгісін қойып, Заңның тармақшасын көрсету көрсету және ауытқу себебін толтыру талап етіледі.

Image Added

Ескертпе:  «Файлды қоса тіркеу» батырмасы өнім берушінің өтінімін қабыл алмау негіздемесін толтырған кезде міндетті шарт болып табылмайды.

Назар аударыңыз! МС Заңының 6-бабы бойынша  конкурстық комиссия мүшесінің тым болмағанда біреуі бойынша «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  шешімі болған жағдайда,  Жүйе комиссия мүшелерінің көпшілігі осы өнім берушіні жібергеніне байланыссыз  «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  қорытынды шешімін беруі тиіс Жүйе  бұл шешімді өнім беруші қатысатын  барлық лоттарға  автоматты түрде қолданады. Бұл өнім беруші қайтадан сатып алуға қатысуға өтінім бере алмайды .

Барлық санаттар бойынша шешім қабылданған соң, тарауда «Сақтау» батырмасын басу талап етіледі. Шешімді сақтағаннан кейін тарауы бар жолда қабылданған шешім бейнеленеді (Жіберілді, Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады).

Image Added

 

«Әрбір лот бойынша құжаттар» тарауына өту үшін лот нөмірінің белсенді сілтемесін басу талап етіледі.

Бұл тарау мынадай санаттардан тұрады:

-        Конкурстық құжаттаманың сәйкестігі;

-        Біліктілік талаптарына сәйкестік;

-        МС туралы Заңның 6 т. бойынша шектеулер болмауы.

 


 Image Added

  «Конкурстық құжаттаманың сәйкестігі»  санаты бойынша шешім қабылдау үшін «Ескертпе» жолында Түсіп тұратын тізімнен келесі мәндердің бірін таңдау қажет:

-Жіберілді;

- Қабыл алынбады.

  «Конкурстық құжаттаманың сәйкестігі» санаты мынадай құжаттардан тұрады

-        2-қосымша (Техникалық өзіндік ерекшелік) не Жобалау-сметалық құжаттама/Техникалық-экономикалық негіздеме

-        8-қосымша (Өтінімді қамтамасыз ету,кепілді  емес ақшалай жарна)

Ескертпе: бұл тізім өнім берушіні бір немесе бірнеше құжат бойынша қабыл алмауға шешім қабылдаған  жағдайда бейнеленеді.

 


 Image Added

8-қосымша бойынша қайта беру құқығынсыз өнім берушінің қабыл алмау қажеттілігі жағдайында, «Жіберу» жолына қанат белгісін қою талап етіледі, жүйе «қайта беру құқығынсыз» қосымша жолын бейнелейді, онда да қанат белгісін қою талап етіледі.Қабыл алынбады себебін көрсетуге арналған жол міндетті болып табылады.

 

Image Added

 

Назар аударыңыз!  Конкурстық комиссиясының тым болмағанда бір мүшесі бойынша «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады» шешімі  болса,  Жүйе комиссия мүшелерінің көпшілігі осы өнім берушіні жібергеніне байланыссыз  «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  қорытынды шешімін береді . Қабыл алынбаған өнім беруші осы лот бойынша өтінім толтыруға бере алмайды. Бұл шешім өтінімдегі басқа лоттарға таралмайды.

  «Біліктілік талаптарына сәйкестік»  санаты бойынша шешім қабылдау үшін, «Ескертпе» жолында Түсіп тұратын тізімнен келесі мәндердің бірін таңдау қажет:

- Жіберілді;

- Қабыл алынбады.

Категория «Біліктілік талаптарына сәйкестік» мынадай құжаттардан тұрады:

-          5/6/7 қосымша (Жұмыстар/көрсетілетін қызметтер/тауарлар сатып алған кезде Өнім берушінің біліктілігі туралы мәлімет)

-        10-қосымша (Жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсеткен кезде бірге орындаушылар) туралы мәлімет) / Қосалқы мердігерлердің біліктілік талаптары бойынша құжаттар. Ескертпе: сатып алу мәнінің түрі   көрсетілетін қызмет немесе жұмыс болып табылған жағдайда ғана бейнеленеді.

-        Бірінші санаттың рұқсаты (Лицензиялар)

-        Екінші санаттың рұқсаты

-        Куәлік, сертификаттар, дипломдар және басқа құжаттар

Ескертпе: бұл тізім өнім берушіні бір немесе бірнеше құжат бойынша қабыл алмауға шешім қабылдаған  жағдайда бейнеленеді.

Image Added

«МС туралы Заңның 6 т. бойынша шектеулер болмауы»  санатында «Ескертпе» жолында келесі мәндердің бірін таңдау талап етіледі:

­   Жіберілді;

­   Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады.

 Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады» мәнін таңдаған кезде Заң бабының 6-тармақшасын көрсету және қабыл алынбау себебін көрсету талап етіледі.

Image Added

Назар аударыңыз!   «Әрбір лот бойынша құжаттар» тарауында Заңның 6-бабы бойынша  қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады жасалған жағдайда,  өнім беруші осы лот бойынша өтінімге толықтыру бере алмайды.  Қалған лоттарға бұл шешім қолданылмайды.

МС Заңының 6-бабы бойынша  конкурстық комиссия мүшесінің тым болмағанда біреуі бойынша «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  шешімі болған жағдайда, Жүйе комиссия мүшелерінің көпшілігі осы өнім берушіні жібергеніне байланыссыз  «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  қорытынды шешімін беруі тиіс.

 

Барлық санаттар бойынша шешім қабылданған соң, тарауда «Сақтау» батырмасын басу талап етіледі. Шешімді сақтағаннан кейін тарауы бар жолда қабылданған шешім бейнеленеді (Жіберілді, Қабыл алынбады, Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады).

Image Added

Барлық тараулар бойынша дауыс беруді аяқтау үшін, «Дауыс беру» батырмасын басу қажет.

 «Артқа оралу» батырмасы өтінімдер тізіміне оралуға арналған.

Назар аударыңыз! Дауыс беру аяқталғанға дейін Комиссияға «Дауысты шақырып алу» атқарымын пайдаланып, өз дауысын шақырып алу мүмкіндігі беріледі.

Image Added


    Өтінімдердің қаралуын бақылау

Хатшыға «Өтінімдерді қарау»/Өтінімдерді толықтыруды қарау» мәртебесімен хабарландыруды қарау нысанында дауыс беру барысын қадағалау атқарымы қолжетімді. Осы атқарымды пайдалану үшін «Қолжетімді әрекеттер» тарауында «Өтінімді қарау» тармағын таңдау қажет.

Image Added

Жүйе ұсынылған өтінімдерді қарау нысанын бейнелейді. Өтінім туралы ақпаратты қарау үшін өтінім нөмірін басу талап етіледі.

Image Added

Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беруі бойынша ақпаратты қарау үшін «Дауыс беруді бақылау» қосымша бетіне өтіп, лот нөмірі бар жолды басу қажет.

Image Added

Жүйе өтінімдер тізімімен келесі нысанды бейнелейді.

Image Added

«Шешім» жолы келесі мәндерді қамтуы мүмкін:

-        Кворумға қолжеткізілді – егер Конкурстық  комиссия мүшелерінің көбі дауыс берсе (бұл ретте комиссия төрағасы міндетті) .

­   Кворум жоқ – дуыс беру басталды, дауыс беру бойынша кворумға қолжеткізілмеді.

«Жақтап» жолы – әлеуетті өнім берушіні ол өтінім берген лот бойынша сатып алуға қатысуға жіберген Конкурстық комиссия мүшелерінің саны туралы мәліметті қамтиды.

«Қарсы» жолы – әлеуетті өнім берушіні ол өтінім берген лот бойынша сатып алуға қатысуға жібермеген Конкурстық комиссия мүшелерінің саны туралы мәліметті қамтиды.

«Дауыс бермеді» жолы – әлеуетті өнім берушіні ол өтінім берген лот бойынша сатып алуға қатысуға жіберу/қабыл алмау жөнінде шешім қабылдамаған Конкурстық комиссия мүшелерінің саны туралы мәліметті қамтиды.

Назар аударыңыз! Конкурстық комиссияның әрбір мүшесі бойынша дауыс беру нәтижелерін қарау үшін лот нөмірі бар жолды басу қажет.


 Image Added

Конкурстық комиссия мүшесі өнім берушінің шешімін қабыл алмау туралы шешім қабылдаған жағдайда, қабыл алынбау себебі жолы белсенді сілтемемен толтырылатын болады.

Image Added

«Мәртебе» жолында мынадай мәндер қамтылуы мүмкін:

-        Қабыл алынбады;

-        Жіберілді;

-        Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады;

-        Дауыс берген жоқ.

Ескертпе:

­   МС Заңының 6-бабы бойынша  конкурстық комиссия мүшесінің тым болмағанда біреуі бойынша «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  шешімі болған жағдайда, Жүйе Конкурстық комиссия мүшелерінің көпшілігінің дауысы -«Жіберілді» болғанына қарамастан,  «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  қорытынды шешімін беруі тиіс. 

­   «Өтінімді қамтамасыз ету» құжаты бойынша  конкурстық комиссия мүшесінің тым болмағанда біреуі бойынша «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  шешімі болған жағдайда, Жүйе комиссия мүшелерінің көпшілігінің дауысы  -«Жіберілді» болғанына қарамастан,  «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  қорытынды шешімін беруі тиіс.  

Толығырақ қарау үшін «Қабыл алынбау себебі» белсенді сілтемесін басу қажет. 

Өнім беруі қабыл алмау туралы шешім қабылдаған құжаттар тізімімен  қалқыма терезе бейнеленеді.

Image Added

    Дауыс беруді аяқтау

Дауыс беруді аяқтау үшін Конкурстық комиссия хатшысына «Қолжетімді әрекеттер» жолында хабарландыруды қарау нысанында «Өтінімі қарау» әрекетін таңдау қажет.

Image Added

Бұдан әрі «Дауыс беруді бақылау» қосымша бетіне өту қажет.

Image Added

Өнім берушілерді жіберу/қабыл алмау бойынша дауыстар кворумы болған кезде, конкурстық комиссия хатшысына «Дауыс беруді бақылау» қосымша бетінде «Дауыс беруді аяқтау» батырмасы қолжетімді болады.

Назар аударыңыз!  Егер конкурстық комиссия мүшелерінің көбі дауыс берсе, кворум қолжеткізілді деп саналады. Бұл ретте Төраға міндетті түрде дауыс беруі тиіс.

 

Дауыс беру аяқталғаннан кейін «Шешім» жолы келесі мәндерді қамтуы мүмкін:

-        Жіберілді – көпшілік дауыспен өнім беруші жіберілген жағдайда шығарылады.

-        Қабыл алынбады – біліктілік талаптарға немесе конкурстық құжаттама сәйкес болмауынан көпшілік дауыспен қабыл алынбаған жағдайда шығарылады; 

-        Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады– МС заңының 6-бабы бойынша  қабыл алынбаған жағдайда немесе  тым болмағанда бір конкурстық комиссия мүшесі бойынша өтінімге қамтамасыз ету ұсынбауына байланысты қабыл алынбаған кезде шығарылады.

Ескертпе:

­   МС Заңының 6-бабы бойынша  конкурстық комиссия мүшесінің тым болмағанда біреуі бойынша «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  шешімі болған жағдайда, Жүйе комиссия мүшелерінің көпшілігі осы өнім берушіні жібергеніне байланыссыз  «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  қорытынды шешімін беруі тиіс.

­   «Өтінімді қамтамасыз ету» құжаты бойынша  конкурстық комиссия мүшесінің тым болмағанда біреуі бойынша «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  шешімі болған жағдайда, Жүйе комиссия мүшелерінің көпшілігімен  жіберілгеніне байланыссыз,  «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  қорытынды шешімін  беруі тиіс.

Image Added

Дауыс беру аяқталғаннан кейін қажет болған жағдайда тиісті батырма арқылы дауыс беруді жаңғыртуға болады.

Ескертпе: «Алдын ала жіберу хаттамасын қалыптастыру» батырмасы хабарландыру бойынша қабыл алынбаған өнім берушілер болған жағдайда қолжетімді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!Сатып алуға біреуден көп өнім беруші қатысса, бұл ретте  барлық өнім берушілер барлық лоттар бойынша жіберілсе не қайта беру құқығынсыз қабыл алынбаса, Дауыс беру аяқталғаннан кейінгі қадам шартты жеңілдіктерді толтыру, одан соң   Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру және жариялау болады.

Шартты жеңілдіктерді толтыру сатып алуға бір ғана өнім беруші қатысқан жағдайда ғана талап етілмейді.

 

      Алдын ала рұқсат ету хабарламасын қалыптастыру

Хабарландыруда бір және одан көп әлеуетті өнім берушілер жіберілмесе,  дауыс беру аяқталғаннан кейін  Конкурстық комиссия хатшысына әрекеттер тізімінде «Алдын ала жіберу хаттаамсын қалыптастыру» қолжетімді болады. 

Image Added

Ескертпе: Бұл әрекетті сондай-ақ «Дауыс беруді бақылау» қосымша бетінде «Алдын ала жіберу хаттамасын қалыптастыру» батырмасын басып, орындауға болады.

Image Added

Нәтижесінде жүйе    PDF  форматында қазақ және орыс тілдерінде алдын ала жіберу хаттамасын қалыптастырады, хабарландыру, өтінімдер мен лоттар мәртебесі  «Жіберу алдындағы хаттаманы қалыптастыруға» өзгереді.

Image Added

Талқылау хаттамасы «Хаттамалар» қосымша бетіне орналасады.

Image Added

Хаттамамен танысу және жүктеу үшін құжат атауы белсенді сілтемесін басу талап етіледі. Сараптамалық қорытындыны қоса тіркеу қажет болған жағдайда Хатшыға «Файлды таңдаңыз» батырмасын басу талап етіледі. Хаттамаға қол қою үшін «Қолтаңба қою» батырмасын басу, одан соң «Сақтау батырмасын басу қажет. Жүйе комиссия мүшелері тізімімен келесі нысанды бейнелейді.

Image Added

Комиссияның қандай да бір мүшесі болмаған жағдайда «Файлды таңдаңыз» батырмасының көмегімен «Қолтаңба жоқ болу себебі» тарауында файлды қоса тіркеу мүмкіндігі ұсынылады.

 

 

           Комиссия мүшелерінің алдын ала рұқсат ету хабарламасына қол қоюы

Хатшы конкурстық комиссия мүшелерінің алдын ала жіберу хаттамасына қол қойғаннан кейін жүйе хаттамаға қол қою қажеттігі туралы  хабарлама жіберуді жүзеге асырады.

Хаттамалар қосымша бетінде хабарландыруды қарау нысанында құжаттың белсенді сілтемесін басып, хаттаманы қарау мүмкіндігі ұсынылады.

Image Added

Конкурстық комиссия мүшелері алдына ала жіберу хаттамасына қол қояр алдында құжаттың дұрыстығын тексерулері қажет.   Құжатқа электрондық-цифрлық қолтаңба қойып, Сіз электрондық құжаттың бүтіндігін және түпнұсқалығын растайсыз.

 Конкурстық комиссия мүшесінде ерекше пікір болмаған жағдайда, файлды «Шолу» батырмасының көмегімен қоса тіркеу қажет.

Назар аударыңыз!

Өнім берушіні конкурстық комиссия мүшелері «Жіберілді» немесе «Қабыл алынбады» шешімімен жіберген    (өз өтініміңізді қабыл алынбаған лоттар бойынша қайта беруге мүмкіндік бар), бірақ алдын ала жіберу хаттамасын қалыпастырар алдында Веб-портал  ЖҚТ және ББТ –да бар-жоқтығына өнім берушіні тексерген кезде, МС Заңының 6-бабы 1-тармағының 3, 4, 5, 6 тармақшалары бойынша ЖҚТ-да, сондай-ақ ББТ-да табылған жағдайда, Жүйе:

−                  Өтінімдер мен өтінімдегі  лоттардың өздерінің мәртебесін алдын ала жіберу хаттамасы жарияланғаннан кейін  «Қайта беру құқығынсыз қабыл алынбады»  мәртебесіне өзгертеді;

−                  «Қабыл алмау» шешімімен конкурстық комиссия мүшелері қабыл алмаған өтінім берушілерге өтінімді толықтыруға және қайтадан беруге тыйым салу;

−                  Алдын ала жіберу хаттамасында өнім берушіні қабыл алмау себебін көрсету:

−         Әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарау/дауыс беру нәтижесі бар кестеде:

−                  ЖҚТ-да ол бойынша деректер табылған өнім берушінің ЖСН/БСН;

−                  Аты-жөні, лауазымы, комиссия мүшелерінің рөлдерінің орнына «Веб-портал» көрсетілген болуы тиіс;

−                  Комиссия мүшесінің шешімі -  «Қабыл алынбады» мәні;

−                  талаптарға сәйкес келмеу себебі: «МС туралы Заңның 6-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы бойынша шектеу (4) тармақша бойынша 5) тармақша бойынша емес 6) тармақша бойынша емес бейнеленуі тиіс)».

−         Өнім берушінің қабыл алынбаған өтінімдері кестесінде

−                  ол бойынша (оның қосалқы мердігерлері емес)  ЖҚТ-да деректер табылған  өнім берушінің атауы, ЖСН/БСН;

қабыл алынбау себебі: «МС туралы Заңның 6-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы бойынша шектеу (4) тармақша бойынша 5) тармақша бойынша емес 6) тармақша бойынша емес бейнеленуі тиіс)».


           Алдын ала рұқсат ету хабарламасын  жариялау

Конкурстық комиссия мүшелері алдын ала жіберу хаттамасына қол қойғаннан кейін жүйе қолтаңбалар кворумы болуына тексереді және кворум болса, конкурстық комиссия мүшесіне «Алдын ала жіберу хаттамасын жариялау» әрекеті қолжетімді болады. Конкурстық комиссия мүшелері алдын ала жіберу хаттамасына қол қойғаннан кейін жүйе қолтаңбалар кворумы болуына тексереді және кворум болса, конкурстық комиссия хатшысына «Алдын ала жіберу хаттамасын жариялау» әрекеті қолжетімді болады. 

Ескертпе:  бұл әрекет сондай-ақ әрекеттер тізімінде қолжетімді.

«Жіберер алдында хаттаманы жариялау» батырмасы белсенді болғаннан кейін жүйе  өтінімдерді екінші рет ұсынуды  (толықтыруды) бастау және аяқтау мерзімдерін қалыптастырады.

Image Added

 «Болдырмау» батырмасы алдындағы мәзірге оралуға арналған  (дауыс беруді жаңғырту мүмкіндігі пайда болады).

Растаған жағдайда алдын ала жіберу хаттамасын жариялау жүзеге асырылады және хабарландыру мен лоттар мәртебесі «Жарияланды (өтінімдерді толықтыру) мәртебесіне ауысады.

Image Added

Хабарландыруды қарау нысанында өтінімдерді толықтыруды қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімі мен қалған уақыт бейнеленеді.

Image Added

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Үшінші бағыт бойынша, егер хабарлама «Жарияланды  (өтінімдерді толықтыру)» хабарландыру мәртебесімен алдын ала жіберу хаттамасын орналастырған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберілсе, онда Ұйымдастырушы өтінімдерді толықтыру мерзімі аяқталғаннан кейін алдын ала жіберу хаттамасын қайта қарауды енгізу жолымен бұзушылықты жоюы тиіс. Әр түрлі уақытта  бірнеше хабарлама, бірақ бір хабарландырудан барлық лоттар бойынша жіберілетін болған жағдайда, онда алдын ала жіберу хаттамасын қайта қарау жолымен хабарламаны орындау бірден барлық үш лот бойынша жүзеге асырылуы тиіс. 

Хабарлама жіберіп, алдын ала жіберу хаттаамсын қайта қарау үшін өтінімдерді толықтыру мерзімі аяқталғаннан кейін  Жүйе:

  1.   Лоттар  мен хабарландыру мәртебесін «ААЖХ қайта қарау бойынша шешім қабылдау» деп өзгертеді.
  2. «ААЖХ қайта қарау» және «ААЖХ қайта қарамай сатып алуды жалғастыру» батырмаларын белсенді етеді.
  3. Хабарлама негізінде бұзушылықты жою тәсіліне сипаттама 5.4.3 тарауда берілген.

            Ашық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді екінші рет қарау

Өтінімдерді толықтыруларды қабылдаудың аяқталу мрезімі басталғанда, хабарландыру мәртебесі «Өтінімдер толықтыруларын қарау» мәртебесіне өзгереді, конкурстық комиссия мүшелеріне жүйе  өтінімді қарау қажеттігі туралы хабарламалар жіберуді жүзеге асырады. 

Өтінімдер толықтыруларын қарау үшін хабарландыруды қарау нысанында қолжетімді әрекеттер тізімінен «Өтінімдерді қарау» таңдау керек.

Image Added

Жүйе келесі нысанды бейнелейді.

Image Added

Өтінімді Өтінімдерді қарау (Толықтыру) мәртебесінен қарау қажет. Конкурсқа қатысуға өтінім толтырған өнім берушілер туралы ақпаратты қарау үшін өтінім нөмірінің сілтемесіне басу қажет.

«Құжаттама (қайтадан қарау үшін)» қосымша бетінде толықтырылған және бұрын қабыл алынбаған құжаттар қамтылған. Құжаттарды қарау үшін тарау атауын басу талап етіледі.  


 Image Added

 «Құжаттама» қосымша бетінде өзекті (толықтырулар есепке алынған)  құжаттар бар.


 Image Added

Жіберу/қабыл алмау бойынша дауыс беруді жүзеге асыру үшін «Лоттар бойынша өнім берушілерді жіберу» қосымша бетіне өту керек.

Жүйе ол бойынша өнім беруші қабыл алынбаған   тараулар мен олардағы құжаттарды бейнелейді.

Image Added

Ескертпе: екінші рет дауыс беру  1.3.6. Ашық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау тармағы сияқты жүзеге асырылады  

         Шартты жеңілдіктерді толтыру

Дауыс беру аяқталғаннан кейін өтінімдерді қарау нысанында шартты жеңілдік пайызын енгізу үшін Хатшыға «Шартты жеңілдіктер» жолында «Толтыру талап етіледі» сілтемесін басу қажет. 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жүйе осы лот бойынша өнім берушінің өтінімі қабыл алынбағанына немесе жіберілгеніне байланыссыз,  бір өтінімнен көп берілген лоттар бойынша ғана шартты жеңілдіктерді толтыру нысанын белсенді етеді. 

Image Added

Нәтижесінде экранда өлшемдердің әрбірі бойынша шартты жеңілдіктерді толтыру  үшін нысан бейнеленеді. Шартты жеңілдіктерді толтыру нысаны  әрбір лот бойынша бөлек бейнеленеді, белгілі бір лот нысанын ашу үшін, лот нөмірін басу талап етіледі. 

Image Added

Шартты жеңілдіктерді толтыру нысанында өлшемдер сатып алу мәнінің түріне байланысты бейнеленетін болады:

Жол атауы

Сипаттама

Жұмыс тәжірибесі (жыл)

Үндемеуі бойынша бос бейнеленеді. 0-ден 15-ке дейін қолмен толтырылады.

Сатып алу мәнінің түрі үшін: тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет.

Жұмыс тәжірибесі (ай)

Үндемеуі бойынша бос бейнеленеді. 0-ден 11-ге дейін қолмен толтырылады. Сатып алу мәнінің түрі үшін: тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет.

Жұмыс тәжірибесі (пайыз)

Үндемеуі бойынша бос бейнеленеді. Тауар мен көрсетілетін қызмет мәнінің түрі үшін   0-ден    5%-ке дейін толтырылады,   жұмыс  мәнінің түрі үшін   0-ден 10%-ға дейін толтырылады.

Сатып алу мәнінің түрі үшін: тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет.

Сертификатталған СМЖ болуы

Үндемеуі бойынша бос бейнеленеді. 0 %  немесе 2 % қолмен толтырылады.

Сатып алу мәнінің түрі үшін: тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет.

СЭМ сәйкестегін растайтын құжаттың болуы

Үндемеуі бойынша бос бейнеленеді. 0 немесе 1 % қолмен толтырылады.

Сатып алу мәнінің түрі үшін: тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет.

СЭЧП сәйкестігін растайтын құжаттың болуы

Үндемеуі бойынша бос бейнеленеді. 0 % немесе  1 %  қолмен толтырылады.

Сатып алу мәнінің түрі үшін: тауар

Ұсынылатын тауарлардың сәйкестігін ерікті растау туралы құжаттың болуы 

Үндемеуі бойынша бос бейнеленеді.  0 % немесе 2 % қолмен толтырылады.

Сатып алу мәнінің түрі үшін: тауар

                  

Тауарлардың атқарымдық сипаттамасы

Үндемеуі бойынша бос бейнеленеді. 0 %-дан 3 %-ға дейін қолмен толтырылады.

Сатып алу мәнінің түрі үшін: тауар

Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық сипаттамалары

Үндемеуі бойынша бос бейнеленеді.   0 %-дан  3 %-ға дейін қолмен толтырылады.

Сатып алу мәнінің түрі үшін: тауар, көрсетілетін қызмет

Тауарлар, көрсетілетін қызметтердің сапалық сипаттамалары

Үндемеуі бойынша бос бейнеленеді. 0 немесе 5 % қолмен толтырылады.

Сатып алу мәнінің түрі үшін: тауар, көрсетілетін қызмет

Тауарлардың пайдалану сипаттамалары

Үндемеуі бойынша бос бейнеленеді. 0 %-дан  3 %-ға дейін қолмен толтырылады.

Сатып алу мәнінің түрі үшін: тауар

Жалпы шартты жеңілдік, %

Жолдар сомасымен автоматты түрде толтырылады.  Өнім беруші үшін жиынтық шартты жеңілдік

 

Мәндерін қойғаннан кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет. Шартты жеңілдіктер барлық лоттар бойынша толтырылғаннан кейін «Аяқтау» батырмасын басу талап етіледі.

Назар аударыңыз! Шартты жеңілдіктерді толтыру нысанында барлық жолдар міндетті болып табылады. Қандай да бір өлшем бойынша жеңілдік жоқ болса, бұл жолға 0 қою қажет.

Шартты жеңілдіктер өлшемдерін қою рәсімі аяқталғаннан кейін «Шартты жеңілдіктер» тарауында мәртебесі «Толтырылды» болып өзгереді. 


 Image Added