| Table of Contents |
|---|
«Ашық конкурс» тәсілімен сатып алу ұйымдастыру және өткізу
Хабарландыру жасау және жариялау
Хабарландыру жасауды жүйеде «Ұйымдастырушы» рөлімен пайдаланушы жүзеге асырады.
...
«Бұдан әрі» батырмасын басқаннан кейін сатып алу өткізу тәсілі, мәні мен белгілері бойынша қойылған өлшемдерге жауап беретін лоттар бейнеленеді.
Лоттарды таңдау және лоттар бойынша деректерді енгізу
Лотты хабарландыру жобасына қосу үшін, сүзгілер жинағын қолдана отырып, іздеуді пайдалануға болады.
...
Жүйе таңдалған лоттардың қарау нысанын бейнелейді. Бұл қадамда «Тауар» сатып алу мәнінің түрі үшін жеткізу жағдайын толтыру қажет.
«Жұмыс» мәнінің түрі үшін лоттар бойынша деректер қосу
Сатып алу мәнінің түрі жұмыс болып табылған жағдайда, лоттар бойынша деректерді қосу нысанында демпингтің төмендегі белгілерінің бірін көрсету қажет:
...
Лот туралы ақпаратты қарау нысанынан лот бойынша белгіні қарауға болады. Бұл үшін лот нөміріне белсенді сілтемені басу қажет.
«Көрсетілетін қызмет» мәнінің түрі үшін лоттар бойынша деректер қосу
Егер сатып алу мәнінің түрі «Көрсетілетін қызмет» болып табылған жағдайда, «Демпинг» белгісі редакциялауға жатпайды, үндемеуі бойынша мәні - «Демпингті есепке алғандағы көрсетілетін қызмет (демпингті жүйе лот бойынша бөлінген сомадан есептейді).
...
«Бұдан әрі» батырмасын басқаннан кейін өкілдер бойынша деректерді қосу нысанына өту жүзеге асырылады.
Өкілдер бойынша деректерді қосу
Өкілдер бойынша деректерді қосу бетінде өтінімнің әрекет ету мерзімін көрсету және ұйымдастырушы мен тапсырыс беруші өкілдері туралы деректерді толтыру қажет.
...
Егер Ұйымдастырушыда бірыңғай ұйымдастырушы белгісі болмаса, онда «Құжаттаманы бекіткен адам», «Бұйрық нөмірі», «Бұйрықтың күні жолдары «Тапсырыс беруші туралы ақпарат» тарауында ғана толтырылады.
Конкурстық комиссияны қосу
Хабарландыру жобасын жасаудың келесі қадамы Конкурстық комиссияны қосу болып табылады.
...
Комиссия мүшелерін қосу «Комиссия мүшелерін қосу» батырмасының көмегімен жүзеге асырылады.
Конкурстық құжаттаманы дайындау
«Конкурстық құжаттаманы дайындау» қадамында Электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларына сәйкес конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың қалыптасқан тізімі бейнеленеді.
...
Құжат туралы ақпаратты қарау үшін Құжат туралы ақпаратты қарау үшін «Құжаттар атауы» жолында оның атауын басу қажет.
Техникалық өзіндік ерекшелікті қалыптастыру
«Техникалық өзіндік ерекшелік» тарауына өту үшін құжаттаманың жалпы тізімінде «2-қосымша (Техникалық өзіндік ерекшелік)» белсенді гиперсілтемесін басу қажет. Тауар мәнінің түрлері үшін қазақ және орыс тілдерінде сипаттамалары бар нысанды толтыру қажет, бұл үшін лот жолында «Толтыру» сілтемесін басу керек.
...
Егер хабарландыруда "ТЭН/ ЖСҚ әзірлеуге арналған жұмыс" мәні толтырылған лоттар болса, онда техникалық өзіндік ерекшелік "ТЭН/ЖСҚ әзірлеуге арналған жұмыс» толтырылған лоттар үшін тіркеуге міндетті .
Лицензияларды қосу
Сатып алуға қатысу Өнім берушілерден лицензия ұсынуды талап еткен жағдайда, онда Ұйымдастырушыға хабарландыру жобасында «Конкурстық құжаттаманы дайындау» қадамында өнім беруші үшін міндеттілік белгісін қою қажет.
Лицензиялар түрін (–лерін) анықтау үшін «Лицензия» белсенді сілтемесін басу қажет. Талап етілген лицензияны сүзгілер жинағының көмегімен жүзеге асыруға болады. Талап етілген лицензияны қанат белгісімен белгілеп, «Белгіленген лицензияларды қосу» батырмасын басу қажет.
Рұқсаттар туралы деректерді толтыру
Сатып алуға қатысу Өнім берушіден рұқсат ұсынуды талап еткен жағдайда, онда Ұйымдастырушыға хабарландыру жобасында «Конкурстық құжаттаманы дайындау» қадамында өнім беруші үшін міндеттілік белгісін қою қажет .
«Рұқсаттар» тізімін (-дерін) анықтау үшін «Рұқсат» белсенді сілтемесін басу қажет. Талап етілген рұқсатты сүзгілер жинағының көмегімен жүзеге асыруға болады. Талап етілген рұқсатты қанат белгісімен белгілеп, «Белгіленген рұқсаттарды қосу» батырмасын басу қажет.
Конкурстық құжаттама мен 1-қосымшаны қалыптастыру.
Конкурстық құжаттаманы дайындау қадамында жүйе конкурстық құжаттама мен 1-қосымшаны автоматты түрде қалыптастырады. Файлды қарау және қол қою үшін белсенді сілтеме түріндегі құжат атауын басу қажет.
...
Құжатқа қол қойылғаннан кейін ЭЦҚ туралы ақпаратты «Көрсету» батырмасының көмегімен қарауға болады.
Шарт жобасын қалыптастыру
Жүйе автоматты түрде қалыптастырған Шарт жобасын редакциялау және қарау үшін «Конкурстық құжаттаманы дайындау» қадамында «Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасы» белсенді сілтемесін басу керек.
...
Ескертпе: қол қойылған шартты қажет болғанда «Шарт жобасын шақырып алу» батырмасының көмегімен шақырып алуға болады.
Хабарландыруды алдын ала қарау
Хабарландыруды алдын ала қарау нысаны сатып алу туралы жалпы мәлімет, ұйымдастырушы және конкурстық комиссия туралы ақпарат қамтылған. Лот туралы ақпаратты қарау үшін Лоттар қосымша бетіне, құжаттаманы қарау үшін сәйкесінше Құжаттама қосымша бетіне өту қажет.
...
- егер қайта сатып алу жүзеге асырылса.
Хабарландыру жариялау
Хабарландыру жариялау үшін «Жариялау» батырмасын басу қажет Деректерді редакциялау талап етілген жағдайда «Артқа» батырмасын басу қажет, жүйе алдындағы қадамға қайта әкеледі.
...
Хабарландыруды ойдағыдай жариялаған жағдайда «Жарияланды» мәртебесі беріледі, лотқа (лоттарға) «Жаарияланды» мәртебесі беріледі. Олай болмаған жағдайда жүйе қате туралы хабарлама береді .
Құжаттаманың ережелерін талқылау
Назар аударыңыз! Құжаттаманы талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін Жүйе өнім берушілерден сауал бар-жоқтығын тексереді:
...
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 1-бағыт бойынша камералық бақылау жөнінде жіберілген хабарламалар болса, онда өнім берушілердің сауалына жауаптар ұсынғаннан кейін құжаттаманы талқылауды аяқтау атқарымы 5.4.1.1 «Құжаттаманы талқылау мерзімінің аяқталуы» тарауында берілген сипаттамаларға сәйкес жұмыс істейді.
«Құжаттаманы талқылауды аяқтау» батырмасына сипаттама
Өнім берушілер Хатшыға жіберген Барлық сауалдарға жауаптар бергеннен кейін «Қолжетімді әрекеттер» мәзірінде «Құжттаманы талқылауды аяқтау» әрекеті қолжетімді болады.
...
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Талқылау хаттамасын автоматты түрде жариялағаннан кейін, егер өтінімдер қабылдаудың басталу мерзімі хаттаманы талқылауды жариялау күнінен көп болса, Жүйе өтінімдерді қабылдаудың басталу мерзімін талқылау хаттамасын жариялау күніне тең күнге ауыстырады. Бұл ретте өтінімдерді қабылдаудың басталу уақыты мен талқылау хаттамасын жариялау уақыты арасында «Жарияланды» мәртебесінен «Жарияланды (өтінімдер қабылдау» мәртебесіне ойдағыдай өзгеру үшін жарты сағат айырмашылық бар.
Өтінімдерді қабылдаудың басталу мерзімі мен өтінімдерді қабылдау аяқталуы арасындағы аралық бұрын Ұйымдастырушы өтінімдерді қабылдаудың алдын ала мерзімі кезінде көрсеткен аралыққа тең. Өтінімдерді қабылдау басталуының алдын ала мерзімі 2016 жылғы 01.03. көрсетіле, ал өтінімдерді қабылдаудың алдын ала мерзімінің аяқталуы 2016 ж. 20.03. көрсетілсе, онда олардың арасындағы аралық 20 күнтізбелік күн болады.
Мемлекеттік сатып алудан бас тарту
«Сатып алудан бас тарту» рәсімі «Тапсырыс беруші» рөлімен пайдаланушыға қолжетімді. Толық нұсқаулық «Тапсырыс беруші» нұсқаулығында сипатталған.
Назар аударыңыз!Хабарландыру бойынша «Аяқталды» мәртебесінде барлық лоттар бойынша немесе ішінара сатып алудан бас тарту жасалса, жүйе сатып алудан бас тарту есебімен қорытындылар хаттамасын қайта қалыптастырады.
Комиссияны өзгерту
Хатшыға хаттаманы қарау нысанында «Комиссияны өзгерту» әрекеті қолжетімді.
...
Комиссияның жаңа мүшесін қосқан жағдайда, Жүйе конкурстық комиссияның осы мүшесіне дауыс беруі тиіс.
Өнім берушілердің ашық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін қарау
Конкурстық комиссия мүшелері Өтінімдерді қабылдау мерзімі басталысымен Жүйе Өнім берушілердің өтінімдерін қарау қажеттігі туралы хабарламаларды автоматты түрде жібереді. «Хабарландыру» тарауына өту үшін «Хабарлама» тарауында «Қатысушының бейіні» мәзірін ашу керек.
...
Назар аударыңыз! Дауыс беру аяқталғанға дейін Комиссияға «Дауысты шақырып алу» атқарымын пайдаланып, өз дауысын шақырып алу мүмкіндігі беріледі.
Өтінімдердің қаралуын бақылау
Хатшыға «Өтінімдерді қарау»/Өтінімдерді толықтыруды қарау» мәртебесімен хабарландыруды қарау нысанында дауыс беру барысын қадағалау атқарымы қолжетімді. Осы атқарымды пайдалану үшін «Қолжетімді әрекеттер» тарауында «Өтінімді қарау» тармағын таңдау қажет.
...
Өнім беруі қабыл алмау туралы шешім қабылдаған құжаттар тізімімен қалқыма терезе бейнеленеді.
Дауыс беруді аяқтау
Дауыс беруді аяқтау үшін Конкурстық комиссия хатшысына «Қолжетімді әрекеттер» жолында хабарландыруды қарау нысанында «Өтінімі қарау» әрекетін таңдау қажет.
...
Шартты жеңілдіктерді толтыру сатып алуға бір ғана өнім беруші қатысқан жағдайда ғана талап етілмейді.
Алдын ала рұқсат ету хабарламасын қалыптастыру
Хабарландыруда бір және одан көп әлеуетті өнім берушілер жіберілмесе, дауыс беру аяқталғаннан кейін Конкурстық комиссия хатшысына әрекеттер тізімінде «Алдын ала жіберу хаттаамсын қалыптастыру» қолжетімді болады.
...
Комиссияның қандай да бір мүшесі болмаған жағдайда «Файлды таңдаңыз» батырмасының көмегімен «Қолтаңба жоқ болу себебі» тарауында файлды қоса тіркеу мүмкіндігі ұсынылады.
Комиссия мүшелерінің алдын ала рұқсат ету хабарламасына қол қоюы
Хатшы конкурстық комиссия мүшелерінің алдын ала жіберу хаттамасына қол қойғаннан кейін жүйе хаттамаға қол қою қажеттігі туралы хабарлама жіберуді жүзеге асырады.
...
қабыл алынбау себебі: «МС туралы Заңның 6-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы бойынша шектеу (4) тармақша бойынша 5) тармақша бойынша емес 6) тармақша бойынша емес бейнеленуі тиіс)».
Алдын ала рұқсат ету хабарламасын жариялау
Конкурстық комиссия мүшелері алдын ала жіберу хаттамасына қол қойғаннан кейін жүйе қолтаңбалар кворумы болуына тексереді және кворум болса, конкурстық комиссия мүшесіне «Алдын ала жіберу хаттамасын жариялау» әрекеті қолжетімді болады. Конкурстық комиссия мүшелері алдын ала жіберу хаттамасына қол қойғаннан кейін жүйе қолтаңбалар кворумы болуына тексереді және кворум болса, конкурстық комиссия хатшысына «Алдын ала жіберу хаттамасын жариялау» әрекеті қолжетімді болады.
...
- Лоттар мен хабарландыру мәртебесін «ААЖХ қайта қарау бойынша шешім қабылдау» деп өзгертеді.
- «ААЖХ қайта қарау» және «ААЖХ қайта қарамай сатып алуды жалғастыру» батырмаларын белсенді етеді.
- Хабарлама негізінде бұзушылықты жою тәсіліне сипаттама 5.4.3 тарауда берілген.
Ашық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді екінші рет қарау
Өтінімдерді толықтыруларды қабылдаудың аяқталу мрезімі басталғанда, хабарландыру мәртебесі «Өтінімдер толықтыруларын қарау» мәртебесіне өзгереді, конкурстық комиссия мүшелеріне жүйе өтінімді қарау қажеттігі туралы хабарламалар жіберуді жүзеге асырады.
...
Ескертпе: екінші рет дауыс беру 1.3.6. Ашық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау тармағы сияқты жүзеге асырылады
Шартты жеңілдіктерді толтыру
Дауыс беру аяқталғаннан кейін өтінімдерді қарау нысанында шартты жеңілдік пайызын енгізу үшін Хатшыға «Шартты жеңілдіктер» жолында «Толтыру талап етіледі» сілтемесін басу қажет.
...
Шартты жеңілдіктер өлшемдерін қою рәсімі аяқталғаннан кейін «Шартты жеңілдіктер» тарауында мәртебесі «Толтырылды» болып өзгереді.
Конкурстық комиссияның сауалдары туралы деректерді толтыру
Бұл атқарым алдын ала жіберу хаттамасы жарияланған және өнім берушілер өтінімінді қайта берген жағдайда қолжетімді. Хатшы конкурстық комиссия мүшелері (бұдан әрі - ККМ) біліктілік талаптарына және конкурстық комиссия талаптарына сәйкес келтірілген не конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында жеке немесе заңды тұлғаларға, мемлекеттік органдарға сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерге конкурстық комиссия мүшелері жіберген суалдар туралы деректер енгізіледі.
...
ККМ сауалдары туралы деректерді толтырғаннан кейін деректерді сақтау үшін «Сақтау» батырмасын басу қажет. Жүйе деректерді сақтайды. Сауалдар туралы жаңа мәліметтерді қосу үшін «Деректерді қосу» батырмасын басу қажет.
Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру
Шартты жеңілдіктерді қою рәсімі аяқталғаннан кейін Хатшыға «Қолжетімді әрекеттер» тарауында «Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру» әрекеті қолжетімді болады.
...
Назар аударыңыз! Сатып алуға бір де бір өтінім берілмеген жағдайда, Қорытындылар хаттамасын жүйе автоматты түрде қалыптастырады және жариялайды, бұл ретте осы хаттамаға не хатшы, не конкурстық комиссия мүшелері қол қоюға мүмкіндік жоқ және талап етілмейді.
Комиссия мүшелерінің қорытындылар хаттамасына қол қоюы
Конкурстық комиссия мүшелеріне қорытындылар хаттамасымен танысу және қол қою үшін хабарландыруды қарау нысанына өту қажет.
Қорытындылар хаттамасын жариялау
Қорытындылар хаттамасына қол қойғаннан кейін жүйе қолтаңбалар кворумы болуын тексереді, кворум болса, конкурстық комиссия хатшысына «Қорытындылар хаттамасын жариялау» әрекеті қолжетімді болады.
...
Сатып алу тоқтатылған және жоспардың тармақтары/лоттар жариялау мәртебесі «Шағымдануда» мәртебесіне өзгерсе, онда жүйе «Болмаған сатып алу бойынша бір көзден» тәсілімен хабарландыру жасауға тыйым салады. Бұл талаптар МС туралы заңның 47-бабына сәйкес іске асырылған.
Сатып алуды болдырмау
Сатып алуды болдырмау атқарымы хабарландыру жариялаған күннен бастап акт бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықты анықтауға байланысты, шартты жасағанға дейін қолжетімді:
...
Болдырмау туралы ақпаратсыз алдындағы қорытындылар хаттамасы «Жарамсыз» мәртебесімен бейнеленетін болады. Болдырмау туралы ақпараты бар қорытындылардың өзекті хаттамасы «Жарамды» мәртбесінде болады.
Сатып алуды тоқтата тұру
Сатып алуды тоқтата тұру атқарымы жариялағаннан бастап қорытындылар хаттамасын қалыптастырғанға дейін қолжетімді. Сатып алуды тоқтата тұру барлық сатып алуға жасалады.Тоқта тұруды орындау үшін хабарландыруды қарау нысанында қолжетімді әрекеттерден «Сатып алуды тоқтата тұру» әрекетін таңдау қаже.
...
Тоқтата тұру, жалғастыру және болдырмау әрекеті «Тоқтата тұру/Жалғасы/сатып алуды болдырмау» қосымша бетінде бейнеленеді
Сатып алуды жалғастыру
Сатып алуды тоқтатқанан кейін Хатшыға сатып алуды жаңғырту үшін, сондай-ақ сатып алуды болдырмау үшін әрекеттер қолжетімді болады.
...
Деректерді толтырып, құжатты қоса тіркегеннен кейін «Сатып алуды жаңғырту» батырмасын басу қажет. Хабарландыру мен лоттар мәртебесі алдындағы сатып алуды тоқтатқанға дейінгі мәртебеге өзгереді.
«Ашық конкурс» тәсілімен хабарландыруды екінші рет жариялау
Ашық конкурс тәсілімен қайтадан хабарлама жасау үшін, «Жұмыс кабинеті» тарауына өтіп, «Хабарлама жасау» тармағын таңдау қажет.
...
Бұдан әрі қайта хабарламаны жасау және жариялау рәсімі сатып алуды бастапқы жариялау рәсіміне ұқсас.
Ұйымдастырушы/Тапсырыс беруші өкілінің өзгеруі
Ұйымдастырушы/Тапсырыс беруші өкілін өзгерту үшін «Ұйымдастырушы» рөлімен Жүйеде авторландыру қажет.
...
«Өкілдің деректерін өзгерту» нысанында Тапсырыс берушінің/Ұйымдастырушының өкілін өзгерту және «Өзгерістерді сақтау» батырмасын басу. Жүйе енгізілген деректерді сақтайды
Бір архивпен «Барлығын жүктеп алу» батырмасы
Жүйе хабарландыру кезеңіне байланысты хабарландырудағы барлық бар құжаттарды жүктеп алуға мүмкіндік береді:
...














