...
Құжаттаманың қандайда бір бөлігі файлдардың тіркелуін талап етсе, құжаттардың жалпы тізімінде құжаттың белсенді сілтемесіне басу қажет. Файлды тіркеуге арналған бейнеленген терезеде «Файлды таңдаңыз» батырманы басыңыз.
Талап етілетін файлды іздеуге арналған терезе ашылады. Файл таңдалғанынан кейін, оған ЭЦҚ көмегімен қол қойып, «Сақтау» батырмасын басу қажет.
«Файлдарды қосу» батырма көмегімен қосымша файлдар қосылады. Құжаттар тізіміне қайтарылу үшін «Құжаттар тізіміне қайта оралу» батырмасын басу қажет.
Тіркелуден кейін құжаттың белгісі дегенге ауысады.
Аукционға қатысуы туралы келісімді қалыптастыру
Аукционға қатысатыны туралы келісіммен танысу және оған қол қою үшін құжаттың атауы бар белсенді сілтемесіне басу талап етіледі.
Қосымша нысаны бейнеленеді.
«Келісімді қабылдау» батырмасына басу қажет, жүйе PDF форматында файлды қалыптастырады. Келісімді қарау үшін файлдың белсенді сілтемесіне басу қажет, қол қою үшін «Қол қою» батырмасына басу қажет.
Техникалық ерекшелікті жасау
Техникалық ерекшелікті жасау үшін құжаттар тізімінен 2-қосымша (Техникалық ерекшелік) сілтемесіне басу қажет. Ашылған терезеден «Тех.ерекш.» сілтемесіне басу қажет.
Техникалық ерекшелік нысанында міндетті жолақтарды толтыру, «Сақтау» батырмасын, одан соң «Техникалық ерекшелікті бекіту» батырмасын басу талап етіледі.
Техникалық ерекшелікті бекіткеннен кейін жасалған техникалық ерекшелікке қол қою және жою үшін батырмалар көрсетіледі.
Қалыптасқан файлды белсенді сілтемеге басып, жүктеуге болады.
Ескертпе: сондай-ақ техникалық ерекшелік қол қойылғаннан кейін жойылуға жатады.
Өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер
Тауарларды сатып алу кезіндегі өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді қосу үшін құжаттарды тіркеу нысанында 5-қосымша (Тауарларды сатып алу кезіндегі өнім берушінің біліктіліг туралы мәліметтер) белсенді сілтемесіне басу қажет.
Лоттар тізімі бар нысан бейнеленеді.
Назар аударыңыз! Тауарды жеткізу (өндіру) жұмыс тәжірибесі жоқ болған жағдайда, Жүйе, егер «Лот бойынша деректер жоқ» мәртебесі орнатылса, бос қосымшаны қалыптастырып, тауарды сатып алу кезде біліктілік туралы мәліметтерсіз өтінімді беруге мүмкіндік береді.
«Деректер жоқ» мәртебесін толтыру үшін, «Лотты таңдау» бағанда тауарды жеткізу (өндіру) жұмыс тәжірибесі жоқ лотты немесе бірнеше лотты таңдау қажет. «Таңдалған лоттар бойынша қол жетімді әрекеттер» бөлімінде «Деректер жоқ» мәнін таңдап, «Қолдану» батырмасын басу қажет.
Лот туралы деректерді толтыру үшін, «Әрекеттер» бағанда редакциялау пиктограммасына басу қажет.
Одан әрі «Жеткізілген (өндірілген) тауарлар бойынша деректер» қосымша бетімен нысан бейнеленеді.
Деректерді қосу үшін пиктограммаға басу қажет.
«Жеткізілген (өндірілген) тауарлар бойынша деректер» нысанында тауарлар, жеткізу орны, Тапсырыс беруші және растау құжаты туралы ақпаратты толтыру қажет.
Жолдарды толтырғанынан кейін «Сақтау» батырмасын басып, «Қайта оралу» батырмасын басу қажет.
Ескертпе: «Тапсырыс беруші» бөлімінде «Атауы» және «Телефонның нөмірі» жолы, Тапсырыс беруші жүйеге тіркелген жағдайда, батырмаға басқаннан кейін автоматты түрде толтырыла толтырыла алады. Бұл ретте «ЖСН/БСН» жолағы Тапсырыс берушінің ЖСН/БСН дұрыс мәнімен толтырылуы толтырылуы тиіс.
«Жеткізілген (өндірілген) тауарлар бойынша деректер» нысанында деректер сақталғанынан кейін, файлды редакциялау және жою мүмкіндігі туындайды. пиктограмма көмегімен басқа тауар бойынша деректерді қосуға болады.
«Тауарларды сатып алу кезде біліктілік туралы мәліметтер» нысанына ауысу кезде «Қайта оралу» батырмасын басу қажет.
«Әрбір лот бойынша біліктілік туралы мәліметтерді толтыру» бөлімінің «Мәртебе» бағандағы бейнеленген нысанда, Жүйе мәліметтерді толтыру сатысымен әрбір лот бойынша ақпаратты бейнелейді.
- Егер мәліметтер толтырылмаса, «Деректер толтырылмады» мәртебесі бейнеленеді.
- Егер деректер жартылай толтырылған болса, «Деректер жартылай толтырылған» мәртебесі бейнеленеді.
- Егер деректер толығымен толтырылса, «Деректер толтырыды» мәтебесі бейнеленеді.
«Файлды таңдаңыз» батырмасы көмегімен, бар болған жағдайда, растау құжаттарын қоса тіркеуге болады. Тіркелген файлдарға қол қойып, сақтау қажет.
Назар аударыңыз! Растау құжаттарын қосымшаны қалыптастыруға дейін тіркеуге болады. Егер қосымша қалыптасқан болса, онда «Қосымшаны жою» батырма көмегімен қосымшаны жою қажет, Жүйе растау құжаттарын тіркеуге немесе мәліметтерді редакциялауға рұқсат береді.
Қосымшаны қалыптастыру үшін «Қосымшаны қалыптастыру» батырмасын басу қажет.
Назар аударыңыз! Егер барлық лоттар бойынша «Мәртебе» бағанында «Деректер толтырылған» немесе «Лот бойынша деректер жоқ» мәні орнатылса, қосымшаны қалыптастыруға мүмкіндік береді (тауарды жеткізу (өндіру) жұмыс тәжірибесі жоқ болған жағдайда).
Қосымшаны қалыптастырғанынан кейін, қалыптасқан қосымшаға қол қою қажет. Қалыптасқан қосымшаға қол қою үшін «Қол қою» батырмасын басу қажет. Файлды жою үшін «Қосымшаны жою» батырмасына басу қажет.
Назар аударыңыздар! Осыған сәйкес сатып алуларда қатысуға оның алдында берген өтінімдерден жұмыстарды сатып алу кезде Өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерін көшіру қажеттілігі туындағанда, басқа сатып алудан мәліметтерді көшіру функционалын қолдану қажет. Ол үшін «Басқа сатып алудан мәліметтерді көшіру» батырма қолданылады.
Ашылған нысанда, оның алдында сатып алуға өтінімді берген, хабарландырудың нөмірін толтырып, «Табу» батырманы басу қажет.
«№ {оның алдында өтінім берілген хабарландыру нөмірі} хабарландыру бойынша лоттан біліктілігі туралы мәліметтерді көшіру» кестелеп ашылған нысанда, Жүйе Сіз қатысқан лоттарды бейнелейді. Деректерді көшіру қажет лотты таңдау қажет.
«№ {оның алдында өтінім берілген хабарландыру нөмірі} хабарландыру бойынша лоттан біліктілігі туралы мәліметтерді көшіру» кестеде Жүйе Сіз өтінім беріп отырған, лоттарды бейнелейді. Оның алдындағы өтінімнен мәліметтер көшірілетін, лотты таңдау қажет. Алдындағы өтінімнен мәліметтері көшірілетін, лотты таңдау қажет. Егер бірнеше лоттарды көшіру қажет болса, онда бірнеше лотты таңдап алыңыз. Деректерді көшіру үшін «Қолдану» батырмасын басу қажет. Жүйе деректерді көшіріп, «Деректер толтырылған» деп лоттың мәртебесін өзгертеді.
Жүйе деректерді көшіріп, лоттың мәртебесін «Деректер толтырылған» дегенге өзгертеді.
Назар аударыңыз! Өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді Жүйе сатып алу тәсілі мен сатып алу нысан түрінің сәйкес келгенде ғана көшіруге мүмкіндік береді.
Назар аударыңыз! Егер әртүрлі өтінімдерден Өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді көшіру қажет болса, онда оларды кезекпен көшіру қажет, нақтылап айтқанда алдымен жаңа өтінімде қажетті лотқа бір өтінімнен көшіріп, одан кейін келесі өтінімнің нөмірін таңдап, жаңа өтінімде келесі лотты таңдау қажет.
Екінші санаттағы рұқсаттарды сұрату және қосу
Өтінімге рұқсат берілген құжаттарды тіркеу үшін құжаттарды тіркеу нысанында «Екінші санатты рұқсаттар» белсенді сілтемесіне басу қажет.
Тіркеу нысаны көрсетіледі. Егер қолданыстағы рұқсаттар (соңғы 24 сағат ішінде алынған) болса, рұқсат деректері бар жолға қанатбелгі қою арқылы талап етілетін рұқсатты таңдауды жүзеге асыру қажет. Тіркелген рұқсатты қарап шығу «Өтінімге тіркелген рұқсат құжаттары» қосымша бетінде жүзеге асырылады.
Егер рұқсат құжаттары жоқ болса, онда «Рұқсат құжаттарды алу» батырмасына басу қажет.
Егер қолданыстағы рұқсаттар болмаған жағдайда, «Рұқсат құжаттарды алу» батырмасына басу қажет.
...


























