...
Техникалық өзіндік ерекшелік нысаны бейнеленеді.
Жеңіл және жиһаз өнеркәсібі бойынша «Тауар» сатып алу мәнінің түрлері үшін техникалық ерекшелікті толтыру нысаны
Көрсетілетін қызмет немесе жұмыс мәнінің түрлері үшін жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер сипаттамасымен техникалық өзіндік ерекшелікті қоса тіркеу қажет, бұл үшін «Лоттар бойынша құжаттарды қосу» нысанында «Қоса тіркеу» батырмасын басу талап етіледі. Құжаттардың жалпы тізіміне оралу үшін «Артқа оралу» батырмасын басу қажет.
Техникалық өзіндік ерекшелік файлын қосу үшін терезе бейнеленеді. «Файлды таңдаңыз» батырмасын басу қажет, талап етілген файлды іздеу үшін терезе ашылады. Файл таңдалғаннан кейін ЭЦҚ көмегімен қол қою және «Сақтау» батырмасын басу қажет.
Ескертпе: Егер сатып алу мәнінің түрі Жұмыс болып табылса және хабарландыруда барлық лоттар үшін "ТЭН және ЖСҚ-мен жұмыс" мәні толтырылса, онда техникалық өзіндік ерекшелік өнім беруші үшін қоса тіркеуге міндетті емес болып табылады.
...

