Versions Compared

Key

  • This line was added.
  • This line was removed.
  • Formatting was changed.

...

Ескертпе: хабарландырудың мәртебесі «Сауда-саттықты өткізу жарияланды» болуы тиіс.

Image Added

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Аукционға баға ұсыныстарын қабылдау уақыты аукцион өткізуді бастағаннан бастап, 30 минутты және аукцион өткізу басталғаннан 30 минут өткеннен кейін - соңғы баға ұсыныстары түскеннен кейінгі 10 минутты құрайды.

...

Сауда-саттыққа қатысу нысаны «Сауда-саттықты жүргізу» әрекетін орындаудан кейін бейнеленеді.

 Image Added

 

Бастапқы баға ретінде өнім берушінің ең аз бағамен берген  ұсынысы болып табылады. Баға ұсынысын беру үшін мөлшерлеме типін пайызбен немесе баға жолында қанат белгісін қойып, көрсету қажет. Егер «Баға» типі таңдалса «Сіздің мөлшерлемеңіз»  жолына баға мәнін көрсету, ал егер мөлшерлеме типі «Процент» деп көрсетілсе, онда процент мәнін көрсету қажет, бұл ретте аукционның қадамы 05,%-дан 5%-ға дейін құрайды. «Баға ұсынысын беру» батырмасы сіз мөлшерлемеңізді көрсеткеннен кейін белсенді болады. Бұдан кейін батырма белсендендірілгенінен кейін, қол қою үдерісін орындап, пайдаланушыға қол қою үшін кілтті таңдау қажет.

Image Added

Кілтті таңдаудан кейін кілттер қоймасына пароль енгізуге арналған терезе бейнеленеді.

Image Added

Ескертпе: «Баға ұсыныстарын беру тарихы» бөлімінде хронологиялық тәртіппен нақты уақыт режимінде баға ұсыныстары көрсетіледі. Бұл бөлімде шынайы уақыт тәртібінде хронологиялық тәртіппен аукционға қатысатын, барлық өнім берушілердің баға ұсыныстары бейнеленеді.

Келесі баға ұсынысты басқа өнім берушімен баға ұсынысы берілгенінен кейін ғана беруге болады.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Егер «Аяқталды» мәртебелі хабарландыруда барлық лоттар бойынша толықтай немесе жартылай сатып алудан бас тартылған жағдайда, жүйе сатып алуды ескере отырып, қорытындылар хаттамасының барлық нұсқаларын бейнелейді. Бұл кезде жүйе бас тартуынсыз ақпаратпен, хаттаманың бірінші нұсқасын, сонымен қатар бас тарту ақпаратымен екінші хаттаманы бейнелейді. Хаттаманың барлық нұсқаларын бейнелеу барлық сатып алу тәсілдеріне қатысты.

Бас тарту туралы ақпаратынсыз алдыңғы қорытындылар хаттамасы «Заңды күші жоқ» мәртебемен бейнеленеді. Бас тарту ақпараты бар Қорытындылар соңғы хаттамасы «Заңды күшке ие» мәртебесіне ие болады.

Image Added