| Table of Contents |
|---|
Аукционға қатысуға өтінімді беру үшін Өнім беруші талап етілетін өтінімді іздеу қажет. Ол үшін жеке кабинеттің бас бетіндегі «Жұмыс кабинеті» мәзіріне өтіп, «Хабарландыруларды іздеу» бөлігін таңдау қажет.
Экранда Сатып алулар беті бейнеленеді. Талап етілетін сатып алуды іздеуді фильтрлер жиынтығы көмегімен іске асыруға болады, ол үшін «Іздеуді көрсету» батырмасын басу ғана қажет. Іздеудің бір немесе бірнеше критерийін көрсету жеткілікті, және «Табу» батырмасын басады. Егер іздеу критерийін өзгерту қажет болса, «Іздеу параметрлерін алып тастау» батырмасын басу қажет.
Сатып алу туралы ақпаратты қарап шығу үшін, іздеу нәтижесі шыққанынан кейін, «Хабарландыру атауы» жолында белсенді сілтемені басу қажет.
Таңдаулылар
Ыңғайлы болу үшін керекті хабарландыруларыңызды «Таңдаулылар» тізіміне қосуға болады. Ол үшін барлық хабарландыруларды көру формасында «Хабарландыру аты» уяшығының жоғарғы оң жақ бұрышындағы жалаушыға белгі қойыңыз.
...

