...
Сатып алу мүгедектер ұйымы арасында өткізілген жағдайда, хабарландыру жобасын жасау нысанына «Мүгедектер ұйымы арасында сатып алу» белгісін қою қажет.
Сатып алу жеңіл және жиһаз өнеркәсібі бойынша өткізілген жағдайда, хабарландыру жобасын құру нысанында «Жеңіл және жиһаз өнеркәсібін сатып алу» белгісін қою қажет.
Ұйымдастырушы бірыңғай ұйымдастырушы тізілімінде тұрған жағдайда, жүйе бірыңғай ұйымдастырушы сияқты хабарландыру жариялауға мүмкіндік береді, бұл үшін «бірыңғай ұйымдастырушы» белгісін қою қажет.
«Хабарландыру жобасын жасау» тарауы мынадай басқару элементтерінен тұрады
Элемент | Әрекет |
Сатып алу өткізу тәсілі | Қолмен толтырылады. Түсіп тұратын тізімнен мәні таңдалады. |
Сатып алу типі | Қолмен толтырылады. Мәндерінің бірі таңдалады: Алғашқы немесе қайта. |
Сатып алу мәнінің түрі | Қолмен толтырылады. Мәндерінің бірі таңдалады: Жұмыс; Көрсетілетін қызмет; Тауар. |
Қазақ тілінде хабарландыру (сатып алу) атауы | Қолмен толтырылады |
Орыс тілінде хабарландыру (сатып алу) атауы | Қолмен толтырылады |
Сатып алу өткізу белгісі | Сатып Сатып алу мүгедектер ұйымы арасында өткізілген жағдайда, «Мүгедектер қоғамдық бірлестігі құрған ұйымдар арасында сатып алу» белгісін қою қажет. Сатып алу жеңіл және жиһаз өнеркәсібі бойынша өткізілген жағдайда, «Жеңіл және жиһаз өнеркәсібін сатып алу» белгісін қою қажет. |
Бұдан әрі | Батырманы басқан кезде, жүйе міндеттерді жолдардың толтырылғанын текереді. |
...

