...
Өтінімді жою пиктограмманың көмегімен, редакциялау пиктограмманың көмегімен орындалады.
Сатып алуға қатысу үшін лоттарды қосу
Сатып алуға қатысу үшін лотты қосу нысаны көрсетіледі, қатысуға арналған лотты қанатбелгімен белгілеу және «Таңдап алынғандарды қосу» батырмасына басу қажет. Бұдан кейін «Әрі қарай» батырмасына басыңыз.
...
Таңдап алынған лотты жою қажеттілігі туындағанда, талап етілетін лотты қанатбелгімен белгілеген және «Өтінімнен лоттарды жою» батырмасына басу қажет, ал лотты өтінімдер жобасына қосу қажет болған жағдайда «Лоттар» қосымша бетіне өткен және лотты таңдауды жүзеге асырған жөн. Келесі бетке көшу үшін «Әрі қарай» батырмасына басу қажет.
Сатып алуға қатысу үшін міндетті құжаттарды тіркеу
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Салық берешегі және міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі туралы мәліметтерді өнім берушінің өтініміне тіркелмейді, осыған байланысты бұл құжат «Құжаттама» қадамында жойылған. Алайда, «Өтінімді алдын ала қарап шығу» қадамында өнім берушімен өтінімді беру кезде, Жүйе жеке кабинетінде соңғы 24 сағат ішінде ОСШД АЖ-мен салық берешегі бар болуы және міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнеақылық жарналар және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар болуы туралы мәліметтердің бар болуын тексереді. Бар болған жағдайда, Жүйе бір теңге және одан да жоғары көлемде салық берешегі бар болуы және міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнеақылық жарналар және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар болуы туралы мәліметтердің бар болуын тексереді.
...
Талап етілетін файлды іздеуге арналған терезе ашылады. Файл таңдалғанынан кейін, оған ЭЦҚ көмегімен қол қойып, «Сақтау» батырмасын басу қажет.
«Файлдарды қосу» батырма көмегімен қосымша файлдар қосылады. Құжаттар тізіміне қайтарылу үшін «Құжаттар тізіміне қайта оралу» батырмасын басу қажет.
...
Аукционға қатысуы туралы келісімді қалыптастыру
Аукционға қатысатыны туралы келісіммен танысу және оған қол қою үшін құжаттың атауы бар белсенді сілтемесіне басу талап етіледі.
Қосымша нысаны бейнеленеді.
...
Техникалық ерекшелікті жасау
...
Техникалық ерекшелікті жасау үшін құжаттар тізімінен 2-қосымша (Техникалық ерекшелік) сілтемесіне басу қажет. Ашылған терезеден «Тех.ерекш.» сілтемесіне басу қажет.
...
Өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер
Тауарларды сатып алу кезіндегі өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді қосу үшін құжаттарды тіркеу нысанында 5-қосымша (Тауарларды сатып алу кезіндегі өнім берушінің біліктіліг туралы мәліметтер) белсенді сілтемесіне басу қажет.
...
Ескертпе: «Тапсырыс беруші» бөлімінде «Атауы» және «Телефонның нөмірі» жолы, Тапсырыс беруші жүйеге тіркелген жағдайда, батырмаға басқаннан кейін автоматты түрде толтырыла алады. Бұл ретте «ЖСН/БСН» жолағы Тапсырыс берушінің ЖСН/БСН дұрыс мәнімен толтырылуы тиіс.
«Жеткізілген (өндірілген) тауарлар бойынша деректер» нысанында деректер сақталғанынан кейін, файлды редакциялау және жою мүмкіндігі туындайды. пиктограмма көмегімен басқа тауар бойынша деректерді қосуға болады.
...

