Versions Compared

Key

  • This line was added.
  • This line was removed.
  • Formatting was changed.

...

Ескертпе! Жүйе нысанда сондай-ақ ағымдағы мәнді көрсетеді.  

image2018-6-29_14-30-32.png

Өнім берушіні жосықсыз қатысушылар тізілімінде тексеру

Негізгі шартта Портал мынадай жағдайларда «ашық конкурс», «аукцион», «баға ұсыныстарын сұрату», «өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу», «мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу» сатып алу тәсілдері үшін ғана өнім беруші немесе консорциумға қатысушы  жосықсыз қатысушылар тізілімінде тұрған жоқ па екенін тексеруді жүзеге асырады: 

 

Ескертпе: Консорциумға қатысушыларды Өнім беруші сатып алуға өтінім берген кезде «ашық конкурс» тәсілі, «жұмыс» сатып алу мәні үшін ғана толтырады. Өнім беруші жұмыстарды орындау үшін консорциумды тарта алады. Бұл туралы сатып алуда  Лаура егжей-тегжейлі жазатын болады.  

1. Шартты өнім берушіге келісуге жібергеннен кейін, Портал өнім беруші немесе консорциумға қатысушылар тапсырыс берушіге «Өнім берушіге келісуге жіберілді» мәртебесімен   ЖҚТ-да бар ма екені тексеруді жүзеге асырады. 

1.1. Егер өнім беруші ЖҚТ-да тұрса, Портал:

-        Негізгі шартта Өнім берушіге «Шартты бекіту» батырмасын көрсетпейді. 

-        Негізгі шартта «Шарт және келісу» қосымша бетінде Өнім  берушіге хабарламаны көрсетеді: Құрметті қатысушы, {өнім берушінің атауы немесе консорциалық келісімге қатысушының атауы} МС туралы заңның 6-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері бар.

Image Added

1.2. Егер өнім беруші ЖҚТ-да тұрмаса, Портал өнім берушіге «Шартты бекіту» батырмасын көрсетеді. 

2. Өнім беруші негізгі шартқа қолтаңба қойғаннан кейін, Портал   шарттың  «Өнім берушіде қолтаңба қоюда» мәртебесімен ЖҚТ-да өнім берушілер мен консорциалық келісімге қатысушылар болуын тексеруді жүзеге асырады: 

2.1. Егер өнім беруші ЖҚТ-да тұрса, Портал «Шарт және келісу» қосымша бетінде:

-              «Қолтаңба қою» батырмасын көрсетеді. Яғни Өнім берушіге шартқа қолтаңба қоюға мүмкіндік береді. 

-              Тапсырыс берушіге негізгі шартта мынадай хабарламаны көрсетеді:  Өнім берушінің (немесе консорциумға Қатысушының)    {өнім берушінің атауы немесе консорциалық келісімге қатысушының атауы} МС туралы заңның 6-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері бар.  .

-                   Өнім берушіге негізгі шартта мынадай хабарламаны көрсетеді: Құрметті қатысушы, {өнім берушінің атауы немесе консорциалық келісімге қатысушының атауы} МС туралы заңның 6-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері бар.

 Негізгі қатысушының (өнім берушінің-жеңімпаздың)/консорциумның қалған қатысушыларының шартта консорциалық келісімді қарап шығуы  

 Өтінімде өнім беруші (жеңімпаз) «Консорциум» белгісін көрсеткен және консорциумға қатысушыларды тартқан жағдайда, Жүйе  консорциумға қатысушылар және өнім берушінің өтінімінде консорциумға қатысушылар қолтаңба қоятын консорциалық келісім туралы  мәліметтерді көрсетеді, сондай-ақ  шарттың үлгілік нысанында   консорциумның барлық қатысушылары туралы ақпаратты көрсетеді.

Консорциумға   қатысушылар туралы ақпаратты және консорциалық келісімді қарап шығу үшін негізгі қатысушыға (жеңімпазға-өнім берушіге) «Жұмыс кабинеті – Менің шарттарым (Өнім беруші)» мәзірінің көмегімен  қажетті шартты таңдап, одан әрі   «Шарт және келісу» қосымша бетіне өту қажет.  

Консорциумға   қатысушылар туралы ақпаратты және консорциалық келісімді қарап шығу үшін қалған қатысушыларға «Жұмыс кабинеті – Менің шарттарым (Консорциум)» мәзірінің көмегімен  қажетті шартты таңдап, одан әрі   «Шарт және келісу» қосымша бетіне өту қажет.  

Image Added

«Консорциалық келісім» сілтемесін/батырмасын басу.

Image Added

Жүйе «Консорциалық келісім» парағын көрсетеді, мұнда консорциумға қатысушылар бар лоттар тізімін көрсетеді. Консорциалық келісімді қарап шығу үшін  сенімхаттармен бірге «Консорциалық келісім» бағанында «Қарап шығу» батырмасын басыңыз. 

Image Added

«Қарап шығу» батырмасын басқан кезде, Жүйе локальді компьютерде PDF форматында  консорциалық келісімді жүктеп алуға мүмкіндік береді.   

Консорциумға қатысушыларды қарау үшін «Консорциалық келісімге қатысушылар» бағанында белгіні басу қажет, басқаннан кейін Жүйе қалқымалы терезеде консорциумға қатысушылар тізілімін көрсетеді. 

Келісу мерзімдерін, орындалудағы және қолтаңба қоюдағы шарттарды, өнім берушілер қолтаңба қоюдағы актілерді  қарау

Жүйе пайдаланушы кабинетінде өнім берушіге мыналарды қарауға мүмкіндік береді: 

-        «Орындалудағы шарттар» тарауында  шарттың орындалу мерзімі аяқталуына  5 күнтізбелік күн қалған 5 шартты көрсетеді;

-        -        «Келісудегі шарттар» тарауында шартты келісу мерзімі аяқталуына  3 жұмыс күні қалған 5 шартты көрсетеді;

-         -       «Қолтаңба қоюдағы шарттар» тарауында  шартқа қолтаңба қою мерзімі аяқталуына  3  жұмыс күні қалған 5 шартты көрсетеді;  

-        -       «Қолтаңба қоюдағы актілер (Өнім беруші) тарауында Өнім берушіге қолтаңба қоюға «Өнім берушіде қолтаңба қоюда» мәртебесімен келіп түскен соңғы 5 актіні көрсетеді.  

Image Added