...
МАҢЫЗДЫ: ЭБК немесе банк кепілдемесінің көшірмесімен файлды қоса жалғағаннан немесе өнім беруші қамтамасыз етуді енгізгеннен және Тапсырыс беруші басып шығаруға арналған нұсқаны кейіннен қалыптастырғаннан кейін «Қазынашылықта тіркеусіз» белгісімен шарттар үшін шарт «Қолданыста» мәртебесіне өтеді.
Назар аударыңыз! Әрбір тіркелетін қосымшаның көлемі 20мб-дан аспауы қажет.
Шартты бір жақты бұзу
Бір жақты бұзу алдында Тапсырыс берушіге «Қолданыста» мәртебесінде шартты бұзу ниеті туралы өнім берушіні хабардар ету қажет.
Хабарламамен хабар өнім берушінің жеке кабинетіне жіберілетін болады, бұл ретте өнім берушінің бұдан арғы әрекеттері бұғатталатын болады.
Бұдан әрі жұмыс істеу мүмкіндігі үшін өнім берушіге (ұйымның басшысына) оқылмаған хабарламаны қарау қажет («Қарауды» басу).
Хабарламаны жібергеннен кейін Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы ҚР заңында көзделген негіздер бойынша бір жақты тәртіпте шартты бұза алады.
Бір жақты бұзу рәсімін орындағаннан кейін, шартта Қазынашылықта тіркеу белгісі болған жағдайларды қоспағанда, шарттың мәртебесі «Бір жақты тәртіпте бұзу»-ға өзгереді.
Егер шарт Қазынашылықта тіркелген болса, онда бір жақты бұзу рәсімдерін орындағаннан кейін шарт мәртебесі «Шарттың бұзылуын күту»-ге өзгереді. Қазынашылықта мәмілені тіркеуге өтінімді жапқаннан кейін шарт «Бір жақты тәртіпте бұзылды» болып соңғы мәртебесін қабылдайды.
Үздігірек сипаттамаларын ұсыну
...

