Versions Compared

Key

  • This line was added.
  • This line was removed.
  • Formatting was changed.

...

Сатып алу туралы ақпаратты қарап шығу үшін, іздеу нәтижесі шыққанынан кейін, «Хабарландыру атауы» жолында белсенді сілтемені басу қажет.


Хабарландыруды қарау


Хабарландыруды қарау нысаны өтінімдерді қабылдауын бастау және аяқтау мерзімдері туралы деректерді қамтиды.

Хабарландыруды қарап шығу нысаны көрсетіледі, мұнда өтінімдердің қабылдануын бастау және аяқтау мерзімдерін қарап шығуға болады.


«Жалпы мәліметтер» қосымша бетте сатып алу туралы жалпы ақпарат, Ұйымдастырушы және акуциондық комиссияның құрамы туралы мәліметтер бейнеленеді.

«Лоттар» қосымша бетінде хабарландыру бойынша лоттар тізімі бейнеленеді, егжей-тегжейді қарап шығу үшін лоттың нөмірімен белсенді сілтемені басу қажет.


«Құжаттама» қосымша бетінде құжаттар тізімі бейнеленеді.


Құжаттың шаблонын қарап шығу үшін құжаттын атауымен белсенді сілтемені басу қажет.

Конкурста қатысуға міндетті болатын құжаттар, «Иә» деген белгіге ие болады.

Қалыптасқан құжатты қарап шығу үшін «Өту» батырмасын басқанда, файлды жүктеуге болатын, сілтеме және қол қойюшының ЭЦҚ туралы ақпараты бар нысан бейнеленеді.


Талқылау


Егер конкурстық құжаттама жобасына ескертулер, сондай-ақ тапсырыс берушіге, мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысына, мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысына, «Өнім беруші» рөлі бар пайдаланушыға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сауалдар болған жағдайда хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей «Құжаттаманың ережелерін талқылау» функционалы қолжетімді болады. Ол үшін хабарландыруды қарап шығу нысанына өту және «Құжаттама ережелерін талқылау» қосымша бетін ашу қажет.

Ескертпе: Хабарландырудың мәртебесі «Жарияланды» болуы тиіс, бұл ретте талқылауды аяқтау мерзімі басталмады.

 


«Хабарлама алуға жазылу» батырмасын басқанда, Жүйе жеткізушіге аталған сауалға басқа жеткізушілермен сауал жіберу туралы хабарлама алуға жазылу мүмкіндігін береді.

«Хабарлама алудан бас тарту» батырмасын басқанда, Жүйе жеткізушіге басқа жеткізушілермен сауал жіберу туралы хабарлама алудан бас тартуға мүмкіндік береді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!Құжаттама ережелерін талқылау функционалы қолжетімді емес:

- егер қайталап сатып алу өткізу жүргізілген жағдайда.

«Хабарламаны жасау» батырманы басқанынан кейін, келесі нысан бейнеленеді


Осы нысан мынадай жолақтар мен басқару элементтерін қамтиды:

Жолдың атауы

Сипаттамасы

Сауал типі

Қолмен толтырылады. Мынадай мәндер таңдап алынады:

КҚ түсіндіру туралы сұрату;

КҚ-ге қойылатын ескерту;

Сауалдың тақырыбы

Қолмен толтырылады.

Сауалдың мәтіні

Қолмен толтырылады.

Жіберу

Батырманы басқанда Жүйе міндетті жолдардың толтырылғанына тексеру жүргізеді.

Егер тексеру сәтті өтсе, Жүйе:

Сауалды сақтайды және сауал жіберу күні мен уақытын тіркейді, Хатшының, Тапсырыс беруші мен Ұйымдастырушының жеке кабинетіне сауалдың келіп түскендігі туралы хабарлама жібереді.

Отменить

Батырмаға басқан кезде Жүйе мынадай хабарламаны көрсетеді: «Сіз шынымен де іс-әрекетті жойғыңыз келе ме?», бұл әрекетті растаған кезде, Жүйе «Сауалды қалыптастыру» модальді терезені енгізілген деректерді сақтамастан жабады және «Құжаттаманы талқылау» қосымша бетін көрсетеді.

 

Сауалды  жасағаннан және жібергеннен кейін, «Хабарламаны қарау» нысаны көрсетіледі.


Өтінімдерді құру және беру


Өтінімді хабарландыру нысанында беру үшін қолжетімді іс-әрекеттерден «Өтінімді құру» таңдау қажет.

Ескертпе: хабарландырудың мәртебесі «Жарияланды (өтінімдерді қабылдау)» болуы тиіс.


Бұдан әрі өтінімді құру нысаны ашылады, өнім берушінің деректемелерін көрсету қажет.


Келесі қадамға өту үшін «Әрі қарай» батырмасына басу қажет.

Егер сатып алу мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері арасында жүргізілсе, Жүйе сатып алуға консорциумдардың қатысуын шектейді. «Өтінімді құру» қадамында жүйе үнсіз келісім бойынша «Консорциум болып табылмаймын» белсенді жолын бейнелейді,  және «Консорциум болып табыламын» дегенді таңдауға жол бермейді.



Өтінім жобасын жою және редакциялау

 

Өтінімдерді қарап шығу үшін «Жұмыс кабинеті» - «Менің өтінімдерім» бөліміне өтуіңіз қажет.


Өтінімдерді іздеуді фильтрлер жиынтығы көмегімен жүзеге асыруға болады, ол үшін «Фильтрді көрсету» батырмасына басу қажет.



Өтінімді жою Image Modified пиктограмманың көмегімен, редакциялау Image Modified пиктограмманың көмегімен орындалады.

Сатып алуға қатысу үшін лоттарды қосу

 

Сатып алуға қатысу үшін лотты қосу нысаны көрсетіледі, қатысуға арналған лотты қанатбелгімен белгілеу және «Таңдап алынғандарды қосу» батырмасына басу қажет. Бұдан кейін «Әрі қарай» батырмасына басыңыз.


Жүйе таңдап алынған лоттарды қарап шығу бетіне көшуді жүзеге асырады.


Таңдап алынған лотты жою қажеттілігі туындағанда, талап етілетін лотты қанатбелгімен белгілеген және «Өтінімнен лоттарды жою» батырмасына басу қажет, ал лотты өтінімдер жобасына қосу қажет болған жағдайда «Лоттар» қосымша бетіне өткен және лотты таңдауды жүзеге асырған жөн. Келесі бетке көшу үшін «Әрі қарай» батырмасына басу қажет.

Сатып алуға қатысу үшін міндетті құжаттарды тіркеу

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Салық берешегі және міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі туралы мәліметтерді өнім берушінің өтініміне тіркелмейді, осыған байланысты бұл құжат «Құжаттама» қадамында жойылған. Алайда, «Өтінімді алдын ала қарап шығу» қадамында өнім берушімен өтінімді беру кезде, Жүйе жеке кабинетінде соңғы 24 сағат ішінде ОСШД АЖ-мен салық берешегі бар болуы және міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнеақылық жарналар және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар болуы туралы мәліметтердің бар болуын тексереді.  Бар болған жағдайда, Жүйе бір теңге және одан да жоғары көлемде салық берешегі бар болуы және міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнеақылық жарналар және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар болуы туралы мәліметтердің бар болуын тексереді.

Егер Өнім берушіде салық берешегі және міндетті төлемдер бойынша берешегі, немесе төлеу мерзімін ұзарту келісімі бар болса, онда Жүйе қате туралы хабарландыруды бейнелейді.

Егер Өнім берушінің салық берегі және міндетті жарналар бойынша берешегі бар болса, немесе төлеу мерзімін ұзарту келісім бар болса, онда Жүйе қате туралы хабарландыруды бейнелейді.

Осыған байланысты өтінімді беру күні салық берешектігі туралы өзекті мәліметтерді жеке кабинетінде сұрату қажет.

Егер сатып алуға қатысу үшін өнім беруші қандай да бір құжатты ұсыну қажет болған жағдайда, «Міндеттілік» бағанында «Міндетті» белгісі қойылатын болады.

Аукционда міндетті қатысуға арналған құжаттар, «Міндеттілік» белгісіне ие болады.


Құжаттаманың қандайда бір бөлігі файлдардың тіркелуін талап етсе, құжаттардың жалпы тізімінде  құжаттың белсенді сілтемесіне басу қажет. Файлды тіркеуге арналған бейнеленген терезеде «Файлды таңдаңыз» батырманы басыңыз.

Талап етілетін файлды іздеуге арналған терезе ашылады. Файл таңдалғанынан кейін, оған ЭЦҚ көмегімен қол қойып, «Сақтау» батырмасын басу қажет.  

...