...
Егер рұқсат құжаттары жоқ болса, онда «Рұқсат құжаттарды алу» батырмасына басу қажет.
Егер қолданыстағы рұқсаттар болмаған жағдайда, «Рұқсат құжаттарды алу» батырмасына басу қажет.
Іздеуді фильтрлер жиынтығының көмегімен жүзеге асыруға болады. Рұқсатты жаңарту үшін «Жаңарту» батырмасына басуыңыз қажет. Жіберілген сұратулар «Рұқсат берілген құжаттар бойынша сұратулар» қосымша бетінде көрсетіледі.
«Өңдеуге жіберілді» рұқсатының мәртебесі сауалдың жіберілгенін және жүйеде өңделетіндігін білдіреді. «Өңделді» мәртебесі сауалдың орындалғанын білдіреді. Алынған рұқсаттар «алынған рұқсат құжаттары» терезесінен көрсетіледі.
Ескертпе: рұқсат құжаттарын сұрату бойынша функционалы «Қатысушының бейіні» - «Менің рұқсат құжаттарым» бөліміне өтінімдерді жасамай-ақ қолжетімді болады.
Электрондық лицензияларды сұрату және қосу
Лицензияларды сұрату және қосу бойынша функционал рұқсаттарды қосу бойынша функционалға ұқсас орындалады.
«Салық берешегінің доқ екендігі туралы» мәліметтерді жеке кабинетінде сұрату
Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді жеке кабинетінен алу үшін «Қатысушы бейіні – Салық берешегі туралы деректер» бөлігіне өту қажет.
Ашылған нысанда «Жаңа мәліметтерді алу» батырмаға басу қажет.
Жүйе МКК «ОСШД» АЖ-ға сауал жібереді, сәтті жіберген жағдайда, төмендегідей хабарлама бейнелеп, сауал мәртебесі «Өңделуге жіберілді» болады.
Ескертпе: сауалдың өңделу уақыты 5-10 минутты құрайды.
Сауал өңделгенінен кейін, сәтті өңделуден өткенде сауал мәртебесі «Өңделген» дегенге өзгеріп, жүйемен сауалды қабылдау күні және уақыты тіркеледі.
Салық берешегі жоқ (бар) туралы мәліметтерді алу барысында қателер туындаған жағдайда, сауалдың мәртебесі «Қате» дегенге өзгеріп, салық берешегі туралы мәліметті қайтадан алуға болады.
Салық берешегі туралы мәліметтерді қарап шығу үшін «Қарап шығу» батырмасын қолданып орындауға болады.
Баға ұсынысын толтыру
Барлық міндетті құжаттар тіркегелгеннен және қол қойылғаннан кейін экранда баға ұсынысын толтыру нысаны көрсетіледі. Өнім берушінің бір бірлігі үшін бағасы жолында бағаны көрсету қажет.
Назар аударыңыз! Өтінімді бергеннен кейін енгізілген баға ұсыныстары шифрланатын болады және сіз оларды көре алмайсыз. Өнім берушінің берген бағасы туралы ақпаратты сақтау үшін «Басып шығару» батырмасына басу қажет.
«Әрі қарау» батырманы басқаннан кейін, ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қою қажет. Өтінімді беру алдында Өтінімді алдын ала қарап шығу бейнеленеді. Деректерді тексергенінен кейін, «Өтінімді беру» командасын басу қажет.
«Өтінімді беру» батырмасына басқаннан кейін іс-әрекетті растау өтініші бар хабарлама көрсетіледі: «Сіз лотқа (тарға) арналған баға ұсыныстарының көрсетілген сомасымен келісесіз бе?»
Расталған жағдайда өтінімге «Берілді» мәртебесі беріледі.
Өтінімді беру алдында Өтінімді алдын ала қарап шығу бейнеленеді. Деректерді тексергеннен кейін «Өтінімді беру» командасын басу қажет.
«Өтінімді беру» батырмасына басқаннан кейін «Сіз лотқа (тарға) арналған баға ұсыныстарының көрсетілген сомасымен келісесіз бе?» Растау бейнеленеді.
«Иә» батырмасын басқаннан кейін, Жүйе соңғы 24 сағат ішінде ОСШД АЖ-нен сұрастырылған салық берешегі және міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар мен әлеуметтік төлемдері бойынша берешегі бар болуы туралы мәліметтердің жеке кабинетте болуын тексереді.
Бар болмаса, Жүйе өнім берушіге қате туралы хабарламаны бейнелейді.
Егер бар болса, Жүйе бір теңге және одан жоғары көлемде салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары және әлеуметтік төлемдері бойынша берешектің бар болуына тексереді.
Егер Өнім берушіде салық берешегі және міндетті төлемдер бойынша берешегі, немесе төлеу мерзімін ұзарту келісімі бар болса, онда Жүйе қате туралы хабарландыруды бейнелейді.
Егер Өнім берушінің салық берегі және міндетті жарналар бойынша берешегі бар болса, немесе төлеу мерзімін ұзарту келісім бар болса, онда Жүйе қате туралы хабарландыруды бейнелейді.
Сәтті тексеруден өткенінен кейін, өтінім жіберіліп, «Менің өтінімдерім» бөлігінде өтінімнің мәртебесі «Берілді» деп бейнеленеді.
Өтінімді толықтыру
Алдын ала рұқсат беру хаттаманы жариялаудан кейін Алдын ала рұқсат беру хаттаманың қорытындыларымен танысу мақсатында өнім берушілерге шақырудың автоматты түрде жіберілуі іске асырылады. Оған өту үшін Хабарландыруды қарап шығу нысанына өту қажет.
...















