...
Шартты жеңілдіктер өлшемдерін қою рәсімі аяқталғаннан кейін «Шартты жеңілдіктер» тарауында мәртебесі «Толтырылды» болып өзгереді.
Конкурстық комиссияның сауалдары туралы деректерді толтыру
Бұл атқарым алдын ала жіберу хаттамасы жарияланған және өнім берушілер өтінімінді қайта берген жағдайда қолжетімді. Хатшы конкурстық комиссия мүшелері (бұдан әрі - ККМ) біліктілік талаптарына және конкурстық комиссия талаптарына сәйкес келтірілген не конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында жеке немесе заңды тұлғаларға, мемлекеттік органдарға сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерге конкурстық комиссия мүшелері жіберген суалдар туралы деректер енгізіледі.
ККМ сауалдары туралы деректерді толтыру үшін «Деректерді қосу» батырмасын басу қажет.
Нәтижесінде экранда ККМ сауалдары туралы деректерді толтыру үшін нысан бейнеленеді
ККМ сауалдары туралы деректерді толтыру нысанында мынадай жолдар бейнеленеді:
Жол атауы | Сипаттама |
Лоттар тізімі | Үндемеуі бойынша хаьарландыруда жарияланған лоттар бейнеленеді. ККМ ол бойынша сауал жіберген лот таңдалады |
Сауал жіберілді | Үндемеуі бойынша бос бейнеленеді. Тізімнен мына мәндердің бірі таңдалады: - Өнім беруші; - Сауал жіберілген ұйым/адам. |
Сауал жіберілген ұйым/адам атауы | Үндемеуі бойынша бос бейнеленеді. «Сауал жіберілді» жолында «Өнім беруші» мәні таңдалған кезде, Жүйе «Лоттар тізімі» жолында таңдалған лотқа қатысуға өтінім берген Өнім берушілер атауын бейнелейді. Өнім берушілер тізімінен қолмен Өнім беруші таңдалады. |
Қазақ тілінде сауал жіберілген ұйым/адам атауы | Қолмен толтырылады. «Сауал жіберілді» жолында «Сауал жіберілген ұйым/адам» мәні таңдалса, толтыру үшін қолжетімді. |
Орыс тілінде сауал жіберілген ұйым/адам атауы | Қолмен толтырылады. «Сауал жіберілді» жолында «Сауал жіберілген ұйым/адам» мәні таңдалса, толтыру үшін қолжетімді. |
Қазақ тілінде сауал туралы ақпарат | Қолмен толтырылады. |
Орыс тілінде сауал туралы ақпарат | Қолмен толтырылады. |
Сауалды жолдау күні | Күнтізбеден таңдау. |
Қазақ тілінде жауап туралы ақпарат | Қолмен толтырылады. |
Орыс тілінде жауап туралы ақпарат | Қолмен толтырылады. |
ККМ сауалдары туралы деректерді толтырғаннан кейін деректерді сақтау үшін «Сақтау» батырмасын басу қажет. Жүйе деректерді сақтайды. Сауалдар туралы жаңа мәліметтерді қосу үшін «Деректерді қосу» батырмасын басу қажет.
Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру
Шартты жеңілдіктерді қою рәсімі аяқталғаннан кейін Хатшыға «Қолжетімді әрекеттер» тарауында «Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру» әрекеті қолжетімді болады.
Ескертпе: Хатшы шартты жеңілдіутер өлшемдерін қою рәсімін аяқтамаған жағдайда, әрекеттер тізімінде «Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру бейнеленбейді.
«Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру» әрекеті таңдалғаннан кеін, өтінімдер, лот (тар) және хабарландыру мәртебесі «Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру» мәртебесіне өзгереді.
Нәтижсінде хабарландыруды қарау нысанында «Хаттамалар» қосымша бетінде мемлекеттік және орыс тілдерінде PDF форматында қорытындылар хаттамасы файлы жасалатын болады. Конкурстық комиссия хатшысына осы хаттамаға қол қою қажет.
Сарапшылық пікір болған жағдайда, Хатшыға «Қорытындылар хаттамасы» тарауында «Файлды таңдаңыз» батырмасының көмегімен файлды қоса тіркеу қолжетімді. Файлды қорытындыларды жариялағанға дейін ғана қоса тіркеуге болады («Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру» хабарландыру мәртебесінде).
Назар аударыңыз! Қорытындылар хаттамасын қалыптастырған кезде жүйе Өнім берушінің Жосықсыз өнім берушілер тізілімінде болуына тексеру жүргізеді.
Қорытындылар хаттамасы қалыптасқаннан кейін барлық қатысқан Өнім берушілер мен конкурстық комиссия мүшелеріне хаттама жасалғаны туралы хабарлама тарату жүзеге асырылады.
Назар аударыңыз! Сатып алуға бір де бір өтінім берілмеген жағдайда, Қорытындылар хаттамасын жүйе автоматты түрде қалыптастырады және жариялайды, бұл ретте осы хаттамаға не хатшы, не конкурстық комиссия мүшелері қол қоюға мүмкіндік жоқ және талап етілмейді.
Комиссия мүшелерінің қорытындылар хаттамасына қол қоюы
Конкурстық комиссия мүшелеріне қорытындылар хаттамасымен танысу және қол қою үшін хабарландыруды қарау нысанына өту қажет.
Қорытындылар хаттамасын жариялау
Қорытындылар хаттамасына қол қойғаннан кейін жүйе қолтаңбалар кворумы болуын тексереді, кворум болса, конкурстық комиссия хатшысына «Қорытындылар хаттамасын жариялау» әрекеті қолжетімді болады.
Қорытындылар хаттамасын жариялағаннан кейін хабарландыру мәртебесі «Аяқталды» мәртебесіне өзгереді.
Сатып алу болған жағдайда (жоспардың «Сатып алу болды» тармағының мәртебесі), жүйеде Өнім берушімен – жеңімпазбен шарт жасау мүмкіндігі болады.
Сатып алу болмады деп танылған жағдайда (жоспардың «Сатып алу болмады» тармағының мәртебесі), лоттар хабарландыру жасау үшін қолжетімді болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сатып алуға бір де бір өтінім берілмеген жағдайда, Қорытындылар хаттамасын жүйе автоматты түрде қалыптастырады және жариялайды, бұл ретте осы хаттамаға не хатшы, не конкурстық комиссия мүшелері қол қоюға мүмкіндік жоқ және талап етілмейді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! «Ашық конкурс» тәсілімен болмаған сатып алу бойынша қорытындылар хаттамасын жариялаған күннен бастап жұмыс күні ішінде Жүйе «Болмаған сатып алу бойынша бір көзден» тәсілімен сатып алу жасауға мүмкіндік береді. 5 жұмыс күні өткен соң Өнім берушілерден шағым болмаса және осы сатып алулар бойынша шарт жасасуды тоқтата тұру бойынша шара қабылданбаған болса, Жүйе «Болмаған сатып алу бойынша бір көзден» тәсілімен сатып алу жасауға мүмкіндік береді.
Сатып алу тоқтатылған және жоспардың тармақтары/лоттар жариялау мәртебесі «Шағымдануда» мәртебесіне өзгерсе, онда жүйе «Болмаған сатып алу бойынша бір көзден» тәсілімен хабарландыру жасауға тыйым салады. Бұл талаптар МС туралы заңның 47-бабына сәйкес іске асырылған.
Сатып алуды болдырмау
Сатып алуды болдырмау атқарымы хабарландыру жариялаған күннен бастап акт бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықты анықтауға байланысты, шартты жасағанға дейін қолжетімді:
- сот органдарының;
- прокуратура органдарының;
- қаржылық бақылау органдарының.
Сатып алуды болдырмауды жүргізу үшін Хатшыға хабарландыруды қарау нысанындағы әрекеттер тізімінен «Сатып алуды болдырмау» әрекетін таңдау қажет.
Сатып алуда бірнеше лот болған жағдайда, барлық сатып алуға, сондай-ақ жекелеген лоттарға сатып алуды болдырмауға болады.
Осы әрекетті орындағаннан кейін ескерту хабарламасы бейнеленеді.
«Жоқ» батырмасын басқан кезде, жүйе сатып алуды қарау нысанына қайта әкеледі. Болдырмауды орындау үшін «Иә» батырмасын басу қажет, лоттарды таңдау үшін нысан бейнеленеді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер сатып алу болмай қалса және лот бір көзден алу (БКА) тәсілімен не хабарландыруды қайталап жариялау үшін сатып алуға қосылса , «Ашық конкурс» тәсілімен сатып алуды болдырмау үшін қайта сатып алуды емес, бір көзден сатып алуды болдырмау қажет, одан соң «Ашық конкурс» тәсілімен сатып алуды болдырмау керек. БКА лоты сатып алуға не қайта сатып алуға қосылса, Жүйе келесі хабарламамен нысанды бейнелейді:
Қайталама емес сатып алудың бір көзден сатып алуын болдырмағаннан кейін «Ашық конкурс» тәсілімен сатып алуды болдырмау үшін лот қолжетімді болады.
Лоттарды таңдау лоты бар жолға қанат белгісін қою арқылы жүзеге асырылады, одан соң «Таңдалған лоттар бойынша сатып алуды болдырмауды жүргізу» батырамасын басу қажет.
Болдырмау нысаны бейнеленеді, онда болдырмауға негіз болып табылатын сканирленген электрондық құжатты қоса тіркеу және болдырмау негіздері бойынша ақпаратты толтыру қажет.
Сатып алуды болдырмау нысаны келесі жолдардан тұрады:
Жол атауы | Жолдың мәні |
Шешім нөмірі | Жол қолмен енгізу үшін мәтіндік және қолжетімді болып табылады. Бұл жолда акт нөмірін көрсету қажет. |
Шешімнің күні | Бұл жолда тиісті актіні шығару күні көрсетіледі, «Күнтізбе» пиктограммасының көмегімен толтырылады. |
Акт | Түсіп тұратын тізімнен мәндерімен актілер түрлері анықтамалығының позициясы таңдалады: - Шешім; - Анықтама; - Ұсыным; - Хабарлама; - Қаулы. |
Орган | Бұл жолда мәндерімен органдар анықтамалығынан орган таңдалуы тиіс: - Сот органы; - Прокуратура органы; - Мем. қарж. бақылау органы. |
Орган атауы | Жол мәтіндік және қолмен енгізу үшін қолжетімді болып табылады. Бұл жолда орган атауын толық көрсету қажет. |
Файлды таңдаңыз | Батырма болдырмау негізі болып табылатын құжатты қоса тіркеуге арналған. |
Барлық жолдарды толтырып, қажетті файлды қоса тіркегеннен кейін «Болдырмау жүргізу» батырмасын басу қажет
Барлық лоттарды болдырмаған кезде, сатып алуда болдырмау себептерін көрсете отырып, автоматты түрде қорытындылар хаттамасы қалыптасады . Сатып алуда бірнеше лот болған жағдайда, бір лоттың болдырмаған кезе, лот мәртебесі Болдырмадыға өзгереді және қорытындылар хаттамасында жариялағаннан кейін осы лоттың болдырмау себебі көрсетіледі.
Сондай-ақ болдырылмаған лот жаңа сатып алу жариялау үшін пулға оралады.
Ескертпе. »Шарт жобасы» мәртебесімен шарт болған кезде, сатып алуда болдырмауды орындау үшін осы шартты алып тастау қажет.
Тоқтата тұру, жалғастыру және болдырмау әрекеті «Тоқтата тұру/Жалғасы/сатып алуды болдырмау» қосымша бетінде бейнеленеді
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сатып алуды болдырмау «Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру» мәртебесімен жасалған жағдайда, жүйе хаттаманы сатып алуды болдырмау туралы басқа хаттамаға қайта қалыптастырады.
Ескертпе: Жүйе бұрын қол қойылған хаттаманы болдырмау туралы ақпарат бар өзекті хаттамаға автоматты түрде қайта қалыптастырады. Бұдан соң хаттамаға қайтадан хатшы мен конкурстық комиссия мүшелері қолдарын қоюлары қажет. Сатып алуды болдырмау немесе сатып алудан бас тартқаннан кейін барлық сатып алу тәсіліне қатысты қорытындылар хаттамасын қайта қарау.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! «Аяқталды» мәртебесіндегі хабарландыру бойынша сатып алуды болдырмау ішінара емес толықтай барлық лоттар бойынша жүргізілген жағдайда, жүйе болдырмауды есепке ала отырып, сатып алу қорытындылары хаттамасының барлық нұсқаларын бейнелейтін болады. Бұл ретте жүйе болдырмаусыз ақпараты бар қорытындылар хаттамасының алғашқы нұсқасын, сондай-ақ болдырмау туралы ақпаратпен екінші хаттаманы бейнелейтін болады. Қорытындылар хаттамасының барлық нұсқаларын бейнелеу сатып алудың барлық тәсілдеріне қатысты.
Болдырмау туралы ақпаратсыз алдындағы қорытындылар хаттамасы «Жарамсыз» мәртебесімен бейнеленетін болады. Болдырмау туралы ақпараты бар қорытындылардың өзекті хаттамасы «Жарамды» мәртбесінде болады.
Сатып алуды тоқтата тұру
Сатып алуды тоқтата тұру атқарымы жариялағаннан бастап қорытындылар хаттамасын қалыптастырғанға дейін қолжетімді. Сатып алуды тоқтата тұру барлық сатып алуға жасалады.Тоқта тұруды орындау үшін хабарландыруды қарау нысанында қолжетімді әрекеттерден «Сатып алуды тоқтата тұру» әрекетін таңдау қаже.
Осы әрекетті таңдағаннан кейін әрекетті растау қажеттігімен Қалқыма терезе бейнеленеді.
Сатып алуды тоқтата тұру үшін «Иә» батырмасын басу қажет.
Тоқтаттұруға негіз болып табылатын сканирленген электрондық құжатты қоса тіркеу және тоқтата тұру жөніндегі ақпаратты толтыру қажет нысан бейнеленеді.
Сатып алуды тоқтата тұру нысаны мынадай жолдардан тұрады:
Жол атауы | Жолдың мәні |
Шешім нөмірі | Жол қолмен енгізу үшін мәтіндік және қолжетімді болып табылады. Бұл жолда акт нөмірін көрсету қажет. |
Шешімнің күні | Бұл жолда тиісті актіні шығару күні көрсетіледі, «Күнтізбе» пиктограммасының көмегімен толтырылады. |
Акт | Түсіп тұратын тізімнен мәндерімен актілер түрлері анықтамалығының позициясы таңдалады: - Шешім; - Анықтама; - Ұсыным; - Хабарлама; - Қаулы. |
Орган | Бұл жолда мәндерімен органдар анықтамалығынан орган таңдалуы тиіс: - Сот органы; - Прокуратура органы; - Мем. қарж. бақылау органы. |
Сатып алуды тоқтата тұру жөнінде шешім қабылдаған орган атауы | Жол мәтіндік және қолмен енгізу үшін қолжетімді болып табылады. Бұл жолда орган атауын толық көрсету қажет. |
Файлды таңдаңыз | Батырма тоқтата тұруға негіз болып табылатын құжатты қоса тіркеуге арналған. |
Деректерді толтырып, құжатты қоса тіркегеннен кейін «Сатып алуды тоқта тұру» батырмасын басу қажет. Бұдан әрі жүйе растайтын хабарламаны бейнелейді: «Сатып алу ойдағыдай тоқтатылды» және лот пен сатып алу мәртебесін «Тоқтатылды» мәртебесіне өзгертеді.
Тоқтата тұру, жалғастыру және болдырмау әрекеті «Тоқтата тұру/Жалғасы/сатып алуды болдырмау» қосымша бетінде бейнеленеді
Сатып алуды жалғастыру
Сатып алуды тоқтатқанан кейін Хатшыға сатып алуды жаңғырту үшін, сондай-ақ сатып алуды болдырмау үшін әрекеттер қолжетімді болады.
Сатып алуды жаңғырту үшін хабарландыруды қарау нысанында қолжетімді әрекеттерден «Сатып алуды жаңғырту» әрекетін таңдау қажет.
Әрекетті таңдаған кезде жүйе әрекетті растау қажеттілігімен қалқыма терезені бейнелейді.
«Иә» батырмасын басқан кезде, сатып алуды жаңғырту үшін нысан бейнеленеді. «Жоқ» батырмасын басқан кезде, жүйе сатып алуды қарау нысанына қайта әкеледі. Жаңғырту үшін «Иә» батырмасын басу қажет.
Мынадай нысан пайда болады, сатып алуды жаңғырту үшін негіз болып табылатын сканирленген электрондық құжатта қоса тіркеу және сатып алуды жаңарту үшін негіз бойынша ақпаратты толтыру қажет.
Сатып алуды тоқтата тұру нысаны мынадай жолдардан тұрады:
Жол атауы | Жолдың мәні |
Шешім нөмірі | Жол қолмен енгізу үшін мәтіндік және қолжетімді болып табылады. Бұл жолда акт нөмірін көрсету қажет. |
Шешімнің күні | Бұл жолда тиісті актіні шығару күні көрсетіледі, «Күнтізбе» пиктограммасының көмегімен толтырылады. |
Акт | Түсіп тұратын тізімнен мәндерімен актілер түрлері анықтамалығының позициясы таңдалады: - Шешім; - Анықтама; - Ұсыным; - Хабарлама; - Қаулы. |
Орган | Бұл жолда мәндерімен органдар анықтамалығынан орган таңдалуы тиіс: - Сот органы; - Прокуратура органы; - Мем. қарж. бақылау органы. |
Сатып алуды тоқтата тұру жөнінде шешім қабылдаған орган атауы | Жол мәтіндік және қолмен енгізу үшін қолжетімді болып табылады. Бұл жолда орган атауын толық көрсету қажет. |
Файлды таңдаңыз | Батырма тоқтата тұруға негіз болып табылатын құжатты қоса тіркеуге арналған. |
Деректерді толтырып, құжатты қоса тіркегеннен кейін «Сатып алуды жаңғырту» батырмасын басу қажет. Хабарландыру мен лоттар мәртебесі алдындағы сатып алуды тоқтатқанға дейінгі мәртебеге өзгереді.
«Ашық конкурс» тәсілімен хабарландыруды екінші рет жариялау
Ашық конкурс тәсілімен қайтадан хабарлама жасау үшін, «Жұмыс кабинеті» тарауына өтіп, «Хабарлама жасау» тармағын таңдау қажет.
Бұдан әрі хабарландыру жобасын жасау нысаны ашылады, онда төмендегілерді көрсету қажет:
Сатып алу өткізу тәсілі
Сатып алу типі - «Қайта сатып алу»
Қазақ тілінде хабарландыру (сатып алу) атауы;
Орыс тілінде хабарландыру (сатып алу) атауы;
Сатып алу өткізу белгісі және «Бұдан әрі» батырмасын басу
«Бұдан әрі» батырмасын басқан кезде сатып алу жүргізу мәнінің түрі мен белгісі, тәсілі бойынша берілген өлшемдерге жауап беретін лоттар бейнеленеді.
Назар аударыңыз! Лоттар тізімінде «Ашық конкурс» тәсілімен болмаған сатып алулар бойынша лоттар ғана бейнелетін болады.
Лотты (тарды) белгілеп, «Таңдалғандарды қосу» батырмасын басу керек.
Бұдан әрі қайта хабарламаны жасау және жариялау рәсімі сатып алуды бастапқы жариялау рәсіміне ұқсас.
Ұйымдастырушы/Тапсырыс беруші өкілінің өзгеруі
Ұйымдастырушы/Тапсырыс беруші өкілін өзгерту үшін «Ұйымдастырушы» рөлімен Жүйеде авторландыру қажет.
Назар аударыңыз! Өзгерту Хатшыға не хабарландыруды Жасаушыға ғана қолжетімді.
«Жұмыс кабинеті– Менің хабарландыруым (Ұйымдастырушы)» мәзіріне өту.
Хабарландыруды ашу қажет. Хабарландыруда «Қолжетімді әрекеттер» мәзірінде «Өкілдің деректерін өзгерту» тармағын басу керек
«Өкілдің деректерін өзгерту» нысанында Тапсырыс берушінің/Ұйымдастырушының өкілін өзгерту және «Өзгерістерді сақтау» батырмасын басу. Жүйе енгізілген деректерді сақтайды


























