...
Сәтті тексеруден өткенінен кейін, өтінім жіберіліп, «Менің өтінімдерім» бөлігінде өтінімнің мәртебесі «Берілді» деп бейнеленеді.
Өтінімді толықтыру
Алдын ала рұқсат беру хаттаманы жариялаудан кейін Алдын ала рұқсат беру хаттаманың қорытындыларымен танысу мақсатында өнім берушілерге шақырудың автоматты түрде жіберілуі іске асырылады. Оған өту үшін Хабарландыруды қарап шығу нысанына өту қажет.
Ескертпе: хабарландырудың мәртебесі «Жарияланды (өтінімдерді толықтыру)» болуы тиіс.
Әлеуетті өнім берушіден бас тарту шешімі қабылданған, қорытындылар мен құжаттар тізбесімен танысу үшін, «Алдын ала рұқсат беру хаттамасы» бөлімінде «Хаттаманы қарау» батырмасына басу қажет.
Ескертпе! МС заңының 6 бабына сәйкес өнім берушіден, конкурстық комиссияның басқа мүшелері рұқсат бергеніне қарамастан, комиссияның бір мүшесі бас тартқанда, Жүйе өнім беруші қатысып отырған, өтінімнің және барлық лоттардың мәртебесін «Қайта беру құқығынсыз бас тартылды» мәртебесіне ауыстырады. Бұл кезде өнім берушімен өтінім берілген, барлық лоттар бойынша өз өтінімін қайталап беруге немесе толықтыруға мүмкіндігі болмайды.
«Өтінімді қамсыздандыру» құжаты бойынша өнім берушіден «Қайта беру құқығынсыз бас тарту» шешімімен конкурстық комиссияның өнім берушінің өтініміндегі барлық лоттар бойынша басқа мүшелері рұқсат бергеніне қарамастан, комиссияның бір мүшесі бас тартқанда, Жүйе өнім берушінің өтініміндегі лоттар мәртебесін, сонымен қатар өтінім мәртебесін «Қайта беру құқығынсыз бас тартылды» деп ауыстырады. Бұл кезде өнім беруші өтінімді берген барлық лоттар бойынша өз өтінімін толықтыра немесе қайта бере алмайды.
Егер өнім беруші біліктілік талаптары немесе конкурстық құжаттама талаптары бойынша жіберілмесе, өнім берушінің өтініміне «Бас тартылды» деген мәртебе беріледі. «Бас тартылды» мәртебемен өнім беруші қатысқан лоттар бойынша өнім берушіден бас тарту кезде, жетіспейтін құжаттарды қайта беру/әкелуге мүмкіндік беріледі.
Өтінімдерді қайта қабылдауы басталу күнінде өтінімді толтыруға арналған «Әрекет» жолында пиктограмма қол жетімді болады.
Пиктограммаға басқаннан кейін «Сіз шын мәнінде өтінімді толықтырғыңыз келе ме?» іс-әрекетін растау талабы бар терезе көрсетіледі.
Растаған жағдайда, әлеуетті өнім берушіден бас тарту шешімі қабылданған, құжаттар тізбесімен танысу үшін нысан көрсетіледі. «Құжаттардың тобы және атауы» бөліміндегі қабылданбаған құжаттарды қарап шығу нысанында конкурстық комиссияның мүшелері өнім берушіден бас тартқан құжаттың сілтемесіне басу және дұрыс құжатты қоса тіркеу қажет.
Жүйе дұрыс құжатты тіркей алу орнын бейнелейді.
Барлық құжаттар қосылғанынан кейін, «Өтінімді толықтыру» батырмасына басу қажет.
Сәтті беру кезде, өтінімге «Берілді (толықтыру) мәртебесі тағайындалады».
...
Өтінімді кері қайтару
«Менің өтінімдерім» бөлімінде өтінімдерді (толықтыруларды) қабылдауды аяқтау мерзімі басталғанға дейін берілген өтінімді кері қайтару қажет болған жағдайда пиктограмма түріндегі «Кері қайтару» іс-әрекеті қолжетімді болады.
Ескертпе: хабарландырудың мәртебесі «Жарияланды (өтінімдерді қабылдау)» немесе «Жарияланды (өтінімдерді толықтыру)» болып, өтінім мәртебесі «Берілді», немесе «Берілді (толықтыру)» болуы тиіс.
Сондай-ақ осы іс-әрекетті «Өтінімді кері қайтару» батырмасының көмегімен, берілген өтінімді қарау нысанында іске асыруға болады.
Өтінімді кері қайтару бойынша іс-әрекет жүзеге асырылғаннан кейін, жүйе «Сіз шын мәнінде өтінімді кері қайтарғыңыз келе ме?» іс-әрекетін растау өтініші бар терезе көрсетіледі.
Іс әрекетті растаған жағдайда өтінімнің мәртебесі «Кері қайтарылды» («Кері қайтарылды (Толықтыру)») деп өзгертіледі және «Іс-әрекет» жолында өтінімді редакциялауға арналған пиктограммасы қолжетімді болады.
...
Ашу хаттамасын жариялағаннан кейін өтінімдерді қарап шығу
Ашу хаттамасын жариялағаннан кейін, Жүйе өнім берушіге, егер ол осы сатып алуға қатысқан болса, басқа да өнім берушілердің өтінімдерін қарап шығуға мүмкіндік береді. Басқа өнім берушілердің өтінімдерін қарап шығу үшін жарияланған ашу хаттамасы бар хабарландыруды ашу және «Рұқсат етілген іс-әрекеттер» мәзірінен «Өтінімдерді қарап шығу» батырмасына басу қажет.
Ашылған нысанда өтінім нөмірі арқылы сілтемеге басыңыз.
...
Аукциондық сауданы жүргізген кезде баға ұсыныстарын беру
Аукционның өткізуін бастау күні мен уақыты орын алғанда, Өнім берушіге қолжетімді іс-әрекеттердің тізімінде «Сауда-саттықтарды өткізу» іс-қимылы қолжетімді болады.
Ескертпе: хабарландырудың мәртебесі «Сауда-саттықты өткізу жарияланды» болуы тиіс.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Аукционға баға ұсыныстарын қабылдау уақыты аукцион өткізуді бастағаннан бастап, 30 минутты және аукцион өткізу басталғаннан 30 минут өткеннен кейін - соңғы баға ұсыныстары түскеннен кейінгі 10 минутты құрайды.
Егер соңғы баға ұсынысы түскеннен кейін 10 минут ішінде ең төмен бағасы бар баға ұсыныстары түспеген жағдайда, аукцион автоматты түрде аяқталады.
Егер аукциондық сауда-саттықтар басталғаннан кейін 30 минут ішінде аукционға қатысушылардың бірде-бірі баға туралы ұсыныс бермеген жағдайда, аукцион автоматты түрде аяқталады.
Егер аукционның қатысушысы аукционның басқа қатысушысы ұсынған бағаға тең баға туралы ұсыныс берген жағдайда, бұрын түскен басқа ұсыныстардың бағасы туралы ұсыныс үздік деп танылуға тиіс.
Сауда-саттыққа қатысу нысаны «Сауда-саттықты жүргізу» әрекетін орындаудан кейін бейнеленеді.
Бастапқы баға ретінде өнім берушінің ең аз бағамен берген ұсынысы болып табылады. Баға ұсынысын беру үшін мөлшерлеме типін пайызбен немесе баға жолында қанат белгісін қойып, көрсету қажет. Егер «Баға» типі таңдалса «Сіздің мөлшерлемеңіз» жолына баға мәнін көрсету, ал егер мөлшерлеме типі «Процент» деп көрсетілсе, онда процент мәнін көрсету қажет, бұл ретте аукционның қадамы 05,%-дан 5%-ға дейін құрайды.
«Баға ұсынысын беру» батырмасы сіз мөлшерлемеңізді көрсеткеннен кейін белсенді болады. Бұдан кейін батырма белсендендірілгенінен кейін, қол қою үдерісін орындап, пайдаланушыға қол қою үшін кілтті таңдау қажет.
Кілтті таңдаудан кейін кілттер қоймасына пароль енгізуге арналған терезе бейнеленеді.
Ескертпе: «Баға ұсыныстарын беру тарихы» бөлімінде хронологиялық тәртіппен нақты уақыт режимінде баға ұсыныстары көрсетіледі. Бұл бөлімде шынайы уақыт тәртібінде хронологиялық тәртіппен аукционға қатысатын, барлық өнім берушілердің баға ұсыныстары бейнеленеді.
Келесі баға ұсынысты басқа өнім берушімен баға ұсынысы берілгенінен кейін ғана беруге болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Егер «Аяқталды» мәртебелі хабарландыруда барлық лоттар бойынша толықтай немесе жартылай сатып алудан бас тартылған жағдайда, жүйе сатып алуды ескере отырып, қорытындылар хаттамасының барлық нұсқаларын бейнелейді. Бұл кезде жүйе бас тартуынсыз ақпаратпен, хаттаманың бірінші нұсқасын, сонымен қатар бас тарту ақпаратымен екінші хаттаманы бейнелейді. Хаттаманың барлық нұсқаларын бейнелеу барлық сатып алу тәсілдеріне қатысты.
Бас тарту туралы ақпаратынсыз алдыңғы қорытындылар хаттамасы «Заңды күші жоқ» мәртебемен бейнеленеді. Бас тарту ақпараты бар Қорытындылар соңғы хаттамасы «Заңды күшке ие» мәртебесіне ие болады.






















