...
«Әрі қарау» батырманы басқаннан кейін, ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қою қажет. Өтінімді беру алдында Өтінімді алдын ала қарап шығу бейнеленеді. Деректерді тексергенінен кейін, «Өтінімді беру» командасын басу қажет.
«Өтінімді беру» батырмасына басқаннан кейін іс-әрекетті растау өтініші бар хабарлама көрсетіледі: «Сіз лотқа (тарға) арналған баға ұсыныстарының көрсетілген сомасымен келісесіз бе?»
Расталған жағдайда өтінімге «Берілді» мәртебесі беріледі.
Өтінімді беру алдында Өтінімді алдын ала қарап шығу бейнеленеді. Деректерді тексергеннен кейін «Өтінімді беру» командасын басу қажет.
«Өтінімді беру» батырмасына басқаннан кейін «Сіз лотқа (тарға) арналған баға ұсыныстарының көрсетілген сомасымен келісесіз бе?» Растау бейнеленеді.
«Иә» батырмасын басқаннан кейін, Жүйе соңғы 24 сағат ішінде ОСШД АЖ-нен сұрастырылған салық берешегі және міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар мен әлеуметтік төлемдері бойынша берешегі бар болуы туралы мәліметтердің жеке кабинетте болуын тексереді.
Бар болмаса, Жүйе өнім берушіге қате туралы хабарламаны бейнелейді.
Егер бар болса, Жүйе бір теңге және одан жоғары көлемде салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары және әлеуметтік төлемдері бойынша берешектің бар болуына тексереді.
...
Егер Өнім берушінің салық берегі және міндетті жарналар бойынша берешегі бар болса, немесе төлеу мерзімін ұзарту келісім бар болса, онда Жүйе қате туралы хабарландыруды бейнелейді.
Сәтті тексеруден өткенінен кейін, өтінім жіберіліп, «Менің өтінімдерім» бөлігінде өтінімнің мәртебесі «Берілді» деп бейнеленеді.
...
Өтінімді толықтыру
Алдын ала рұқсат беру хаттаманы жариялаудан кейін Алдын ала рұқсат беру хаттаманың қорытындыларымен танысу мақсатында өнім берушілерге шақырудың автоматты түрде жіберілуі іске асырылады. Оған өту үшін Хабарландыруды қарап шығу нысанына өту қажет.
...
Ескертпе: хабарландырудың мәртебесі «Жарияланды (өтінімдерді толықтыру)» болуы тиіс.
Әлеуетті өнім берушіден бас тарту шешімі қабылданған, қорытындылар мен құжаттар тізбесімен танысу үшін, «Алдын ала рұқсат беру хаттамасы» бөлімінде «Хаттаманы қарау» батырмасына басу қажет.
Ескертпе! МС заңының 6 бабына сәйкес өнім берушіден, конкурстық комиссияның басқа мүшелері рұқсат бергеніне қарамастан, комиссияның бір мүшесі бас тартқанда, Жүйе өнім беруші қатысып отырған, өтінімнің және барлық лоттардың мәртебесін «Қайта беру құқығынсыз бас тартылды» мәртебесіне ауыстырады. Бұл кезде өнім берушімен өтінім берілген, барлық лоттар бойынша өз өтінімін қайталап беруге немесе толықтыруға мүмкіндігі болмайды.
«Өтінімді қамсыздандыру» құжаты бойынша өнім берушіден «Қайта беру құқығынсыз бас тарту» шешімімен конкурстық комиссияның өнім берушінің өтініміндегі барлық лоттар бойынша басқа мүшелері рұқсат бергеніне қарамастан, комиссияның бір мүшесі бас тартқанда, Жүйе өнім берушінің өтініміндегі лоттар мәртебесін, сонымен қатар өтінім мәртебесін «Қайта беру құқығынсыз бас тартылды» деп ауыстырады. Бұл кезде өнім беруші өтінімді берген барлық лоттар бойынша өз өтінімін толықтыра немесе қайта бере алмайды.
...
Өтінімдерді қайта қабылдауы басталу күнінде өтінімді толтыруға арналған «Әрекет» жолында пиктограмма қол жетімді болады.
Пиктограммаға басқаннан кейін «Сіз шын мәнінде өтінімді толықтырғыңыз келе ме?» іс-әрекетін растау талабы бар терезе көрсетіледі.
...










