...
Электронды банктік кепілдікті қайтару үшін «Жұмыс кабинеті» - «Электронды банктік кепілдіктер» мәзірі арқылы банктік кепілдікті қарау нысанына өту қажет (назар аударыңыз, бір мезгілде бірнеше рөл–тапсырыс беруші, өнім беруші, ұйымдастырушы - болған кезде іздеу нысанында сіз одант арғы әрекетті жасайтын рөлді таңдау қажет).
Электрондық банктік кепілдікті қарау нысанына өту үшін пиктограмманы және одан әрі «Қарап шығу» батырмасын не банктік кепілдік нөмірінің белсенді сілтемесін басу керек. Көрсетілген нысанның төменгі жағында «Қайтару» батырмасы қолжетімді болады.
Назар аударыңыз! Өнім берушінің өтінімі берілмеген жағдайда ғана электронды банктік кепілдікті қайтару қолжетімді.
«Қайтару» батырмасын басқан кезде банктік кепілдік бойынша ақшаны қайтару (күшін жою) себебін және растаушы құжаттарды қоса тіркеу мүмкіндігін көрсету үшін нысан көрсетіледі. Себебі көрсетілгеннен кейін сіз банктік кепілдікті қайтару (күшін жою) үшін сіз құжаттың электрондық нысанын (банкке сауалды) қалыптастыра аласыз.
Банктік кепілдікті қайтаруға (күшін жоюға) құжатты қалыптастырғаннан кейін қалыптасқан құжатқа қол қою қажет.
Қажет болған жағдайда, Сіз «Нысанды алып тастау» батырмасын пайдалана отырып, банктік кепілдікті қайтару (күшін жою) нысанын алып тастай аласыз.
Құжатқа қол қойған жағдайда мынадай нысан көрсетілетін болады.
Банктік кепілдікті қайтару (күшін жою) нысанына қол қойғаннан кейін «Қайтару (банкте растауда)» мәртебесі берілетін болады. Банк қызметкерлеріне кепілдіктің күшін жою хабарламасы жіберілетін болады.
...
Банк қызметкері қайтаруды растаған (күшін жойған) кезде Сізге қайтару (күшін жою) туралы хабарлама жіберілетін болады, кепілдіктер (лоттар) мәртебесі «Қайтарылды» деп өзгереді. Кепілдік мәртебесі «Пайдаланылды» деп өзгереді.
«Ашық конкурс», «Аукцион» тәсілдерімен сатып алуға қатысу кезде банк кепілдігін қолдану
Өтініміңізде электрондық банк кепілдігін көрсету үшін «Қолданыста» мәртебедегі өнім берушімен расталған банк кепілдігінің бар болуы қажет етіледі. Өнім беруші қатысуға өтінімді құрып, құжаттаманы толтыру қадамына өтіп, «Өтінімді қамсыздандыру, немесе кепілдеме ақшалай төлем» құжатына өту қажет.
Одан кейін құжатты қосуға өтіп, «Қосу» батырмасын басу қажет:
Қамсыздандыру типін таңдауға өту:
«Электрондық банк кепілдігі» тармағын таңдағанда - көрсетілген хабарландыруға және сәйкесінше лотқа өнім берушіге берілген, «Қолданыста» мәртебесіне ие банк кепілдіктерін таңдауға функционалдылық бейнеленеді.
Кепілдікті таңдағаннан (қанатбелгісін қойғаннан) кейін «Тіркеу» батырмсы басылады. «Тіркеу» батырмасы басылғанынан кейін, таңдалған кепілдік өтінімге тіркеліп, «Тіркелген мәліметтер» қосымша парағында бейнеленеді.
Егер таңдалған кепілдікті өтінімнен жою қажет болған жағдайда – кепілдіктерді таңдап (қанатбелгісін қойып), «Таңдалғандарды тіркеуден алу» басыңыз.
Ұйымдастырушы сауалы бойынша банк қызметкерлерімен электрондық банк кепілдігі бойынша кері қайтару (жою)/ шегеру (ақша аудару) жағдайда, Сізге сәйкесінше хабарлама жіберіледі. Бұл жағдайда электрондық банк кепілдіктің мәртебесі «Қайтарылды»/ «Шегерілді» (немесе кепілдік бойынша қаражаттар жартылай шегерілсе, ал қалған лоттар бойынша кепілдік кері қайтарылса (жойылса) «Орындалды») дегенге өзгертіледі.
«Шарттар» модулінде банк кепілдігін пайдалану
Шартта банк кепілдігін көрсету үшін «Қолданыста» мәртебедегі өнім берушімен растаған банк кепілдігінің бар болуы қажет. Өнім берушіге «Жұмыс кабинеті» - «Менің шарттарым (Өнім беруші)» қолданыстағы немесе орындалған шартқа өту қажет. Шарттың карточкасында «Банк кепілдігі» қосымша бетіне өту қажет.
Егер банкпен электрондық банк кепілдігі шығарылса, «Банк кепілдігі» қосымша бетінде қолданыстағы кепілдік бейнеленеді. Оны шартқа қосу үшін «Шартқа тіркеу» батырмасын қолдану қажет. Кепілдікті шартқа тіркеу кезде – кепілдіктің тіркелуі туралы хабарлама тапсырыс берушіге жіберіледі, сонымен қатар осы кепілдік барлық пайдаланушылармен қарап шығуға шарттың карточкасында қол жетімді болады.
Кепілдікті ауыстыру үшін «Шарттан тіркеуден алу» батырмасы арқылы белгілеп, басқа кепілдікті көрсету қажет.
Ұйымдастырушы сауалы бойынша банк қызметкерлерімен электрондық банк кепілдігі бойынша кері қайтару (жою)/ шегеру (ақша аудару) жағдайда, Сізге сәйкесінше хабарлама жіберіледі. Бұл жағдайда электрондық банк кепілдіктің мәртебесі «Қайтарылды»/ «Шегерілді» (немесе кепілдік бойынша қаражаттар жартылай шегерілсе, ал қалған лоттар бойынша кепілдік кері қайтарылса (жойылса) «Орындалды») дегенге өзгертіледі.









