...
2. ЭЦҚ-мен жұмыс істеу үшін «Мемлекеттік сатып алу модулі» модулін орнату бойынша әрекеттерді орындау қажет (NCALayer жаңарту нұсқасының сипаттамасы)
1.5 Мемлекеттік сатып алу веб-порталында файлды қоса жалғаған кезде «Қате» хабарламасы неге бейнеленеді?
Жауап:
1. №2 тармақта көрсетілген әрекеттерді орындауды тексеру қажет.
2. Сондай-ақ файлдың атауында латиницамен берілген әріптер ғана болатын етіп қоса жалғанатын файлды қайта атау ұсынылады (цифрларды және символарды көрсетуді алып тастау керек). 3. Файлдарды қоса жалғаған кезде вирусқа қарсы бағдарламаны ажырату қажет екеніне назар аударамыз.
3. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу веб-порталында байланысу тайм-ауты 2 сағатты құрайтынына назар аудару қажет, тиісінше, егер авторланғаннан кейін тұрып қалу уақыты жоғарыда көрсеткен уақыттан асып кетсе – файлдарға қол қою/қоса жалғау кезінде «Қате» хабарламасы бейнеленуі мүмкін. Осы жағдайда авторланудан қайта өту ұсынылады.
4.Егер жоғарыда атап өтілген ұсынымдар орындалып, бірақ проблема өзекті болып қалса, NCALayer бағдарламасын жоюды ұсынамыз: Менің компьютерім – С дискі - Programm files – NCALayer папкасын жою қажет; Іске қосу – Басқару үстелі, Бағдарламалар – NCALayer бағдарламасын жою; жұмыс үстелінен NCALayer бағдарламасының белгісін жою.
5. Содан кейін компьютерде орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуге байланысты http://www.pki.gov.kz/index.php/ru/ncalayer NCALayer бағдарламасын қайта жүктеу және орнату қажет.
6. Содан кейін тінтуірдің оң бастырмасымен пиктограммаға басу жолымен әкімшінің атынан оны іске қосу және мемлекеттік сатып алу веб-порталы сыртқы бетінің «Анықтама/Пайдаланушылар нұсқаулықтары/Тіркеу бойынша нұсқаулықтар/ЭЦҚ-мен жұмыс істеу үшін «Мемлекеттік сатып алу модулі» модулін орнату» бөлімінде орналасқан нұсқаулыққа сәйкес «ҚР Мемлекеттік сатып алу модулін» баптау қажет.
1.6 Файлды қоса жалғаған кезде «Файлдың көлеміне арналған лимит асып кетті» хабарламасы неге бейнеленеді?
Жауап: Мемлекеттік сатып алу веб-порталында кез-келген қоса жалғанатын файл көлемі 20 Мб аспауы тиіс.
1.7 Егер кіру паролі жоғалса (ұмытылса) немесе оның қолданылу мерзімі бітсе мемлекеттік сатып алу веб-порталына қалай кіруге болады?
Жауап: Парольді қалпына келтіру рәсімінен өту қажет. Ол үшін «Парольді ұмытып қалдыңыз ба?» сілтемесіне басу талап етіледі. Басқаннан кейін парольді қалпына келтіру үшін электрондық почтаға жіберілген сілтеме туралы хабар бейнеленеді. Пайдаланушының бейінінде Сіз бұдан бұрын көрсеткен электрондық жәшікке өтіңіз және алынған сілтеме бойынша өтіңіз. Сілтеме бойынша өткеннен кейін, Жүйе генерацияланған уақытша парольмен және парольді ауыстыру бойынша нұсқаулықпен тағы бір хат жіберілетін болады. Мемлекеттік сатып алу веб-порталына кіру үшін Сізге берілген парольді пайдаланыңыз. Уақытша парольмен кіргеннен кейін, «Дербес деректер/Тіркеу деректері» бөлімінде («Парольді ауыстыру» бастырмасы) оны тұрақтыға ауыстыру қажет.
Пайдаланушының бейінінде Сіз порталда көрсеткен электрондық почталық мекенжайға қол жеткізу болмаса немесе ол жоғалса (ұмытылса), онда оны ауыстыру үшін Байланыс орталығының электрондық почтасына мынадай ақпаратты жіберіңіз:
1. Оның ЭЦҚ арқылы Порталға кіру жүргізілетін, пайдаланушының ЖСН және ТАӘ.
2. Сіз жұмыс істейтін Модульді көрсетіңіз.
3. Осы пайдаланушының сканерленген (түсті нұсқа) жеке куәлігін қоса жалғаңыз;
4. Орнату қажет электрондық почталық мекенжайды көрсетіңіз.
Тіркеу бойынша нұсқаулық «Анықтама – Пайдаланушылар нұсқаулықтары – Тіркеу бойынша пайдаланушы нұсқаулығы – «Мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркелген пайдаланушыларды авторландыру» бөлімінде орналастырылған.
1.8 Ұйымда жаңа басшы тағайындалған, бірақ Қатысушының бейіні/Ұйымның қызметкерлері бөлімінде «Басшы» және «Ұйымның әкімшісі» рөлі жоқ. Не істеу керек?
Жауап: «Дербес деректер/Тіркеу деректері» жеке кабинетінің бөлімдерінде БСАЖ-дан және сосын «Қатысушының бейіні/Тіркеу деректерінде» деректерді жаңартуды орындау қажет. Содан кейін жаңа басшыға тиісті рөлдер автоматты меншіктелетін болады.
1.9 Мемлекеттік сатып алу веб-порталына өткен кезде «Сіздің байланысыңыз қорғалмаған» хабарламасы бейнеленеді. Қалай кіру қажет?
Жауап: «Сіздің байланысыңыз қорғалмаған» хабарламасы, мемлекеттік сатып алу веб-порталының сайты HTTPS деректерін берудің қорғалған хаттамасын пайдаланатынына байланысты бейнеленеді. Осы хабарлама бейнеленбеуі үшін, pki.kz сайтының, браузердің бапталымдарында сенім білдірілген бөлімінде орнатылған түпкілікті сертификаттарды қосу қажет. Мемлекеттік сатып алу веб-порталында жұмыс істеу үшін браузерді баптау бойынша барлық ақпаратты Порталдың «Анықтама/Пайдаланушылардың нұсқаулықтары/Тіркеу жөніндегі нұсқаулық» бөлімінен табуға болады.
1.10 ЭСК деген не?
Жауап: Экономика секторының коды. «Қатысушының бейіні» - «Атрибуттар» бөлімінде орнатылады. ЭСК тізімнен таңдаңыз (Экономика секторының коды БеК екінші цифрына сәйкес келеді).
2 «Тапсырыс беруші» бөлімі
...