...
«Техникалық сипаттама» бөліміне өту үшін құжаттаманың жалпы тізімінде белсенді гиперсілтемеге басу қажет (тауар түрі үшін – 2-қосымша, қызмет түрі үшін – 2-3-қосымша, құрылыс-монтаж жұмыстары және жобалау бойынша жұмыстар үшін – 2-1-қосымша, құрылыспен байланысты емес жұмыстар үшін – 2-2-қосымша).
Жүйе өтінімде лоттар тізімін көрсетеді. Техникалық сипаттама әрбір лотқа жеке толтырылады. Техникалық сипаттаманы толтыру нысанын ашу үшін лот бар жолда «Қосу» батырмасына басу керек.
2-қосымшаны толтыру нысаны (Сатып алынатын тауарлардың техникалық сипаттамасы) төмендегідей:
Барлық өрістерді толтыру, енгізілген деректерді сақтау, техникалық сипаттаманы қалыптастыру және қол қою талап етіледі.
...
Ескерту: Егер сатып алу нысанының түрі жұмыс болып табылса және жоспар тармағында «ТЭН және ЖСҚ-мен жұмыс істеу/Қолданыстағы автомобиль жолдарын орташа жөндеу бойынша жұмыс» белгісі бар болса, онда жүйе лоттар бойынша техникалық сипаттаманы толтыру нысанында«ТЭН/ЖСҚ» өрісінде жоспар тармағында қоса берілген файлды бейнелейді. Бұл құжат сондай-ақ Өнім берушіге техникалық сипаттамамен бірге қарау үшін қолжетімді болады.
2-1-қосымшасын толтыру нысаны (құрылыс саласында сатып алынатын жұмыстар тізімі (құрылыс-монтаж жұмыстары және жобалау бойынша жұмыстар) төменде берілген:
2-2 қосымшасын толтыру (Құрылыспен байланысты емес сатып алынатын жұмыстардың техникалық сипаттамасы):
2-3-қосымшасын толтыру нысаны (Сатып алынатын қызметтердің техникалық сипаттамасы):
Лицензияларды қосу
Сатып алуға қатысу Өнім берушілерден лицензия ұсынуды талап еткен жағдайда, онда Ұйымдастырушыға хабарландыру жобасында «Конкурстық құжаттаманы дайындау» қадамында өнім беруші үшін міндеттілік белгісін қою қажет.
...









