...
3) Бұдан әрі тауардың белгісін, және тауар туралы өзге құраушыларды көрсету – техникалық ерекшеліктің талаптарына Өнім берушінің тауары толық сәйкес келген кезде – қабылдаудан негізсіз бас тартқан Тапсырыс берушінің лауазымдық тұлғаларына тиісті шаралар қабылдау үшін негіз болып табылады. Егер жеткізілетін өнім сапасы өзгермеген кезде – шығу елі өзгеретін болса, онда осындай жағдайды Тапсырыс беруші техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестік ретінде қабылдауы тиіс.
3.2 Сатып алуда Өтінімдерді қабылдауды бастаудың алдын ала мерзімі неге орнатылған, бірақ өтінімдерді қабылдау жүргізілмейді және сатып алу мәртебесі «Жарияланды» болып бейнеленеді?
Жауап: Құжаттаманы талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін, Жүйе өнім берушілерден сауалдардың болуын тексереді. Егер өнім берушілерден сауалдар болса, онда талқылауды аяқтау және өтінімдерді қабылдауды бастау үшін сатып алудың хатшысы алдымен өнім берушілердің сұрақтарына жауаптарды ұсынуы тиіс. Талқылау хаттамасын жариялағаннан кейін сатып алудың мәртебесі «Жарияланды (өтінімдерді қабылдау)» болып ауыстырылады. Осыған байланысты, хабарландыруды жариялау кезінде ұйымдастырушы көрсеткен өтінімдерді қабылдаудың алдын ала күні нақтыдан өзге болуы мүмкін.
4 «Өнім беруші» бөлімі
5 «Жалпы мәселелер» бөлімі
...