...
Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді бекіту нысанының өрістері мен іс-қимылдарының сипаттамасы төмендегі кестеде берілген.
№ р/н | Өріс атауы | Сипаттамасы |
1 | Түрі | Қамтамасыз ету тіркелгеннен кейін Жүйе автоматты түрде толтырады. Электрондық банк кепілдігі (бұдан әрі - ЭБК) тіркелген жағдайда қамтамасыз ету түрі «Банк кепілдігі» түріне сәйкес келетін болады. Электрондық әмияндағы ақшаны таңдаған жағдайда (бұдан әрі - ЭӘ-дағы ақша) қамтамасыз ету түрі «Электрондық әмиан жүйесіндегі ақша» түріне сәйкес келеді. |
2 | Кіші түрі | Шарттың орындалуын қамтамасыз ету 3 кіші түрге бөлінеді: - шарттың жалпы сомасының 3%; - шарт бойынша аванс сомасына; - Заңның 26-бабына сәйкес сомаға. |
3 | Сипаттамасы | Бұл жолда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді бекіту бойынша, шарт бойынша ҚР МС туралы Заңның 26-бабына сәйкес аванстың және соманың болуы не болмауы туралы түсіндірме беріледі. |
4 | ЭБК болуы | Жүйе осы кіші түр бойынша «Қолданыста» мәртебесінде ЭБК бар болса, «Иә» белгісін көрсетеді. |
5 | Талап етіледі | Егер қамтамасыз етудің кіші түрі осы шартта бекіту үшін міндетті болып табылса, жүйе «Иә» белгісін көрсетеді. |
6 | Бекітілген | Егер бекітілген қамтамасыз ету болса, жүйе «Иә» белгісін көрсетеді. |
7 | Іс-қимылдар | «ЭБК таңдау» түймесін басқан кезде Жүйе осы кіші түр бойынша «Қолданыста» мәртебесінде қолжетімді ЭБК көрсетеді. «ВЖД бекіту» түймесін басқан кезде кепілдендірілген ақшалай жарна файлын тіркеуге арналған нысан көрсетіледі. |
8 | Тіркеуді аяқтау | Егер қамтамасыз етудің міндетті кіші түрлері тіркелмесе, түйме белсенді емес. Іс-қимылды орындағаннан кейін Жүйе қамтамасыз етулерді алып тастауға және бекітуге тыйым салады. Егер шартта «Қазынашылықта тіркеусіз» деген белгі болса, Жүйе «Қол қойылды» деген шарттың мәртебесін қамтамасыз етулерді бекіту аяқталғаннан кейін «Қолданыста» деп өзгертеді. |
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Банк шығарған электрондық банк кепілдігінің «Банк шығарған» мәртебесі бар. ЭБК «Қолданыста» мәртебесіне өту үшін шығарылған кепілдікті растаған жөн.
...