Versions Compared

Key

  • This line was added.
  • This line was removed.
  • Formatting was changed.

...

«Лоттар» қосымша бетінде жүйе сатып алудағы барлық лоттарды көрсетеді. Лот бойынша ақпаратпен танысу үшін лот нөмірінің белсенді сілтемесіне басу қажет.

 

image2019-12-18_21-10-52.png


 

...

Бұдан әрі лоттың деректері бар терезе көрсетіледі. Өтінімді беру үшін терезенің сол жақ төменгі бұрышындағы «Бағаны беру» батырмасына басуыңыз керек:

«Бағаны беру» батырмасын басқан кезде Жүйе   егер сол бір лотта оның бас ұйымы, филиалы қатысса, әлеуетті өнім берушіні (филиалды, бас ұйымды) тексеруді жүзеге асырады.  

Егер сатып алуда "лоттар" қосымша парақшасында бірнеше тармақты қамтитын бірлескен лот жарияланған жағдайда бірлескен лоттың барлық тармақтары бейнеленеді.

Image Removed

Бірлескен лотқа өтінім беру үшін лот нөмірінің белсенді сілтемесіне басу қажет

Image Removed

Ашылған терезеде «Бағаны ұсыну» батырмасына басу қажет.

Image Removed

Бірлескен лотқа баға ұсынысын беру терезесі төмендегідей:

Image Removed

"Шот, Банк" жиегінде банктік шотты көрсету қажет. "Шотты таңдау" батырмасына басқан кезде жүйе ұйымның белсенді шоттарын көрсетеді, шоттың нөмірі бар сілтемені басу арқылы қажетті шотты көрсету қажет.

Image Removed

Бұдан әрі бірлік үшін бағаны енгізу қажет. Жүйе автоматты түрде жалпы қорытынды соманың есебін жүзеге асырады:

.Image Removed

Назар аударыңыз: Баға ұсынысын толтыру кезінде бірлескен лоттың әрбір тармағына бағаны көрсету міндетті шарт болып табылады.

Бірлескен лоттың барлық тармағының бағасын көрсеткеннен кейін "Қол қою" батырмасын басу қажет

Image Removed

Баға ұсынысына қол қойғаннан кейін "Жолдау" батырмасын басу қажет

Image Removed

Баға ұсынысын жолдағаннан кейін өтінімнің статусы "Ұсынылды" болып өзгереді.

 Тексеру мынадай жағдайларда белгіленген: 

...

Тексеру өтпейтін болған жағдайда, Жүйе келесі қадамға өту мүмкіндігінсіз қатенің мәтін  көрсетеді. 

Image Removedimage2019-12-18_21-11-30.pngImage Added

Әлеуетті өнім берушінің баға ұсыныстарын беру терезесі мынадай үлгіде көрінеді:

 

image2019-1-2_17-18-21.pngImage Removed

«ЖСК, Банк» жолында банк шотың көрсетуіңіз қажет. «Шотты таңдау» батырмасына басқан кезде жүйе ұйымның белсенді шоттарын көрсетеді, онда шот нөмірінің сілтемесіне басып, керекті шотты көрсетуіңіз қажет.

Image Removed

Бұдан әрі бір бірлігі үшін бағасын енгізуіңіз қажет. Жүйе автоматты түрде жалпы жиынтық сомасының шотын жүргізеді:

Image Removed

Назар аударыңыз! Баға ұсынысын берген кезде он сандық нысанда бір бірлігі үшін бағасын көрсету бүтін саннан кейін нүкте қою арқылы жүзеге асырылады, мысалы: 500.88.

«Тауар» сатып алу мәнінің түрі үшін келесі жолдарды  толтыру қажет:

«Дайындаушы зауыт» - пайдаланушы қолмен толтырады.

«Шығарған елі» - елдер анықтамалығынан таңдалынады.

«Тауар атауы» - пайдаланушы қолмен толтырады.

 Image Removed

«Баға ұсыныстарын сұрату» тәсілімен сатып алу «Құжаттама» қосымша бетінде «Бірінші санатты рұқсат (Лицензия)», «Екінші санатты рұқсат» тарауларын қарап шығу нысанында Өнім берушіге сатып алу жобасында берілген рұқсаттардың талап етілген деректері бойынша көрсетілген болуы тиіс.    

Image Removed

Баға ұсынысына рұқсат құжаттарын қоса тіркеу үшін «Рұқсаттарды қосу» қосымша бетіне өту қажет. Бірінші және екінші санатты рұқсаттарды қоса тіркеу нысаны көрсетіледі. 

Қолданыстағы рұқсат (соңғы 24 сағатта алынған) болған жағдапйда, осы рұқсат баржолға қанат белгі қою жолымен талап етілген рұқсатты таңдауды жүзеге асыру және «Сақтау» батырмасын басу қажет. 

Таңдалған рұқсатты алып тастау талап етілген жағдайда, осы рұқсат бар жолдағы қанат белгіні алып тастау және «Сақтау» батырмасын басу қажет. 

Image Removed

Image Removed

«Бірінші санатты рұқсат (Лицензия)», «Екінші санатты рұқсат» тараулары үшін сатып алуда міндеттілік белгісі қойылған болса, Жүйе рұқсаттарды қосуды сұрайтын болады.  

Жүйе Ұйымдастырушы берген рұқсаттар түрі мен Өнім беруші қосқан рұқсаттар түрін салыстырады. Өнім берушінің қосылған электронды рұқсаттарында Ұйымдастырушы берген рұқсат (-тар) жоқ болған жағдайда, онда рұқстатар бойынша деректер  баға ұсынысында көрсетілмейді.   

Қолданыстағы рұқсат болмаған жағдайда «Қатысушының бейіні – Менің электронды лицензияларым/Менің рұқсат құжаттарым» қосымша бетінде рұқсаттар сұрауды жүргізу қажет. 

...

Сүзгілер жинағының көмегімен іздеуді жүзеге асыруға болады. Рұқсатты жаңарту үшін «Жаңарту» батырмасын басу қажет. Жіберілген сауалдар «Рұқсат құжаттары бойынша сауалдар» қосымша бетінде көрсетіледі. Image Removed

«Өңдеуге жіберілді» деген рұқсат мәртебесі сауал жіберілгенін және өңделіп жатқанын білдіреді. «Өңделді» мәртебесі сауал орындалғанын білдіреді. Алынған рұқсаттар «Алынған рұқсат құжаттары» терезесінде көрсетіледі. 

Image Removed

Лицензияларды сұрату және қосу функционалы  рұқсаттарды қосу функцоналы сияқты орындалады. 

Барлық міндетті жолдарды толтырғаннан кейін «Қол қою және жіберу» батырмасына басу қажет, жүйе келесі жолдарды бейнелейді..

Image Removed

Бір бірлігі үшін бағасына барлық шығындары қосылатынын, Сіз шарттың жобасымен танысып, және оның елеулі талаптарын қабылдауыңызды, өнім берушінің өтініміндегі деректерді растайтыныңызды орындау қажет.

«Растаймын» батырмасын басқанда, өтінім «Жұмыс кабинеті» - «Менің өтінімдерім» бөлімінде «Жоба» мәртебесіне ие болып, сақталады.

Image Removed

Баға ұсынысының жобасын жою үшін Image Removed пиктограмманы пайдалану керек.

«Растаймын» батырмасына басқаннан кейін өтінімге қол қою рәсімін жүргізу қажет.

Image Removed

Назар аударыңыз! Баға ұсынысына қол қою алдында енгізілген деректердің дұрыстығын мұқият тексеріңіз. Баға ұсынысын жібергеннен кейін, берілген баға қарау үшін қолжетімді болмайды.

Баға ұсынысына сәтті қол қойғаннан кейін Сіздің өтініміңіз «Берілді» мәртебемен «Жұмыс кабинеті» бөліміндегі «Менің өтінімдерім» кіші бөлімінде көрсетіледі.

Өтінімді кері қайтару

Егер берілген өтінімді кері қайтару қажет болған жағдайда, өтінімдерді қабылдауды аяқтау күні басталғанға дейін «Өтінімді кері қайтару» функционалы қолжетімді болады.

Ол үшін «Жұмыс кабинеті» - Менің өтінімдерім» бөліміндегі өтінімдерді қарау нысанында талап етілетін өтінімді табу және кері қайтару Image Removed пиктограммасына басу керек.

Image Removed

Пиктограммаға басқан кезде жүйе іс-әрекетті растау қажеттілігімен қалқыма терезені шығарады.

Image Removed

«Иә» батырмасына басқан кезде жүйе өтінімді кері қайтарады және өтінімге «Кері қайтарылды» мәртебесі беріледі.

Тұрғын үйді сатып алуға қатысуға, егер «Жарияланды (өтінімдерді қабылдау)» хабарландыру мен лоттың (тардың) мәртебесі және өтінімдерді қабылдау мерзімі өтпеген болса, «Өнім беруші» рөлімен кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға ғана қатыса алады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер «Аяқталды» мәртебелі хабарландыруда барлық лоттар бойынша толықтай немесе жартылай сатып алудан бас тартылған жағдайда, жүйе сатып алуды ескере отырып, қорытындылар хаттамасының барлық нұсқаларын бейнелейді. Бұл кезде жүйе бас тартуынсыз ақпаратпен, хаттаманың бірінші нұсқасын, сонымен қатар бас тарту ақпаратымен екінші хаттаманы бейнелейді. Хаттаманың барлық нұсқаларын бейнелеу барлық сатып алу тәсілдеріне қатысты.

Бас тарту ақпаратынсыз алдындағы қорытындылар хаттамасы «Заңды күші жоқ»  мәртебеге ие болады.

Image Removed

 

...

image (18).jpgImage Added