Дерево страниц

Сравнение версий

Ключ

  • Эта строка добавлена.
  • Эта строка удалена.
  • Изменено форматирование.

Назар аударыңыз! «Мүгедектер бірлестігі» белгісін алуға (өннім берушілер арасында мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға  және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне  жататынына ұйымдарды тексеру) өтінім жіберуді алдын ала орындау қажет. Сұрау 2-ден 4 сағатқа дейін өңделеді.   

«Мүгедектер бірлестігі» белгісін үшін  Өнім беруші рөлімен пайдаланушға «Қатысушының бейіні –  Мүгедектер белгісі болуы туралы деректер» тарауына  өту қажет.


Image Added

Ашылған нысанда «Өтінім құру» батырмасын басу талап етіледі .

Image Added

«Өтінім құру» батырмасын басқан кездесауалды толтыру және жіберу үшін нысан көрсетіледі.

Image Added

Өтінім нысанында ұйымның барлық қызметкерлерінің ЖСН-ін қосу талап етіледі. Қосылған қызметкерлердің ең көп саны 100-ден артық емес.

Жүйеде тіркелмеген қызметкерлерді қосу үшін «Тіркелмеген қызметкерді қосу» батырмасын басу қажет.


Image Added

«Тіркелмеген қызметкерді қосу» батырмасын басқан кезде ЖСН-ді қосу үшін нысан көрсетіледі.

Image Added

ЖСН бойынша қызметкерлерді қосу нысанында бірден бірнеше ЖСН-ді қосу мүмкіндігі бар. Бұдан соң «Сақтау» батырмасын басу талап етіледі. 

Image Added

Деректерді сақтағаннан кейін «Мүгедектер белгісін алуға өтінім» нысанында қосылған қызметкер (-лер) ЖСН-і бойынша «ИСАЖ-да деректерді тексеру» батырмасын басу жолымен енгізілген ЖСН-ді тексеру талап етіледі. Қосымша қосылған қызметкерлерді алып тастау функциясы бар.

Image Added

Деректер дұрыс енгізілмеген жағдайда, Жүйе қатені көрсетеді.

Image Added

Сәтті тексерген жағдайда, Жүйе  қызметкердің Т.А.Ә. көрсетеді.

Image Added

Қосымша Жүйеде тіркелген пайдаланушылар арасынан қызметкерлерді қосу мүмкіндігі бар. 

«Тіркелген қызметкерді қосу» батырмасын басқан кезде Жүйеде тіркелген пайдаланушылар арасынан қызметкерлерді таңдаумүмкіндігі үшін қосымша терезе көрсетіледі.


Image Added

Қызметкерлерді таңдап, «Сақтау» батырмасын басқаннан кейін Жүйе «Мүгедектер белгісін алуға өтінім» нысанында деректерді көрсетеді.

Image Added

Қызметкерлерді қосқаннан кейін «Өтінім жіберу» батырмасын басу талап етіледі.

Image Added

Жүйе «Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру» ААЖ-ға, ҚР ЕжХӘҚМ «Мүгедектігі бар тұлғалар деректерінің орталықтандырылған банкі» ААЖ-ға  сауал жолдайды және сәтті жіберілген жағдайда, сауал мәртебесі «Өңдеуге жіберілді» болады.

Image Added

Сауал өңделгеннен кейін  оң жауап жағдайында сауалдың мәртебесі «Өтінім мақұлданды» деп өзгереді, жүйе сауалды алу күні мен уақытын тіркейді. Ұйымға «Қатысушының бейіні – Қатысушының атрибуттары» қосымша бетінде «Мүгедектер бірлестігі» белгісі қойылатын болады.

Image Added


Мынадай жағдайларда  өтінімге «Өтінім мақұлданды» мәртебесі беріледі, егер: 

- мүгедектер саны қызметкерлердiң жалпы санының кемiнде 51 пайызын  құраса;  

- мүгедектердiң еңбегiне ақы төлеу бойынша шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 пайызын (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда – кемiнде 35 пайызын) құраса.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! «Мүгедектер бірлестігі» белгісі егер өтінім мәртебесі «Өтінім мақұлданды» болса, жауап алған сәттен бастап 180 күн әрекет ететін болады. 180 күн өткеннен кейін белгі автоматты түрде алып тасталады, бұдан соң  өтінімді растауға қайтадан жіберу қажет болады. 

Жүйе егер өтінім«Өтінім мақұлданды» мәртебесінде болса, жаңадан өтінім  құруға мүмкіндік береді. Жүй    е жаңа өтінімді құрған кезде қызметкерлерді қосу және алып тастау мүмкіндігімен «Өтінім мақұлданды» мәртебесі бар соңғы өтінімнен деректерді көшіретін болады. 

Теріс жауап алған жағдайда сауалдың мәртебесі «Өтінім қабылданбады» деп өзгереді. «Мүгедектер бірлестігі» белгісі бұл жағдайда қойылмайд.


Image Added

 Жүйе  егер өтінімге «Жоба», «Өтінім қабылданбады» мәртебесі берілген болса, қызметкерлерді қосу және алып тастау мүмкіндігімен өтінімді редакциялауға мүмкіндік береді. 

Деректерді алу процесінде сауалдың мәртебесі «Қате» деп өзгерген жағдайда, өтінімді қайтадан жіберуге болады.

Image Added