Дерево страниц

Сравнение версий

Ключ

  • Эта строка добавлена.
  • Эта строка удалена.
  • Изменено форматирование.

Оглавление
 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңы ҚРЗ.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 52-баптан қараңыз.
       Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.

1-тарау.

...

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

      Осы Заң тапсырыс берушінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметін орындауына қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты қатынастарға қолданылады, оған мыналар:

...

      8) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Заңының 5-1-бабының 2бабының 2-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;

...

      инвестициялық жобаны іске асыру мемлекеттік кепілдікті талап етпесе және қарыз алушының мүлкіне ауыртпалық салуға әкеп соқпаса, басқа шетелдік банктер толықтай немесе ішінара қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу осы банктердің қағидалары бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 202-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

...

      4) бастапқы баға – әлеуетті өнім беруші аукцион өткізілгенге дейін ұсынған, аукционға қатысуға арналған өтінімге қоса берілетін, аукцион нысанасының бөлінген сомасынан бес пайыздан астам төмен бола алмайтын баға;

      4-1) біліктілік органы – әлеуетті өнім берушілерді алдын ала біліктілікті іріктеуді жүзеге асыратын және білікті өнім берушілер тізбесін қалыптастыратын, уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға;

...

      6) мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың үлестес тұлғалары – дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекеттік кәсіпорындарға, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғалар. Жанама тиесілілік өзге заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызының әрбір келесі үлестес тұлғаға тиесілі болатынын білдіреді;

      7) алып тасталды - ҚР 26.12.2018 № 2018 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);

      8) жұмыстар – заттық нәтижесi бар қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жатқызылған өзге де қызмет;

      8-1) келісу комиссиясы – тапсырыс беруші осы Заңда айқындалған тәртіппен құратын, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтаруы салдарынан мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің жолданымдарын қарайтын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;

      9) конкурстық баға ұсынысы – конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған, конкурсқа қатысуға өтінімге қоса берілетін баға;

...

      14) мемлекеттік сатып алу – Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қызметтер көрсетуге байланысты кірістерді халықаралық әуежайлардың кірістерін қоспағанда, тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді толықтай немесе ішінара бюджет қаражаты, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан бөлінген ақша және (немесе) меншікті кірістері есебінен сатып алуы;

...

      18) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімі – әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, тиісті комиссия осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, дәйекті іс-шаралар кешені;

      1918-1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы – осы Заңның 7-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе өзін құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететін құрылымдық бөлімше;

      19) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері – әлеуетті өнім беруші, өнім беруші, тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор, уәкілетті орган, сарапшы;

...

      21) мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – мемлекеттiк сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

      21-1) мемлекеттік сатып алу саласындағы электрондық депозитарий (бұдан әрі – электрондық депозитарий) – мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен мемлекеттік сатып алу веб-порталында қалыптастырылатын, әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын мәліметтер мен құжаттарды қамтитын электрондық дерекқор;

      22) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт – осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт;

      22-1) негіздемелік келісім – тапсырыс беруші мен негіздемелік келісімге қатысушы арасында кейіннен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды өткізу нәтижелері бойынша әлеуетті өнім берушілермен мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы және (немесе) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы арасында жасалатын келісім;

      23) нұсқама – Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою үшін, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қабылдау үшін бақылау объектілеріне жіберілетін, орындалуы міндетті уәкілетті органның актісі;

      23-1) офтейк-келісімшарт – тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім беруші арасында жасалған, өндіруге жоспарланған тауарларды болашақта кепілдендірілген түрде сатып алу жөніндегі келісім;

      24) өнім беруші – тапсырыс берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы жасасқан шартта оның контрагенті ретiнде әрекет ететiн, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлғаға жекеменшік құқығымен тиесілі тұрғынжайды тапсырыс берушілер сатып алған жағдайда, мұндай жеке тұлға өнiм берушi болуы мүмкiн;

...

      31) ұлттық режим – егер мұндай режимді ұсыну туралы талап Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленсе, шетелде шығарылатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге және осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ұсынатын әлеуетті өнім берушілерге отанымызда шығарылатын тауарлармен, жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен және осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ұсынатын әлеуетті өнім берушілермен тең шарттарда мемлекеттік сатып алуға қатысуға рұқсат беруді көздейтін режим;

      31-1) форматтық-логикалық бақылау – мемлекеттік сатып алу веб-порталында орнатылатын, мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалық шектеулер кешені;

      32) шартты баға – конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысына конкурстық құжаттамада көзделген өлшемшарттардың салыстырмалы мәнiн қолдануды ескере отырып есептелген және конкурстың жеңiмпазын айқындау мақсатында конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру кезiнде ғана пайдаланылатын баға;

      33) электрондық әмиян – мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор өзінің уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған банктік шотына әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші ақша енгізген кезде оның:

      конкурсқа, аукционға және баға ұсыныстарын сұратуға қатысуға арналған өтінімдерді қамтамасыз етумен;

      мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етумен;

      авансты қамтамасыз етумен (егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс көзделген жағдайда);

      осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізумен (бар болса) байланысты операцияларын көрсету үшін пайдаланатын әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің жеке шоты;

      34) электрондық дүкен – мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор айқындаған, мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған, уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер тауарлар мен олардың бағалары туралы ақпаратты орналастыратын бірыңғай ақпараттық жүйе;

      35) электрондық тауарлар каталогі – сатып алынатын тауарларды автоматтандырылған түрде сәйкестендіру мақсатында тауарлардың біріздендірілген сипаттамасын қалыптастыруға арналған мемлекеттік сатып алу веб-порталының ақпараттық кіші жүйесі.

      Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 202-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-баптан қараңыз); 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


3-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы

            1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге де қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.


4-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары

            Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру:

...

      3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік, сатып алуға қатысушылар арасында сөз байласуға жол бермеу;

      4) мемлекеттік сатып алу процесінің, оның ішінде өнім берушілердің коммерциялық құпияға заңды құқықтары сақтала отырып (мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейін), ашықтығы мен айқындығы;

      5) отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада қолдау көрсету;

...

      9) сатып алынатын тауарлар құрамындағы зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау қағидаттарына негізделеді.

 Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


5-бап. Мемлекеттік сатып алу процесі

      1. Мемлекеттік сатып алу процесі:

...

      2. Тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан бөлінген ақша немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.

...

      4) тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланатын мерзімдері мен орны;

      5) осы Заңның Заңның 43-бабында көзделген бабында көзделген жағдайларда, әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген сомалар шегінде, графикке сәйкес және жылдар бойынша бөле отырып, тауарлар берудің, жұмыстар орындаудың, қызметтер көрсетудің жоспарланатын мерзімдері;

      6) осы Заңның Заңның 51-бабына сәйкес бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру шарттары қамтылуға тиіс.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 79-бабының бабының 2-тармағы екінші тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көзделген жағдайларда, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында осы тармақтың сегізінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді бекітеді.

      Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 153-бабының бабының 7-тармағы орындалған тармағы орындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді.

...

      3. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) жасаған кезде , мыналарды:

      1) өзара байланысты жұмыстар, көрсетілетін қызметтер кешенін көздейтін жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;

      2) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.

      Тауарлар берудің, қызметтер көрсетудің кемінде бес орны болған жағдайда, лотта тауарлар берудің, қызметтер көрсетудің бірнеше орнын көрсетуге жол беріледі.      4. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын экономикалық сыныптаманың мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу талап етілетін өзіндік ерекшеліктері (шығыстар баптары) бойынша жиынтықта бюджетке (даму жоспарына), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан бөлінген ақшаға немесе жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітуге (нақтылауға) жол берілмейді.

...

      3) бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу, сондай-ақ бюджетті нақтылау және түзету кезінде;

      4) осы Заңның 22-бабының 2бабының 2-тармағы бірінші  бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген шешімді қабылдау;

...

      6) өткізілген мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бойынша үнемдеу есебінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан бөлінген ақша есебінен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.

      Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, таралуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға міндетті.

      8. Осы Заңның 39-бабы 3бабы 3-тармағының 4тармағының 4), 9), 31), 32) және 35) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгiзілуге жатпайды.

...

      Тапсырыс берушілер екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда, тиісті бюджет бекітілгенге дейін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдауға құқылы.

      10. Осы Заңның 39-бабы 3бабы 3-тармағының 4тармағының 4), 9), 31), 32) және 35) тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуды қоспағанда, бекiтiлген (нақтыланған) мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуға жол берiлмейдi.

      11. Осы Заңның 39-бабының 3бабының 3-тармағының көзделген тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау осы Заңдa айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

      12. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор осы Заңның 29-бабы 4-тармағының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейін әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарының құпиялылығын қамтамасыз етеді.

...

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайда, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) ағымдағы жылы осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      14-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 26. 12.2018 № 202-VІ Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      14-тармақтың осы редакциясы 01.01.2020 дейін қолданылады - ҚР 26.12.2018 № 202-VІ Заңымен.      14. Тапсырыс беруші не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысатын тұлғаларды осы баптың 13-тармағында көрсетілген шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы хабардар етуге міндетті.

      Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор осы баптың 13-тармағында көрсетілген шешімнің қабылданғаны туралы хабарландыру мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған кезден бастап мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы конкурсқа (аукционға) және баға ұсыныстарын сұратуға қатысуға арналған өтінімді ақша түріндегі қамтамасыз етуді бұғаттан шығарады.

      15. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік сатып алу осы баптың талаптары сақтала отырып іске асырылады.

      Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР ҚР 26.12.2018 № 202-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


6-бап. Мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер

      1. Әлеуетті өнім беруші, егер:

...

      8) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган оларды Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізсе;

             Осы талап осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 1тармағының 1), 2), 11), 27) және 36) тармақшаларында көзделген жағдайларда айқындалған әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілерге қолданылмайды;

...

      11) әлеуетті өнім беруші тіркелген жері салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер (офшорлық аймақтар) тізбесіне енгізілген мемлекет немесе аумақ болатын заңды тұлға болып табылса, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      6-бапты 1-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 26.12.2018 № 202-VІ Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).      . Осы баптың 1-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген шектеулер Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiнде және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қоры иеленетін заңды тұлғалардың сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілерінің) тізбесінде тұрған әлеуетті өнім берушілерге де қолданылады.

      2. Әлеуетті өнім беруші мен әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасының бір конкурс (аукцион) лотына қатысуға құқығы жоқ.

...

      6. Сақтандыру агенттері мен сақтандыру брокерлері сақтандыру шартын жасасуға байланысты көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқылы емес.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-баптан қараңыз) Заңдарымен.

7-бап. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау тәртібі

      1. Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға ретінде әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны, сондай-ақ тапсырыс берушінің алда болатын мемлекеттік сатып алуда мүдделерін білдіретін лауазымды адамын айқындайды.

...

      6. Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға ретінде әрекет еткен жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушімен, әлеуетті өнім берушілермен, тиісті комиссиялармен және сарапшымен өзара қарым-қатынастарда өзінің атынан өкілдік ететін лауазымды адамды айқындауға міндетті. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшенің жұмыскерлері қатарынан айқындалуға тиіс.

8-бап. Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі

      1. Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушылар жүзеге асырады.

...

      3) тапсырыс берушілердің уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелеріне енгізілмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған өтінімдері бойынша, тапсырыс берушімен бірлесіп конкурстық комиссиялар (аукциондық комиссиялар) құру арқылы жүзеге асырады. Осы тармақша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы осындай мемлекеттік сатып алуды өткізуге келіскен жағдайда қолданылады.

             Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі не тапсырыс берушінің бірінші басшысы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен конкурстық комиссияның төрағасы болып айқындалады.

...

      5. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.

      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

9-бап. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары

      1. Әлеуетті өнім берушілерге мынадай біліктілік талаптары қойылады:

...

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 4) және 5) тармақшаларында көзделген біліктілік талаптары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен белгіленеді.

             2. Осы баптың 1-тармағының 4тармағының 4) тармақшасында көрсетілген:

...

      Жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін орындау үшін қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушыларды) тартылған жағдайда, олардың осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) тармақшаларында салықтық берешек бөлігінде және 3) тармақшасында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар олар орындайтын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріне беріледі.

             7. Біліктілік талаптары осы Заңның 37, 38-баптарында, 39-бабы 2-тармағының 2тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында және тармағында және 42-бабында көзделген бабында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.

             8. Осы Заңның 31, 50-баптарында және баптарында және 51-бабының 6-тармағында көзделген тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделмеген тармағында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

      Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-баптан қараңыз).

10-бап. Әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп тану негіздері

      1. Әлеуетті өнім беруші мынадай негіздердің бірі бойынша:

...

      2. Әлеуетті өнім берушіні және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерін (бірлесіп орындаушысын) осы баптың 1-тармағында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.

11-бап. Әлеуетті өнім берушінің анық емес ақпарат беруінің салдарлары

             1. Біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат берген әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер осы Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізіледі.

...

      Бұл ретте жазбаша хабарламаға осы фактіні растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.

      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

12-бап. Мемлекеттік сатып алу саласында қалыптастырылатын тізілімдер

      1. Уәкілетті орган мынадай:

...

      3) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың;

      4) алып тасталды - ҚР 26.12.2018 2018 № 202-VІ Заңымен VI Заңымен (01.07.2019 бастап қолданысқа қолданысқа енгізіледі);

      5) шағымдардың мемлекеттік сатып алу саласындағы республикалық тізілімдерін (бұдан әрі – тізілімдер) қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.

...

      мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша жүзеге асырылған төлемдер бойынша – төлем жүргізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

             Осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 9тармағының 9), 18), 31), 32) және 35) тармақшаларында және 50-бабында көзделген бабында көзделген мемлекеттік сатып алудың нәтижелері бойынша жасалған шарттар туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізуге жатпайды.

...

      3) тапсырыс берушіге келтірілген залалдың болмауы шарттары қанағаттандырылатын жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, сотқа осындай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қойып жүгінуге міндетті.

             5. Осы баптың 4-тармағы бірінші тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде қалыптастырылады.

             Осы баптың 4баптың 4-тармағы бірінші тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі уәкілетті органның әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі негізінде қалыптастырылады.

             6. Осы баптың 4баптың 4-тармағы бірінші тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген өнім берушілер соттың оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жиырма төрт ай ішінде мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.

             Осы баптың 4баптың 4-тармағы бірінші тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер уәкілетті орган оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешім қабылдаған күннен бастап жиырма төрт ай ішінде мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.

...

      8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, тізілімдерде қамтылған мәліметтер мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылады және олар төлемақы алынбастан, танысу үшін мүдделі тұлғаларға қолжетімді болуға тиіс.

       9. Алып тастау көзделген - ҚР 26.12.2018 2018 № 202-VІ Заңымен VI Заңымен (01.07.2019 бастап қолданысқа қолданысқа енгізіледі);

             10. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз жосықсыз қатысушылар тізіліміне осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 1тармағының 1), 2), 27) және 36) тармақшаларында көзделген жағдайларда айқындалған әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілер енгізілмейді.

      11. Шағымдар тізілімі әлеуетті өнім берушілердің және өнім берушілердің уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы берген шағымдарының тізбесін білдіреді және шағымдарды қараудың және берілген нұсқамалардың (хабарламалардың) нәтижелері бойынша қабылданған шешімдер туралы мәліметтерді қамтиды.

      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-баптан қараңыз).

13-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері

      1. Мемлекеттік сатып алу мынадай тәсілдердің бірі:

...

      4. Тапсырыс беруші өзінің филиалының (өкілдігінің) қызметін қамтамасыз етуге қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемін негізге ала отырып, тапсырыс берушінің атынан осындай мемлекеттік сатып алуды тапсырыс берушінің филиалы (өкілдігі) тікелей жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәсілін айқындауға құқылы.

      5. Алып тасталды - ҚР 26.12.

...

2018 № 202-

...

VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

14-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимді қолдану

      1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларға, тиісінше шетелдік әлеуетті өнім берушілер орындайтын жұмыстарға, көрсететін қызметтерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда және шарттарда ұлттық режим қолданылады.

...

      3. Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

15-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік сатып алу саласындағы құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:

...

      2) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

16-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті орган:

      1) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;

...

      12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

17-бап. Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың өкілеттіктері

      Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор:

...

      8) анықтамалықты енгізе отырып, тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорын енгізуді және оны қолдауды жүзеге асырады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      17-бапты 9) тармақшамен толықтыру көзделген       9) мемлекеттік сатып алу веб-порталының құралдарын пайдалана отырып, осы Заңда және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен конкурсқа (аукционға) және баға ұсыныстарын сұратуға қатысуға арналған өтінімдерді қамтамасыз етуді енгізу және қайтару процесін операциялық қолдап отыруды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 2018 № 202-VІ Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледіVI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-баптан қараңыз).

3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ӨТКІЗУДІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГТЕУ

18-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

...

      3. Уәкілетті орган тексерулерді мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:

             1) әлеуетті өнім беруші, конкурсқа не аукционға қатысушы, өнім беруші не олардың уәкілетті өкілі тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының не конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның), сараптама комиссиясының, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасап жазбаша жолданым не жалпыға бірдей қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданым бергенде жүзеге асырады. Мұндай шағымды қарау осы Заңның 47 және 48-баптарында көзделген және 48-баптарында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады;

...

      2) міндеттемелері тиісті түрде орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінеді;

      3) алып тасталды - ҚР 26.12.2018 № 2018 № 202-VІ Заңымен VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

      5. Бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінің құрамында қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар әрекет жасау (әрекетсіздігі) фактісі анықталған кезде, уәкілетті орган мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аталған әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы ақпаратты және осындай фактіні растайтын құжаттарды құқық қорғау органдарына беруге міндетті.

      6. Уәкілетті орган мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

      Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

19-бап. Мемлекеттік сатып алуды мониторингтеу

      1. Мемлекеттік сатып алуды мониторингтеу мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде жүзеге асырылады.

...

      3. Мемлекеттік сатып алуды мониторингтеу нәтижелері бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті жібереді.

             4. Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті дайындау қағидаларын уәкілетті орган бекітедіорган бекітеді.

...

4-тарау. КОНКУРС ТӘСІЛІМЕН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

20-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

       1. Алып тасталды - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
       2. Алып тасталды - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
       3. Алып тасталды - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ конкурс жеңімпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.

      5. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындысы бойынша біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келеді деп айқындалған әлеуетті өнім берушілер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысады.

      Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

21-бап. Конкурстық құжаттама

      1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған конкурстық құжаттаманың электрондық нысаны негізінде қазақ және орыс тілдерінде әзірлейді.

...

      Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманың жобасын мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам бекітеді.

      Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 202-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

22-бап. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау

      1. Конкурстық құжаттаманы бекітудің міндетті талабы әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылауы болып табылады.

...

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

      2) алып тасталды - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);

      6. Осы баптың талаптары конкурстық құжаттамада техникалық өзіндік ерекшеліктің орнына осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама қамтылған, жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қолданылады.

      Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

23-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама

      1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың жобасы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтінін орналастыруға міндетті.

...

       3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырған және конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, мемлекеттік сатып алу осы Заңның 22-бабының талаптары ескеріле отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес өткізіледі.

      Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

24-бап. Конкурсқа қатысуға өтінім

      1. Конкурсқа қатысуға өтінім әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарға және шарттарға келісім білдіру түрі, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары мен осы Заңның 6-бабында белгіленген шектеулерге сәйкестігін растайтын, өзі туралы мәліметтер алуға келісім білдіру түрі болып табылады.

...

       4) осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармақты 5) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).5) әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету сомасы болмаған не жеткіліксіз болған жағдайларда, мемлекеттік сатып алу веб-порталы оны автоматты түрде қабылдамауға тиіс.

      5. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсыну мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей:

...

      Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген не оны мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған мөлшерде енгізбеген әлеуетті өнім берушілерге басқа әлеуетті өнім берушілердің осы конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін көруге қолжетімділік берілмейді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      25-бап жаңа редакцияда көзделген       Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледіқолданысқа енгізілу тәртібін 6-баптан қараңыз).       РҚАО-ның ескертпесі!
     

25-

...

бап. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету

       1. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді өзі конкурс жеңімпазы болып айқындалған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасатынына және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (ол болған кезде) енгізетініне кепіл ретінде енгізеді.

...

      3. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің біреуін:

      1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаныәлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақшаны;

       2) электрондық құжат нысанында берілетін банк кепілдігін таңдауға құқылы. Осы Заңның 50-бабында көзделген жағдайларда банк кепілдігін қағаз жеткізгіште беруге жол беріледі.

      Әлеуетті өнім берушінің өзінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін, енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаны электрондық әмияндағы ақшаны тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығы үшінші тұлғаларда туындауына алып келетін әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім беруші енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны алу саласындағы бірыңғай оператордың электрондық әмияндағы ақшаны пайдалануына жол берілмейді.

      4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:

...

      2) конкурс жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаса отырып, конкурстық құжаттамада белгіленген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамағанда не тиісті түрде орындамағанда, оның ішінде уақтылы орындамағанда , конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді бұғатталады және әлеуетті өнім берушіге қайтармайдықайтарылмайды.

      5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджеттің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның немесе онымен үлестес заңды тұлғалардың кірісіне есепке жатқызылады.

      6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастапалу саласындағы бірыңғай оператор әлеуетті өнім берушіге өзі бұғаттап қойған конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:

      1) осы әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға арналған өтінімін кері қайтарып алған жағдайларда ашу хаттамасы орналастырылған;

      2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда, үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарадыжағдайларда, автоматты түрде бұғаттан шығарып береді. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы деп болып айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

             3) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойған және ол мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (ол болған кезде) енгізген жағдайда, үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарады.

...

жағдайларда, автоматты түрде бұғаттан шығарып береді.

      7. Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор әлеуетті өнім берушінің өзінің электрондық әмиянына орналастырылған ақшаны қайтару туралы талабы бойынша осындай талап келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген, өзіне қатысты бұғаттау жүзеге асырылмаған немесе бұғаттау тоқтатылған ақшаны қайтарады.

      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-баптан қараңыз).

26-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі демпингке қарсы шаралар

      1. Конкурсқа қатысушы ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын шекті мәннен төмен болып табылатын баға демпингтік баға деп танылады.

      2. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген, әлеуетті өнім берушінің шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша, демпингттік деп танылмайтын, жол берілетін ең төмен бағадан төмендетілген сомаға тең мөлшерде сома енгізу шарты бар жағдайларды қоспағанда, демпингтік бағалар ұсынуға жол берілмейді.

      Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

27-бап. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау

      1. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында жүзеге асырады.

...

      Шартты бағалар тең болған кезде жеңімпазды (конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша екінші орын алған конкурсқа қатысушыны) тану шарттары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.

      Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

28-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама

      1. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде қалыптастырылады және конкурстық комиссияның барлық мүшелері мен конкурсқа қатысуға өтінімдер берген барлық әлеуетті өнім берушілер электрондық пошта арқылы бір мезгілде хабардар етіле отырып, онда орналастырылады.

...

      3. Конкурсқа қатысушы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға Заңда белгіленген тәртіппен шағымдана алады.

29-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізілмеді деп танудың негіздері мен салдарлары

      1. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай негіздердің бірі бойынша:

...

      2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;

      3) алып тасталды - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Конкурс тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды мынадай:

...

      2) конкурсқа қатысуға екеуден аз өтінім ұсынылған жағдайда, жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту конкурсқа қатысуға арналған өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушіге жіберіледі. Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға арналған өтінімде көрсетілген конкурстық баға ұсынысынан аспауға тиіс.

      Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

30-бап. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекшеліктері

      1. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу уәкілетті орган бекіткен тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мынадай:

...

      3) инновациялық және жоғары технологиялық тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін.

      2. Алып тасталды - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Егер әлеуетті өнім беруші екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңіне қатысса, ол конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.

      4. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.

      Ескерту. 30-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      31-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

31-бап. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекшеліктері

      1. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу уәкілетті орган бекіткен тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша жүзеге асырылады.

...

      4. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.

...

5-тарау. АУКЦИОН ТӘСІЛІМЕН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

32-бап. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

      1. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу нақты уақыт режимiнде мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жүзеге асырылады, оны өткізуді мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор қамтамасыз етеді.

...

       4. Аукциондық құжаттамаға, алдын ала талқылауға, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлауға, аукционға қатысуға өтінімге, оны қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы бапта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңның 21-бабының 1, 2, 3 және 5-тармақтарының, 22, 23, 24 және 25-баптарының қағидалары бойынша айқындалады.

      Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

33-бап. Аукционға қатысуға өтінімдерді қарау, аукционға қатысуға жіберу

      1. Аукциондық комиссия біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында аукционға қатысуға өтінімдерді қарауды жүзеге асырады.

...

       10. Аукционға қатысуға жіберу туралы аукциондық комиссияның шешіміне осы Заңның 47-бабында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

      Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

34-бап. Аукцион өткізу

      1. Аукцион мемлекеттік сатып алу веб-порталында аукционға қатысуға жіберу туралы хаттамада көрсетілген күні және уақытта өткізіледі.

...

      10. Егер аукционды өткізу басталғаннан кейінгі отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бірде-бірі өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс бермеген болса, бастапқы бағасы ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім беруші аукцион жеңімпазы деп танылады.

35-бап. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама

      1. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама аукционды өткізу аяқталған күні мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде қалыптастырылады және аукциондық комиссияның барлық мүшелері мен аукционға қатысуға өтінімдер берген барлық әлеуетті өнім берушілер электрондық пошта арқылы бір мезгілде хабардар етіле отырып, онда орналастырады.

...

      3. Аукционға қатысушының аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға осы Заңда белгіленген тәртіппен шағымдануына болады.

36-бап. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткізілмеді деп танудың негіздері мен салдарлары

      1. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай негіздердің бірі бойынша:

...

      2) аукционға қатысуға екеуден аз өтінім ұсынылған жағдайда, жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту аукционға қатысуға арналған өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушіге жіберіледі. Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға арналған өтінімде көрсетілген бастапқы бағасынан аспауға тиіс.

...

      Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

6-тарау. БАҒА ҰСЫНЫСТАРЫН СҰРАТУ ТӘСІЛІМЕН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ

37-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың негіздері

      1. Егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаса, осындай біртекті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу жүргізіледі, бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады.

      2. Алып тасталды - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілін қолдану мақсатында біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемін қаржы жылы ішінде олардың бірінің мөлшері осы баптың 1-тармағында көзделгеннен кем болатын бөліктерге бөлшектеуге жол берілмейді.

      4. Алып тасталды - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).       РҚАО-ның ескертпесі!
      37-бапты 5-тармақпен толықтыру көзделген -

       5. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы бапта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңның 25-бабының қағидалары бойынша айқындалады.

      Ескерту. 37-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледіқолданысқа енгізілу тәртібін 6-баптан қараңыз).

38-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу

      1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын ұсыну мерзiмi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттік сатып алу веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде мынадай ақпаратты:

...

       2) осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      9-тармақтың бірінші бөлігін 3-тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).3) әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы, баға ұсыныстарын сұратуға қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету сомасы болмаған не жеткіліксіз болған жағдайларда, мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде қабылдамайды.

      Өзге де негіздер бойынша баға ұсыныстарын қабылдамауға жол берілмейді.

...

      11. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы мемлекеттік сатып алу веб-порталында олар шығарылғаннан кейін автоматты түрде орналастырылады.

...

      Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-баптан қараңыз).

7-тарау. БІР КӨЗДЕН АЛУ, ТАУАР БИРЖАЛАРЫ АРҚЫЛЫ

...

ТӘСІЛДЕРІМЕН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ

39-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздері

      1. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

...

      4) еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындауы салдарынан, оның ішінде төтенше жағдайлардың салдарларын оқшаулау және (немесе) жою үшiн, Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет немесе жаңадан анықталған, жануарлардың аса қауіпті, экзотикалық ауруларын, карантинді объектілерді, бөтен текті түрлерді оқшаулау және (немесе) жою үшін, карантиндік аймақтарда және жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша қолайсыз пункттерде, карантинді объектілердің таралу ошақтарында іс-шаралар, шұғыл фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу үшін, электр энергетикасы объектiлерiндегi, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн коммуникациялық жүйелердегi, темiржол, әуе, автомобиль, cу көлiгi объектiлерiндегi, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбыржолдарындағы, газ құбыржолдарындағы аварияларды жою үшiн және жедел медициналық араласу қажеттілігі үшін, сондай-ақ коммуникациялардың, тетiктердiң, агрегаттардың, қосалқы бөлшектердің және материалдардың тасымал жолында дереу қалпына келтiрудi талап ететiн сынуы, iстен шығуы туындаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу;

...

      9-1) терроризмнің, экстремизмнің алдын алу, жолын кесу және оларға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдардың сатып алуы;

      10) алып тасталды - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);

      11) халықаралық рейтингтік агенттіктердің көрсетілетін қызметтерін, қаржылық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      12) зағип және көзі нашар көретін азаматтар үшін мамандандырылған кiтапханалардың көрсетілетін қызметтерін сатып алу;

      13) алып тасталды - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
      14) алып тасталды - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);

      15) Қазақстан Республикасының сайлау және республикалық референдум туралы заңнамасында көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша сатып алу;

...

      33) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган не оның ведомствосы оған қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

      34) алып тасталды - ҚР 03.07.2017 № 86-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      35) талқылаулар перспективаларын бағалау, төрелікте, шетелдік төреліктерде, шетелдік мемлекеттік және сот органдарында, сондай-ақ дауларды төрелікте (сотта) реттегенге дейінгі процесте мемлекеттің не тапсырыс берушілердің мүдделерін қорғау және білдіру жөніндегі консультациялық және заңдық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

...

      41) мамандандырылған авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      42) жаңа редакцияда көзделген - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      42) тармақшаның осы редакциясы 01.01.2021 дейін қолданылады - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен.

      42) егер біртекті тауарлардың құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аспаса, осындай біртекті тауарларды, егер біртекті жұмыстар мен көрсетілетiн қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен аспаса, ал аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары үшін айлық есептік көрсеткіштің үш мың еселенген мөлшерінен аспаса, осындай жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

...

      48) тиісті авторлардың күрделі құрылыс объектілерінің жобалау құжаттамасын әзірлеуді авторлық қадағалау, күрделі құрылыс объектілерінің құрылысын, оларды реконструкциялау мен күрделі жөндеуді авторлық қадағалау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

      49) алып тасталды - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);

      50) егер мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішіндегі қажеттілігін қамтамасыз етуге қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жүзеге асырылатын жағдайда, мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттілікті осындай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болса, жүзеге асырылады.

...

      56) Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі (тапсырмасы) бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

      Ескерту. 39-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2017 № 86-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 202-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

40-бап. Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

       1. Осы Заңның 39-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту жібереді, онда мынадай мәліметтер:

...

      Әлеуетті өнім берушіге шақырту жіберу, оның қажетті ақпаратты мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы беруі және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруы туралы талаптар Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

      Ескерту. 40-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

41-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

      1. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші өнім берушіні айқындайды және онымен мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.

...

       5. Осы баптың 2-тармағының талабы өздері туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға, сондай-ақ осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 18), 23), 31), 32) және 35) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

      Ескерту. 41-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

42-бап. Тауар биржалары арқылы тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

      1. Тауар биржалары арқылы тауарларды мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес биржалық тауарлар тізбесі бойынша қосарлы қарсы аукцион режимінде жүзеге асырылады.

      2. Егер биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемі биржалық тауарлар тізбесінде көзделген партияның ең төмен мөлшерінен аспаған жағдайда, тапсырыс беруші тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың өзге тәсілін таңдауға құқылы.

...

8-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ ШАРТ

43-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу

      1. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жобалары уәкілетті орган бекітетін тауарларды мемлекеттік сатып алу, жұмыстарды мемлекеттік сатып алу және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарттарға сәйкес жасалады.

...

       3) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітетін, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мақсаттары үшін үлгілік сақтандыру шартына сәйкес жасалатын өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын таңдауға құқылы.

...

      16. Жылдық қаржы есептiлiгiнiң аудитi бойынша көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзiмге жасалуы мүмкiн.

      17. Алып тасталды - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

      18. Тапсырыс берушінiң үздіксіз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында тапсырыс беруші уәкілетті орган бекiткен тiзбе бойынша күн сайынғы немесе апта сайынғы қажеттіліктегі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданысын конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге ұзартуға құқылы.

...

      2) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге осы Заңда көзделмеген жәрдем көрсеткен;

            3) алып тасталды - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);

      4) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы талапты қамтуға тиiс.

...

      Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезінде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы, саны, сапасы, техникалық өзіндік ерекшелігі, құны, оларды беру (орындау, көрсету) орны мен мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың мазмұнына сәйкес келуге тиіс.

      Ескерту. 43-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 08.04.2016 № 489-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 202-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

44-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтару

       1. Егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші осы Заңда белгіленген мерзімдерде тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (ол болған кезде) енгізбесе, онда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылады.

      2. Мемлекеттiк сатып алудың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім берушіні мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп таныған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол енгiзген конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудi ұстап қалады.

      Ескерту. 44-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

45-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізудің негіздері

      1. Өнiм берушiнi таңдауға негiз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермеуі талабымен мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына өзгерiстер енгiзуге мынадай өзара байланысты талаптар сақталған кезде:

...

       3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өткізілетін (өткізілген) мемлекеттік сатып алу талаптарының мазмұнын және (немесе) осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген өзге де негіздер бойынша, өнім берушіні таңдауға негіз болған ұсынысты өзгертетін өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

46-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың күшіне енуі

      1. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт тапсырыс беруші мен өнім беруші оған қол қойғаннан кейін не соңғысы конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді толық енгізгеннен кейін күшіне енеді. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тіркелуге жататын болса, онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелгенінен кейін күшіне енеді.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелуге жататын мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тапсырыс беруші бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне оны жасағаннан кейiн не өнім беруші конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi толық енгiзгеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынады.

...

9-тарау. ШАҒЫМ ЖАСАУ

47-бап. Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасау

      1. Егер тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, әлеуетті өнім беруші олардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасауға құқылы.

...

      9. Осы бапта көзделген, дауларды сотқа дейін реттеу тәртібі міндетті болып табылады.

      Ескерту. 47-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

48-бап. Шағым беру тәртібі

      1. Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне қатысты уәкілетті органға берілетін шағым мыналарды:

...

      2) шағымға қол қойылмаса не қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса, шағым келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде оны берген тұлғаға қаралмай қайтарылады.

...

      Ескерту. 48-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

10-тарау. АРНАЙЫ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

49-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

50-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі

      1. Осы Заңда көзделген, біліктілік талаптарын белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру рәсімдері мен мерзімдерін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алу осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

...

      3. Ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

51-бап. Әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарының мемлекеттік сатып алуға қатысуы

      1. Әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарының мемлекеттік сатып алуға қатысуы осы Заңда көзделген жағдайларда айқындалады.

...

      6. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді, кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 51-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

52-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң:

       1) 2016 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 31-бабын;

...

       2. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 138, 143-құжаттар; 2015 жылғы 30 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 17 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы) күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының

 

      Президенті

Н. Назарбаев