...
«Техникалық өзіндік ерекшелік» тарауына өту үшін құжаттаманың жалпы тізімінде «2-қосымша (Техникалық өзіндік ерекшелік)» белсенді сілтемесін басу қажет.
Бейнеленген нысанда «Толтыру» белсенді сілтемесін басу қажет.
Құжаттардың жалпы тізіміне оралу үшін «Артқа оралу» батырмасын басу қажет.
«Толтыру» батырмасын басқаннан кейін Техникалық өзіндік ерекшелік нысаны бейнеленеді, орыс және қазақ тілдерінде сипаттамаларын толтыру қажет.
Сипаттамаларын толтырғаннан кейін «Сақтау» батырмасын, одан соң «Техникалық өзіндік ерекшелікті бекіту» батырмасын басу қажет. Бұдан соң «Қол қою» батырмасы пайда болады.
...





