Versions Compared

Key

  • This line was added.
  • This line was removed.
  • Formatting was changed.

...

Table of Contents

Баға ұсыныстарын сұрату» тәсілімен сатып алуға қатысу

«Ұлттық режимнен алып тастау» - «Иә» лоты белгісі бар сатып алу болса назар аударыңыз. Егер сатып алу «Ұлттық режимнен алып тастау» - «Иә» лоты белгісімен жарияланған жағдайда:

Отандық тауар өндірушілер (бұдан әрі – ОТӨ) арасындағы өнім берушілер ғана өтінім бере алады, бірақ Жүйе ОТӨ тізіміне енгізілген әрбір өнім беруші бойынша хабарландыруда келтірілген сол немесе өзге лотқа өнім берушінің өтінім бере алатынын не бере алмайтынын тексереді. Лотта (жоспардың тармағында) көрсетілген өнім берушіге ЭҚТӨЖ бойынша байланыстыру жүргізіледі.

Мысалы, ЭҚТӨЖ бойынша өнім берушінің байланыстыруы: мысалы 5 лотпен (жоспардың тармақтарымен) сатып алу жарияланды. Әрбір лоттың (жоспар тармағының) ТЖҚК коды бар, бұл ТЖҚК кодында - алғашқы 6 сан - бұл ЭҚТӨЖ коды.

Мысалы бірінші лоттағы (жоспардың тармағындағы) 141299.000.000001 - бұл ТЖҚК, оның ішінде 141299 - ЭҚТӨЖ. Егер арнайы реттік тізбеде 141299 ЭҚТӨЖ бойынша - «Окна» ЖК, «Автомобиль» АҚ байланыстырылған болса, онда бірінші лотқа (жоспардың тармағына) - тек «Окна» ЖК, «Автомобиль» АҚ деген ОТӨ ғана өтінім бере алады.

Бір ЭҚТӨЖ-ге бір және одан көп ТЖҚК байланыстырылуы мүмкін. Себебі ЭҚТӨЖ - жоғарғы қабатты тармақ.

Яғни, егер сатып алуда 141299.000.000001, 141299.000.002546, 141299.000.789456 ТЖҚК жарияланған болса, осы ТЖҚК барлығына «Окна» ЖК, «Автомобиль» АҚ деген ОТӨ өтінім бере алады деген сөз. Себебі жоғарыда келтірілген өнім берушілер 141299 ЭҚТӨЖ бойынша байланыстырылған.

Өз өтінімдерін іздеу және қарау

 

«Менің өтінімдерім» бетіне өту үшін «Жұмыс кабинеті» бөліміндегі «Менің өтінімдерім» мәзірінің тармағын пайдалану қажет.

Image Removed


 Image Added


«Менің өтінімдерім» бөлімі өнім берушінің өтінімдерімен жұмыс істеуге арналған және мынадай үлгіде кесте түрінде көрінеді:


Image Added

 

Өтінімдер төмендегідей мәртебелерге ие:

...

Аяқталды - оларды сатып алу бойынша өтінім аяқталғаны берілді, қорытындылары жасалды.

Өтінім беру

 

«Өнім беруші» рөлді пайдаланушымен хабарландыруларды іздеу және қарап шығу үшін «Жұмыс кабинеті» - «Хабарландыруларды іздеу» бөліміне өту қажет.

image2019-12-18_21-5-6.pngImage Added


Жүйе келесідей нысанды бейнелейді. Іздеуді фильтрлер жинағы көмегімен іске асыруға болады. Фильтрлерді бейнелеу үшін «Іздеуді көрсету» батырмасын басу қажет.


image2019-12-18_21-6-11.pngImage Added

Хабарландыруды ашу үшін, хабарландыру атауы бар сілтемені басқанда, жүйе хабарландыруды қарап шығу нысанын бейнелейді.


image2019-12-18_21-8-50.pngImage Added


Техникалық ерекшелігі мен шарт  жобасын қарап шығу үшін «Құжаттар» қосымша бетіне өтіп, «Өту» батырмасын басу қажет:

 image2019-12-18_21-9-55.pngImage Added


Тіркелген файлдар кестесінде хабарландыру шартының техникалық ерекшелігімен және жобасымен танысу қажет.


image2019-12-18_21-10-11.pngImage Added

 

«Лоттар» қосымша бетінде жүйе сатып алудағы барлық лоттарды көрсетеді. Лот бойынша ақпаратпен танысу үшін лот нөмірінің белсенді сілтемесіне басу қажет.

 

 

Бұдан әрі лоттың деректері бар терезе көрсетіледі. Өтінімді беру үшін терезенің сол жақ төменгі бұрышындағы «Бағаны беру» батырмасына басуыңыз керек:

 

 

image2019-12-18_21-10-52.pngImage Added

Өтінім беру үшін «Қолжетімді әрекеттер» мәзіріндегі «Өтінім құру» батырмасын басу қажет. Хабарландырудың статусы «Жарияланды (баға ұсыныстарын қабылдау)» деген статус болуы керек.

Назар аударыңыз: Егер баға ұсыныстарын қабылдаудың аяқталу мерзімі өтпеген жағдайда, ал сатып алудың статусы «Жарияланды (баға ұсыныстарын қабылдау)» деп көрсетілсе, бірақ «Қолжетімді әрекеттер» батырмасы болмаса, «Жұмыс кабинеті» - «Менің өтінімдерім» бөлімін тексеру қажет. Сізде осы сатып алуға құрылған/берілген өтінім бар.

Жүйе егер бір лотқа оның бас ұйымы, филиалы қатысса, «Өтінім құру» батырмасын басқан кезде әлеуетті өнім берушіні (филиалды, бас ұйымды) тексеретін болады.

Тексеру мынадай жағдайларда:

- егер бас ұйым өтінім берген болса және бас ұйымның филиалы өтінім құруға тырысса;

- егер филиал өтінім берген болса және осы филиалдың бас ұйымы өтінім жасауға тырысса;

- егер филиал өтінім берген болса және осындай бас ұйымы бар филиал өтінім құруға тырысса, тексеріс жүргізіледі.

Егер өтінім тексерістен өтпесе, Жүйе келесі қадамға өту мүмкіндігінсіз қате туралы мәтінді көрсетеді.

 Тексеру мынадай жағдайларда белгіленген: 

- егер бас ұйымнан өтінім берілсе және бас ұйымның филиалы өтінімді жасамақ болса;

- егер филиалдан өтінім берілсе және осы филиалдың бас ұйымы өтінімді  жасамақ болса; 

- егер филиалдан өтінім берілсе және  осындай бас ұйыммен филиал өтінімді жасамақ болса.

Тексеру өтпейтін болған жағдайда, Жүйе келесі қадамға өту мүмкіндігінсіз қатенің мәтін  көрсетеді. 

image2019-12-18_21-11-30.pngImage Added

Әлеуетті өнім берушінің баға ұсыныстарын беру терезесі мынадай үлгіде көрінеді:

 

«ЖСК, Банк» жолында банк шотың көрсетуіңіз қажет. «Шотты таңдау» батырмасына басқан кезде жүйе ұйымның белсенді шоттарын көрсетеді, онда шот нөмірінің сілтемесіне басып, керекті шотты көрсетуіңіз қажет.

 

Бұдан әрі бір бірлігі үшін бағасын енгізуіңіз қажет. Жүйе автоматты түрде жалпы жиынтық сомасының шотын жүргізеді:

 

 

Назар аударыңыз! Баға ұсынысын берген кезде он сандық нысанда бір бірлігі үшін бағасын көрсету бүтін саннан кейін нүкте қою арқылы жүзеге асырылады, мысалы: 500.88.

«Тауар» сатып алу мәнінің түрі үшін келесі жолдарды  толтыру қажет:

«Дайындаушы зауыт» - пайдаланушы қолмен толтырады.

«Шығарған елі» - елдер анықтамалығынан таңдалынады.

«Тауар атауы» - пайдаланушы қолмен толтырады.

 

Барлық міндетті жолдарды толтырғаннан кейін «Қол қою және жіберу» батырмасына басу қажет, жүйе келесі жолдарды бейнелейді..

Бір бірлігі үшін бағасына барлық шығындары қосылатынын, Сіз шарттың жобасымен танысып, және оның елеулі талаптарын қабылдауыңызды, өнім берушінің өтініміндегі деректерді растайтыныңызды орындау қажет.

«Растаймын» батырмасын басқанда, өтінім «Жұмыс кабинеті» - «Менің өтінімдерім» бөлімінде «Жоба» мәртебесіне ие болып, сақталады.

Баға ұсынысының жобасын жою үшін  пиктограмманы пайдалану керек.

«Растаймын» батырмасына басқаннан кейін өтінімге қол қою рәсімін жүргізу қажет.

Назар аударыңыз! Баға ұсынысына қол қою алдында енгізілген деректердің дұрыстығын мұқият тексеріңіз. Баға ұсынысын жібергеннен кейін, берілген баға қарау үшін қолжетімді болмайды.

Баға ұсынысына сәтті қол қойғаннан кейін Сіздің өтініміңіз «Берілді» мәртебемен «Жұмыс кабинеті» бөліміндегі «Менің өтінімдерім» кіші бөлімінде көрсетіледі.

Өтінімді кері қайтару

 

Егер берілген өтінімді кері қайтару қажет болған жағдайда, өтінімдерді қабылдауды аяқтау күні басталғанға дейін «Өтінімді кері қайтару» функционалы қолжетімді болады.

Ол үшін «Жұмыс кабинеті» - Менің өтінімдерім» бөліміндегі өтінімдерді қарау нысанында талап етілетін өтінімді табу және кері қайтару пиктограммасына басу керек.

Пиктограммаға басқан кезде жүйе іс-әрекетті растау қажеттілігімен қалқыма терезені шығарады.

«Иә» батырмасына басқан кезде жүйе өтінімді кері қайтарады және өтінімге «Кері қайтарылды» мәртебесі беріледі.

Тұрғын үйді сатып алуға қатысуға, егер «Жарияланды (өтінімдерді қабылдау)» хабарландыру мен лоттың (тардың) мәртебесі және өтінімдерді қабылдау мерзімі өтпеген болса, «Өнім беруші» рөлімен кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға ғана қатыса алады.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер «Аяқталды» мәртебелі хабарландыруда барлық лоттар бойынша толықтай немесе жартылай сатып алудан бас тартылған жағдайда, жүйе сатып алуды ескере отырып, қорытындылар хаттамасының барлық нұсқаларын бейнелейді. Бұл кезде жүйе бас тартуынсыз ақпаратпен, хаттаманың бірінші нұсқасын, сонымен қатар бас тарту ақпаратымен екінші хаттаманы бейнелейді. Хаттаманың барлық нұсқаларын бейнелеу барлық сатып алу тәсілдеріне қатысты.

Бас тарту ақпаратынсыз алдындағы қорытындылар хаттамасы «Заңды күші жоқ»  мәртебеге ие болады.

image (18).jpgImage Added

Мынадай жолдар міндетті түрде толтырылуы тиіс:

- Заңды мекенжайы;

- ЖСК;

- Байланыс телефоны;

- Салық төлеушінің түрі.

Міндетті жолдарды толтырғаннан кейін «Ары қарай» батырмасын басу қажет. Жүйе қызметті тоқтата тұру туралы деректерді алу үшін СӘИЖ АЖ-ға сұрау салу жібереді. Бұл үшін «Салық төлеушінің түрі» жолында  «Заңды тұлға» немесе «Жеке кәсіпкерлік (бірлескен)» деген тиісті түрді таңдау қажет.

Назар аударыңыз:Қызметті тоқтата тұру күні алынған жағдайда және егер ол ағымдағы, өткен күнге келсе, жүйе өтінімді толтыру үшін одан әрі өтуге мүмкіндік бермейді. «Мемлекеттік кірістер комитетінен (СӘИЖ АЖ) алынған деректерге сәйкес, әлеуетті өнім берушінің қызметі тоқтатылуына байланысты өтінім беру мүмкін емес.» деген қате шығады.

Жүйе өтінімді «Жоба» статусында сақтайды.

«Сатып алуға қатысу үшін лоттар қосу» қадамында «Лоттар» қойындысында сатып алуға қатысуға арналған лоттарды таңдап, «Таңдағандарды қосу» батырмасын басу қажет.

image2019-12-18_21-12-28.pngImage Added

Егер тапсырыс берушілер бірыңғай борышкерлер тізілімінде болған жағдайда лоттар қызыл фонмен бейнеленеді

image2023-5-12_15-2-51.pngImage Added

сондай-ақ лоттардың деректерін қосу кезінде «Ары қарай» батырмасын басқанда мынадай ескерту хабарламасы көрсетіледі:

image2023-5-12_15-3-26.pngImage Added

Келіскен жағдайда Жүйе келесі қадамға өтуге мүмкіндік береді, келіспеген жағдайда Жүйе лоттарды өтінімнен алып тастауға мүмкіндік береді.

Егер тапсырыс берушіде жасалған шарттар шеңберінде төленбеген міндеттемелер болған жағдайда (шарттар Тапсырыс берушінің нұсқаулығында егжей-тегжейлі сипатталған - 14.3 Тапсырыс берушінің жасалған шарттар шеңберінде төлемдерді енгізу бойынша мерзімдерді сақтауын тексеру), онда Жүйе лотты өтінімге қосқаннан кейін мынадай мәтіні бар хабарламаны көрсететін болады (осы хабарлама ақпараттық сипатта болып келеді):

hhhhhhhhhhhhhhhhhhhhh.pngImage Added

Сатып алу «Біріккен лот» түрімен өткізілген жағдайда, онда бір лот көрсетіледі, онда бір бірліктің жалпы бағасы, лотқа қосылған барлық жоспар тармақтары бойынша жалпы сома көрсетіледі.

image2019-12-18_21-13-18.pngImage Added


Егер лотты (тарды) өтінімнен алып тастау қажет болса, «Таңдағандарды қарау» қойындысында «Лоттарды өтінімнен алып тастау» батырмасын басу қажет.


image2019-12-18_21-13-56.pngImage Added

Өтінім беруді жалғастыру үшін «Ары қарай» батырмасын баск қажет.

Егер лот ұлттық режимнен алып тастауға жататын тізімге, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым бойынша тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізбесіне кіретін ТЖҚК кірген жағдайда, онда өнім берушіде индустриялық сертификат болуы тиіс, лоттарды қосу кезінде сертификат болмаған жағдайда «Осы лотқа қатысу үшін индустриялық сертификат болуы қажет» деген қате туындайды.

Егер лот ұлттық режимнен алынып тасталған тауарларға қатысты болса және лот бойынша бұрын сатып алу жүргізілсе, Жүйе индустриялық сертификаты жоқ өнім берушіге өтінім беруге мүмкіндік береді.

Лоттарды өтінімге қосу қадамында ФЛБ бар:

Егер лот ТЖҚ-ға жататын болса:

- барлық тауарлар;

- «Жұмыс», «Автомобиль жолдарын орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары», «Ғимараттар мен құрылыстарды ағымдағы жөндеу жұмыстары» белгілерімен жұмыстар;

- «Техникалық қадағалау және (немесе) жобаларды басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер» белгісінен басқа барлық қызметтер

Ұлттық режимнен алынып тастағандар тізбесіндегі және мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінен сатып алынатын ТЖҚК тізбесіндегі ТЖҚК қоспағанда 

Егер қатысты болса, онда

Жүйе лот бойынша АЕК мөлшерін тексереді

Егер лот сомасы 50 мың АЕК-ден кем болса, онда

Жүйе әлеуетті өнім берушінің шағын және орта кәсіпкерлік белгісінің бар-жоғын тексеру үшін кәсіпкерлік субъектілерінің ақпараттық жүйесіне БСН бойынша сұрау салу жібереді, егер өнім берушінің «Ірі кәсіпкерлік» белгісі болса, онда Жүйе «Кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне сәйкес Сіздің ұйымыңыздың «Ірі кәсіпкерлік» белгісі бар, осыған байланысты №... лотқа қатысу мүмкін емес» деген қате көрсетеді.

Құжаттаманы толтыру қадамында ашылған нысанда толтырылуы міндетті құжаттарды толтыру қажет.

image2019-12-18_21-14-46.pngImage Added

Өтінімді қамтамасыз етуді енгізу

Назар аударыңыз! өтінімді қамтамасыз етуді ақшадан, электрондық әмияннан енгізу «АК, Аук, БАІЖК, БҰС тәсілдерімен өтінімді ақшадан, электрондық әмияннан қамтамасыз етуді енгізу» деген 17-бөлімдекелтірілген

Назар аударыңыз! электрондық банк кепілдігімен өтінімді қамтамасыз етуді енгізу «Электрондық банк кепілдіктерімен жұмыс»деген9-бөлімдекелтірілген

Бірінші/екінші санаттағы рұқсатты толтыру

Рұқсат беру құжаттарын өтінімге тіркеу үшін «Бірінші санаттағы рұқсаттар (Лицензиялар)» бөліміне өту қажет. Бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды тіркеу нысаны көрсетіледі.

Егер қолданыстағы рұқсаттар/лицензиялар болған жағдайда (соңғы 24 сағатта алынған) талап етілетін рұқсатты/лицензияны таңдауды осы рұқсаттың/лицензияның жолына қанат белгісін қою арқылы жүзеге асыру және «Сақтау» батырмасын басу қажет.

Егер таңдалған рұқсаттарды/лицензияларды жою қажет болса, онда аталған рұқсат/лицензия жолында тұрған қанат белгісін алып тастап, «Сақтау» батырмасын басу қажет.

image2019-1-2_17-21-43.pngImage Added


image2019-1-2_17-21-58.pngImage Added


Егер Бірінші санаттағы рұқсат (Лицензия), Екінші санаттағы рұқсат бөлімдері үшін сатып алуда міндеттілік белгісі қойылса, Жүйе рұқсаттарды/лицензияларды қосуды сұрататын болады.

Жүйе Ұйымдастырушы берген рұқсаттар түрін, лицензиялар қызметінің түрін және Өнім беруші қосқан лицензиялар қызметінің түрін салыстырады. Егер Өнім берушінің қосылған электрондық рұқсаттарында/лицензияларында Ұйымдастырушы берген рұқсаттардың/лицензиялардың түрі (түрлері) болмаған жағдайда, онда рұқсаттар/лицензиялар бойынша деректер баға ұсынысында көрсетілмейді.

Егер қолданыстағы рұқсаттар/лицензиялар болмаған жағдайда «Қатысушы профилі - Менің электрондық лицензияларым/Менің рұқсат құжаттарым» деген қосымша бетте сұрау салу жасау қажет.

image2019-1-2_17-22-41.pngImage Added

Іздеуді сүзгілер жиынының көмегімен жүзеге асыруға болады. Рұқсатты жаңарту үшін «Жаңарту» батырмасын басу қажет. Жіберілген сұрау салулар «Рұқсат беру құжаттары бойынша сұрау салулар» қойындысында көрсетіледі.

image2019-1-2_17-23-9.pngImage Added

Келесі параметрлер бойынша сұрау салу жіберу мүмкіндігі бар:

- БСН,

-ӘҚНЖК,

- РҚБСН,

- қызметкердің ЖСН,

- Лицензия (рұқсат) түрінің коды.

Рұқсаттың «Өңдеуге жіберілді» деген статусы сұрау салуды жүйе жібергенін және өңдейтінін білдіреді. «Өңделді» деген статус сұрау салудың орындалғанын білдіреді. Алынған рұқсаттар «Алынған рұқсат беру құжаттары» терезесінде көрсетіледі.

image2019-1-2_17-23-55.pngImage Added

«Екінші санаттағы рұқсаттарға» сұрау салу және қосу бойынша функционал рұқсаттарды қосу функционалына ұқсас орындалады.

Назар аударыңыз! Сұрау салу жіберген кезде ӘҚНЖК бойынша сұрау салу жасау ұсынылады, себебі өзге өлшемшарттар бойынша сұрау салу ұзақ уақыт алуы мүмкін. Сұрау салуларды екінші тарап, яғни «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы ақпараттық жүйесі өңдейтінін атап өтеміз.


«Тауар» сатып алу нысанасының түрі үшін тауардың сипаттамасын толтыру

«Тауар» сатып алу нысанасының түрі үшін «Тауардың сипаттамасы» бөлімінде тауардың сипаттамасын қосымша толтыру қажет.

Тауардың сипаттамасын толтыру үшін «Тауардың сипаттамасы» гиперсілтемесін басу қажет.

image2019-12-18_21-24-16.pngImage Added

Ашылған нысандағы әрбір лотта «Қосу» батырмасын басу қажет.

image2019-12-18_21-24-47.pngImage Added

Ашылған нысандағы әрбір лотта «Қосу» батырмасын басу қажет.

Ашылған нысанда төменде келтірілген жолдарды толтырыңыз.

 

- Дайындаушы зауыт - пайдаланушы қолмен толтырады;

 

- Шыққан елі - елдердің анықтамалығынан таңдалады;

 

- Тауардың атауы - пайдаланушы қолмен толтырады.


image2019-12-18_21-25-12.pngImage Added

Деректерді толтырғаннан кейін, сақтау үшін «Сақтау» батырмасын басыңыз.

image2019-12-18_21-25-33.pngImage Added

Егер сатып алу біріккен лот бойынша жүргізілсе, онда «Қосу» батырмасын басқан кезде жүйе ашылған нысанда тауардың сипаттамасын толтыру үшін жоспардың барлық тармақтарын көрсетеді.

image2019-12-18_21-26-5.pngImage Added

Құжаттарды толтырғаннан кейін «Ары қарай» батырмасын басу қажет. Ашылған «Баға ұсыныстарын толтыру» нысанында баға ұсыныстарын толтыру керек. 

Баға ұсынысын толтыру

Ашылған «Баға ұсынысын толтыру» нысанында «Баға ұсынысын енгізу» батырмасын басу қажет.

Назар аударыңыз! Баға ұсыныстарын көрсету үшін міндетті шарт орнатылған криптосокет болып табылады.

Егер криптосокет орнатылмаса, қосылу жабылды деген жазу шығады және бағаны енгізу батырмасы жұмыс істемейді.

image-2025-6-29_11-47-36.pngImage Added

Бағаны толтырғаннан кейін «Бағаларға қол қою» батырмасын басыңыз.

«Баға ұсынысын енгізу» батырмасын басқаннан кейін, Жүйе бағаны жазуға болатын терезені көрсетеді.

image-2025-6-29_11-51-19.pngImage Added

Баға ұсынысын енгізгеннен кейін, қажет болған жағдайда JPEG форматында сақтауға болады, себебі қол қойылғаннан кейін бағалар шифрланады. JPEG форматында сақтағаннан кейін, «ОК» батырмасын басу керек

Баға ұсынысын сақтағаннан кейін баға ұсынысына қол қою қажет.

image-2025-6-29_12-2-8.pngImage Added

Жоспарланған бағадан жоғары баға көрсетілген жағдайда, Жүйе қате туралы хабарлама көрсетеді.

image-2025-6-29_12-9-0.pngImage Added

Демпингтік бағадан төмен баға көрсетілген жағдайда, Жүйе қате туралы хабарлама көрсетеді.

image-2025-6-29_12-10-26.pngImage Added

Назар аударыңыз! Жүйе мынадай жағдайларда демпинг бойынша тексеру жүргізеді:

Егер сатып алу нысанасының түрі «Науқастарды тамақпен қамтамасыз ету» белгісі бар «Қызмет» болса, онда жүйе мыналарды салыстырады: лот бойынша баға ұсынысының сомасы (өнім беруші ұсынған) демпингті есептеуге арналған сомадан 10%-ға төмен. Егер төмен болса, онда мынадай ақпараттық хабарлама шығады: Сіз көрсеткен баға ұсынысы демпингті есептеу үшін бөлінген сомадан 10%-ға төмен. Осыған байланысты өтінім беру мүмкін емес.

Жүйе белгілері жоқ «Баға ұсыныстарын сұрату» тәсілімен сатып алуда мыналарды салыстырады: лот бойынша баға ұсынысының сомасы (өнім беруші ұсынған) конкурс үшін бөлінген сомадан 10%-ға төмен. Егер төмен болса, мынадай ақпараттық хабарлама шығады: Сіз конкурс үшін бөлінген сомадан 10% төмен баға ұсынысын көрсеткен жағдайда, шарт жасасу кезінде шартты орындауды қамтамасыз етуге қосымша, көрсетілген баға мен демпингтік баға арасындағы айырмашылыққа тең соманы енгізу қажет болады.

Назар аударыңыз! Баға ұсынысын беру кезінде ондық сан нысанында бірлік үшін баға бүтін саннан кейінгі нүкте арқылы көрсетіледі, мысалы: 500.88.

Назар аударыңыз: Баға ұсынысын толтыру кезінде біріктірілген лоттың әрбір тармағына бағаны көрсету міндетті шарт болып табылады.

Баға ұсынысына ЭЦҚ-мен қол қойылғаннан кейін «Бұдан әрі» батырмасын басу қажет.


Алдын ала қарау

Жүйе «Өтінімді алдын ала қарау» қадамын көрсетеді.

Ашылған нысанда растау (қанатша белгісін қою) қажет:

ü  Бірліктің бағасына барлық шығыстар қосылғанын растаймын

ü  Мен мемлекеттік сатып алу шартының жобасымен таныстым, шарттың маңызды талаптарын қабылдаймын және өнім берушінің өтінімінде көрсетілген деректерді растаймын.

Өтінім беру үшін «Өтінім беру» батырмасын басу қажет.

image2019-12-18_21-28-5.pngImage Added


«Өтінім беру» батырмасын басқаннан кейін және тексеруден сәтті өткеннен кейін өтінім жіберіліп, мынадай хабарлама көрсетіледі: «№ өтінім {өтінімнің нөмірі} әлеуетті өнім берушінің басқа өнім берушілермен үлестестігінің бар-жоғын, жақын туыстарын, әрекетке қабілеттілігін және оның жаппай қырып-жою қаруын таратуды, терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінде бар-жоғын тексеру аяқталғаннан кейін {ЖЖЖЖ.КК.АА.} сағат {СС:ММ:СС} қабылданды, өтінімнің статусы «Өтінімді тексеру» деп шығады. 

Әлеуетті өнім берушінің үлестестігін, жақын туыстарын, әрекетке қабілеттілігін және оның жаппай қырып-жою қаруын таратуды, терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінде бар-жоғын тексеру аяқталғаннан кейін, егер өтінім тексеруден сәтті өтсе Жүйе өтінімнің статусын «Берілді» деп, егер тексеруден өтпесе «Тексеруден өткен жоқ» деген статусқа өзгертеді.

Егер өтінімнің статусы «Тексеруден өткен жоқ» деп өзгертілсе, Жүйе өнім берушінің жеке кабинетіне тексеруден өтпегені туралы хабарлама жібереді.

Баға ұсынысының жобасын жою үшін   Image Added     пиктограммасын пайдалану керек.

Назар аударыңыз! Қорытынды хаттама қалыптастырылғаннан кейін қорытынды бағасы төмен болған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.