| Table of Contents |
|---|
Баға ұсыныстарын сұрату» тәсілімен сатып алуға қатысу
...
Өз өтінімдерін іздеу және қарау
«Менің өтінімдерім» бетіне өту үшін «Жұмыс кабинеті» бөліміндегі «Менің өтінімдерім» мәзірінің тармағын пайдалану қажет.
«Менің өтінімдерім» бөлімі өнім берушінің өтінімдерімен жұмыс істеуге арналған және мынадай үлгіде кесте түрінде көрінеді:
Өтінімдер төмендегідей мәртебелерге ие:
...
Аяқталды - оларды сатып алу бойынша өтінім аяқталғаны берілді, қорытындылары жасалды.
...
Өтінім беру
«Өнім беруші» рөлді пайдаланушымен хабарландыруларды іздеу және қарап шығу үшін «Жұмыс кабинеті» - «Хабарландыруларды іздеу» бөліміне өту қажет.
Жүйе келесідей нысанды бейнелейді. Іздеуді фильтрлер жинағы көмегімен іске асыруға болады. Фильтрлерді бейнелеу үшін «Іздеуді көрсету» батырмасын басу қажет.
Хабарландыруды ашу үшін, хабарландыру атауы бар сілтемені басқанда, жүйе хабарландыруды қарап шығу нысанын бейнелейді.
Техникалық ерекшелігі мен шарт жобасын қарап шығу үшін «Құжаттар» қосымша бетіне өтіп, «Өту» батырмасын басу қажет:
Тіркелген файлдар кестесінде хабарландыру шартының техникалық ерекшелігімен және жобасымен танысу қажет.
«Лоттар» қосымша бетінде жүйе сатып алудағы барлық лоттарды көрсетеді. Лот бойынша ақпаратпен танысу үшін лот нөмірінің белсенді сілтемесіне басу қажет.
Бұдан әрі лоттың деректері бар терезе көрсетіледі. Өтінімді беру үшін терезенің сол жақ төменгі бұрышындағы «Бағаны беру» батырмасына басуыңыз керек:
Әлеуетті өнім берушінің баға ұсыныстарын беру терезесі мынадай үлгіде көрінеді:
«ЖСК, Банк» жолында банк шотың көрсетуіңіз қажет. «Шотты таңдау» батырмасына басқан кезде жүйе ұйымның белсенді шоттарын көрсетеді, онда шот нөмірінің сілтемесіне басып, керекті шотты көрсетуіңіз қажет.
Бұдан әрі бір бірлігі үшін бағасын енгізуіңіз қажет. Жүйе автоматты түрде жалпы жиынтық сомасының шотын жүргізеді:
Назар аударыңыз! Баға ұсынысын берген кезде он сандық нысанда бір бірлігі үшін бағасын көрсету бүтін саннан кейін нүкте қою арқылы жүзеге асырылады, мысалы: 500.88.
«Тауар» сатып алу мәнінің түрі үшін келесі жолдарды толтыру қажет:
«Дайындаушы зауыт» - пайдаланушы қолмен толтырады.
«Шығарған елі» - елдер анықтамалығынан таңдалынады.
«Тауар атауы» - пайдаланушы қолмен толтырады.
Барлық міндетті жолдарды толтырғаннан кейін «Қол қою және жіберу» батырмасына басу қажет, жүйе келесі жолдарды бейнелейді..
Бір бірлігі үшін бағасына барлық шығындары қосылатынын, Сіз шарттың жобасымен танысып, және оның елеулі талаптарын қабылдауыңызды, өнім берушінің өтініміндегі деректерді растайтыныңызды орындау қажет.
«Растаймын» батырмасын басқанда, өтінім «Жұмыс кабинеті» - «Менің өтінімдерім» бөлімінде «Жоба» мәртебесіне ие болып, сақталады.
Баға ұсынысының жобасын жою үшін пиктограмманы пайдалану керек.
«Растаймын» батырмасына басқаннан кейін өтінімге қол қою рәсімін жүргізу қажет.
Назар аударыңыз! Баға ұсынысына қол қою алдында енгізілген деректердің дұрыстығын мұқият тексеріңіз. Баға ұсынысын жібергеннен кейін, берілген баға қарау үшін қолжетімді болмайды.
Баға ұсынысына сәтті қол қойғаннан кейін Сіздің өтініміңіз «Берілді» мәртебемен «Жұмыс кабинеті» бөліміндегі «Менің өтінімдерім» кіші бөлімінде көрсетіледі.
1.1.3. Өтінімді кері қайтару
Егер берілген өтінімді кері қайтару қажет болған жағдайда, өтінімдерді қабылдауды аяқтау күні басталғанға дейін «Өтінімді кері қайтару» функционалы қолжетімді болады.
Ол үшін «Жұмыс кабинеті» - Менің өтінімдерім» бөліміндегі өтінімдерді қарау нысанында талап етілетін өтінімді табу және кері қайтару пиктограммасына басу керек.
Пиктограммаға басқан кезде жүйе іс-әрекетті растау қажеттілігімен қалқыма терезені шығарады.
«Иә» батырмасына басқан кезде жүйе өтінімді кері қайтарады және өтінімге «Кері қайтарылды» мәртебесі беріледі.
Тұрғын үйді сатып алуға қатысуға, егер «Жарияланды (өтінімдерді қабылдау)» хабарландыру мен лоттың (тардың) мәртебесі және өтінімдерді қабылдау мерзімі өтпеген болса, «Өнім беруші» рөлімен кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға ғана қатыса алады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер «Аяқталды» мәртебелі хабарландыруда барлық лоттар бойынша толықтай немесе жартылай сатып алудан бас тартылған жағдайда, жүйе сатып алуды ескере отырып, қорытындылар хаттамасының барлық нұсқаларын бейнелейді. Бұл кезде жүйе бас тартуынсыз ақпаратпен, хаттаманың бірінші нұсқасын, сонымен қатар бас тарту ақпаратымен екінші хаттаманы бейнелейді. Хаттаманың барлық нұсқаларын бейнелеу барлық сатып алу тәсілдеріне қатысты.
Бас тарту ақпаратынсыз алдындағы қорытындылар хаттамасы «Заңды күші жоқ» мәртебеге ие болады.
...
Тексеру мынадай жағдайларда белгіленген:
- егер бас ұйымнан өтінім берілсе және бас ұйымның филиалы өтінімді жасамақ болса;
- егер филиалдан өтінім берілсе және осы филиалдың бас ұйымы өтінімді жасамақ болса;
- егер филиалдан өтінім берілсе және осындай бас ұйыммен филиал өтінімді жасамақ болса.
Тексеру өтпейтін болған жағдайда, Жүйе келесі қадамға өту мүмкіндігінсіз қатенің мәтін көрсетеді.
Әлеуетті өнім берушінің баға ұсыныстарын беру терезесі мынадай үлгіде көрінеді:









