...
Сатып алу- Хабарландыруларды іздеу.
Сатып алуды іздеу үшін көпшілікке қолжетімді «Сатып алу» - «Хабарландыруларды іздеу» тарауына өту қажет.
«Хабарландыруларды іздеу» тарауында сүзгінің көмегімен ұйымдастырушының БСН-і, хабарландыру атауы, сатып алу тәсілі және т.б. бойынша хабарландыруды іздеуді пайдалануға болады. Бұл үшін іздеу параметрлерін көрсету және «Табу» батырмасын басу қажет.
Іздеу параметрлеріне сәйкес хабарландырулар тізімі көрсетіледі.
Хабарландыруды қараған кезде мынадай деректер көрсетіледі:
- Жалпы мәліметтер;
- Лоттар;
- Құжаттама;
- Хаттамалар;
- Жеңімпаздар туралы ақпарат;
- Шарттар.
«Статистика» батырмасын басқан кезде сатып алу тәсілдері бөлісінде хабарландырулар бойынша ақпараты бар кесте «Шарттар бойынша статистика» графигі көрсетіледі.
...
Жүйе кемуі бойынша (көбінен азына қарай) таңдалған сұрыптауға байланысты үздік Тапсырыс берушілерді / Өнім берушілерді қалыптастырады.
Есептілік әкімшілері бөлінісінде ТОП-бұзушыларды (ұйымдастырушыларды) қалыптастыру
«Есептілік әкімшілері бөлінісінде ТОП-бұзушыларды (ұйымдастырушыларды)» қалыптастыру үшін «Тізілімдер» - «Шағымдар» тарауында порталдың бас бетіне өтіп, «ТОП-ұйымдастырушылар» дегенді таңдау қажет.
Тізімді қалыптастыру үшін мынадай параметрлерді пайдалануға болады:
- Шағымдарды беру күні бастап;
- Шағымдарды беру күні қоса есептегенде;
- Ұйымдастырушының БСН.
Жүйе берілген параметрлер бойынша есептілік әкімшілері бөлінісінде орталық үкімет органдары мен жергілікті атқарушы органдар бойынша «ТОП-бұзушылар (ұйымдастырушылар)» тізімін қалыптастырады. Бірінші деңгейлі есептілік әкімшілері бөлінісіндегі Ұйымдастырушылар көрсетіледі.
Иерархияға сәйкес ведомстволық қарасты ұйымдар болған жағдайда, Ұйым атауында гиперсілтеме қамтылған. Сілтеме бойынша жүрген кезде таңдалған Ұйымдастырушының ведомстволық қарасты ұйымдарының ТОП-бұзушылары көрсетіледі.
Ұйымдастырушының ведомстволық қарасты ұйымы болмаған жағдайда, онда осы Ұйымдастырушы бойынша «шағымдар саны» жолағында гиперсілтеме қамтылған, оны басқан кезде осы Ұйымдастырушыға өнім берушілер берген шағымдар көрсетіледі.
Барлық бағандар бойынша көбінен азына қарай және керісінше мәндерді сұрыптау қолжетімді.
ТОП-бұзушыларды (өнім берушілерді) қалыптастыру
«ТОП-бұзушыларды (өнім берушілерді)» қалыптастыру үшін «Тізілімдер» - «Шағымдар» тарауында порталдың бас бетіне өтіп» «ТОП өнім берушілер» дегенді таңдау қажет.
Тізімді қалыптастыру үшін мынадай параметрлерді пайдалануға болады:
- Шағымдарды беру күні бастап;
- Шағымдарды беру күні қоса есептегенде;
- Өнім берушінің БСН.
Жүйе берілген параметрлер бойынша есептілік әкімшілері бөлінісінде «ТОП-бұзушылар (өнім берушілер)» тізімін қалыптастырады.
«Шағымдар саны» жолында гиперсілтеме қамтылған, оны басқан кезде өнім берушілер берген шағымдар көрсетіледі.
Барлық бағандар бойынша көбінен азына қарай және керісінше мәндерді сұрыптау қолжетімді.




