Versions Compared

Key

  • This line was added.
  • This line was removed.
  • Formatting was changed.

1.Рөлдерді тағайындау

Назар аударыңыз!  «Шағымдарды қарау» кабинетін көрсету үшін «Шағымдар бойынша менеджер», «Шағымдар бойынша орындаушы», «Шағымдар бойынша бақылаушы» рөлдерін тағайындау қажет. Ол үшін веб-порталда пайдаланушыдан «Ұйымдастырушы әкімші» рөлімен авторландырылып, одан әрі «Ұйым қызметкерлері» қойындысына өтіп, тиісті рөлдерді тағайындау қажет қызметкерден «Өкілеттіктерді редакциялау» түймесін басу қажет.

2. Шағымдарды қаралымға жіберу

Назараударыңыз! Шағымды қаралымға жіберуді пайдаланушы «Шағымдар бойынша менеджер» рөлімен «Шағымдарды қарау» - «Шағымдарды қарауға жіберу» кабинеті арқылы жүргізеді

Шағымды қарауға жіберу үшін чекбокста құсбелгі қою, содан кейін «Орындаушыны таңдау» түймесін басу қажет.

Назараударыңыз! Бір хабарландыру бойынша берілген барлық шағымдар бойынша Жүйе бір орындаушыны таңдауға мүмкіндік береді. 

«Орындаушыны таңдау» түймесін басқан кезде жүйе «Шағымдар бойынша орындаушы» рөлімен ұйым қызметкерлерін көрсетеді.

Орындаушыны таңдағаннан кейін «Сақтау» түймесін басу керек. Жүйе шағымның мәртебесін  «Берілген» күйден «Қарауда» күйіне ауыстырады.

3. Шағымдарды қарау

Назараударыңыз! Шағымдарды қарауды пайдаланушы «Шағымдар бойынша орындаушы» рөлімен «Шағымдарды қарау» - «Шағымдар»-«Қараудағы шағымдар» кабинеті арқылы жүргізеді. 

Шағымды қарау үшін шағым нөмірін басу керек, содан кейін Жүйе жаңа қойындыда « ...хабарландыру бойынша ...  шағымды қарау».

« ...хабарландыру бойынша №...  шағымды қарау» нысанында Жүйе «Шағым туралы мәліметтер» және «Шағымды қарау нәтижелері» қойындыларын көрсетеді.

Шешімді орналастыру үшін «Шағымды қарау нәтижелері» қойындысына өту керек

  1. Шағым бойынша шешім файлын «Шағымды қарау нәтижесі» терезесіне тіркеу қажет.
  2. Шағымдағы мәліметтер бойынша лоттар бойынша шешімді таңдау. Жүйе таңдау үшін лот бойынша шешімді көрсетеді: «Қаралды - қанағаттандырылды/ Қаралды-бас тартылды».
  3. «Сақтау» түймесін басу. Әрі қарай Жүйе шағым бойынша шешімді көрсетеді: «Қаралды-толық қанағаттандырылды/ Қаралды-ішінара қанағаттандырылды/ Қаралды-бас тартылды».


Шағым бойынша шешімді сақтағаннан кейін Жүйе таңдау үшін Үйлестірушіні көрсетеді, «Таңдау» түймесін басқан кездежүйе «Шағымдар бойынша менеджер» рөлімен қызметкерлерді көрсетеді.

Шағым бойынша шешімді келісуге жіберу үшін «Келісуге жіберу» түймесін басу қажет. Жүйе шешім мәртебесін «Жоба»- дан «Келісуде»-ге ауыстырады.


4. Шағым бойынша шешімді келісу

Назараударыңыз!  Шағым бойынша шешімді келісуді  «Шағымдар жөніндегі менеджер» рөлі бар шешім келісуге жіберілген пайдаланушы жүргізеді.

Шешімді келісу үшін «Шағымдарды қарау» - «Шағымдар» - «Шағымдар бойынша шешімдер келісуде» кабинетіне өту қажет. Әрі қарай, шағым нөмірін басқан кезде Жүйе жаңа қойындыда «№... хабарландыру бойынша № ... шағымды қарау»нысанын көрсетеді, «Шағымды қарау нәтижелері» қойындысына өту керек. 

Жүйе «Келісу» және «Қабылдамау» түймелерін көрсетеді. Қабылдамаған жағдайда «Қабылдамау себебі» өрісін толтырып, «Қабылдамау»түймесін басу керек. Әрі қарай  Жүйе шешім күйін  «Келісуде»-ден «Қабылданбады» -ға өзгертеді және орындаушыда шағым бойынша шешімді редакциялау үшін «Редакциялау» түймесін көрсетеді

«Келісу» түймесін басқан кезде Жүйе шағым бойынша шешімді бекітушіні таңдау үшін «Шағымдар бойынша бақылаушы» рөлімен бекітушіні көрсетеді. Шағым бойынша шешімді бекітуге жіберу үшін «Бекітуге жіберу» түймесін басу қажет, бұдан әрі Жүйе шешімнің мәртебесін «Келісілді»-ден «Бекітуде»-ге ауыстырады.

5. Шағым бойынша шешімді бекіту

Назараударыңыз! Шағым бойынша шешімді бекітуді «Шағымдар бойынша бақылаушы» рөлі бар шешімді бекітуге жіберілген пайдаланушы жүргізеді.

Шешімді бекіту үшін «Шағымдарды қарау» - «Шағымдар»- «Шағымдар бойынша шешімдер бекітуде» кабинетіне өту қажет. Әрі қарай, шағым нөмірін басқан кезде жүйе жаңа қойындыда  «№... хабарландыру бойынша № ... шағымды қарау» нысанын көрсетеді, «Шағымды қарау нәтижелері» қойындысына өту керек.

Жүйе «Келісу» және «Қабылдамау» түймелерін көрсетеді. Қабылдамаған жағдайында «Қабылдамау себебі» өрісін толтырып, «Қабылдамау» түймесін басу керек. Әрі қарай  Жүйе шешім күйін  «Келісуде»-ден «Қабылданбады» -ға өзгертеді және орындаушыда шағым бойынша шешімді редакциялау үшін «Редакциялау» түймесін көрсетеді

 «Бекіту» түймесін басқан кезде ЭЦҚ-кілт арқылы шешімге қол қою қажет. Әрі қарай Жүйе шағым бойынша шешімнің мәртебесін «Бекітуде» -ден «Бекітілді»-ге ауыстырады. 

6. Шағым бойынша шешімді жеткізушіге жіберу

Назар аударыңыз!   Шағым бойынша шешімді Өнім берушіге жіберуді «Шағым бойынша орындаушы» рөлі бар шағымды қарауға жіберілген пайдаланушы жүргізеді

Егер шешімнің мәртебесі «Бекітілді» болса, Жүйе «Өнім берушіге жіберу»  түймесін көрсетеді. «Өнім берушіге жіберу» түймесін басқан кезде Жүйе шағымның мәртебесін «Қаралуда» дегеннен қабылданған шешімге сәйкес күйіне ауыстырады, өнім берушінің жеке кабинетіне «Құрметті {шағым берген өнім берушінің аты-жөні, осы хабарламамен шағымыңызға {шағымның №} жауап орналастырылғанын назарыңызға жеткіземіз» мәтінімен хабарлама жібереді.

7. Шарт жасасуды тоқтата тұруды аяқтау

Назараударыңыз!  «Шарт жасасуды тоқтата тұруды аяқтау» түймесі пайдаланушыға «Шағымдар бойынша орындаушы» рөлімен қолжетімді болады, егер оған хабарландыру бойынша шағымдар келесі жағдайларда жіберілген болса

  1. Шағым берудің аяқталу мерзімі 3 жұмыс күнінен өтіп кетсе
  2. Хабарландыру бойынша берілген барлық шағымдар бойынша қабылданған шешімдер болса.

«Шарт жасасуды тоқтата тұруды аяқтау» түймесін басқан кезде Жүйе әрекетті растау үшін терезені көрсетеді. 

Назараударыңыз!  Бұдан әрі расталғаннан кейін, егер кем дегенде бір лотқа «Қаралды қанағаттандырылды» мәртебесі бар шешім болған жағдайда, жүйе хабарландыру мен лот мәртебесін  «Шағымдануда» күйінен «Қорытындыларды қайта қарау туралы шешім қабылданды» -ға  ауыстырады және лот бойынша шарт жасау жөніндегі іс-қимылдарды бұғаттайды

Егер барлық лоттар бойынша «Қаралды - бас тартылды» мәртебесі бар шешім болса, онда Жүйе хабарландыру мәртебесін «Аяқталды»-ға және лоттар мәртебесін алдыңғыға ауыстырады