Versions Compared

Key

  • This line was added.
  • This line was removed.
  • Formatting was changed.

Төмендегі тәсілдер бойынша сатып алуға қатысуға өтінім құрған кезде :

­      «Ашық конкурс »;

­      «Аукцион»;

­      «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу»;

­      «Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден алу» (ашық конкурстан немесе аукционнан);

­      «Тұрғын үй-жай сатып алу».

Жүйе:

а) Әлеуетті өнім беруші жеке кәсіпкер болып табылған жағдайда (ӘАОК= Дара (жеке) кәсіпкерлік), әлеуетті өнім берушінің басшысының құқықтық іс-әрекетке қабылеттілігі туралы деректерді алуға «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – «ЖТ» МДҚ);     

б) Әлеуетті өнім берушінің (басшы мен өтінімді құрушының) жақын туыстары, жұбайлары туралы деректерді алуға «ЖТ» МДҚ-ға; 

в) әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғалары туралы деректерді алуға «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – «ЗТ» МДҚ) сауал жолдайды.   

Назар аударыңыз! Үлестестікті тексеру  «Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден алу» (ашық конкурстан немесе аукционнан) тәсілі бойынша орындалмайды.

 

Жүйе сұратқан мәліметтер туралы ақпарат құжаттарды қоса тіркеу қадламында көрсетіледі. Жіберілген сауалға «Өңдеуге жіберілді» мәртебесі беріледі.     

Ескертпе – сауалды өңдеу 5-10 минут ішінде жүзеге асырылады. Мәлімет таңдалған хабарландырудың өтінімдерін қабылдау аяқталғанға дейін жарамды. 

 

Назар аударыңыз! Сауал өңделгеннен кейін, сауал мәртебесі сәтті өңделген жағдайда «Өңделді» деп өзгереді, жүйе жауапты алу күні мен уақытын тіркейді. 

Мәліметтерді алу процесінде қателік туындаған жағдайда, сауалдың мәртебесі «Қате» деп өзгертіледі, Жүйе «ЖТ» МДҚ/»ЗТ» МДҚ-ға қайтадан сауал жібереді. 

Бұдан әрі қадамға өткен кезде құжаттарды қоса тіркеу нысанында Жүйе сауал мәртебесін тексеруді жүзеге асырады. Жүйе мәлімет өңделмесе немесе жауап қатемен келсе, одан арғы қадамға өтуге мүмкіндік бермейді. 

Сауал мәртебесі «Өңделді» болған жағдайда, Жүйе келесі қадамға өтуге мүмкіндік береді және «Өтінімді алдын ала қарау» қадамында «Өтінім беру» батырмасын басқан кезде тексеруді жүзеге асырады : 

 

а) Әлеуетті өнім беруші жеке кәсіпкер болып табылған жағдайда (ӘАОК= Дара (жеке) кәсіпкерлік),  әлеуетті өнім берушінің басшысының құқықтық іс-әрекетке қабылеттілігі мәртебесіне;   

Назар аударыңыз! Әлеуетті өнім берушінің басшысының құқықтық іс-әрекетке қабылеттілігі мәртебесі  «ЖТ» МДҚ деректеріне сәйкес «Құқықтық іс-әрекетке қабылетсіз» мәртебесіне сәйкес келсе, Жүйе өтінім беруді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді; 

б) комиссия мүшелері, тапсырыс беруші мен ұйымлдастырушының өкілдері құрамында әлеуетті өнім берушінің (басшы мен өтінімді құрушының) жақын туыстары, жұбайлары болуына;

Назар аударыңыз! Комиссия мүшелері, тапсырыс беруші мен ұйымлдастырушының өкілдері құрамында  әлеуетті өнім берушінің жақын туыстары болған жағдайда, Жүйе өтінім беруді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді; 

Назар аударыңыз! Комиссия мүшелерінің хатшысы ауысқан кезде комиссия мүшелері құрамында сатып алуға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілердің (басшы мен өтінімді құрушының) жақын туыстары  жұбайы  (жұбайлары)  болуын тексеруді жүзеге асырады.

в) осы сатып алуға қатысуға өтінім берген басқа өнім берушілермен үлестестік болуына.

Назар аударыңыз! Осы сатып алуға қатысуға өтінім берген басқа өнім берушілермен әлеуетті өнім берушінің үлестестігі болған жағдайда, Жүйе өтінім беруді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді:

- егер сатып алуға қатысушылар арасында әлеуетті өнім берушінің құрылтайшылары болатын болса, әлеуетті өнім беруші құрылтайшысының БСН өзге де сатып алуға қатысушыларың БСН-на тең болмаған жағдайда;
- егер әлеуетті өнім беруші қандай да болмасын қатысушының құрылтайшысы болса. Әлеуетті өнім берушінің БСН басқа да сатып алуға қатысушы құрылтайшылардың БСН-на тең болмаған жағдайда;
- егер әлеуетті өнім беруші мен басқа да қатысушыларда бірдей құрылтайшы болса. Әлеуетті өнім беруші құрылтайшысының БСН басқа да сатып алуға қатысушы құрылтайшылардың БСН-на тең болмаған жағдайда;
- егер әлеуетті өнім берушінің басшысы басқа қатысушының басшысы, не құрылтайшысы болып табылған жағдайда;
- егер құрылтайшы (жеке тұлға) басқа қатысушылардың басшысы немесе құрылтайшысы болған жағдайда өтінім ұсынуды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.