Дерево страниц

Сравнение версий

Ключ

  • Эта строка добавлена.
  • Эта строка удалена.
  • Изменено форматирование.

...

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1200 қаулысымен
бекітілген


 Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары


       Осы Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 50-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлау

      1. Ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алу (бұдан әрі – мемлекеттік сатып алу) мыналарды:

...

      Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) әзірлеу Заңға сәйкес жүзеге асырылады және оны тапсырыс берушінің бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам бекітеді.

2. Жалпы ережелер

      4. Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға ретінде әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны, сондай-ақ алда болатын мемлекеттік сатып алуда өзінің мүдделерін білдіретін лауазымды адамын айқындайды.

...

      2) бiрлескен шаруашылық қызмет туралы шартта көзделген қызмет бөлiгiнде тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету құқығына арналған тиiстi лицензиялардың нотариат куәландырған көшірмелерін не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияларды беруге тиіс.

3. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері

      9. Мемлекеттік сатып алу мынадай:

...

      Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін осы Қағидаларға сәйкес айқындайды.

4. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу

      10. Конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу конкурстық құжаттаманың мәтіндерін конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуы туралы хабарламаны, конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашудың қол қойылған хаттамаларын, конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу туралы, жіберу туралы және конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаларды тапсырыс берушілердің интернет-ресурсында және мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырмай жүзеге асырылады.

...

      2) енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді және (немесе) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтаруға міндетті.

1. Конкурстық құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту

       13. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізудің талаптары мен тәртібін айқындау үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес үлгілік конкурстық құжаттама негізінде қазақ және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманы әзірлейді.

...

      Тауар жеткізілетін орын кемінде бесеу болған жағдайда, конкурс тәсілімен өткізілетін лотта тауар жеткізілетін бірнеше орынды көрсетуге жол беріледі.

2. Конкурстық комиссияны, сарапшыны (сараптау комиссиясын) бекіту

      17. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін орындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әрбір конкурсқа жеке конкурстық комиссия құрады және конкурстық комиссияның хатшысын айқындайды.

...

      27. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу басталғанға дейін конкурстық комиссияның мүшелері, конкурстық комиссияның хатшысы, сондай-ақ сарапшы (сараптау комиссиясы) бекітілген конкурстық құжаттамамен және оған қосымшалармен танысуға тиіс.

3. Әлеуетті өнім берушілердің тізімін бекіту

      28. Жабық рәсімдерді қолдана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер тізіміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің атына мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама жібереді.

...

      Азық-түлік тауарларын және тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тапсырыс беруші конкурсқа қатысуға шақырылатын әлеуетті өнім берушілердің тізімін отандық тауар өндірушілер және/немесе отандық кәсіпкерлер қатарынан қалыптастырады.

4. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы әлеуетті өнім берушілерді хабардар ету

      31. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтiнiм беруінің соңғы күніне дейiн кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн қалғанда:

...

       32. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

5. Әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманың көшірмесін беру

      33. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарланған күннен бастап мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлi, ал тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тараптан әрекет еткен жағдайда – конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық құжаттаманың қағаз жеткізгіштегі көшiрмесiн әлеуеттi өнiм берушiге (оның уәкiлеттi өкiлiне) әлеуетті өнім беруші жүгінген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей береді (жібереді).

...

      37. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама жарияланғанға дейін конкурстық құжаттаманың көшірмесін беруге жол берілмейді.

6. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру

      38. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді, конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру жөнінде кездесулер ұйымдастыруды, түсіндіру мәтіндерін жіберуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүргізеді.

...

      40. Егер конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесу конкурстық құжаттамада белгіленген кездесу өтетін күн мен уақытта әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің келмеуі себебінен өтпеген болса, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрсетілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияға осындай факт туралы жазбаша хабарлайды.

7. Конкурсқа қатысуға өтінімдердің мазмұны және оларды ұсыну

      41. Конкурсқа қатысуға өтінім әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада белгіленген талаптар мен шарттарға келісімін, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің өзі туралы Заңның 6-бабында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулерге сәйкестігін растайтын мәліметтерді алуға келісімін білдіру нысаны болып табылады.

...

      Конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін оларға ешқандай өзгерістер енгізілмеуге тиіс.

8. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету

      54. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін конкурсқа (лотқа) бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде әлеуетті өнім беруші енгізеді. Әлеуетті өнім беруші конкурстық өтінім берілетін лоттарға ғана конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді.

...

      5) әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң қолданылу мерзiмi өткен жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қайтарылады.

9. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу

      60. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды конкурстық құжаттамада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен күні, уақытта және орында конкурстық комиссияның қарапайым көпшілігінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің қатысуымен жүргізеді.

...

      68. Көрсетілген хаттаманың көшірмесі конкурстық комиссияның отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілерге немесе конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі отырысына қатысқан олардың уәкілетті өкілдеріне, ал болмағандарға – олардың жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау салу алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде беріледі.

10. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысуға рұқсат беру

      69. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру не рұқсат беру туралы шешім қабылдайды (техникалық сипаттамалары мен ерекшелігі күрделі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді күрделі мемлекеттік сатып алу жүргізілген жағдайда, мұндай өтінімдер конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде қаралады).

...

      89. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияның хатшысы көрсетілген хаттама көшірмелерінің конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде жіберілуін қамтамасыз етеді.

11. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру (конкурс)

      90. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім беруші (конкурсқа қатысушы) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген мерзімнен кешіктірмей мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсынысы салынған конвертті береді.

...

      98. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің бәріне конкурстың қорытындылары туралы хабарлама жіберуге міндетті.

12. Айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшеріне дейінгі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу

      99. Егер белгілі бір тауарды не белгілі бір жұмысты, көрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемі құндық мәнінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаса, онда конкурс мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

...

      102-1. Әлеуетті өнім берушінің объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптау жөніндегі жұмысқа арналған конкурсқа қатысуға өтінімінің бағасы уәкілетті орган бекіткен Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларына сәйкес белгіленген бағадан төмен болмауға тиіс.

13. Конкурстық өтінімнің демпингтік бағасын айқындау тәртібі

      101. Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстарға арналған конкурсқа қатысуға өтiнiмінiң бағасы техникалық-экономикалық негiздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшiн) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген бағадан он пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады.

...

      104-1. Конкурстық өтінімнің демпингтік бағасын айқындау тәртібі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшеріне дейін мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайларға қолданылмайды.

14. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп тануға негіздемелер

      105. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды мынадай жағдайларда:

...

      2) конкурсқа қатысуға екіден аз өтінімнің ұсынылуы. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге жіберіледі. Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға арналған өтінімде көрсетілген конкурстық баға ұсынысынан аспауға тиіс.

15. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері

       106-1. Заңның 39-бабы 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі – Қарулы Күштер) жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін өнім берушіні таңдау өлшемшарттарын қолдана отырып, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер қолданады.

...

      106-11. Қағидалардың осы кіші бөлімінде өзгеше көзделмесе, Қарулы Күштердің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі Заңға және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

5. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу

      107. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші Заңның 39-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында және 3-тармағында белгіленген жағдайларда қабылдайды.

...

      4) әлеуетті өнім беруші техникалық, сапалық және функционалдық сипаттамалары неғұрлым үздік техникалық ерекшелікті ұсынған жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынған жағдайларда өтпеді деп танылады.

6. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт

1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу

      118. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындысы шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес үлгі шартқа сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының екі данасын өнім берушіге жібереді, оған тапсырыс беруші қол қоюға және тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі әр парағын дәйектеуге тиіс.

...

      131. Тапсырыс берушілер дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі және өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген акционерлік қоғамдармен және шаруашылық серіктестіктермен олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге шарт жасасқан жағдайда, мұндай акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктер сатып алуды осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.

2. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау

      132. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезінде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы, саны, сапасы, техникалық ерекшелігі, құны, оларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) орны мен мерзімдері мемлекеттік сатып алу туралы шарттың мазмұнына сәйкес болуға тиіс.

      133. Тапсырыс беруші мен өнім беруші көрсетілген шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық орындаған жағдайда шарт орындалған болып есептеледі.


Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша


Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың _______ жылға арналған жылдық жоспары/Тауарларды,

...

      ** 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер соманы ҚҚС есепке алмай көрсетеді. Бұл талап 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алуға тапсырыс берушілер болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар мен дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар немесе олармен үлестес заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.



Ерекше тәртіпті қолдана отырып,
 мемлекеттік сатып алуды  жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша


Бекітемін:

      ________________________________

...

      2) мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруы арқылы келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.


Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымша

 

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі

...

      М.О.                                М.О.


Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымша

 

Сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) техникалық ерекшелігі (әрбір лотқа жеке беріледі)

...

      Көрсетілу сапасы осындай қызметтерді тікелей көрсететін қызметкердің біліктілігіне байланысты қызметтер сатып алынған жағдайда, техникалық ерекшелікте жұмыскерге қойылатын, оған жүктелетін міндеттерді орындау үшін қажетті оның кәсіптік даярлық деңгейі мен бейінін, жұмыс өтілін айқындайтын талаптардың сипаты беріледі.


Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымша

 


Сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігі (әлеуетті өнім беруші әрбір лотқа бөлек ұсынады)

...

      Бұл ретте техникалық ерекшелікте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеткізілетін тауарлардың техникалық регламенттерде, стандарттар ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттарды ұсыну туралы өнім берушілерге қойылатын талап қамтылуға тиіс.


Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4-қосымша



Сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекшеліктері

...

      Сондай-ақ, осы техникалық ерекшелікте мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы құрылыс алаңының, географиялық, инженерлік-геологиялық және басқа да ерекше табиғи жағдайлардың қысқаша сипатын, инфрақұрылым мен коммуникациялардың бар-жоғын, жергілікті ресурстардың сипатын, стандарттар мен техникалық нормативтер жүйесін береді және объектіні пайдалануға беруде қайшылықтарды болдырмайтын объектінің толық құрамын, аумақты инженерлік дайындауға, өндіріс технологиясы мен жабдықтауға, инженерлік қамтамасыз етуге, пайдаланылатын материалдар мен конструкцияларға, объектіні жарақтандыруға және т.б. талаптарды көрсетуге тиіс.

Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымша


 Конкурсқа қатысуға өтінім

...

      Толтырылған күні _______________

      М.О.

Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымша



Конкурсқа қатысуға өтінім

...

      Толтырылған күні ________________


Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымша



Біліктілігі туралы мәліметтер

...

      **Растаушы құжаттардың көшірмелерін ұсыну конкурстық құжаттамада көрсету көзделген мәліметтер бойынша ғана міндетті. Егер конкурстық құжаттамада тиісті материалдық және еңбек ресурстарын иелену бөлігінде талаптар көзделмесе, растау құжаттарының көшірмелері ұсынылмайды.


 

Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымша


Біліктілік туралы мәліметтер

...

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;



Үлгілік конкурстық құжаттамаға 9-қосымша


Біліктілік туралы мәліметтер

...

      ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі.


Үлгілік конкурстық құжаттамаға 10-қосымша


Банк кепілдігі 


      Банктің атауы:_______________________________________________

...

      Кепілгердің қолы мен мөрі                  Күні мен мекенжайы


 

Үлгілік конкурстық құжаттамаға 11-қосымша


Берешектің жоқ екені туралы анықтама

       Ескерту. 11-қосымша алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


Үлгілік конкурстық құжаттамаға 12-қосымша


Конкурста сатып алу нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету

...

      Бұл ретте қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беруіне тыйым салынады.


Үлгілік конкурстық құжаттамаға 13-қосымша


 

Әлеуеттi өнiм берушi бағаларының кестесi

...

      Ескертпе: "бағасы, барлығы" деген жолды конкурстық комиссия әлеуеттi өнiм берушiнiң барлық шығындарын ескере отырып айқындалған және қайта қарауға жатпайды деп қарайды.


Үлгілік конкурстық құжаттамаға 14-қосымша



Әлеуеттi өнiм берушi бағаларының кестесi ______________________________________________________ (әлеуетті өнім берушінің атауы) 

...

      2) мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруы арқылы келтірілген залалдарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.


Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 3-қосымша
  

Банк кепілдігі (мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету нысаны)

...

      Кепілгерлердің қолы/электронды-цифрлық, күні және мекенжайы, қолтаңбасы, мөрі (қағаз жеткізгіште) (Банктің (банк филиалының) атынан оның бірінші басшысы немесе оның орынбасары және банктің бас бухгалтері).


 

Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымша



Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт

...

      ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі.



 

Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 5-қосымша


Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт

...

      Осы Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт Тапсырыс берушінің жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруы процесінде Тапсырыс беруші мен Мердігер арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Осы шартты пайдалана отырып, Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде өзінің жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартының түпкілікті жобасын әзірлейді. Бұл ретте осы шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының, оның ішінде мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамасына, Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына, Өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтініміне және Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес болуға тиіс. Осы шартта курсивпен бөліп көрсетілген түсіндірулерді Тапсырыс беруші толтыруға тиіс.


Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 6-қосымша



Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт

...

      Бұл ретте осы шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының, оның ішінде мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамасына, Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына, Өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтініміне және Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес болуға тиіс. Осы шартта курсивпен бөліп көрсетілген түсіндірулерді Тапсырыс беруші толтыруға тиіс.


 

Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 7-қосымша


Конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаның нысаны

...

        (Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы мен байланыс телефоны көрсетіледі).


 

Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 8-қосымша



Конкурстық құжаттаманы түсіндіру жөнінде әлеуетті өнім берушілермен кездесу хаттамасы

...

      (олардың Т.А.Ә. (бар болса), байланыс телефондарын көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өзге де мамандарының мен әлеуетті өнім берушілермен кездесуде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны білдірген, тартылған сарапшылардың қолдары)


 

Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 9-қосымша



Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа

...

      Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының Т.А.Ә. (бар болса), қолдары.


Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 10-қосымша



Конкурсқа қатысуға рұқсат берудің алдын ала хаттамасы 

...

      Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін берудің соңғы күні мен уақыты: алдын ала рұқсат беру хаттамасына қол қойылған күннен бастап кемінде 7 жұмыс күні.


 

Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 11-қосымша



Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама

...

      Конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерiнiң және хатшысының қолдары.


Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 12-қосымша


_________________ сатып алу жөніндегі конкурс (конкурстың атауы) тәсілімен өткізілетін

...

      Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының қолдары.


Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 12-1-қосымша

       

___________________сатып алу жөніндегі Қарулы Күштердің (конкурстың атауы)

...

      Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының қолдары.


Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 13-қосымша



Бір көзден алу тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама

...

      оның міндетін атқарушы тұлғаның қолдары.


Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 14-қосымша



Көрсетілетін қызметтің өнім берушісін таңдау өлшемшарттары 

...