Дерево страниц

Сравнение версий

Ключ

  • Эта строка добавлена.
  • Эта строка удалена.
  • Изменено форматирование.

...

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 598 бұйрығымен бекітілген


Камералдық бақылау жүргізу қағидалары


1-тарау. Жалпы ережелер

       1. Осы Камералдық бақылау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылауды жүргізу тәртібін айқындайды.

...

      3. Камералдық бақылау жүргізудің мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.

2-тарау. Камералдық бақылау жүргізу тәртібі

       4. Камералдық бақылауды уәкілетті орган мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстырып тексеружолымен, сондай-ақ тәуекелдердi басқару жүйесiн қолдану нәтижелері бойынша Заңның 14-бабының 3-тармақшасы және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 5-тармақшасы негізінде Заңның 30-бабында және осы Қағидада белгіленген тәртіпте мемлекеттік аудит объектісіне бармай-ақ, тұрақты негізде жүргізеді.

...

      24. Уәкілетті орган камералдық бақылау нәтижелерін мемлекеттік құпия және Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнаманың талаптарын қамтамасыз ету ескеріле отырып, уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етеді.

3-тарау. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашық мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру

       25. Заңның 32-бабы 1-тармағына сәйкес хабарламаның белгіленген мерзімде орындалмауы мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен тоқтата тұруға әкеп соғады.

...

       32. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоты жабылған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банк немесе ұйым уәкілетті органға өкімді қайтарады.


Камералдық бақылау жүргізу қағидаларына 1-қосымша


Камералдық бақылау тәуекелдері бейіндерінің тізбесі

...

№ р/с

Камералдық бақылаудың тәуекел бейіндерінің атауы

Камералдық бақылаудың тәуекелдер бейіндер деректерін таңдау шарттары

Камералдық бақылаудың тәуекелдер бейіндерінің бұзушылықтары

1.

Ұйымдастырушының/тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасымен көзделмеген біліктілік талаптары мен шарттарын белгілеуі.

1. Конкурс (аукцион) тәсілімен жарияланған мемлекеттік сатып алулар.
2. Мемлекеттік сатып алудың мәні тауарлар, жұмыстар, қызметтер болып табылады.
3. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 9 және 21-баптарына қайшы Ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) біліктілік талаптары мен шарттарды көрсетуі.

Ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) келесі біліктілік талаптары мен шарттарын көрсетуі:
1) әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуларға қатысуын шектейтін және негізсіз күрделендіретін;
2) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттілігінен тікелей туындамайтын;
3) әлеуетті өнім берушілер санының шектелуіне әкеліп соғатын, оның ішінде - әлеуеттік өнім берушілерге қандай болмасын санмен өлшенбейтін және (немесе) әкімшілендірілмейтін талаптар белгілеу;
- тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері, фирмалық атаулары, патенттері, пайдалы модельдері, өнеркәсіп үлгілері, тауардың шығу орнының атауы және өндірушінің атауы, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, қызметтің жеке әлеуетті өнім берушіге тиесілігін анықтайтын өзге де сипаттамаларды көрсету;
- мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру принциптерін бұзу.
Заңның 9 және 21-баптарын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру принциптерін бұзу.

2.

Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау нәтижесі бойынша конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) тиісті ескертулер бола тұра, ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің Заң бұзушылықпен конкурстық құжаттаманы бекітуі.

1. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын қалыптастырылған, конкурс (аукцион) тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алулар.
2. Конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын алдын ала талқылау хаттамасында ескертулер болған.
3. Бекітілген конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) мемлекеттік сатып алу заңнамасының бұзылғаны анықталған. Бұзушылықтар конкурстық құжаттаманың жобасын (аукциондық құжаттамасын) алдын ала талқылау хаттамасында көрсетілген.

Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау нәтижесі бойынша конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) тиісті ескертулер бола тұра, ұйымдастырушы, тапсырыс беруші Заң бұзушылықпен конкурстық құжаттаманы бекіткен. Заңның 22-бабы 2-тармағының талаптарын бұза отырып, шешімдерді қабылдамау немесе қабылдау.

3.

Басқа әлеуетті өнім берушілер арасында тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінмемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ("Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабыныңталаптарын бұза отырып).

1. Мемлекеттік сатып алудың мәні тауарлар, жұмыстар,қызметтер болып табылады.
2. Заңның 51-бабының талаптарын сақтамай, басқа әлеуетті өнім берушілер арасында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.

Ұйымдастырушымен/тапсырыс берушімен басқа әлеуетті өнім берушілер арасында тауарлар, жұмыстар, қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ Заңның 51-бабының басқа да талаптарын сақтамау.

4.

Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында лоттарға бөлмеу.

1. Конкурс (аукцион) тәсілімен жарияланған мемлекеттік сатып алулар.
2. Заңның 20-бабында көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру барысында лоттарға бөлмеу.

Ұйымдастырушылар, тапсырыс берушілер Заңның 20 бабының талаптарын сақтамай, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру барысында лоттарға бөлмеген.

5.

Әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұза отырып,оның қабылданбауына әкеп соқтырған шешім қабылдау.

1. Қорытындылар туралы хаттама қалыптастырылған конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар.
2. Қорытындылар туралы хаттамаға сәйкес әлеуетті өнім берушілердің (өнім беруші) конкурстық өтінімдерін (аукциондық өтінімдер) біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес немесе сәйкес емес деп тану туралы комиссия шешімі.

Конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) Заңның 10, 27 және 33-баптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 150 және 344-тармақтарын Қағидаларға 4-қосымшаның 41-тармағын бұза отырып, әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) конкурсқа қатысуға өтінімдерін қабылдамауы.

6.

Әлеуетті өнім берушіге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып рұқсат беру туралы шешім қабылдау.

1. Қорытындылар туралы хаттама рәсімделген конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар.
2. Қорытындылар туралы хаттамаға сәйкес әлеуетті өнім берушілердің (өнім беруші) конкурстық өтінімдерін (аукциондық өтінімдерін) біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес деп тану туралы комиссия шешімі.

Конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) Заңның 10, 27 және 33-баптарын, сондай-ақ Қағилардың 150 және 344-тармақтарын және Қағидаларға 4-қосымшаның 41-тармағын бұза отырып, әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) конкурсқа қатысуға өтінімдеріне рұқсат беруі.

7.

Шартты жеңілдіктерді заңсыз қолдану немесе қолданбау.

1. Қорытындылар туралы хаттама қалыптастырылған конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар, бұл ретте олар өткізілген болып танылса.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес конкурстық комиссияныңөнім берушінің конкурстық баға ұсынысынаөлшемшарттардың салыстырмалы мәнін қолдануының негізділігі немесе қолданбауы.

Конкурстық комиссияның Заңның 21-бабының, сондай-ақ Қағиданың 153-166-тармақтарының талаптарын сақтамай, әлеуетті өнім берушіге шартты жеңілдіктерді заңсыз қолдануы немесе қолданбауы.

8.

Алдын ала рұқсат беру хаттамасында конкурстық өтінімдерді қайтарудың нақты себептерін көрсетпеу.

1. Алдын ала рұқсат беру хаттамасы қалыптастырылған конкурс (аукцион) тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар.
2. Қалыптастырылған және жарияланған алдын ала рұқсат беру хаттамасында мыналар болмайды:
1) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін қайтару себептерін нақты бейнелей отырып, оның ішінде олардың біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес еместігін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілердің тізбесі;
2) әлеуетті өнім берушіге веб-портал арқылы біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келтірілуі және ұсынылуы қажет құжаттар тізбесі.

Алдын ала рұқсат беру хаттамасында мыналар болмайды:
1) өтінімдерді қайтарудың себептерін нақты бейнелей отырып, оның ішінде олардың біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес еместігін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып;
2) әлеуетті өнім берушіге веб-портал арқылы біліктілік талаптарына және конкурстық/аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірілуі және ұсынылуы қажет құжаттар тізбесі, Заңның 27 және 33-баптары, сондай-ақ Қағидалардың 128, 326-тармақтары бұзылған.

9.

Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі он бес күнтізбелік күннен аз, сондай-ақ, тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, қызметтерді көрсетуге жұмсалатын мерзімнен аз.

1. Заңның 13-бабының 1-тармағымен көзделген тәсілмен өткізілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алулар.
2. Тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі он бес күнтізбелік күннен аз болып анықталған, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, қызметтерді көрсетуге жұмсалатын мерзімнен аз.

Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулар Заңның 43-бабының 22-тармағын бұза отырып өткізілген.

10.

Ұйымдастырылуы және өткізілуі орталықтандырылған мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысымен жүзеге асырылуы тиіс мемлекеттік сатып алулар.

Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушылар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерінде уәкілетті органмен айқындалатын белгіленген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді Заңның 8-бабына сәйкес.

Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушылар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерінде уәкілетті органмен айқындалатын белгіленген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді Заңның 8-бабына сәйкес.

11.

Баға ұсынысын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуы бойынша ақпаратты орналастыру тәртібін және мерзімдерін бұзу.

Баға ұсынысын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуларда веб порталда орналастырылған ақпарат толық емес және/немесе Заңының 38-бабы 1-тармағымен қарастырылған мерзімдері бұзылған.

Баға ұсынысын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуларда Заңының 38-бабы 1-тармағымен қарастырылған мерзімдері және тәртібі бұзылған.

12.

Баға ұсынысын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде лоттарға бөлінбеуі.

1. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алулар.
2. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру кезінде Заңның 5-бабымен көзделген жағдайларда лоттарға бөлінбеуі.

Ұйымдастырушымен (тапсырыс берушімен) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді баға ұсынысын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру кезінде Заңның 5-бабын бұза отырып лоттарға бөлінбеуі.

13.

Баға ұсынысын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде техникалық спецификациясында тауарлық белгілер, пайдалы модельдер және басқа сипаттамалары көрсетіледі.

1. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алулар.
2. Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер сипаттамасында тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері, фирмалық атаулары, патенттері, пайдалы модельдері, өнеркәсіп үлгілері, тауардың шығу орнының атауы және өндірушінің атауы, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, қызметтің жеке әлеуетті өнім берушіге тиесілігін анықтайтын өзге де сипаттамалары көрсетіледі.

Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер сипаттамасында Заңның 38-бабының 2-тармағын бұза отырып, тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері, фирмалық атаулары, патенттері, пайдалы модельдері, өнеркәсіп үлгілері, тауардың шығу орнының атауы және өндірушінің атауы, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, қызметтің жеке әлеуетті өнім берушіге тиесілігін анықтайтын өзге де сипаттамалары көрсетілген.

14.

Мемлекеттік сатып алудың тәсілі – мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілін заңсыз қолдану.

1. Мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар.
2. Бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шартты тікелей жасасу үшін негіз Заңның 39-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес келмейді.

Мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілін заңсыз таңдау және тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шартты Заңның 39-бабының 3-тармағын бұза отырып заңсыз жасасуы (соның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды заңсыз жасауы).

15.

Биржалық тауарлар тізбесіне кіретін тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәсілін заңсыз таңдау.

1. Тауарлық биржалар арқылы тәсілмен өткізілген мемлекеттік сатып алулар.
2. Биржалық тауарлар тізбесінде сатып алынатын тауарлардың болуы.

Биржалық тауарлар тізбесіне кіретін тауарларды мемлекеттік сатып алулар Заңның 42-бабын бұза отырып жүзеге асырылған.

16.

Әлеуетті өнім берушілерге өз өтінімдерін сәйкестендіруге құқық бермейтін негіздер бойынша олардың өтінімдерін заңсыз қайтару

1. Алдын ала рұқсат беру хаттамасы қалыптастырылған конкурс (аукцион) тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар.
2. Алдын ала рұқсат беру хаттамасына сәйкес конкурстық комиссия өтінімдерді сәйкестендіруге құқық бермей әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімін (аукциондық өтінімін) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтіні туралы шешім қабылдаған.

Конкурстық комиссия (аукциондық комиссия) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімін Заңның 27 және 33-баптарын, сондай-ақ Қағидалардың 137 және 333-тармақтарын бұза отырып кері қайтарған.

17.

Ұйымдастырушының техникалық спецификация орнына жабдықтардың (механизмдер, машиналар) және еңбек ресурстарының негізгі түрлерінің тізбесі болған кезде талқылау қорытындысы бойынша конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) өзгерту жағдайларында конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделмеген біліктілік талаптары мен шарттарын белгілеуі.

1. Конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасын алдын ала талқылау хаттамасы рәсімделген конкурс (аукцион) тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар.
2. Алдын ала талқылау хаттамасына сәйкес конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасына ескертулер бар.
3. Ұйымдастырушымен (тапсырыс берушімен) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) Заңның 9 және 21-баптарын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру принциптерін бұза отырып біліктілік талаптары мен шарттарын көрсетуі.

Ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) келесі біліктілік талаптары мен шарттарын көрсетуі:
1) әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуларға қатысуын шектейтін және негізсіз күрделендіретін;
2) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттілігінен тікелей туындамайтын;
3) әлеуетті өнім берушілер санының шектелуіне әкеліп соғатын, оның ішінде:
- әлеуеттік өнім берушілерге қандай болмасын санмен өлшенбейтін және (немесе) әкімшілендірілмейтін талаптар белгілеу;
- тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері, фирмалық атаулары, патенттері, пайдалы модельдері, өнеркәсіп үлгілері, тауардың шығу орнының атауы және өндірушінің атауы, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, қызметтің жеке әлеуетті өнім берушіге тиесілігін анықтайтын өзге де сипаттамаларды көрсету;
4) Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру принциптерін бұзу.
Заңның 9 және 21-баптарын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру принциптерін бұзу.

18.

Баға ұсынысын сұрату тәсілімен жылдық көлемі құндық түрде республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселік мөлшерінен асатын біркелкі тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу.

1. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар.
2. Сатып алу сомасы айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселік мөлшерінен асады.

Баға ұсынысын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар Заңның 37-бабының 1-тармағын бұза отырып жүзеге асырылған.

19.

Мемлекеттік сатып алу баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асырылған жағдайда заңсыз талаптар.

1. Жарияланған баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу.
2. Мемлекеттік сатып алудың нысанасы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер болып табылады.
3. Көрініс ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) Заңның 9-бабының 7-тармағын бұза отырып біліктілік талаптары мен шарттарын.

Мемлекеттік сатып алу баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асырылған жағдайда біліктілік талаптарын белгілеу.

20.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) уақтылы орналастыру.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын веб-порталда орналастыру күнін тиісті бюджетті (даму жоспарын) немесе жеке қаржыландыру жоспарын бекіту күнімен салыстыру.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таратылуы шектеулі ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) немесе мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырмау.

21.

Мемлекеттік сатып алу көлемінің сәйкестігі.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының көлемін тиісті бюджеттің (даму жоспарының) немесе жеке қаржыландыру жоспарының көлемдерімен салыстыру.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу талап етілетін экономикалық сыныптаманың ерекшеліктері (шығыстар баптары) бойынша жиынтықта бюджетке (даму жоспарына) немесе жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекіту (нақтылау).

22.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының мазмұны.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарларын) мониторингілеу және талдау.

Жобалау-сметалық құжаттамасы бар жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде тапсырыс беруші Заңның 5-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында):
1) қосылған құн салығын есепке алмай, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың отыз пайызы мөлшерінде алдын ала төлем (аванс) көрсетпеген;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырмаған.

23.

Мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарға енгізу

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарларын) мониторингілеу және талдау.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 31), 32) және 35) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді енгізу.

24.

Демпингтік бағасын есептеу заңсыз пайдалану/пайдаланбау

1. Жарияланған конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алуы.
2. Ұйымдастырушылармен конкурстық құжаттарда демпинг белгісін және демпингтік бағаны есептеу сомасын белгілемеуі немесе дұрыс емес белгілеуі

 Заңның 26-бапты және Қағидаларының 174, 174-1, 175, 175-1 және 176-тармақтарын бұзушылық

     

Камералдық бақылау жүргізу қағидаларына 2-қосымша



Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылаудың элементтері және бұзушылықтарды жою тәсілдері 

...

      * Егер хабарламаны тапсырғаннан кейін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда, осындай шартты бұзу жолымен бұзушылықтар жойылады (қорытындының күші жойылумен).


Камералдық бақылау жүргізу қағидаларына 3-қосымша


 Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама

...

       (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))                   (қолы)



 

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қосымша


       Менімен,_____________________________________________________________________

...

       Жоғарыдағылардың негізінде, анықталған бұзушылықтар қағиданың 2-қосымшасына сәйкес жойылуға жатады.


Камералдық бақылау жүргізу қағидаларына 4-қосымша

НЫСАН

     

       ____________________________________________________________________

...

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)


Камералдық бақылау жүргізу қағидаларына 5-қосымша

НЫСАН

      

_____________________________________________________

...

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (Электрондық цифрлық қолтаңба қолы)


Камералдық бақылау жүргізу қағидаларына 6-қосымша

НЫСАН


_________________________________________________________________________     

...