Дерево страниц

Сравнение версий

Ключ

  • Эта строка добавлена.
  • Эта строка удалена.
  • Изменено форматирование.

       "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 5-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

       1. Қоса беріліп отырған Біртекті түрлері және беру (орындау, көрсету) орны бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

       4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –                        
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі                                                                                                                                  Ә. Смайылов     

    


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2019 жылғы 1 наурыздағы
№ 159 бұйрығымен бекітілген


 Біртекті түрлері бойынша және оларды жеткізу (орындау, көрсету) орны бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді

лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі


№ р/с

Атауы


1. Тауарлар

1

 Кеңсе тауарлары

2

 Шаруашылық тауарлары

3

Жуу құралдары

4

Азы-түлік тағамдары

5

 Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар

6

Құрылыс материалдары

7

 Электр тауарлары

8

Сантехникалық тауарлар

9

Қосалқы бөлшектер

10

 Жеңіл өнеркәсіп тауарлары

11

Жиһаз өнімі


2. Қызметтер

1

 Күзет және өрт дабылы қызметтері

2

 Ғимаратқа техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер(үй-жайларды жинау және аумақты абаттандыру, жылыту жүйелерін тығыздау және жуу, электрмонтаждау және сантехникалық жұмыстар, ағаш ұстасы көрсететін қызметтер)

3

 Полиграфиялық қызметтер