Дерево страниц

Сравнение версий

Ключ

  • Эта строка добавлена.
  • Эта строка удалена.
  • Изменено форматирование.

...

  Қазақстан Республикасы 
 Қаржы министрінің   
 2015 жылғы 28 желтоқсандағы
 № 697 бекітілген   

   Мемлекеттік сатып алу саласында өз қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидалары


      Мемлекеттік сатып алу саласында өз қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабы 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алу саласында өз қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібін анықтайды.       1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      білім беру ұйымдары – қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары;
      тапсырыс беруші – ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар.
       2. Мемлекеттік сатып алу саласында өз қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлерді (бұдан әрі – мамандар) қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды білім беру ұйымдары жүргізеді.
      3. Білім беру ұйымдары мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу бағдарламаларын «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 43-бабына сәйкес әзірлейді және бекітеді.
      4. Мамандарды оқыту бекітілген оқу бағдарламаларына сай жүргізіледі.
      Оқу бағдарламалар міндетті түрде семинарлардың мынадай тақырыптарын:
      1) мемлекеттік сатып алуды өткізу процесінде қалыптастырылатын конкурстық құжаттаманы, техникалық ерекшелікті және өзге де құжаттарды әзірлеу және бекіту;
      2) мемлекеттік сатып алу аясында заңнама нормаларын түсіндіру бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі практикалық курс;
      3) мемлекеттік сатып алу аясында заңнаманы сақтаудың сәйкестік аудитінің негізгі аспектілерін зерделеу бойынша практикалық курсты қамтиды.
      Қайта даярлау және біліктілік арттырудан өткен мамандарға Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес құжат беріледі.
       5. Оқу бағдарламасының жалпы сағат санының кемінде 50%-ын, тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерінің орындалуына жауапты қызметкерлері арасынан практикалық жұмыскерлерді, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген рәсімдерді бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарта отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу практикасын зерделеу құрайды.
       6. Білім беру ұйымдары:
      оқытушылық қызметке мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының мемлекеттік сатып алу аясында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлерін және жеке тұлғаларды тартады;
      мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжатты алған тұлғалардың тізімін береді.

...