...
Шартты орындауды кері қайтарудан кейін, оның алдында орындалған төлемдер жойылуға тиісті.
15.8.
...
Қайтарымды төлемді шегеру
Жүйе Қайтару=Иә белгісі бар төлемді шегеруге мүмкіндік береді.
Ол үшін соманың қалдығы және Қайтару = Жоқ белгісі бар басқа төлемнің болуы қажет. «Төлемнен шегеру» батырмасын басқан кезде Жүйе келесі нысанды көрсетеді:
Қалдықты төлемді таңдау мәзірін ашу үшін «Тарату» сілтемесін басу қажет.
Бұдан әрі бар төлемді таңдап, шегерім сомасын көрсету керек, содан кейін «Шегеру» батырмасын басу қажет.
Назар аударыңыз: таңдау үшін тек бөлінбеген қалдығы бар төлемдер ғана қол жетімді. Қалдығы бар төлемдер болмаған жағдайда қажетті төлемді бөлуді жоюға болады. Ол үшін қажетті төлемі бар жолда «Тарату» батырмасын басу қажет.
Төлем туралы ақпарат ашылады, «Түсініктер» сілтемесін басу керек, содан кейін бөлуді жою функциясы қол жетімді болады. Жойылғаннан кейін бөлу сомасы қалдыққа өтеді.
Сомалар табысты шегерілген жағдайда, Жүйе қайтарымды төлемді шегеруді ескере отырып шегерім жүргізілген төлем сомасын, осы төлемнің қалдығын, сондай-ақ бөлу сомасын және қайтарымды төлемнің қалдығын қайта есептейді.
Назар аударыңыз: Жүйе әртүрлі төлемдерден бір қайтарымды төлемді шегеруге мүмкіндік береді. Бұл ретте бір төлемнен шегеруді бір реттен артық жүргізуге болмайды. Қажет болған жағдайда бұрын шегерім жүргізілген төлемнен соманы тағы бір рет шегеру шегерімді қалпына келтіру (бұрын жүргізілген шегерімді жою) және толық сомамен қайта шегеруді жүргізу ұсынылады.
Шегерімді қалпына келтіру үшін қайтарымды төлемі бар жолда «Төлемді шегеру» батырмасын, содан кейін «Түсініктер» сілтемесін басу керек, содан кейін «Қалпына келтіру» функциясын қолдана отырып, бұрын жасалған шегерімді жоюға болатын нысан ашылады.