Дерево страниц

Сравнение версий

Ключ

  • Эта строка добавлена.
  • Эта строка удалена.
  • Изменено форматирование.

...

Жоспардың тармағынан шартты тікелей жасау әдісімен бір көзден алу шартты құру үшін Тапсырыс беруші рөлді пайдаланушыға «Жұмыс кабинеті» мәзіріндегі Менің шарттарым бөлігіне кіріп, «Шартты тікелей жасау әдісімен бір көзден» тәсілін, жоспар тармағының типін және сатып алудың  нысан түрін таңдай отырып,  2.3.1 Типтік электрондық нысанды шарт жобасын құру тармағындағыдай іс-әрекеттерді орындау қажет.

Назар аударыңыз! «Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу» сатып алу тәсілі бойынша сатып алуды қолданудың әр түрлі негіздемелері бар жоспар тармақтары бойынша шарт жасауға тыйым салынады.  Шартты жасаған кезде жүйе жоспар тармақтарында көрсетілген тәсілді қолдану негіздемесін салыстырады және жоспар тармақтарындағы негіздемелер  сәйкес келмеген жағдайда, таңдалған жоспар тармақтары бойынша бір шарт жасау мүмкін еместігі туралы қатені көрсетеді. 

Назар аударыңыз: Тауар мәнінің түрі бойынша ЖТЖЖ БКА тәсілімен шартты құру кезінде Жүйе ұлттық режимнен алынған тауарлар тізбесінде (тізбемен сілтемесі бойынша танысуға болады) таңдалған ТЖҚЖ-ның болуын тексеруді жүзеге асырады. Тізбеден таңдалған қандай да болмасын ТЖҚЖ болған жағдайда және таңдалған ТЖҚЖ тізбеде қалған кезде, Жүйе шартты құруға тиым салады және «Жоспардың таңдалған тармақтары {ЖТ нөмірлері} оларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ұлттық режимнен алу белгіленген тауарлар жатады. Осындай тауарларға жеке шарт құру қажет» мәтіні бар қатені көрсетеді. Осылайша, Жүйе бір шартта ұлттық режимнен алынған және оған жатпайтын басқаларды бір шартқа жинақтауға тиым салады.

Назар аударыңыз! Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілін қолдану негіздемесін қарау үшін «Шарттың мәні» қосымша бетіне өту қажет. Белгіні шерту. 

...

Нәтижелері бейнеленгеннен кейін шартқа Өнім жеткізушінің дерекетерін қосу мақсатында «Таңдау» батырмасын басу қажет, одан кейін «Сақтау» батырмасы басылады. Өнім жеткізушіні өзгерту қажет болған жағдайда «Өнім жеткізушіні жою» батырмасын басу қажет.

Назар аударыңыз! егер шартта тапсырыс беруші қаржылық тұрақтылық (бұдан әрі - ҚТ) түріндегі талапты белгілеген жағдайда, өнім берушіні шартқа қосу кезінде жүйе әлеуетті өнім берушіні қаржылық тұрақтылыққа тексеруді жүзеге асырады. Егер мына шарттар орындалса, талапты орнатуға болады:

1) «Тауар» нысанасының түрі үшін жоспар тармағының бөлінген (жоспарлы) сомасы (ҚҚС-пен) 4 000 АЕК-тен асады;

2) «Жұмыс» нысанасының түрі үшін жоспар тармағының бөлінген (жоспарлы) сомасы (ҚҚС-пен) 20 000 АЕК-тен асады;

3) «Қызмет» нысанасының түрі үшін жоспар тармағының бөлінген (жоспарлы) сомасы (ҚҚС-пен) 8 000 АЕК-тен асады.

Ескертпе: «Бір көзден тікелей жасасу жолымен» тәсілі бойынша қаржылық тұрақтылыққа тексеру жоспардың әрбір тармағы бойынша және тек табыстарға сәйкестігіне ғана жүзеге асырылады (қалған көрсеткіштер тексерілмейді). Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес әлеуетті өнім берушінің өткен жылдың алдындағы үш жыл ішіндегі кірісі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде екінші бөлігінің бірін құрауға тиіс.

 

Назар аударыңыз! Жүйе өнім берушіні ұлттық режимнен алынған тауарлар бойынша жасалған шартқа қосқан кезде (бұндай тауарлардың тізбесімен осы жерден танысуға болады) Өнім берушіде шарттың барлық нысанасы бойынша индустриялық сертификаттың бар-жоғын тексеруді жүзеге асырады. Жүйе өнім берушінің ұлттық режимінен алынған тауарлар бойынша жасалған шартқа оның әрбір нысанасы бойынша индустриялық сертификаты болған кезде ғана қосуға рұқсат береді. Шарттың қандай да бір нысанасы бойынша сертификаттар болмаған жағдайда, Жүйе өнім берушіні шартқа қосуға мүмкіндік бермейді.

Жүйе индустриялық сертификаттың болуын өнім берушінің БСН бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімінде және индустриялық сертификаттың ЭҚТӨЖ-ның шарт нысанасының ТЖҚ БНА алғашқы 6 белгісіне сәйкестігін тексереді.

Индустриялық сертификат болған жағдайда жүйе нысана бойынша толық ақпаратта «Шарт нысанасы» қойындысында мынадай деректерді көрсетеді.

Image Added

Өнім берушіні таңдағаннан кейін «Жалпы» қойындысына өтіп, міндетті өрістерді толтыру қажет.

«Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден» тәсілі бойынша Жүйе шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талапты өзгертуге мүмкіндік береді, ол үшін «Жалпы» қойындысында «Жоба» шарт мәртебесінде «Шарттың орындалуын қамтамасыз ету» өрісінде «Талап етілетін» немесе «Тталап етілмейтін» мәнін таңдау керек. Таңдалған мәнге байланысты Жүйе шарт карточкасында «Шарттың орындалуын қамтамасыз ету» қойындысын көрсетеді немесе жасырады.

Жүйе төмендегі нақты тәсілдер бойынша «Жоба» шартының мәртебесінде «Авансты қамтамасыз ету» талабын белгілеуге мүмкіндік береді:

- БҰС

- Тауар биржалары

- Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден

- Өткізілмеген БҰС бойынша бір көзден


Image Added

«Шарттың орындалуын қамтамасыз ету» және «Авансты қамтамасыз ету» белгілерінің таңдалған мәніне байланысты Жүйе өнім беруші үшін осы типтермен қамтамасыз етуді ұсыну міндеттілігін, сондай-ақ шарттың типтік үлгісінің мәтінін өзгертеді.

Сондай-ақ, «Жалпы» қойындысында Жүйе Тапсырыс берушіге «Жоба» шартының мәртебесінде «Бір көзден тікелей жасасу арқылы» тәсілімен қаржылық тұрақтылық түрінде талапты белгілеуге мүмкіндік береді. Егер мына шарттар орындалса, бұл талапты белгілеу қолжетімді болады:

1) «Тауар» нысанасының түрі үшін жоспар тармағының бөлінген (жоспарлы) сомасы (ҚҚС-пен) 4 000 АЕК-тен асады;

2) «Жұмыс» нысанасының түрі үшін жоспар тармағының бөлінген (жоспарлы) сомасы (ҚҚС-пен) 20 000 АЕК-тен асады;

3) «Қызмет» нысанасының түрі үшін жоспар тармағының бөлінген (жоспарлы) сомасы (ҚҚС-пен) 8 000 АЕК-тен асады.

Image Added

Ескертпе: «Бір көзден тікелей жасасу жолымен» тәсілі бойынша қаржылық тұрақтылыққа тексеру жоспардың әрбір тармағы бойынша және тек табыстарға сәйкестігіне ғана жүзеге асырылады (қалған көрсеткіштер тексерілмейді). Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес әлеуетті өнім берушінің өткен жылдың алдындағы үш жыл ішіндегі кірісі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде екінші бөлігінің бірін құрауға тиіс.


Өнім жеткізушіні таңдаудан кейін «Жалпы» қойындысына өтіп, түсірмелі тізімнен шарт жасау нысанын таңдап:

...

Ескерту: «Басшы (қол қою құқығы)» өкілеттігін қоюы ұйымның әкімшісімен «Қатысушының-Қызметкердің бейіні» бөлігінде жүзеге асырылады. Қол қою құқығы бар осы қызметкерлер қол қою үшін үлгі шарттың мәтінінде басшылар тізімінде бейнеленеді.

«Мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы шешім» жиегінде (Шарт жасасу негізі)  редакциялау мүмкіндігінсіз «Сатып алу тәсілін қолдану негіздемесі» жиегінде жоспар тармағында көрсетілген мән автоматты түрде көрсетіледі. 

Шарттың үлгілік емес нысанын таңдаған кезде Портал «Шарт және келісу» қосымша бетінде шарттың үлгілік нысанына ұқсас шарт үлгісін көрсетеді. Шарттың бұл үлгісін Портал редакциялауға немесе шарттың бүкіл мәтінін алып тастауға және өз мәтінін толтыруға (яғни Сізге керек шарт мәтінін толтыру) мүмкіндік береді. Шартты редакциялау үшін «Редакциялау» батырмасын басу қажет.  

...

Олай болмаған жағдайда, Жүйе қатені көрсетеді.


МС туралы Заңның 39-бабы 3-т., 54 тш. сәйкес Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерімен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған  ұйымдармен «Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу» тәсілімен шарт жасасу  

Жоспар тармағында «39-бап 3-т., 54 тш. техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдар (протездік-ортопедиялық құралдардан басқа) мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын, мүгедектерге берілетін жеке көмекші мен ымдау тілі маманы көрсететін әлеуметтік қызметтерді, мүгедектерге арналған такси көрсететін қызметтерді, мүгедектерге берілетін санаторий-курорттық жолдамаларды сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерімен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған  ұйымдардан тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу» сатып алу тәсілін қолдану негіздемесі көрсетілген жағдайда, Жүйе «Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу» тәсілі бойынша шартта «Тапсырыс беруші және Өнім беруші» қосымша бетінде өнім берушіні таңдаған кезде қатысушының атрибуттарында  Өнім берушіде «Мүгедектер бірлестігі» белгісі болуын тексеруді жүзеге асырады (Қатысушының бейіні – Қатысушының атрибуттары дегенді қараңыз).  

Image RemovedImage Added

Өнім берушіде «Мүгедектер бірлестігі» белгісі болған жағдайда, Жүйе өнім берушінің деректерін сақтайды, олай болмаған жағдайда, Жүйе қатені көрсетеді.  

Image RemovedImage Added

Веб-порталды қолданбай шартты жасау

...