Дерево страниц

Сравнение версий

Ключ

  • Эта строка добавлена.
  • Эта строка удалена.
  • Изменено форматирование.

Камералдық бақылау жүргізу қағидаларының 32-тармағына сәйкес, шағымды қарау нәтижелері бойынша осы Ереженің 17-тармағының 4) тармақшасында көзделген шешіммен және (немесе) аумақтық бөлімшемен жіберілген хабарламамен келіспеген кезде, тиісті конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші уәкілетті органның ведомствосына жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелердің көмегімен, оның ішінде веб-портал арқылы мемлекеттік аудит объектісі хабарламаны алған күннен бастап немесе шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімді алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, аумақтық бөлімшенің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және актілеріне (шешімдеріне) шағым береді.

Мынадай жағдайда, жүйе хабарландыруды қарау нысанындағы қолжетімді іс-әрекеттермен «Шешімге шағым беру» батырмасын көрсетеді:

- егер сатып алу тәсілі «Ашық конкурс», «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» немесе «Аукцион» болса,

 - егер әлеуетті өнім беруші сатып алуға қатысса (бұл әрекет «Өнім беруші» рөлі бар барлық пайдаланушыларға қолжетімді болады),

- егер шағымдарды қарау мерзімі аяқталса,

- өнім берушіге веб-порталда шағымды қарау нәтижесі келіп түсті немесе сатып алуды ұйымдастырушыға хабарлама жіберілді.


Image Added

«Шешімге шағым беру» батырмасын басқан кезде, Жүйе осы сатып алу бойынша берілген өнім беруші шағымдарының тізімін көрсетеді.

Егер әлеуетті өнім беруші сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға бұрын шағымданбаған жағдайда, жүйе осы сатып алу бойынша ұйымдастырушыға жіберілген хабарламалар тізімін көрсетеді.


Image Added

Image Added

Шағымды таңдап, қосқаннан кейін «Келесі» батырмасын басу керек.

Image Added

Жүйе толтыруға арналған жолдары бар нысанды көрсетеді, сондай-ақ файлдарды қоса бекітуге болады.

Image Added

Жолдарды толтырғаннан кейін деректерді сақтау, файлды PDF форматында құру, файлға қол қою және шешімге қатысты шағым жіберу және жіберуді растау қажет.

Image Added


Image Added

Image Added

Image Added

Әлеуетті өнім беруші шешімге қатысты шағымды жібергеннен кейін, сатып алу және лоттар мәртебесі «Сапаны бақылауға жіберілді» мәртебесіне өтеді және Жүйе хабарламаның орындалуын және камералдық бақылау сапасын бақылауды жүргізу мерзімі аяқталғанға дейін шарт жасауды тоқтата тұрады.

Шешімдерге шағым беру мерзімі шағымдарды қарау мерзімі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күнін құрайды.

Шешімге қатысты шағымдарды қарау мерзімі уәкілетті органның ведомствосы камералдық бақылау жүргізу сапасын бақылауды жүзеге асыратын мерзім ішінде бес жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрайды (мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін).

Сапаны бақылауды жүргізу қорытындылары бойынша уәкілетті органның ведомствосы (ІМАК) шығарған қорытындыдан кейін, аумақтық мемлекеттік аудит органдары (ІМАД) сапаны бақылау қорытындысын қорытындыны алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде орындауы тиіс.

Image Added

Для того, чтобы просмотреть жалобы на решение, поданные поставщиком, нужно пройти в Рабочий кабинет - Журнал - Журнал жалоб по решениям.

Image AddedImage AddedImage Added