Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

         Хабарландыру жобасын жасау

     Лоттарды таңдау және лоттар бойынша деректерді енгізу

Хабарландыруды жасау үшін «Жұмыс кабинеті» тарауына өтіп, «Хабарландыру жасау» тармағын таңдау қажет.

image2017-6-28_16-12-20.png

 

Бұдан әрі хабарландыру жобасын жасау нысаны ашылады.

 «Хабарландыру жобасын жасау»  тарауы келесі жолдар мен батырмалардан тұрады:

Элемент

Әрекет

Сатып алу өткізу тәсілі

Қолмен толтырылады. Түсіп тұратын тізімнен мәні таңдалады.

Сатып алу типі

Қолмен толтырылады.  Мәндерінің бірі таңдалады:

Алғашқы немесе қайта.

Сатып алу мәнінің түрі

Қолмен толтырылады. Мәндерінің бірі таңдалады:

Жұмыс;

Көрсетілетін қызмет;

Тауар.

Қазақ тілінде хабарландыру (сатып алу) атауы

Қолмен толтырылады

Орыс  тілінде хабарландыру (сатып алу) атауы

Қолмен толтырылады

Сатып алу өткізу белгісі

Қоғамдық бірлестіктер құрған ұйымдар арасында сатып алу өткізу қажет болған жағдайда,осы белгісі бар жолға қанат белгісін қою талап етіледі. 

Бұдан әрі

Батырманы басқан кезде, жүйе міндеттерді жолдардың толтырылғанын текереді.

 

Барлық жолдарды толтырғаннан кейін «Бұдан әрі» батырмасын басу қажет.

Ескертпе: Келесі қадамға өткеннен кейін, жүйе хабарландыруды «Жұмыс кабинеті» - «Менің хабарландыруларым (ұйымдастырушы) тарауында «Жоба» мәртебесінде автоматты түрде сақтайды:


 image2017-6-28_16-14-32.png

Пиктограмма   редакциялауға мүмкіндік береді, пиктограмма   «Жоба» мәртбесі бар хабарландыруларды алып тастауға мүмкіндік береді.

«Бұдан әрі» батырмасын басқан кезде сатып алу жүргізу  мәнінің түрі мен  белгісі, тәсілі бойынша берілген өлшемдерге жауап беретін лоттар бейнеленеді. Лотты (тарды) белгілеп, «Таңдалғандарды қосу» батырмасын басу керек:


 

Таңдалған лоттарды тексеру нысанында мынадай батырмалар бар:

«Таңдалғандарды алып тастау» - алдындағы терезеге қайтару және лоттарды қайтадан таңдау үшін;

«Бұдан әрі» - сатып алу жасау рәсімін жалғастыру үшін.

 

 

"Бұдан әрі" батырмасын басқан кезде сатып алуды өткізудің тәсілі, заттың түрі және белгісі бойынша енгізілген критерийлерге жауап беретін лоттар көрсетіледі. Ашылған терезеде "Таңдалып алынғанды енгізу" (жоспар тармағын таңдау және жобаға хабарландыруды енгізу үшін) және "Біріктірілген лотты құру" (жоспар тармақтарын бір лотқа біріктіру үшін) сияқты екі батырма бар.

"Жарияланған лотты құру" батырмасын басу кезінде бірлескен лот бойынша деректерді толтыру үшін терезе ашылады, оларды толтырғаннан кейін "Сақтау" бастырмасына басу қажет.

Бірлескен лотқа жоспар тармақтарын қосу үшін лот атауының белсенді сілтемесін басу қажет

Бірлескен лоттың сипаттамасын өзгерту немесе жою қажет болған жағдайда тиісті батырмаларды пайдалану қажет:



  «Тауар»  сатып алу мәні бар лоттар үшін жеткізу шарттарын міндетті түрде көрсету қажет, бұл үшін түсіп тұратын тізімнен «Жеткізу шарты» жолынан  Incoterms халықаралық анықтамалығына сәйкес жеткізу әдісін таңдау қажет.

 

Жоспардың қажетті тармақтарын таңдағаннан кейін "Белгіленгендерді қосу" батырмасын басу қажет.

Жоспардың енгізілген тармақтары "Жоспардың енгізілген тармақтары (саны)" қосымша парақшасында көрсетіледі. Сонымен қатар жоспардың қате енгізілген тармақтарын алып тастау және лотта қайта оралу мүмкіндігі бар.

«Бұдан әрі»  батырмасын басқаннан кейін:

Сатып алудың «Тауар» мәні бар лоттар үшін жеткізу шартын мінетті түрде көрсету қажет, ол үшін "Жеткізу шарты" белсенді батырмасын басып, Incoterms халықаралық анықтамалыққа сәйкес жеткізу әдісін таңдау қажет.


Лот атауының белсенді сілтемесіне басқаннан кейін бірлескен лотқа жоспардың қажетті тармақтарын енгізу қажет болады. Жоспардың қолжетімді тармақтары "Өтінім", "Сатып алу өткізілген жоқ", "Тоқтатылды" статустары бар жоспар тармақтарын өзіне қамтиды.


      Техникалық өзіндік ерекшелікті жасау

Сатып алынатын «Тауарға» арналған техникалық өзіндік ерекшелікті қарау және редакциялау үшін    таңдалған лот жолындағы «Техникалық өзіндік ерекшелік» бағанының «Толтыру» белсенді сілтемесін басу керек.

Жаңа терезеде пайдаланушыға техникалық өзіндік ерекшелік үлгісі бейнеленеді, онда қазақ және орыс тілдерінде сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сипаттамасын және талап етілетін атқарымдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын міндетті түрде толтыра отырып, лот туралы ақпарат көрсетіледі:

Бұдан әрі «Сақтау» батырмасын басу қажет:

Деректерді сақтағаннан кейін, «Техникалық өзіндік ерекшелікті бекіту» батырмасын басқан кезде жүйе .pdf форматында құжатты қалыптастырады.

 


Бұдан әрі техникалық өзіндік ерекшелікке электрондық-цифрлық қолтаңба қою қажет:

Назар аударыңыз! Қалыптасқан және қол қойылған техникалық өзіндік ерекшелікті  редакциялауға тыйым салынады.  Қалыптасқан техникалық өзіндік ерекшелікке өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, «Техникалық өзіндік ерекшелікті алып тастау» батырмасын пайдаланыңыз.

  «Көрсетілетін қызмет» немесе  «Жұмыс» сатып алу мәнінің түрлері  үшін техникалық өзіндік ерекшелікті қоса тіркеу үшін,  таңдалған лот  жолында «Техникалық өзіндік ерекшелік» бағанының «Қоса тіркеу» белсенді сілтемесін басу керек.

 

Бұдан әрі жүйе техникалық өзіндік ерекшелік файлын  қосу тіркеу үшін нысанды бейнелейді:

Жұмыстарға/көрсетілетін қызметтерге  арналған техникалық өзіндік ерекшелікті қосу үшін қоса тіркелген файлдар нысанында  «Шолу» батырмасын басып, элктрондық-цифрлық қолтаңба қою  және «Жабу» батырмасын басу керек.

Қажет болғанда «Қосу» батырмасын басып, бірнеше файлды қоса тіркеуге немесе «Алып тастау» әрекетін таңдап  файлды алып тастауға болады:

 

Техникалық өзіндік ерекшелікты тіркегеннен/толтырғаннан кейін «Бұдан әрі» батырмасын басу қажет.

Назар аударыңыз! Техникалық өзіндік ерекшелікті қоса тіркемей/толтырмай «Бұдан әрі» батырмасын басқан кезде жүйе мынадай қатені береді:


   Құжаттаманы толтыру

Сатып алу жасау нысанында электрондық шарт жобасын қарау және редакциялау үшін «Шарт жобасы» белсенді сілтемесін басу керек.

Жаңа терезеде орыс және қазақ тілдерінде шарт жобасының үлгісі бейнеленеді.


 

Қажет болғанда шарттың үлгі жобасына тармақтар қосуға болады, бұл үшін қалқыма терезедегі «Тармақ қосу» батырмасын басып, қазақ және орыс тілдерінде  тармақ атауын толтыру және «Сақтау» батырмасын басу қажет.

Толтыру үшін міндетті жолдарды  «Деректерді енгізу нысаны» қосымша бетінде қарап, толтыруға болады:

Сілтемеге басқан кезде жүйе екі тілде деректерді енгізу/таңдау терезесін бейнелейді:

2 тілде шарт жобасының үлгісін толтырғаннан кейін,    *.pdf  форматында электрондық шарт жобасын қалыпастыру үшін «Шарт жобасын бекіту» батырмасын басу қажет.

Қалыптасқан шарт жобасына ЭЦҚ қою қажет.

Егер шарт жобасы қалыптасса, онда редакциялау қажет болғанда  «Шарт жобасын  шақырып алу»  әрекетін жасау керек.

Ескертпе! Шарт жобасын толтыру нысанында пайдалану ыңғайлылығы үшін мынадай батырмалар бар:

«Пайдаланушы үлгісін сақтау» - осы түрде келесі сатып алуды жариялған кезде пайдалану үшін қосылған тармақтары мен толтырылған деректерімен шарт жобасының үлгісін сақтауға мүмкіндік береді.

«Үлгіні қолдану» - батырма түсіп тұратын тізімнен сақталған пайдаланушы үлгілерін таңдауға қызмет етеді;

«Таңдалған пайдаланушы үлгісін алып тастау» - батырма таңдалған пайдаланушы үлгісін  алып тастауға қызмет етеді.

Шарт жобасына қол қойғаннан кейін «Құжаттама тізіміне оралу» батырмасын, одан соң «Бұдан әрі» батырмасын басу қажет.

     Лицензияларды қосу

Сатып алуға қатысу үшін Өнім берушілерге лицензия ұсыну талап етілген жағдайда, онда Ұйымдастырушыға хабарландыру жобасында «Құжаттаманы дайындау» қадамында өнім беруші үшін міндеттілік белгісін қою қажет.  

Лицензия түрін (-лерін)  анықтау үшін «Бірінші санатты рұқсат (лицензия)» белсенді сілтемесіне басу қажет.  Талап етілген лицензияны сүзгілер жинағының көмегімен жүзеге асыруға болады. Талап етілген лицензияны қанат белгімен белгілеп, «Белгіленген лоттарды қосу» батырмасын басу қажет. 


     Рұқсаттар туралы деректерді  толтыру

Сатып алуға қатысу үшін Өнім берушілерге рұқсат ұсыну талап етілген жағдайда, онда Ұйымдастырушыға хабарландыру жобасында «Құжаттаманы дайындау» қадамында өнім беруші үшін міндеттілік белгісін қою қажет.

Рұқсат (-тар) түрін анықтау үшін «Екінші санатты рұқсат» белсенді сілтемесіне басу қажет.  Талап етілген лицензияны сүзгілер жинағының көмегімен жүзеге асыруға болады. Талап етілген лицензияны қанат белгімен белгілеп, «Белгіленген лоттарды қосу» батырмасын басу қажет. 

Ұйымдастырушыға таңдау үшін лицензиялар/рұқсаттар түрлерінің біреуі (не бірнешеуі) қолжетімді.

     Хабарландыру жариялау

Бұдан әрі жүйе сатып алуды жариялау мерзімдерін енгізу үшін терезені бейнелейді.

Мерзімдерін көрсеткеннен кейін, «Алдын ала қарау» батырмасын басу қажет.  Күні дұрыс көрсетілмеген жағдайда, жүйе сатып алуды алдын ала қарау үшін терезені бейнелейді.

Хабарландыруды жариялау үшін «Жариялау» батырмасын басу керек.

Назар аударыңыз! Хабарландыруды жариялар алдында енгізілген деректердің дұрыстығын тексеріңіз. Жарияланған сатып алу редакциялауға жатпайды.

Сатып алуды жариялау мерзімі «Сатып алуды жариялаудың жоспарланған мерзімі (ай)»  жолындағы жоспар тармағында көрсетілген мерзімдерге сәйкес келмеген жағдайда, жүйе тиісті қатені көрсетеді:

Сәтті жарияланған жағдайда, жүйе «Жарияланды» мәртебесін береді. 

Жарияланған хабарландыру Ұйымдастыруға қарау үшін «Жұмыс кабинеті» - «Менің  хабарландыруларым (ұйымдастырушы)» тарауында қолжетімді. 


 

       Қорытындыларын шығару

Баға ұсыныстарын қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін автоматты түрде ашу, баға ұсыныстарын салыстыру және   қорытындыларын шығару жүргізіледі.

Қорытындыларды қарау үшін сатып алуды қарау нысанына өтіп, «Хаттаманы қарап шығу» батырмасын басу керек

Хабарландыруға «Аяқталды» мәртебесі беріледі.


     Сатып алуды болдырмау

 

Акт бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзушылық айқындалуына байланысты, Сатып алуды болдырмау атқарымы хабарландыру жариялаған сәттен бастап шарт жасасқанға  дейін қолжетімді:

-        сот органдарының;

-        прокуратура органдарының;

-        мем. қарж. бақылау  органдарының.

Сатып алуды болдырмауды жүргізу үшін Хатшыға хабарландыруды қарау нысанындағы әрекеттер тізімінен «Сатып алуды болдырмау» әрекетін таңдау қажет.

Сатып алуда бірнеше лот болған жағдайда, барлық сатып алуға, сондай-ақ жекелеген лоттарға сатып алуды болдырмауға болады.

 Осы әрекетті орындағаннан кейін ескерту хабарламасы бейнеленеді.

«Жоқ» батырмасын басқан кезде, жүйе сатып алуды қарау нысанына қайта әкеледі. Болдырмауды орындау үшін «Иә» батырмасын басу қажет, лоттарды таңдау үшін нысан бейнеленеді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер сатып алу  болмай қалса және лот бір көзден алу (БКА) тәсілімен  не хабарландыруды қайталап жариялау үшін сатып алуға қосылса, онда БҰС тәсілімен сатып алуды болдырмау үшін, БКА сатып алуды не қайта сатып алуды болдырмау қажет, одан соң БҰС тәсілімен сатып алуды болдымау керек.  БКА лоты сатып алуға не қайта сатып алуға қосылса, Жүйе келесі хабарламамен нысанды бейнелейді:

БКА сатып алуды не қайта сатып алуды болдырмағаннан кейін лот БҰС тәсілімен сатып алуды болдырмау үшін қолжетімді болады. 

Лоттарды таңдау лоты бар жолға қанат белгісін қою арқылы жүзеге асырылады, одан соң «Таңдалған лоттар бойынша сатып алуды болдырмауды жүргізу» батырамасын басу қажет.


 

Болдырмау нысаны бейнеленеді, онда болдырмауға негіз болып табылатын сканирленген электрондық құжатты қоса тіркеу және болдырмау негіздері бойынша ақпаратты толтыру қажет.

Сатып алуды болдырмау нысаны келесі жолдардан тұрады:

Жол атауы

Жолдың мәні

Шешім нөмірі

Жол қолмен енгізу үшін мәтіндік және қолжетімді болып табылады. Бұл жолда акт нөмірін көрсету қажет.

Шешімнің күні

Бұл жолда тиісті актіні шығару күні көрсетіледі, «Күнтізбе» пиктограммасының көмегімен толтырылады.

Акт

 Түсіп тұратын тізімнен мәндерімен актілер түрлері анықтамалығының позициясы таңдалады:

- Шешім;

- Анықтама;

- Ұсыным;

- Хабарлама;

- Қаулы.

Орган

Бұл жолда мәндерімен органдар анықтамалығынан орган таңдалуы тиіс:

- Сот органы;

- Прокуратура органы;

- Мем. қарж. бақылау органы.

Орган атауы

Жол мәтіндік және қолмен енгізу үшін  қолжетімді болып табылады. Бұл жолда орган атауын толық көрсету қажет.

Файлды таңдаңыз

Батырма болдырмау негізі болып табылатын құжатты қоса тіркеуге арналған.

 

 Барлық жолдарды толтырып, қажетті файлды қоса тіркегеннен кейін «Болдырмау жүргізу» батырмасын басу қажет

 Барлық лоттарды болдырмаған кезде, сатып алуда  болдырмау себептерін көрсете отырып, автоматты түрде қорытындылар хаттамасы қалыптасады. Сатып алуда бірнеше лот болған жағдайда, бір лоттың болдырмаған кезде, лот мәртебесі Болдырылмадыға өзгереді және қорытындылар хаттамасында жариялағаннан кейін осы лоттың болдырмау себебі көрсетіледі.

Сондай-ақ болдырылмаған лот жаңа сатып алу жариялау үшін пулға оралады.

Ескертпе. »Шарт жобасы» мәртебесімен шарт болған кезде, сатып алуда болдырмауды орындау үшін осы шартты алып тастау қажет.

 Тоқтата тұру, жалғастыру және болдырмау әрекеті «Тоқтата тұру/Жалғасы/сатып алуды болдырмау» қосымша бетінде бейнеленеді

Назар аударыңыз! Сатып алуды болдырмау  хабарландыру бойынша барлық лоттар бойынша не ішінара «Аяқталды» мәртебесінде жасалған жағдайда, жүйе сатып алуды болдырмауды ескере отырып, қорытындылар хаттамасын қайта қалыпастырады.  

 

         Хабарландыру жасаушыны өзгерту

Хабарландыру жасаушыны өзгерту атқарымы  егер хабарландыруды жасаушыда «Ұйым қызметкері» тарауында «Бұғатталды» мәртебесі тұрса, хабарландырулардың «Жарияланды», «Жарияланды (өтінімдер қабылдау), «Өтінімдерді қарау», «Қорытындылар хаттамасын қалыптастыру», «Аяқталды» мәртебелерінің бірімен «Ұйым әкімшісі» рөліндегі пайдаданушыға ғана қолжетімді,.

Хабарландыру жасаушыны өзгерту үшін «Жұмыс кабинеті» мәзірінде «Хабарландыру жасаушыны өзгерту» тармағын басу керек.

Ашылған нысанда Жүйе  хабарландыруды жасаушы «Бұғатталған» мәртебесімен  хабарландыруды бейнелейді. Хабарландыру жасаушыны өзгерту үшін  хабарландыруды таңдаңыз не  оларда  сол бір хабарландыру жасаушы болатын бірнеше хабарландыруды таңдауға болады және «Хабарландыру жасаушыны өзгерту» батырмасын басу керек.

Ашылған нысанда Жүйе хабарландыру жасаушыны өзгерту үшін таңдалған хабарландырулар тізімін бейнелейді.   «Таңдау» батырмасын басу қажет және «Пайдаланушыны таңдау» нысанында Жүйе хабарландыру жасаушы (бұғатталған!)  ұйымның пайдаланушыларын бейнелейді. Пайдаланушыны таңдау қажет

«Пайдаланушыны таңдау» нысанында Жүйе бұғатталған пайдаланушылард қоспағанда, хабарландыру жасаушы ұйымның  пайдаланушыларын бейнелейді. «Таңдау» батырмасын басып, пайдаданушыны таңдау қажет.

Өзгерісті сақтау үшін «Сақтау» батырмасын басу қажет. Батырманы басқаннан кейін Жүйе өзгерісті сақтайды.

 

       Ұйымдастырушы/Тапсырыс беруші өкілінің өзгеруі

Ұйымдастырушы/Тапсырыс беруші өкілін өзгерту үшін «Ұйымдастырушы» рөлімен Жүйеде авторландыру қажет.

Назар аударыңыз! Өзгерту   Хатшыға не хабарландыруды Жасаушыға ғана  қолжетімді.

«Жұмыс кабинеті – Менің хабарландыруларым (Ұйымдастырушы)» мәзіріне өту. 

                                                                                                                

Хабарландыруды ашу қажет.  Хабарландыруда «Қолжетімді әрекеттер» мәзірінде  «Өкілдің деректерін өзгерту» тармағын басу керек

 «Өкілдің деректерін өзгерту» нысанында Тапсырыс берушінің/Ұйымдастырушының өкілін өзгерту және «Өзгерістерді сақтау» батырмасын басу. Жүйе енгізілген деректерді сақтайды 


      Бір архивпен «Барлығын жүктеп алу» батырмасы

Жүйе хабарландыру кезеңіне  байланысты  хабарландырудағы барлық бар құжаттарды жүктеп алуға мүмкіндік береді:

- Хабарландыру құжаттар (шарт жобасы/техникалық өзіндік ерекшелік және т.б.);

- Өнім берушілердің өтінімдері;

- Хаттамалар;

- Шарттар.

Құжаттарды жүктеп алу үшін «Құжаттама» қосымша бетіне өту және «Барлығын жүктеп алу» батырмасын басу. Батырманы басқаннан кейін Жүйе құжаттарды компьютерге жүктейді. Құжаттарды қарау үшін архивтен шығару қажет.

Лицензияларды қосу

  • Нет меток