Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

Қатысушылардың коммуникациясы

Жүйеде хабарламалар жіберу арқылы  Тапсырыс беруші мен бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі бойынша сатып алуды Бірыңғай ұйымдастырушының коммуникациясы функционалдылығы іске асырылды.  

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 300 қаулысына сәйкес уәкілетті орган анықтайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі бойынша  тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің  Қазынашылық комитеті орындайды,    БСН 971140000775.

Сіздің сатып алуыңызды Бірыңғай ұйымдастырушы (ҚК) өткізген жағдайда, «Жұмыс кабинеті» – «БҰ хабарламасы» тарауына мониторинг жүргізу (тексеру) қажет.   

Хабарлама жазу үшін: 

-         Тапсырыс берушілерге:  «Жұмыс кабинеті» -  «БҰ хабарламасы» тарауына (499-сурет);

-         Бірыңғай ұйымдастырушыға (ҚК):   «БҰ кабинеті» - «БҰ хабарламасы» тарауына өту қажет (500-сурет).

 

499-сурет

 

500-сурет

Нәтижесінде хабарламаларды қарау нысаны ашылады. Бұл нысанда мынадай критерийлер бойынша хабарламаларды іздеу сүзгісі бар:

  •  Хабарламаны СӘЙК – хабарламаны (топикті) сәйкестендіру нөмірі бойынша іздеу;
  •  Мәртебе –Мәртебелер бойынша іздеу:   «Жоба» және «Жіберілді» («Жоба» - жіберілмеген хабарлама/топик);                                         
  •  Тапсырыс берушінің БСН/атауы – БҰ үшін ғана көрсетіледі. Тапсырыс берушілер бойынша іздеу;
  •  Хабарландыру нөмірі – хабарландыру нөмірі бойынша іздеу (хабарламада/топикте хабарландыру нөмірі болған жағдайда ғана);
  •  Хабарламаның типі – хабарлама типтері бойынша іздеу.

Хабарламаны құру үшін, «Құру» батырмасын басыңыз   (501-сурет):

501-сурет

Нәтижесінде хабарламаны құру нысаны ашылады (502-сурет):

502-сурет

Мынадай жолдарды толтыру қажет:

-        Хабарламаның тақырыбы – хабарламаның тақырыбын толтыру қажет;

-        Хабарламаның типі –   «Сатып алуға өтінім», «КҚ талқылау», «Өтінімдерді қарау», «Өтінімдерді толықтыруларды қарау» және «Басқа» дегенді таңдау қажет;

-        Хабарландыру нөмірі –   «КҚ талқылау», «Өтінімдерді қарау», «Өтінімдерді толықтыруларды қарау» хабарлама типі таңдалса, міндетті түрде толтырылады. Сізе сұрақ және т.б. бар хабарландыру нөмірін көрсету қажет;

-        Адресат – жол БҰ үшін ғана белсенді.  Тапсырыс берушінің БСН көрсету және «Табу» батырмасын басу қажет.   Тапсырыс беруші, адресат хабарлама құрған кезде «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің  Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитеті» автоматты түрде көрсетіледі.

503-сурет

504-сурет

Бұдан әрі хабарлама мәтінін енгізу және қажет болғанда файлды қоса тіркеу қажет  (505-сурет):

505-сурет

ЕСКЕРТПЕ: хабарламаны Тапсырыс беруші құрған  және «КҚ талқылау» типін таңдаған жағдайда Жүйе ыңғайлылық үшін, өнім берушілерден келіп түскен сауалдар болған кезде, шешім шығару және мәтінді ұсыну мүмкін болу үшін Тапсырыс берушінің сипаттамасын көрсетеді   (506-сурет):

506-сурет

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Бірыңғай ұйымдастырушыға Тапсырыс берушінің жауабын одан әрі пайдалану мүмкін болу үшін, КҚ ережелерін талқылаған кезде, өзгерістердің сипаттамасын, ескертулерді қабыл алмау себебін, түсіндірмелер мәтінін дұрыс жазу керек.

Бұдан әрі мәтінді енгізгеннен кейін хабарламаны  «Сақтау» немесе «Жіберу» мүмкіндігі бар  (507-сурет):

507-сурет

Хабарлама жіберілгеннен кейін, Адресатқа, сондай-ақ   «БҰ хабарламасы» тарауына хабарлама келеді.

Хабарламаны қарау үшін   «Қарау» гиперсілтемесін басыңыз (508-сурет):

508-сурет

 Нәтижесінде хабарламаны қарау нысаны ашылады (509-сурет):

509-сурет

Бұл нысанда хабарламаға жауап беру мүмкіндігі бар, бұл үшін «Жауап беру» батырмасын басыңыз. Нәтижесінде мәтінді енгізу және файлды қоса тіркеу нысаны ашылады. Нысанды толтыру және  «Сақтау» және «Жіберу» батырмасын басу қажет (510-сурет):

510-сурет

Хабарлама жіберілгеннен кейін, бастамашы мен алушы хабарламаға тағы да жауап бере алады (511-сурет)

511-сурет

Хабарламаға жауаптар саны шектелмеген.  «Хабарламалар саны» бағанында топик ішіндегі хабарламалар санын қарауға болады (512-сурет).

 

512-сурет

  • Нет меток