Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

Шағымдар (өтініштер) беру

Назар аударыңыз! Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу веб-порталында тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссияның, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекетіне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне, МС туралы Заңның 47-бабына сәйкес әлеуетті өнім берушінің заңды құқықтары мен мүдделерін бұзатын шешімдерге шағымдануға құқылы.  

Шағым беру өтінім берілген лоттар бойынша «Өнім беруші» рөлімен пайдаланушылар үшін ғана қолжетімді. Батырма «Ашық конкурс», «Аукцион», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс» сатып алу тәсілдері үшін көрсетіледі.  Батырма қорытындылар хаттамасын жариялаған күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Бұл ретте Жүйе қорытындылар хаттамасын жариялаған күні өтінім беруге тыйым салады.  

Шағым беру үшін хабарландыруда «Қолжетімді әрекеттер» мәзірінде «Шағым беру» батырмасын таңдау қажет. 

«Лоттарды таңдау» ашылған нысанында Жүйе Сіз қатысқан лоттарды ғана көрсетеді.

Қорытындыларына шағымданатын лоттарды таңдаңыз және «Таңдалғандарды қосу» батырмасын басыңыз.

Назар аударыңыз! Уәкілетті мемлекеттік аудит органын шағымдарды қарау үшін Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының орналасқан жері бойынша веб-портал автоматты түрде анықтайды.  Мысалы, егер ұйымдастырушының орналасқан жері Алматы қ. болса, онда шағымды Алматы қ. және т.б.  бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қарайтын болады.   

Назар аударыңыз! Мемлекеттік сатып алу веб-порталы бірнеше лотқа бір шағым беруге мүмкіндік береді немесе әрбір лотқа бөлек шағымға  беруге болады.

«Таңдалғандарды қосу» батырмасын басқаннан кейін, Жүйе таңдалған лоттарды қосады және «Қосылған лоттар» қосымша бетін көрсетеді.

Шағым жіберілмейтін лотты алып тастау үшін, лотты таңдау және «Белгіленген лотты алып тастау» батырмасын басу керек. 

Шағым беруді жалғастыру үшін «Бұдан әрі» батырмасын басу қажет. Жүйе шағымды «Жоба» мәртебесінде сақтайды. 

Ашылған «№ (хабарландыру} хабарландыру бойынша Шағым беру №{шағым нөмірі}» нысанында жұлдызшамен* белгіленген міндетті жолдарды толтыру қажет. 

Салымды қоса тіркеу үшін «Файлды қоса тіркеу» батырмасын басу қажет.

Назар аударыңыз! Жүйе ең көп мөлшерде салымды – 5  файлды қоса тіркеуге мүмкіндік береді. Әрбір тіркелген салымның көлемі 10 мб аспауы тиіс. 

Салымдарды қоса тіркеп, барлық міндетті жолдарды толтырғаннан кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет. 

Толтырылған деректерді сақтағаннан кейін «Қалыптастыру» батырмасын басу қажет.

«Қалыптастыру» батырмасын басқаннан кейін, Жүйе   PDF форматында шағымды қалыптастырады. «Қолтаңба қою» батырмасын басу қажет.

Қалыптасқан файлды қоса тіркегеннен кейін шағымды жіберу үшін «Жіберу» батырмасын басыңыз. 

 

Ашылған нысанда «Иә» батырмасын басу арқылы шағым жіберуді растаңыз. 

Шағым бергеннен кейін, Жүйе шағым мәртебесін «Жобадан» «Берілді» деп өзгертеді. Жүйе  өткізілген сатып алу бойынша шарт жасасуды немесе  лот бойынша сатып алу өткізіолмесе, бір көзден шақыру жіберуді немесе қайталама сатып алу құруды тоқтата тұрады. 

Өзіңіз берген шағымды «Жұмыс кабинеті» - «Менің шағымдарым» мәзірінен қарауға болады. 

Ашылған терезеде, Жүйе Сіздің ұйымыңыз берген барлық шағымдарды қарауға мүмкіндік береді. 


  • Нет меток