Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

Жүйе Тапсырыс берушіге пайдаланушының кабинетінде төмендегілерді қарауға мүмкіндік береді: 

-        «Шарттың әрекет ету мерзімі аяқталады» тарауында  шарттың әрекет ету мерзімі аяқталуына  5 күнтізбелік күн қалған 5 шартты көрсетеді;

-        «Орындалудағы шарттар» тарауында шартты орындау мерзімі аяқталуына  5 күнтізбелік күн қалған 5 шартты көрсетеді;

 -       «Келісудегі актілер (Тапсырыс беруші)» тарауында Тапсырыс берушіге келісуге «Тапсырыс берушіге келісуге» мәртебесімен келіп түскен соңғы 5 актіні көрсетеді;   

-       «Қолтаңба қоюдағы актілер (Тапсырыс беруші) тарауында Тапсырыс берушіге қолтаңба қоюға «Тапсырыс берушіде қолтаңба қоюда» мәртебесімен келіп түскен соңғы 5 актіні көрсетеді.  

- Шарттың орындалуын қамтамасыз ету туралы бөлімде (Есептеу жұмыс күндерінің саны бойынша жүреді) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі көрсетілген шарттар көрсетіледі (Тапсырыс беруші), атап айтқанда,: Өнім беруші Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді бекітпеген шарттар (Өнім беруші Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті).

10 жазба бейнеленеді (кешірек мерзімнен бұрынырақ мерзімге), «Толығырақ» батырмасын басқан кезде Жүйе «Менің шарттарым» бөліміне қайта бағыттайды (Тапсырыс беруші), мұнда қамтамасыз етуді бекіту рәсімі аяқталмаған барлық шарттар көрсетіледі.

Бағанның атауы

Сипаттамасы

  1.  

Шарт

Шарттар тізіліміндегі шарттың жүйелік нөмірі

  1.  

Статусы.

Шарттың статусы

  1.  

Күні

Шарт статусының өзгерген күні

  1.  

Мерзімі

Қамтамасыз етуді бекіту мерзімінің аяқталған күні (шарт статусы «қол қойылды»/ немесе «Қолданыста» статусына өзгерген күннен бастап 10 жұмыс күні келесі жұмыс күнінен есептеледі)

  1.  

Бекіту

Жеткізушілерде орындауды қамтамасыз ету қойындысында, егер бір құжат бекітілсе, онда осы бағанадағы мән «Иә» болады, егер бекітілген файлдар жоқ болса, онда мән «жоқ»болады.

  1.  

Күндер

Егер 10 жұмыс күніне дейін күн саны болса, онда «қалды:» деген сөз және күн саны; егер 10 жұмыс күнінен астам уақыт өтсе, онда «мерзімі өткен:» деген сөз және күн саны болады.

- 5 жұмыс күнінен астам уақыт қалған шарттар жасыл түспен белгіленеді;

- 5 жұмыс күнінен кем қалған шарттар қызғылт сары түспен белгіленеді;

- 10 жұмыс күні өткен (яғни мерзімі өткен) шарттар қызыл түспен белгіленеді.

 

  • Нет меток