Skip to end of metadata
Go to start of metadata

12.1 Көрсетілетін қызметтерге квазимемлекеттік секторының төлемдері

Көрсетілетін қызметтерге төлемдер 

Мемлекеттік сатып алулар Заңына сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алулар веб-порталын пайдалану бойынша көрсетілетін қызметтерді әлеуетті өнім беруші ақылы негізде көрсететін болады.

Әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік сатып алулар веб-порталын пайдалану бойынша көрсетілетін қызметтері (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметтер) веб-порталдың мынадай фукнцияларын қамтитын болады:

- «ашық конкурс», «аукцион», «тұрғынжайды мемлекеттік сатып алу», «мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген сатып алу» тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуларға қатысуға өтінім беру/қосымшалар;

-өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден мемлекеттік сатып алуларға қатысу туралы келісім беру;

- «баға ұсыныстарына сұраныс» тәсілімен баға ұсынысын беру;

- Мемлекеттік сатып алулар туралы шартты келісу және қол қою (мемлекеттік сатып алулардың, оның ішінде шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден сатып алудың барлық тәсілдері бойынша).

Көрсетілетін қызметке қолжетімділікті алу үшін Өнім беруші жылына бір рет Көрсетілетін қызметке ақы төлеуі қажет. Жылына бір рет Көрсетілетін қызметке ақы төленбеген жағдайда, веб-портал Өнім берушіге жоғарыда келтірілген функионалдыққа қолжетімдігін автоматты түрде жабады.

 Назар салыңыз! Мемлекеттік сатып алулар туралы Заңның 39-бабының 3-тармағының 54-тармақшасына сәйкес мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құратын мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен және (немесе) ұйымдарымен мемлекеттік сатып алулар туралы шартты жасасуды жүзеге асырған жағдайда, Мемлекеттік сатып алулар веб-порталы осындай ұйымдарға көрсетілетін қызметтерге ақы төлемей шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен шартты келісуге, оған қол қоюға мүмкіндік береді.  Бірақ егер  шартта жоспардың бірнеше тармағы болса және жоспардың бір тармағы бойынша шартты жасасу негіздемесі Мемлекеттік сатып алулар туралы Заңның 39-бабы 3-тармағының 54-тармақшасы болмаса, онда қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

 Назар салыңыз! Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері және (немесе) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдар «Ашық конкурс», «аукцион», «баға ұсыныстарын сұрату», «Мемлекеттік әлеуметтік сатып алу», «өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу», «Тұрғын үй сатып алу» тәсілдерімен сатып алуға қатысқан кезде, онда бұл жағдайларда Көрсетілетін қызметті төлеу талап етіледі.

Назар салыңыз! Көрсетілетін қызмет үшін бас ұйым не филиал ақы төлеуі мүмкін. Егер Көрсетілетін қызметке бас ұйым ақы төлеген болса, онда филиал Көрсетілетін қызметке  қолжетімділікті автоматты түрде ашады. Егер Көрсетілетін қызметті филиалдарының бірі ақы төлеген болса, онда бас ұйым мен барлық филиалдарға қолжетімділік ұсынылады. Бұл ретте егер бірнеше филиалдар немесе бас ұйым және филиал ақы төлеген болса,  онда ең жоғары төленген сома бойынша тариф қолданылады. Мысалы, бас ұйым 2525  теңге сома бойынша тариф төлеген, ал филиал 25250 теңге сома бойынша тарифті төлеген болса, онда Жүйе тариф бас ұйымға және барлық филиалдарға 25250 тариф сомасы қолданылады.

Көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін Өнім беруші (квазимемлекеттік секторға) Тапсырыс беруші ретінде «көрсетілетін қызметті» және ТКЖҚ«620920.000.000013 Ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтерді»  «сатып алу мәні түрімен «Шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай операторымен шарт жасасуы қажет. «Тапсырыс беруші» рөліндегі жылдық жоспарды бекітудің функциональдығын сипаттау Тапсырыс берушінің нұсқаулығында келтірілген.

Жоспардың тармағы бекітілгеннен кейін одан әрі «Қатысушының бейіні» - «Электрондық  әмиян» мәзіріне көшу қажет. Көрсетілген қызметтер бойынша әрекеттер осы нұсқаулыққа сәйкес ғана жүргізілуі керек.


Ашылатын нысанда Жүйе Сіздің Көрсетілетін қызметтің жеке шотыңыз туралы ақпаратын көрсетеді.

Назар салыңыз! Егер электрондық әмиян құрылмаған жағдайда, Сіздің электрондық әмияныңызға оператордың банктік шотына аударылған ақша қаражатын аудару үшін электрондық әмиян жасау қажет. Электрондық әмиян жасау үшін «электрондық әмиян» бөлімінде «Құру» батырмасын басыңыз.

«Менің көрсетілетін қызметтерім» бөліміне көшіңіз.

Ашылатын нысанда оң жақта «Көрсетілетін қызметке ақы төлеу» батырмасын басыңыз.

Түймені басқаннан кейін Жүйе нысанды көрсетеді:

  1. Жоспардың тармағын таңдау үшін – «Шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен ТКЖҚ-мен «620920.000.000013 Ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтерді»  ағымдағы жылға «Бекітілген» мәртебесімен жоспардың тармақтары көрсетіледі;
  2. Бекітілетін шартты таңдау үшін – «Басшы» рөлімен ұйымның қызметкері көрінеді;
  3. Тапсырыс берушінің негіздемесін толтыру үшін – «Тапсырыс берушінің негіздемесі» жолағы көрінеді;
  4. Банктік  деректемелерді және заңды мекенжайды толтыру үшін «Банктік деректемелер» және «Заңды мекенжай» жолағы толтырылады;
  5. Тиісті тарифті таңдау үшін. Тарифтер – Мемлекеттік сатып алу веб-порталының әлеуетті өнім берушілерінің пайдалануы бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған уәкілетті органның келісімі бойынша Оператордың белгілеген бағалары.
  6. Өтінімдер мен шарттардың тарифтік сеткасы және шекті сомасы Мемлекеттік сатып алу веб-порталында «Тарифтер» бөлімінде келтірілген https://www.goszakup.gov.kz/ru/.

Одан әрі жоспардың тармағын таңдау қажет.


Жоспардың тармағын таңдағаннан кейін «Тапсырыс берушінің орыс тіліндегі негіздемесі», «Тапсырыс берушінің қазақ тіліндегі негіздемесі» міндетті жолақтарын толтырыңыз.

Одан әрі бекітілетін шартты таңдаңыз.

Бекітілетін шартты таңдағаннан кейін қатысу жоспарланып отырған өтінімдер мен шарттардың шекті сомаларына байланысты тарифті таңдаңыз. Өтінімдер мен шарттардың тарифтік сеткасы мен шекті сомасы мемлекеттік  сатып алулар веб-порталында «тТарифтер» бөлімінде келтірілген.

Ескертпе! Берілетін өтінімдер мен жасалатын шарттардың саны таңдап алынған тарифтің қолданылуы кезеңінде шексіз.

«Растау» батырмасын басыңыз.

Жүйе шартты, сондай-ақ PDF форматында шарттың қалыптасқан нұсқасын көрсетеді.

Шарт «Шарттың жобасы» мәртебесімен сақталады. Сондай-ақ Жүйе «Шимай қағаз» мәртебесімен тарифті автоматты түрде құрады.

 

Ескертпе! Көрсетілетін қызметтердің төлемі үшін электрондық әмиянда шарт жасаған кезде «Менің шарттарымен (Тапсырыс беруші)»  бөлімінде шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу (бұдан әрі – ШТЖЖБКА) тәсілімен Жүйе шартты автоматты түрде  жасайды.

Жасалған шарт жою және редакциялау үшін қолжетімді болмайды.  Шарттың өмірлік циклі, яғни шарттың мәртебесі электрондық әмияндағы шарттың жүргізілген әрекетіне байланысты өзгеретін болады.

 Электрондық әмиян бөлімінде «Шарттың жобасы» мәртебесімен шартты жою қолжетімді. Шартты жою кезінде Жүйе «Шимай қағаз» мәртебесі бар құрылған тарифті жояды, жасалған шартты  «Менің шарттарым» Тапсырыс беруші)» бөлімінде ШТЖЖБКА тәсілімен жою.

Назар салыңыз! Шартқа қол қою алдында шарттың ережелерімен мұқият танысыңыз.

Шартқа ЭЦҚ қол қою үшін шартты бекіту ретінде таңдап алынған қызметкер «Шартқа қол қою» батырмасын басу қажет.

Сіз шартқа сәтті қол қойғаннан кейін Шартқа мемлекеттік сатып алу операторы қол қояды.

Сіз және Оператор қол қойғаннан кейін,  Жүйе: 

-       «Шарт жобасы» бар шарттың мәртебесін «Қолданыста» мәртебесіне өзгертеді, яғни шарт күшіне енеді;

-        тариф мәртебесі «Төленген жоқ» мәртебесіне өзгереді;

-       Жүйе мынадай функцияларға  қолжетімділік ашады: мемлекеттік сатып алуларға қатысуға өтінім беру/қосымша, бір көзден алудан мемлекеттік сатып алуларға қатысуға келісім беру, баға ұсыныстарын беру, мемлекеттік сатып алулар туралы шартты келісу және қол қою;

-        «Тапсырыс берушіде келісілуде» мәртебесімен Мемлекеттік сатып алулар операторынан көрсетілген қызметтерге қол қойылған актіні жібіреді (көрсетілген қызметтердің актісі сондай-ақ «Менің шарттарым (Тапсырыс беруші)» бөлімінде қарау үшін ғана көрінеді – төлем үшін ақпарат);

Назар салыңыз! Сіз шартқа қол қойған сәттен бастап шарттың қолданылу мерзімі (яғни шарттың күшіне енуі) ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін. Яғни Көрсетілетін қызметтерге  қолжетімділік шартқа қол қойылған сәттен бастап ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін.

Көрсетілген қызметтердің актісіне қол қою

Назар салыңыз! Көрсетілген қызметтердің актісіне  қол қою үшін Сізге актіні жіберген күннен бастап 5 жұмыс күнінде беріледі. Егер актіні жіберген күннен бастап көрсетілген актілерге 5 жұмыс күні ішінде қол қойылмаса актіге қол қойылмайды, Оператор веб-порталдағы мынадай функцияларға  қолжетімділікті жабады:

 

1. мемлекеттік сатып алуларға қатысуға өтінім беру/қосымша;

2. бір көзден алудан мемлекеттік сатып алуларға қатысуға келісім беру;

3. баға ұсынысын беру; 

4. мемлекеттік сатып алулар туралы шартты келісу және қол қою.

Назар салыңыз! Көрсетілген қызметтердің актісіне қол қою мерзімдері бұзылған жағдайда Көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік  Көрсетілген қызметтерге ақы төлегеннен кейін ғана ұсынылатын болады.

Көрсетілген қызметтердің актісіне қол қою үшін «Қолжетімді әрекеттер» бағанында «Менің көрсетілетін қызметтерім» бөлімінде «Актіні қарау» батырмасын басу қажет.

Ашылған нысанда көрсетілген қызметтердің актісімен танысыңыз. Көрсетілген қызметтердің актісіне қол қою үшін көрсетілген қызметтердің бекітілетін актін таңдап алу қажет. Бекітілетінін сақтау үшін «Бекітілетін актіні сақтау» батырмасын басу қажет.

Бекітілетінді сақтағаннан кейін көрсетілетін қызметтердің актісіне қол қою қажет. Актіге қол қою үшін «Актіні бекіту» батырмасын басу қажет.

Жүйе ЭЦҚ таңдау үшін модальдық терезені көрсетеді. ЭЦҚ-ға жолды таңдаңыз. Көрсетілген қызметтердің актісіне қол қойыңыз.

Актіге қол қойғаннан кейін Жүйе актінің мәртебесін «Бекітуге» өзгертеді және қарау нысанында «Көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді растау» батырмасын көрсетеді.

PDF форматында көрсетілетін қызметтердің актісін қарау үшін «pdf ретінде жүктеу» батырмасын басу арқылы көрсетілетін қызметтердің актісін жүктеу қажет.

Көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді растау

Көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді растау үшін Сіздің Мемлекеттік сатып алу веб-порталының электрондық әмияныңызда таңдап алынған тарифке сәйкес алу үшін қажетті сома болуы қажет.

Электрондық әмиянға ақша қаражатын аудару үшін Оператордың банктік шотына ақша қаражатын аудару қажет. Оператордың банктік деректемелері Мемлекеттік сатып алу веб-порталында «Тарифтер» бөлімінде келтірілген.

 Төлем оны жүзеге асырғаннан кейін келесі күні Мемлекеттік сатып алу веб-порталына автоматты түрде аударылады (соған байланысты, Бактер ақшаны сол күні аударуға кепілдік бермейді, банктер ақшаның аударылуын 3 жұмыс күніне дейін кешіктіруі мүмкін).

Банк банктік шотқа төлемді аударғаннан кейін Оператор веб-порталда электрондық әмиянда Сіздің аударған сомаңызды көрсетеді.

Назар салыңыз! Мемлекеттік сатып алулар веб-порталын пайдалану ( қолжетімділік) бойынша көрсетілетін қызметтер үшін төлем жүргізген кезде, егер жеке тұлға ақшаны ұйымнан атынан жіберетін болса, онда ақшаны жөнелтуші ретінде мыналарды міндетті түрде көрсету қажет: аударылған ақша электрондық әмиянына түсетін ЗТ/ЖТ атауы, БСН/ЖСН. 

Назар салыңыз! Төлем тиісінше ресімделмеген жағдайда (ТТК, банктік деректемелері дұрыс көрсетілмеген), онда ақша қаражаты Сіздің электрондық әмияныңызға аударылатын болады. Мемлекеттік сатып алулардың операторы 5 жұмыс күні ішінде ақша қаражатын төлемде көрсетілген деректемелерге кері қайтарады, ал кері қайтармаған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әрекет етеді.

Назар салыңыз!  Көрсетілген қызметтердің актісіне қол қойған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Көрсетілген қызметтерге төлем жүргізу қажет.

Егер көрсетілген қызметтердің актісіне қол қойған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде көрсетілген қызметтердің төлемі жүргізілмесе, Оператор веб-порталдың мынадай функционалдығына  қолжетімділік жабады:

1. мемлекеттік сатып алуларға қатысуға өтінім беру/қосымша;

2. бір көзден алудан мемлекеттік сатып алуларға қатысуға келісім беру;

3. баға ұсынысын  беру; 

4. мемлекеттік сатып алулар туралы шартты келісу және қол қою.

 Көрсетілетін қызметтердің төлемі мерзімдері бұзылған жағдайда, жоғарыда келтірілген функцияларға  қолжетімділік көрсетілетін қызметтердің төлемінен кейін ғана ұсынылатын болады.

Сіздің электрондық әмияныңызға ақша қаражаты аударылғаннан кейін көрсетілетін қызметтердің төлемін растау қажет.  Ол үшін «Менің көрсетілетін қызметтерім» бөлімінде «Қолжетімді әрекеттер» бағанында «Актіні қарауды» таңдаңыз.

Актінің ашылған нысанында «Көрсетілетін қызметтерге төлемді растау» батырмасын басыңыз.

Түймені басқаннан кейін Жүйе таңдалған тарифке сәйкес электрондық әмиянда қажетті сома бар не жоғын тексереді. Егер тексеру сәтті болған жағдайда, Жүйе мынадай әрекеттерді орындайды:

-        қажетті соманы алады;

-        тарифтің мәртебесін «Төленді» деген мәртебеге өзгертеді;

-        тарифті белсенді етеді;

-       егер Көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік актіге уақтылы қол қоймауы себебінен жабылған болса, онда қолжетімділік ашық болады.

 Назар салыңыз! Егер көрсетілген қызмет үшін жүргізілген төлемі бар қолданыстағы шарт/тариф бар болса, онда басқа тарифке ауысу кезінде Сіз көрсетілетін қызметке қайта төлем жүргізуіңіз қажет, бұл ретте алдыңғы шарттың қолданысы аяқталады.

 Назар салыңыз! Егер қолданыстағы шарт бар болса, бірақ бұл ретте көрсетілетін қызметке төлем жүргізілмеген болса, онда Жүйе алдыңғы қолданыстағы шарт бойынша көрсетілген қызметтің төлемі жүргізілмейінше өзге тариф бойынша шарт жасасуға мүмкіндік бермейді.

 Назар салыңыз! Көрсетілетін қызмет шартқа қол қойылған сәттен бастап ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін ұсынылады.

12.2 Жеке сектордың (квазисектор емес) Көрсетілетін қызметке төлемі

Көрсетілетін қызметтердің төлемі

Мемлекеттік сатып алулар Заңына сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алулар веб-порталын пайдалану бойынша көрсетілетін қызметтерді әлеуетті өнім беруші ақылы негізде көрсететін болады.

Әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік сатып алулар веб-порталын пайдалану бойынша көрсетілетін қызметтері (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметтер) веб-порталдың мынадай функцияларын қамтитын болады:

- мемлекеттік сатып алуларға қатысуға өтінім беру/қосымша, бір көзден алудан мемлекеттік сатып алуларға қатысу туралы келісім беру;

- баға ұсынысын беру;

- мемлекеттік сатып алулар туралы шартты келісу және қол қою (мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері бойынша).

Көрсетілетін қызметке  қолжетімділік алу үшін Өнім беруші Көрсетілетін қызметке жылына бір рет төлем жүргізуі қажет. Көрсетілетін қызмет үшін жылына бір рет төлем жүргізілмеген болса, веб-портал Өнім берушіге мынадай функцияналдық бойынша  қолжетімділік автоматты түрде жабады:

-   мемлекеттік сатып алуларға қатысуға өтінім беру/қосымша, бір көзден алудан мемлекеттік сатып алуларға қатысу туралы келісім беру;    

-        баға ұсынысын беру;

- мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілі бойынша мемлекеттік сатып алулар туралы шартты келісу және қол қою.

Назар салыңыз!  Мемлекеттік сатып алулар туралы Заңның 39-бабының 3-тармағының 54-тармақшасына сәйкес мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құратын мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен және (немесе) ұйымдарымен мемлекеттік сатып алулар туралы шартты жасасуды жүзеге асырған жағдайда, Мемлекеттік сатып алулар веб-порталы осындай ұйымдарға көрсетілетін қызметтерге ақы төлемей шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен шартты келісуге, оған қол қоюға мүмкіндік береді. Бірақ егер  шартта жоспардың бірнеше тармағы болса және жоспардың бір тармағы бойынша шартты жасасу негіздемесі Мемлекеттік сатып алулар туралы Заңның 39-бабы 3-тармағының 54-тармақшасы болмаса, онда қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Назар салыңыз! Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері және (немесе) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдар «Ашық конкурс», «аукцион», «баға ұсыныстарын сұрату», «Мемлекеттік әлеуметтік сатып алу», «өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу», «Тұрғын үй сатып алу» тәсілдерімен сатып алуға қатысқан кезде, онда бұл жағдайларда Көрсетілетін қызметті төлеу талап етіледі.

Назар салыңыз! Көрсетілетін қызмет үшін бас ұйым не филиал ақы төлеуі мүмкін. Егер Көрсетілетін қызметке бас ұйым ақы төлеген болса, онда филиал Көрсетілетін қызметке  қолжетімділікті автоматты түрде ашады. Егер Көрсетілетін қызметті филиалдарының бірі ақы төлеген болса, онда бас ұйым мен барлық филиалдарға қолжетімділік ұсынылады. Бұл ретте егер бірнеше филиалдар немесе бас ұйым және филиал ақы төлеген болса,  онда ең жоғары төленген сома бойынша тариф қолданылады. Мысалы, бас ұйым 2525  теңге сома бойынша тариф төлеген, ал филиал 25250 теңге сома бойынша тарифті төлеген болса, онда Жүйе тариф бас ұйымға және барлық филиалдарға 25250 тариф сомасы қолданылады.

Назар салыңыз! Мемлекеттік сатып алулар веб-порталын пайдалану (қолжетімділік) бойынша көрсетілетін қызметтер үшін төлем жүргізген кезде, егер жеке тұлға ақшаны ұйымнан атынан жіберетін болса, онда ақшаны жөнелтуші ретінде мыналарды міндетті түрде көрсету қажет: аударылған ақша электрондық әмиянына түсетін ЗТ/ЖТ атауы, БСН/ЖСН. 

Көрсетілетін қызметтерге төлеу үшін Өнім беруші «Қатысушының бейіні» мәзіріне – «Электрондық әмиян» көшуі қажет.

Ашық нысанда Жүйе Сіздің Көрсетілетін қызметтердің жеке шоты туралы ақпаратты көрсетеді.

Назар салыңыз! Егер электрондық әмиян құрылмаған болса, Сіз Бірыңғай оператордың банктік шотына аударылған ақша қаражаты Сіздің электрондық әмияныңызға аударылуы үшін электрондық әмиян құруыңыз қажет. Электрондық әмиянды құру үшін «Электрондық әмиян» бөлімінде «Құру» батырмасын басыңыз.

«Менің көсетілетін қызметтерім» бөліміне көшіңіз.

Ашылған нысанда оң жақта «Көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу» батырмасын басыңыз.

Назар салыңыз!  «Көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу» түймесі 2019 жылғы 1 қаңтардан басап қолжетімді болады.

Түймені басқаннан кейін Жүйе тиісті тарифті таңдау үшін нысанды көрсетеді. Тарифтер – Тарифтер – Мемлекеттік сатып алу веб-порталының әлеуетті өнім берушілерінің пайдалануы бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған уәкілетті органның келісімі бойынша Оператордың белгілеген бағалары. Өтінімдер мен шарттардың тарифтік сеткасы және шекті сомасы Мемлекеттік сатып алу веб-порталында «Тарифтер» бөлімінде келтірілген https://www.goszakup.gov.kz/ru/.

Назар салыңыз! Берілетін өтінімдер мен жасалатын шарттардың саны таңдап алынған тарифтің қолданылуы кезеңінде шексіз.  

Қатысу жоспарланған өтінімдер мен шарттардың шекті сомаларына байланысты тарифті таңдап алыңыз.

«Растау» батырмасын басыңыз.

«Растау» батырмасын басқаннан кейін, Жүйе:

-       шарт– оферталарды көрсету;

-     Мемлекеттік сатып алулар операторы қол қойған Көрсетілген қызметтердің актісіне қол қою үшін Сізге жібереді.  

Шартты қарау үшін «Шарт туралы мәліметтер» бөлімінің «Шарт файлы» жолағындағы сілтеме бойынша басыңыз.

Назар салыңыз! Көрсетілетін қызметтердің актісіне қол қою алдында шарт – оферталарының ережелерімен және көрсетілетін қызметтердің актісімен мұқият танысу, сондай-ақ таңдалған тарифке сәйкес электрондық әмияннан алу үшін қажетті соманың бар не жоғын тексеру керек.

Ақша қаражатын электрондық әмиянға аудару үшін Оператордың банктік шотына ақша қаражатын аудару қажет. Оператордың банктік деректемелері Мемлекеттік сатып алу веб-порталында «Тарифтер» деген бөлімде келтірілген https://www.goszakup.gov.kz/ru/.

Назар салыңыз! Мемлекеттік сатып алулар веб-порталын пайдалану (қолжетімділік) бойынша көрсетілетін қызметтер үшін төлем жүргізген кезде, егер жеке тұлға ақшаны ұйымнан атынан жіберетін болса, онда ақшаны жөнелтуші ретінде мыналарды міндетті түрде көрсету қажет: аударылған ақша электрондық әмиянына түсетін ЗТ/ЖТ атауы, БСН/ЖСН. 

Төлем оны жүзеге асырғаннан кейін келесі күні Мемлекеттік сатып алу веб-порталына автоматты түрде аударылады (соған байланысты, Банктер ақшаны сол күні аударуға кепілдік бермейді, банктер ақшаның аударылуын 3 жұмыс күніне дейін кешіктіруі мүмкін).

Банк банктік шотқа төлемді аударғаннан кейін Оператор веб-порталда электрондық әмиянда Сіздің аударған сомаңызды көрсетеді.

Назар салыңыз! Төлем тиісінше ресімделмеген жағдайда (ТКБ, банктік деректемелері дұрыс көрсетілмеген), онда ақша қаражаты Сіздің электрондық әмияныңызға аударылатын болады. Мемлекеттік сатып алулардың операторы 5 жұмыс күні ішінде ақша қаражатын төлемде көрсетілген деректемелерге кері қайтарады, ал кері қайтармаған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әрекет етеді.

Назар салыңыз! Мемлекеттік сатып алулар веб-порталын пайдалану (қолжетімділік) бойынша көрсетілетін қызметтер үшін төлем жүргізген кезде, егер жеке тұлға ақшаны ұйымнан атынан жіберетін болса, онда ақшаны жөнелтуші ретінде мыналарды міндетті түрде көрсету қажет: аударылған ақша электрондық әмиянына түсетін ЗТ/ЖТ атауы, БСН/ЖСН. 

Көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және көрсетілетін қызметтердің актісіне қол қою

Актіге қол қою үшін шартты қарау нысанында «Көрсетілген қызметтердің актісі» батырмасын басу қажет.

 Сондай-ақ қарау/қол қою үшін көрсетілетін қызметтердің актісін «Менің көрсетілетін қызметтерім» – «Қолжетімді әрекеттер» - «Актіні қарау» бөлімінде ашуға болады.

Назар салыңыз! Егер көрсетілген қызметтердің актісіне қол қойылмаған болса және Сіз өзге тарифті таңдайыңыз қажет болса, онда шарт – офертаны жою қажет. Шартты  – оферталарды жою үшін «Менің көрсетілетін қызметтерім» - «Қолжетімді әрекеттер» - «Шартты жою» бөліміне ауысыңыз (жоғарыда суретті қараңыз). Көрсетілетін қызметтердің кестесінде жою үшін қажетті  шартты таңдаңыз. «Шартты жою» батырмасын басыңыз.

Ашылған нысанда көрсетілген қызметтердің актісімен танысыңыз. Көрсетілген қызметтердің актісіне қол қою үшін көрсетілетін қызметтердің бектілетін актісін таңдау қажет. Бектілетінді сақтау үшін «Бекітілетін актіні сақтау» батырмасын басу қажет.

Бекітілетінді сақтағаннан кейін көрсетілетін қызметтердің актісіне қол қою қажет. Актіге қол қою және көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін «Актіні бекіту және көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу » батырмасын басу қажет.

Түймені басқаннан кейін Жүйе таңдалған тарифке сәйкес Сіздің мемлекеттік сатып алулар веб-порталындағы электрондық әмияныңызда қажетті сома бар не жоғын тексереді. Егер тексеру сәтті болған жағдайда, Жүйе ЭЦҚ таңдау үшін модальдық терезені көрсетеді. ЭЦҚ-ға жолды таңдаңыз. Көрсетілген қызметтердің актісіне қол қойыңыз.

 Актіге қол қойғаннан кейін, Жүйе:  

-       «Қолданыста» деген мәртебесі бар шарт – офертаны сақтайды;

-         тарифтің мәртебесін «Төленді» деген мәртебеге өзгертеді;

-       қажетті соманы алады;

-       актінің мәртебесі «Бекітілді» деген мәртебені өзгереді;

-        Жүйе функцияларға  қолжетімділікті ашады: 1) мемлекеттік сатып алуларға қатысуға өтінім беру/қосымша, 2) бір көзден алудан мемлекеттік сатып алуларға қатысуға келісім беру, 3) баға ұсынысын беру, 4) мемлекеттік сатып алулар туралы шартты келісу және қол қою.

Назар салыңыз!  Егер көрсетілген қызмет үшін жүргізілген төлемі бар қолданыстағы шарт/тариф бар болса, онда басқа тарифке ауысу кезінде Сіз көрсетілетін қызметке қайта төлем жүргізуіңіз қажет, бұл ретте алдыңғы шарттың қолданысы аяқталады.

Назар салыңыз! Көрсетілетін қызмет шартқа қол қойылған сәттен бастап ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін ұсынылады.

12.3 Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану ( қолжетімділік) бойынша қызметтер көрсетілгені үшін «ЭҚО» АҚ шотына ақша қаражатын аудару тәртібі

Банк арқылы төленген «ЭҚО» АҚ-ның шотына ҚР резиденттерінен ақша қаражатын аудару тәртібі

 Назар салыңыз! Көрсетілген қызметтер үшін төлем жүргізу кезінде ақшаны жөнелтуші ретінде мыналарды міндетті түрде көрсету қажет: аударылған ақша электрондық әмиянына түсетін ЗТ/ЖТ атауы, БСН/ЖСН.  Егер ақша жөнелтуші ретінде бір компания көрсетілген болса, ал төлем тағайындауда аудару үшін басқа компания көрсетілген болса, онда ақша жөнелтушінің электрондық әмиянына аударылатын болады. Егер жеке тұлға ақшаны ұйымның атынан жіберетін болса, онда ақшаны жөнелтуші ретінде мыналарды міндетті түрде көрсету қажет: аударылған ақша электрондық әмиянына түсетін ЗТ/ЖТ атауы, БСН/ЖСН. Мысалы, егер белгілі бір заңды тұлғаның электрондық әмиянына ақша қаражатын аудару қажет болса, онда ақшаны жөнелтуші жеке тұлға не кез келген өзге де ұйым болмауы тиіс.

Ақша жөнелтуші

 Веб – порталда тіркелген

Порталда кімнің электрондық әмиянына аударылады

Сомасы

ТТК

Төлемнің тағайындалуы

Ескертпе

БСН/ЖСН: 112233445566

«Құрылыс компаниясы» АҚ

Тіркелген

БСН/ЖСН: 112233445566, «Құрылыс компаниясы» АҚ

308500

859

Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану (қолжетімділік) жөніндегі көрсетілетін қызметке төлем

Ақша «Құрылыс компаниясы» АҚ, БСН/ЖСН: 112233445566, электрондық әмиянына жазылады

БСН/ЖСН: 112233445566 ЖК «Мирасов»

Тіркелген

БСН/ЖСН: 112233445566 ЖК «Мирасов»

2525.00

859

«Перевозки» ЖШС-нен, БСН: 665544332211, Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану (қолжетімділік) жөніндегі көрсетілетін қызметке төлем

Ақша «Перевозки» ЖШС, БСН: 665544332211, электрондық әмиянына жазылмайды. Себебі банктен веб-порталға жөнелтуші ретінде "Мирасов" ЖК көрсетілген төлем қағазы түседі. Электрондық әмиянға жазылған ақшаны қайтару үшін «Мирасов» ЖК МС веб-порталына ақшаны қайтаруға өтінім беруі қажет. Өтінімді толтыру тәртібі мына сілтеме бойынша берілген

БСН/ЖСН: 778833445566 ЖК «Иванов»

Тіркелмеген

Веб-порталда тіркелгеннен кейін ақша ЖК «Ивановтың» электрондық әмиянына аударылатын болады

50500.00

859

"Марченко" ЖК-нен, ЖСН: 109944332211, Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану (қолжетімділік) жөніндегі көрсетілетін қызметке төлем

Ақша «Марченко» ЖК, ЖСН: 109944332211, электрондық әмиянына жазылмайды. Себебі банктен веб-порталға жөнелтуші ретінде "Иванов" ЖК көрсетілген төлем қағазы түседі. Ақша «Иванов» ЖК МС веб-порталына тіркелгеннен кейін осы компанияның электрондық әмиянына жазылады.

Электрондық әмиянға жазылған ақшаны қайтару үшін «Иванов» ЖК МС веб-порталына ақшаны қайтаруға өтінім беруі қажет. Өтінімді толтыру тәртібі мына сілтеме бойынша берілген.

БСН/ЖСН: 997733445566 Жамбылов Жамбыл Қайдарұлы (ЖТ болып табылады)

Тіркелмеген

Веб-порталда тіркелгеннен кейін ақша  Жамбылов Жамбыл Қайдарұлының(ЖТ болып табылады) электрондық әмиянына аударылатын болады

308500


"Жамбылова Салтанат Қайратқызы" ЖК-нен, ИИН: 109944332211, Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану (қолжетімділік) жөніндегі көрсетілетін қызметке төлем

Ақша «Жамбылова Салтанат Қайратқызы» ЖК, ЖСН: 109944332211, электрондық әмиянына аударылмайды. Себебі банктен веб-порталға жөнелтуші ретінде Жамбылов Жамбыл Қайдарұлы көрсетілген төлем қағазы түседі. Сонымен жөнелтуші мен төлем тағайындауында көрсетілген ЖК бірдей тегі болғаны маңызды емес. Веб-портал үшін бұлар – әртүрлі өнім берушілер. Ақша ЖТ Жамбылов Жамбыл Қайдарұлы тіркелгеннен кейін осы ЖТ электрондық әмиянына жазылады. Электрондық әмиянға жазылған ақшаны қайтару үшін Жамбылов Жамбыл Қайдарұлы МС веб-порталына ақшаны қайтаруға өтінім беруі қажет. Өтінім толтыру тәртібі мына сілтеме бойынша берілген.

БСН/ЖСН: 997733445566 Әлиханов Қайдар Маратұлы (ЖТ болып табылады)

Тіркелмеген

Веб-порталда тіркелгеннен кейін ақша  Әлиханов Қайдар Маратұлының (ЖТ болып табылады) электрондық әмиянына аударылатын болады

25250.00


«Пластик терезе жасау» ЖШС-нен, БСН: 109944332211, Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану (қолжетімділік) жөніндегі көрсетілетін қызметке төлем

Ақша «Пластик терезе жасау» ЖШС, БСН: 109944332211, электрондық әмиянына аударылмайды. Себебі банктен веб-порталға жөнелтуші ретінде Алиханов Кайдар Маратович (ЖТ болып табылады) көрсетілген төлем қағазы түседі. Ақша Әлиханов Қайдар Маратұлы (ЖТ болып табылады) МС веб-порталына тіркелгеннен кейін осы ЖТ электрондық әмиянына жазылады. Электрондық әмиянға жазылған ақшаны қайтару үшін Әлиханов Қайдар Маратұлы (ЖТ болып табылады) МС веб-порталына ақшаны қайтаруға өтінім беруі қажет. Өтінім толтыру тәртібі мына сілтеме бойынша берілген.

Қазпошта арқылы төленген  жағдайда «ЭҚО» АҚ-ның шотына ҚР резиденттерінен ақша қаражатын аудару тәртібі

Назар салыңыз! Қазпошта арқылы төлем жүргізу кезінде  төлем тағайындауда электрондық әмиянына ақша аударылуы тиіс ақша жөнелтушінің деректемелері толтырылуы үшін мыналарды тексеру қажет: компанияның атауы, БСН/ЖСН не  (жеке тұлғалар үшін) Т.А.Ә. мысалы, қазпошта арқылы төлеу кезінде ақша жөнелтуші ретінде қазпошта өзін көрсетеді. Қазпошта арқылы төленген ақша үш банктік жұмыс күнінен астам өңделеді.

Мысалы:

Ақшаны жөнелтуші

Сомасы

ТТК

Төлемді тағайындау

Порталда кімнің электрондық әмиянына аударылады

«Қазпошта» АҚ

2525

859

Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану ( қолжетімділік) бойынша көрсетілетін қызметтер.

Ерланов Әділ Қайыржанұлы, ЖСН 970810401045

Ақша Ерланов Әділ Қайыржанұлының электрондық әмиянына аударылатын болады, ЖСН: 970810401045

«Қазпошта» АҚ

50500

859

Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану ( қолжетімділік) бойынша көрсетілетін қызметтер.

Жөнелтуші:  Ержанов Марат Қайыржанұлы

Төлем қабылданбайды. Ақша  Ержанов Марат Қайыржанұлының электрондық әмиянына аударылмайды. Себебі ақша жөнелтушінің ЖСН көрсетілмеген.

«Қазпошта» АҚ

308500

859

Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану ( қолжетімділік) бойынша көрсетілетін қызметтер.

Жөнелтуші:  «Терезе дайындау» ЖШС, БСН: 010203040506

Ақша «Терезе дайындау» ЖШС электрондық әмиянына аударылады., БСН: 010203040506

«Қазпошта» АҚ

151500

859

Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану ( қолжетімділік) бойынша көрсетілетін қызметтер.

Жөнелтуші:  ЖК «Омаров»

Төлем қабылданбайды.

Ақша ЖК «Омаров»-тың электрондық әмиянына аударылмайды. Себебі ақша жөнелтушінің БСН/ЖСН көрсетілмеген.

 «ЦЭФ» АҚ-ның шотына ҚР резиденттерінен емес ақша қаражатын аудару тәртібі

Резидент емес төлем үшін өзінің банкінің корреспонденттік шоты арқылы төлем жіберу қажет. Көрсетілетін қызметтер үшін төлем халық банкі АҚ-ға соңғы корреспондент арқылы келіп түседі. Төлем тағайындауда мынадай деректемелерді міндетті түрде көрсету қажет:ақша жөнелтуші компанияның БСН, атауы. Мысалы, ақша жөнелтуші ретінде «Халық банкі» АҚ, ал сондай-ақ кімге ақша аударылатыны көрсетілетін болады. Қабылдап алушы: 071140005693 «Электрондық қаржы орталығы» АҚ, төлем сомасы және төлем себебі. 

Мысалы: 

Ақша жөнелтуші

Сомасы

ТТК

Төлемді тағайындау

Порталда кімнің электрондық әмиянына аударылады

«Халық банкі» АҚ

50500

859

Төлеуші: БСН: 02030405060708 «Тасымалдау жөніндегі компания».

Қабылдап алушы: «Электрондық қаржы орталығы» АҚ.

Тағайындау: «ҚР кейбір заңнама актілеріне квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік сатып алулар және сатып алулар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Заңның 17-бабының 3-тармақшасына сәйкес Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану (қолжетімділік) бойынша көрсетілетін қызметтер төлемі. Сомасы 50 500-00 теңге

Ақша электрондық әмиянға аударылатын болады.

БСН: 02030405060708 «Тасымалдау жөніндегі компания».

«Халық банкі» АҚ

2525

859

Төлеуші: БСН: 02030405060708 «Тасымалдау жөніндегі компания».

Қабылдап алушы: «Электрондық қаржы орталығы» АҚ.

Тағайындау: «ҚР кейбір заңнама актілеріне квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік сатып алулар және сатып алулар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Заңның 17-бабының 3-тармақшасына сәйкес Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану ( қолжетімділік) бойынша көрсетілетін қызметтер төлемі. Сомасы 50 500-00 теңге

Ақша электрондық әмиянға аударылатын болады.

БСН: 02030405060708 «Тасымалдау жөніндегі компания».

12.4 Ақша қаражатын кері қайтару

Тіркелмеген тұтынушыларға ақша қаражатын кері қайтару

Порталда ақшаны жөнелтуші тіркелмегендіктен, электронды әмиянға есепке алынбаған немесе есептелмеген мемлекеттік сатып алу веб-порталының пайдалануына (кіруіне) қызмет көрсетуге қатысты дұрыс емес мәліметтерді көрсетумен төленген ақшаны қайтару үшін Порталда тіркелу қажет. Порталда тіркеу тәртібі осы сілтеме бойынша берілген. Сонымен қатар, тіркеуден өткеннен кейін «Пайдаланушы профилі» - «Электрондық әмиян» бөліміне баруыңыз керек.

Ашылған түрде Жүйе Сіздің жеке шотыңыз туралы ақпаратты көрсетеді.

Назар аударыңыз! Электронды әмиян құрылмаған жағдайда, Сізге Оператордың банктік шотына ақша аудару үшін электронды әмиян жасау қажет.  Электрондық әмиян жасау үшін «Электрондық әмиян» бөліміндегі «Жаңа» түймесін басыңыз. Бұдан кейін ақша қайтару үшін бөлімде берілген қадамдарды орындаңыз. 


Ақша электрондық әмиянда болған жағдайда Порталда тіркелген пайдаланушыларға электрондық әмияннан ақша қаражатын кері қайтару

Назар салыңыз!  Электрондық әмияннан ақша қаражатын кері қайтаруға өтінішті  «ЭҚО» АҚ-ы үш жұмыс күнінен бес жұмыс күніне дейін қарайды.

Электрондық әмияннан кейін/қате есептелген ақша қаражатын қайтару үшін «қатысушының профиліне» - «электрондық әмиянға»  ауысу қажет.

Назар салыңыз! Егер электрондық әмиянда ақша болса ғана ақша қаражатын кері қайтаруға Порталда өтініш беруге болады. Егер электрондық әмиянда ақша (яғни нөлдік баланс) болмаса, онда ақша Сіздің электрондық әмияныңызға аударылмаған. Жағдайды анықтау үшін техникалық қолдау көрсету қажет.


«Ақша қаражатын кері қайтаруға өтініштер» бөліміне ауысу.

«Ақшаны кері қайтаруға өтініш жасау» батырмасын басыңыз.


Өтініште ақша қаражатын кері қайтаруға арналған міндетті жолақтарды толтырыңыз.



Деректерді сақтау үшін «Сақтау»  батырмасын басыңыз.


Жүйе «Шимай қағаз» мәртебесі бар өтінішті сақтайды.

Өтінішті жіберу үшін өтінішке қол қою қажет. Өтінішке қол қою үшін «өтінішке қол қою» батырмасын басыңыз.


Өтінішке сәтті қол қойылғаннан кейін Жүйе өтініштің  «Шимай қағаз» мәртебесін «Қаралуда» мәртебесіне өзгертеді және кері қайтару сомасын бұғаттайды.  Өтінішті «Электрондық қаржы орталығы» АҚ қарайтын болады.

Егер өтініш дұрыс толтырылған болса (банк деректемелері дұрыс көрсетілген), онда өтініш қабылданады. Өтініш қабылданғаннан кейін Жүйе өтініш мәртебесін «Расталды» деп өзгертеді.

Егер өтініш дұрыс толтырылмаған жағдайда (мысалы, банк шоты жоқ), онда Сізге бас тарту себебін көрсете отырып кері қайтарудан бас тартылады, Жүйе ұсталған соманы бұғаттайды және өтініштің мәртебесін «Бас тартылды» мәртебесіне өзгертеді.  Бұдан әрі Сізге дұрыс банк деректемелерін көрсете отырып, өтінішті қайта жіберу қажет.

Банкке ақшаны кері қайтаруға өтініш жібергеннен кейін жүйе өтініштің мәртебесін «Банкке жіберілді» мәртебесіне өзгертеді.  Банкке өтініш жібергеннен кейін, егер барлық деректер дұрыс көрсетілсе, яғни көрсетілген банк шоты ақша алушыға тиесілі болса, онда Банк Сіздің шотыңызға ақша қаражатын аударады. Егер Сіз, Сізге тиесілі емес  шотты көрсеткен болсаңыз, онда банк кері қайтарады. Банк кері қайтаруға өтінішті қабылдаған кезде көрсетілген банк деректемелері ақша алушыға тиесілі болуын тексереді. Сондықтан өтініште алушыға тиесілі банк деректемелерін көрсету қажет. Егер банк ақша қаражатын қайтарудан бас тартса, жүйе өтініштің «Бас тартылды» мәртебесін өзгертеді және ақша қаражатын кері қайтару себебін көрсетеді.








  • No labels