Skip to end of metadata
Go to start of metadata

       "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 13-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

       1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

       2. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 154 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18364 болып тіркелген, 2019 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

       2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және Тізбенің 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағын, сондай-ақ Тізбенің 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 4 және 5-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі                                                                                                      Ә. Смайылов


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы
№ 155 бұйрығымен бекітілген


Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі


Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәсілі

1.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

2.

ЖиҺаз өнімі

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

3.

Жеңіл өнеркәсіп тауарлары

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

4.

Сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімі тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері санаттарына жататын тауарлар (ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышына сәйкес)

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

5.

"Электронды үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жөніндегі қызметтер

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

  • No labels