Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

Кіріспе

Портал туралы

Мемлекеттiк сатып алу веб-порталы – электрондық мемлекеттiк сатып алудың электрондық қызмет көрсетулеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк ақпараттық жүйе.

Мемлекеттік сатып алу веб–порталы мынадай атқарымдылықты қамтамасыз етеді:

- мемлекеттік сатып алу процесінің қатысушыларын тіркеу;

- мемлекеттік сатып алуларды жоспарлау;

- электрондық мемлекеттік сатып алуды, соның ішінде тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім беруші арасында электрондық құжат алмасуды жүргізу;

- мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жоспарланған, өткізіліп отырған және жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат ұсыну;

- өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша статистика мен есептілікті қалыптастыру;  

- мемлекеттік сатып алу саласында түсіндірулер мен нормативтік-анықтамалық ақпаратты жариялау;

- мемлекеттік сатып алу тізіліміне енгізілетін мәліметтерді ұсыну мен жариялау.  

 

ТҰПНҰСҚАЛАНДЫРУ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБАНЫ АЛУ   

Жүйеде пайдаланылатын анықтамалар:

  • ҰКО –  Қазақстан Республикасының Ұлттық Куәландыру Орталығы, ҚР заңды және жеке тұлғаларына сенімді тұпнұсқаландыру құралдарын және электрондық цифрлық қолтаңбаны беруді жүзеге асырады.
  • Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның қатыстылығы мен мазмұнының тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық нышандардың жиынтығы.  
  • Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті – тіркелу куәлігінің иесіне мәлім және электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын қолдану арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны құруға арналған электрондық цифрлық нышандар реттілігі.  
  • Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті – кез келген тұлғаға қолжетімді және электрондық құжатта электрондық цифрлық қолтаңбаның шынайылығын растау үшін арналған электрондық цифрлық қолтаңбалар реттілігі.
  •  Тіркелу куәлігі –электрондық цифрлық қолтаңбаның осы Заңмен белгіленген талаптарына сәйкестігін растау үшін куәландыру орталығымен берілетін қағаз нұсқасындағы құжат немесе электрондық құжат. Мәнмәтінде «ашық кілттің сертификаты» қалыптасқан сөзінің синонимі пайдаланылады.  
  • Тіркелу куәлігінің иесі – тіркелу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес келетін жабық кілттің заңды иесі атына тіркелу куәлігі берілген жеке немесе заңды тұлға.
  • ЖСН – 12 цифрдан тұратын жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке куәлікте көрсетілген. (Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 223 Заңын қараңыз).

 * ЖСН жеке куәлікте көрсетілген.  

    

  • БСН – «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» ҚР-ның 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) заңды тұлға (филиал мен өкілдік) мен бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызмет атқаратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір.
  • Электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесінің қатысушысы – мемлекеттік сатып алу саласында қызмет атқаратын жеке және заңды тұлғаның есеп жазбасы.
  • Электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесінің пайдаланушысы– электрондық сатып алу веб-порталында жеке тұлғаны тіркеу барысында автоматты түрде құрылатын электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесінің қатысушы өкілінің есеп жазбасы.

Тапсырыс берушілер мен ұйымдастырушылардың  мемлекеттік сатып алу бойынша ақпарат беруі веб-портал арқылы қағаз рәсімдерін қолданбай электрондық түрде жүзеге асырылатын болады. Бұл веб-порталда тұпнұсқаландыру құралдары мен электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану арқылы тіркелуді талап ететін болады.

Тұпнұсқаландыру құралдары (мемлекеттік сатып алу веб-порталына тіркелу мен кіру) мен электрондық цифрлық қолтаңбаны беру Астана, Алматы қалаларында, Қазақстан Республикасының барлық облыстық және аудандық орталықтарында Қызмет көрсету орталықтарында орналасқан Ұлттық куәландыру орталығының Тіркеу орталықтарында жүзеге асырылады.

Қажетті құжаттардың толық тізімі, тіркеу орталықтарының тізімі мен дербес компьютерге ЭЦҚ-ны орнату бойынша толық нұсқаулық Ұлттық куәландыру орталығының сайтында қолжетімді. 

  • Нет меток