Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында филиалдардың жұмысы

 

Филиалдарды тіркеу рәсімі аяқталғаннан кейін және Бас ұйым бекіткенге дейін, Жүйе Филиалдың жұмысын бұғаттайды және мынадай хабарламаны бейнелейді

 

 

Бас ұйым туралы мәліметті «Қатысушы бейіні» – «Тіркеу деректері» тарауынан қарауға болады. 

 


Порталда Филиалдар жұмыс істеу үшін, Бас ұйымға  Филиалдардың өкілеттік иеленгенін растау қажет. Бұл үшін «Ұйым әкімшісі» рөлімен Бас ұйымның қызметкеріне  «Қатысушы бейіні» - «Филиалдар туралы деректер» тарауына өту қажет. 

 


 

Ашылған терезеде «Филиал қосу» батырмасын басыңыз.

 


 

Батырманы басқан кезде танысу үшін мәтіні бар бетке өту жүзеге асырылады.  Мұқият оқып шығу қажет, келіскен жағдайда «Келісемін» батырмасын басу қажет. 

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Филиал өкілеттігін бере отырып, Сіз Порталда Филиалдар жұмыс істеу үшін растау бересіз.  Өнім беруші-филиал Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзған жағдайда, Жосықсыз өнім берушілер тізіліміне  өнім беруші-филиалдың Бас ұйымы кіргізіледі.

 


Ашылған терезеде барлық алаптарды толтырып, растайтын құжаттың  (сенімхаттың) скан-нұсқасын қоса тіркеу қажет.

 

Алап

Сипаттама

Филиалдың БСН-і

түсіп тұратын тізімнен филиалды таңдау (Порталда тіркеуден өткен ұйымдар ғана бейнеленеді)

Құжат нөмірі

Растайтын құжаттың нөмірін көрсету қажет

Құжаттың күні

Күнтізбеден растайтын құжаттың күнін көрсету қажет

Құжаттың әрекет ету мерзімі

Күнтізбеден растайтын құжаттың әрекет ету мерзімін таңдау қажет. Осы алап бойынша Филиалдың белсенділігі (оның Портала жұмыс істей алатыны -алмайтыны) анықталады.

Файлды қоса тіркеу/шолу

Оның негізінде Филиал жұмыс істейтін қол қойылған растайтын құжаттың  сканирленген көшірмесін қоса тіркеу қажет.

 

Барлық алаптарды толтырғаннан кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет.

 

 

Ойдағыдай сақтаған жағдайда, жүйе  қарау және Филиалдарды қосу нысанын бейнелейді.

 

 «Қарау» батырмасы -  қоса тіркелген файлды қарау және файл бойынша ақпаратты қарау үшін қызмет етеді:

 

«Қоса тіркеу» батырмасы –таңдалған Филиал бойынша ақпаратты/файлды жаңарту үшін қызмет етеді. Батырманы басқан кезде «Филиал қосу» батырмасын басқан кездегідей нысан ашылады.

 

«Белсенділік» алабындағы  пиктограммасы растайтын құжаттың әрекет ету мерзімі өзекті екенін және Филиал Порталда жұмыс істей алатынын білдіреді, ал  растайтын құжаттың әрекет ету мерзімі аяқталғанын және Филиалдың жұмысы Порталда бұғатталғанын білдіреді. Ақпаратты жаңарту үшін  (ол бойынша өзекті құжат пен ақпаратты қоса тіркеу), «Қоса тіркеу» батырмасын басу керек.  

  • Нет меток