Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных


Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 682 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 17 қазанда № 17575 болып тіркелді

       2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 258-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

       1. Қоса беріліп отырған Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын және венчурлік қорларды ортақ қаржыландыруды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйе субъектілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

       4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы

Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      2018 жылғы ___ қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      2018 жылғы ___ қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      2018 жылғы ___ қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      2018 жылғы ___ қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Астана қаласының әкімі

      2018 жылғы ___ қыркүйек

 

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 682 бұйрығымен
бекітілді

 Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын және венчурлік қорларды ортақ қаржыландыруды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйе субъектілерінің тізбесі

      1. "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" акционерлік қоғамы;

      2. "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры;

      3. "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамы;

      4. "Astana Hub" халықаралық IT-стартап технопаркі" корпоративтік қоры;

      5. "Ғылым қоры" акционерлік қоғамы;

      6. "Астана Innovations" акционерлік қоғамы.



  • Нет меток