Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

Электрондық мемлекеттік аудит ісі Тәуекелдерді басқару жүйесінде құрылады. Қаржылық бақылау (бұдан әрі – ТБЖ/ҚБ). ТБЖ/ҚБ-дан электрондық мемлекеттік сатып алу порталына (бұдан әрі – Портал) электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен қол қойылған «Аудиторлық іс – шараны жүргізуге арналған тапсырма» құжаты (бұдан әрі – Тапсырма) мемлекеттік аудит объектісіне жолданады. Бір тапсырмада бірнеше сатып алулар немесе шарттар көрсетіліп, тапсырмалар сатып алудың барлық тәсілдеріне жіберілуі мүмкін.

Тапсырма жеке кабинетке түскен жағдайда пайдаланушыға тапсырманың келіп түскені туралы хабарлама келеді. Хабарламаны алған кезде қатысушының барлық пайдаланушыларының әрекеттері тапсырмамен танысқанға дейін бұғатталады. 

Тапсырмамен танысу үшін «Жұмыс кабинеті – Журнал – Тапсырмалар журналы» қосымша парақшасына өту қажет. Одан кейін «Тапсырманың №» бағанындағы белсенді сілтемеге басу қажет.


 

Тапсырмамен танысу тек «Басшы» рөліне ие пайдаланушыға ғана қол жетімді. Танысу пайдаланушыға хабарлама келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізілуі тиіс. Егер тапсырмамен таныспаған жағдайда, онда автоматты растау жұмыс істейді және ТБЖ/ҚБ тапсырмамен автоматты түрде таныстыру бойынша ақпарат жіберілетін болады.

Тапсырмалардың статустары:

 

Жеткізілді – тапсырма, қосымша тапсырма немесе аудиторлық есеп мемлекеттік аудит объектісіне жеткізілді;


Танысты – мемлекеттік аудит объектісі тапсырмамен немесе қосымша тапсырмамен танысты.

 

Қарсылық етуде – мемлекеттік аудит объектісі аудиторлық есеппен танысқан және «Қарсылықпен» белгісі таңдалған;


Танысты. Қарсылықсыз – мемлекеттік аудит объектісі аудиторлық есеппен танысқан және «Қарсылықсыз» белгісі таңдалған;


Орындалуда – орындау тапсырмасы мемлекеттік аудит объектісінде;


Орындалған жоқ. Танысты – тапсырманы орындау мерзімі аяқталды, мемлекеттік аудит объектісі аудиторлық қорытынды алу жөніндегі хабарламамен танысты;


Орындалған жоқ. Танысқан жоқ – тапсырманы орындау мерзімі аяқталды, мемлекеттік аудит объектісі аудиторлық қорытынды алу жөніндегі хабарламамен таныспаған;


Орындалды – тапсырманы мемлекеттік аудит объектісімен орындалды.

 

 


Қосымша тапсырмамен танысу

Электрондық мемлекеттік аудиттің қосымша ісі ТБЖ/ҚБ құрылады. ТБЖ/ҚБ-дан Порталға ЭЦҚ көмегімен қол қойылған «Аудиторлық іс – шараны жүргізуге қосымша тапсырма» құжаты (бұдан әрі - Қосымша тапсырма) мемлекеттік аудит объектісіне жолданады. Қосымша тапсырма ТБЖ/ҚБ тарапынан жіберу үшін міндетті құжат болып табылмайды, бірақ жіберілген болса, онда тапсырмамен танысқан сияқты ұқсас танысу талап етіледі.

Қосымша тапсырма пайдаланушының жеке кабинетіне келіп түскен жағдайда қосымша тапсырманың түскені туралы хабарлама келеді. Хабарламаны алған кезде қатысушының барлық пайдаланушыларының әрекеттері қосымша тапсырмамен танысқанға дейін бұғатталады. 

Қосымша тапсырмамен танысу үшін «Жұмыс кабинеті – Журнал – Тапсырмалар журналы» қосымша парақшасына өту қажет. Одан кейін «Қосымша тапсырманың №» бағанындағы белсенді сілтемеге басу қажет.

 

Қосымша тапсырмамен танысу тек «Басшы» рөлі бар пайдаланушыға ғана қол жетімді. Танысу пайдаланушыға хабарлама келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізілуі тиіс. Егер қосымша тапсырмамен таныспаған жағдайда, онда автоматты растау жұмыс істейді және ТБЖ/ҚБ тапсырмамен автоматты түрде таныстыру бойынша ақпарат жіберілетін болады.


Аудиторлық есеппен және бұзушылықтар тізілімімен танысу

Аудиторлық есеп пен бұзушылықтар тізілімі ТБЖ/ҚБ құрылады. ТБЖ/ҚБ-дан Порталға ЭЦҚ көмегімен қол қойылған «Аудиторлық есеп» құжаты жолданады, мемлекеттік аудит объектісіне аудиторлық есепке қосымша «Бұзушылықтар тізілімі» жіберіледі.

Аудиторлық есеп және бұзушылықтар тізілімі келіп түскен жағдайда пайдаланушының жеке кабинетіне хабарлама келеді. Аталған кезеңде пайдаланушы әрекеті хабарлама алған кезде бұғатталмайды.

Аудиторлық есеппен және бұзушылықтар тізілімімен танысу үшін «Жұмыс кабинеті – Журнал – Тапсырмалар журналы» қосымша парақшасына өту қажет. Одан кейін «Тапсырманың № - Аудиторлық есеп - Бұзушылықтар тізілімі» бағанындағы белсенді сілтемеге басу қажет.

Аудиторлық есеппен танысу және аудиторлық есепке қол қою тек «Басшы» рөліне ие пайдаланушыға ғана қолжетімді. 

«Танысу» батырмасын басқан кезде аудиторлық есеп бойынша белгіні таңдау және есепке қол қою қажет. Егер қарсылықтар болмаған жағдайда «Қарсылықсыз» ажиегіне белгі қою, егер қарсылықтар болған жағдайда, онда «Қарсылықпен» жиегіне белгі қою талап етіледі және «Растау» бастырмасына басу талап етіледі. 

Содан кейін «Аудиторлық есеп» құжатына қол қою қажет. Аудиторлық есепке қол қою және белгіні таңдау мерзімдері аудиторлық іс-шараны өткізу мерзімі бойынша айқындалады. Егер күнтізбелік 15 күннен аз болса, онда қол қою мерзімі 1 жұмыс күні, егер көп болса, онда аудиторлық есепті алған сәттен бастап 2 жұмыс күні. 

Егер аудиторлық есеппен танысу жүргізілмесе, онда Жүйе ТБЖ/ҚБ «Қарсылықсыз» белгісімен автоматты түрде растауды жүргізеді.

Егер «Қарсылықсыз» белгісі таңдалса, онда ТБЖ/ҚБ қарсылықтардың жоқтығы туралы хабарлама  мен ЭЦҚ арқылы қол қойылған «Аудиторлық есеп» құжаты жіберіледі.

Егер «Қарсылықпен» белгісі таңдалса, онда ТБЖ/ҚБ қарсылық туралы хабарлама мен ЭЦҚ арқылы қол қойылған «Аудиторлық есеп» құжаты жібереді. Одан кейін мемлекеттік аудит объектісінде қарсылықтың нысанын толтыру, қалыптастыру және қол қою мүмкіндігі пайда болады. Қарсылықтың нысаны «Қарсылықпен» белгісі жіберілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қалыптастырылуы және қол қойылуы тиіс. Қарсылық нысанын толтыру және қол қою тек «Басшы» рөліне ие пайдаланушыға ғана қол жетімді.

Егер қарсылықтың нысаны «Қарсылықпен» белгісі жіберілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жіберілмесе, онда Жүйе автоматты түрде растауды жүргізеді және ТБЖ/ҚБ қарсылықтың жоқтығы туралы хабарламаны, яғни «Қарсылықсыз» белгісін жібереді.

Қарсылықты қарау нәтижелерімен танысу

Қарсылықты қарау нәтижелері ТБЖ/ҚБ құрылады. Егер аудиторлық есеппен танысу кезінде «Қарсылықпен» белгісі жіберілген жағдайда, ТБЖ/ҚБ-дан Порталға ЭЦҚ көмегімен қол қойылған «Қарсылықты қарау нәтижелері» құжаты мемлекеттік аудит объектісіне жіберіледі.

Қарсылықты қарау нәтижелері пайдаланушының жеке кабинетіне келіп түскен жағдайда хабарлама келеді. Аталған кезеңде пайдаланушы әрекеті хабарлама алған кезде бұғатталмайды. 

Қарсылықты қарау нәтижелерімен танысу үшін «Жұмыс кабинеті – Журнал – Тапсырмалар журналы» қосымша парақшасына өту қажет. Одан кейін «Тапсырманың № - Қарсылықты қарау нәтижелері» бағанындағы белсенді сілтемеге басу қажет.

Қарсылықты қарау нәтижелерімен танысу «Басшы» рөліне ие  пайдаланушыға ғана қолжетімді.

ТБЖ/ҚБ-дан қарсылықтарды қарау нәтижелерінің мынадай дстатустары келуі тиіс:

- қанағаттандырылды;

- ішінара қанағаттандырылды;

- қарсылықты қараудан бас тартылды:

- қарсылықты қанағаттандырудан бас тартылды.

 

Аудиторлық қорытындымен және бұзушылықтарды жоюға арналған нұсқамамен танысу

Аудиторлық қорытынды және бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым ТБЖ/ҚБ құрылады. ТБЖ/ҚБ-дан Порталға ЭЦҚ көмегімен қол қойылған «Аудиторлық қорытынды» және «Бұзушылықтарды жоюға арналған нұсқама» құжаттары мемлекеттік аудит объектісіне жіберіледі.

Аудиторлық қорытынды және бұзушылықтарды жою нұсқамасы түскен жағдайда пайдаланушының жеке кабинетіне хабарлама келеді. Аталған кезеңде пайдаланушы әрекеті хабарлама алған кезде бұғатталмайды.

Аудиторлық қорытындымен және бұзушылықтарды жою нұсқамасымен танысу үшін «Жұмыс кабинеті – Журнал – Тапсырмалар журналы» қосымша парақшасына өту қажет. Одан кейін «Тапсырманың № – Аудиторлық қорытынды/Бұзушылықтарды жою нұсқамасы» бағанындағы белсенді сілтемеге басу қажет.

Аудиторлық қорытындымен және бұзушылықтарды жою нұсқамасымен танысу тек қана «Басшы» рөліне ие пайдаланушыға қолжетімді.

МС веб-порталында электрондық мемлекеттік аудиттің нұсқамасы бойынша сатып алудағы/шарттардағы бұзушылықтарды жою

Аудиторлық қорытынды мен бұзушылықтарды жоюға нұсқама жіберілгеннен кейін мемлекеттік аудит объектілеріне тапсырманы орындау талап етіледі. Тапсырманы орындау тәуекел объектілеріне (сатып алу, шарт) байланысты сатып алуды жою немесе шартты бұзу жолымен жүргізіледі.

Аудиторлық тапсырманы орындау аудиторлық іс-шараны өткізу мерзімінде жүргізілуі талап етіледі.

Сатып алуды жою жолымен тапсырманы орындау. Сатып алудың күшін жою функционалы «Ұйымдастырушының нұсқаулығы – Сатып алудың қажетті тәсілін таңдаймыз – Сатып алуды болдырмау» бөлімінде сипатталған.

Шартты бұзу жолымен тапсырманы орындау. Шартты бұзу функционалы «Тапсырыс берушінің нұсқаулығы – 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Шартты мерзімінен бұрын тоқтату және бұзу – «Әрекет етеді» статусындағы шартты біржақты бұзу және хабардар етуді жіберу» бөлімінде сипатталған.

Сатып алуды жою немесе шартты бұзу жөніндегі іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік аудит объектісіне «Бұзушылықтарды жоюға арналған аудиторлық қорытынды/нұсқама» қосымша парақшасында нұсқаманың орындалуын растау, сондай-ақ ТБЖ/ҚБ жіберге арналған нұсқаманың орындалу нысанын толтыру, қалыптастыру және қол қою талап етіледі. Нұсқаманы орындау нысанын толтыру және қол қою тек «Басшы» рөліне ие пайдаланушыға ғана қолжетімді. 

 

 

 

  • Нет меток