Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

Шарт жасасуды тоқтата тұру не өткізілмеген сатып алу бойынша  бастапқы, қайталама сатып алулар  немесе   БКА сатып алуды жасауды тоқтата тұру

 

Назар аударыңыз! Бір көзден, алу, ашық конкурс, аукцион, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс  тәсілдерімен болмаған сатып алу бойынша сатып алу жасауды МС туралы заңның 47-бабына сәйке ашық конкурс (аукцион, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу) тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хаттаманы орналастырған күннен бастап  бес жұмыс күні ішінде (бұл ретте қорытыдлар хаттамасын жариялау 5 ж.к. есебіне кірмейді) тоқтата тұруға болады.   Бұл ретте хабарландыру мәртебесі «Аяқталған», лоттар/жоспар тармақтарының мәртебесі «Сатып алу өткізілді» немесе «Сатып алу өткізілмеді» болуы тиіс. 

Шарт жасасуды тоқтата тұру 

 

Өткізілмеген сатып алу  бойынша шарт жасасуды тоқтата тұру не  бастапқы, қайталама сатып алу жасауға не өтпеген сатып алу бойынша бір көзден сатып алу жасауды  тоқтата тұру  үшін тоқтата тұру қажет хабарландыруды ашу қажет.   

Бұл үшін «Тексеруші органдар қызметкері» рөлімен пайдаланушыға «Жұмыс кабинеті» мәзіріне «Хабарландыруларды іздеу (жалпы)» тарауына өту қажет.

Бұдан әрі «Іздеуді көрсету» батырмасын басу қажет.

Ашылған нысанда сүзгі параметрін енгізіп, «Табу» батырмасын басу керек.

Іздеу нәтижесі бейнеленгеннен кейін хабарландыру атауы гиперсілтемесін басу керек.

Ашылған нысанда «Қолжетімді әрекеттер» тарауында «Шарт жасасуды тоқтата тұру» батырмасын басу қажет. 

Ашылған нысанда тоқтата тұру үшін лотты (-тарды) таңдау және «Белгіленген лоттарды қосу» батырмасын басу керек. 

«Тоқтата тұру үшін қосылған лоттар» қосымша бетінде   тоқтата тұру үшін таңдалған лоттар бейнеленеді.

Лотты (-тарды) тоқтата тұруды болдырмау үшін лотты (-тарды) таңдау және «Белгіленген лоттарды алып тастау» батырмасын басу қажет.

Таңдалған лот (-тар) бойынша тоқтата тұру үшін «Таңдалған лоттар бойынша шарт жасасуды тоқтата тұру» батырмасын басу қажет.

Ашылған нысанда өнім берушілердің өтініштерін (шағымдарын) қоса тіркеу қажет. «Таңдау» батырмасын басыңыз.

 

Қоса тіркеу қажет файлды таңдаңыз және «Ашу» батырмасын басыңыз

Ашылған «Деректерге қол қоюға сауал» модальді терезесінде кілтті таңдаңыз.

«Парольді енгізу» модальді терезесінде парольді енгізіп, «Ок» батырмасын басыңыз.

Файлдарды ойдағыдай тіркегеннен кейін «Өтінішті (шағымды) сақтау және сатып алуды тоқтата тұру» батырмасын басыңыз.

«Өтінішті (шағымды) сақтау және сатып алуды тоқтата тұру» батырмасын басқаннан кейін, Жүйе автоматты түрде хабарландыру, таңдалған лоттар/жоспар тармақтарыеың мәртбесін «Шағымдануда» деп өзгертеді, тапсырыс берушілер өкілдеріне, ұйымдастырушы өкіліне, Хатшыға, осы сатып алуға (лоттарға) өтінім берген өнім берушілерге шарт жасасуды тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді. 


Қоса тіркелген өтініштерді (шағымдарды) қарау немесе файлдарды қосымша қоса тіркеу үшін (басқа өнім берушілерден қосымша келіп түскен жағдайда), хабарландыруда «Сатып алуды тоқтата тұру/жалғастыру/қайта қарау/болдырмау» қосымша бетінде лот атауы гиперсілтемесін басу қажет.

Ашылған нысанда файлдарды қоса тіркеу бөлігінде жоғарыда сипатталғанға ұқсас әрекеттерді орындау керек.

Назар аударыңыз! Белгілі бір сатып алудың барлық лоттары үшін ортақ болып табылатын қосымша шағымдарды қоса тіркеу үшін  әр лотқа өтіп, әрбір лот бойынша жеке-жеке қоса тіркеу қажет.   Олай болмаған жағдайда қоса тіркелген файл  ол қоса тіркелген лотта ғана бейнеленетін болады.

Жүйе қорытындылар хаттамасын жариялаған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қосымша өтініштерді (шағымдарды) қоса тіркеуге мүмкіндік береді.  

Камералық бақылаудың немесе мемлекеттік аудиттің хабарлама жібеуге қабылданған шешімді толтыруы не шағымдарды қанағаттандырудан бас тартуы

Назар аударыңыз! Мемлекеттік аудит (сатып алуды жарамсыз деп тану немесе шешімнің күшін жою (қорытындыны қайта қарауға жіберу) немесе камералық бақылау шешімді жіберу үшін лот (-тар) бойынша қабылданған шешімді толтыру немесе шағымдарды қанағаттанлырудан бас тарту қорытындылар хаттамасын жариялаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қолжетімді болады. 

«Мемлекеттік аудит» қабылдаған шешімді толтыру үшін лотты таңдап, «Мемлекеттік аудит» батырмасын басу қажет.

  «Мемлекеттік аудит – сатып алуды жарамсыз деп тану» шешімін таңдау үшін «Сатып алуды жарамсыз деп тану» батырмасын басу қажет.

 

 

«Сатып алуды жарамсыз деп тану» батырмасын басқаннан кейін, Жүйе қабылданған шешімді сақтайды және шешімді «Шағымдануда» мәртебесінен «Сатып алуды жарамсыз деп тану» деп өзгертеді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер мемлекеттік аудит шешімді жіберу туралы тым болмағанда бір шешімді таңдаса, онда Жүйе Камералық бақылауға хабарлама жіберуді таңдауға мүмкіндік бермейді.

Қабылданған шешімді өзгерту үшін   батырмасын басу керек.

 «Мемлекеттік аудит – шешімнің күшін жою (қорытындыны қайта қарауға жіберу)» шешімін таңдау үшін, «Шешімнің күшін жою (қорытындыны қайта қарауға жіберу)» батырмасын басу қажет. 

Ашылған терезеде қорытынды қайта қаралатын өнім берушілерді таңдау және «Шешімнің күшін жою (қорытындыны қайта қарауға жіберу)» батырмасын басу қажет.  Жүйе қабылданған шешімді сақтайды және шешімді «Шағымдануда» мәртебесінен «Шешімнің күшін жою (қорытындыны қайта қарауға жіберу)» деп өзгертеді.   

 

 


Назар аударыңыз! Қабылданған шешім «Шарт жасасуды тоқтата тұруды аяқтау» батырмасы басылғанша, «Тексеруші органдар қызметкерлері» рөлімен пайдаланушылардан басқа  пайдаланушыларға бейнеленбейтін болады.   

Назар аударыңыз! Әрбір лот  үшін қорытындыларды қайта қарау туралы шешім бөлек толтырылады.

 Тоқтатыла тұрған лот (-тар) бойынша шағымдарды қанағаттандырудан бас тарту туралы қабылданған шешімді толтыру үшін, лотты (-тард) таңдау және «Шағымдарды қанағаттандырудан бас тарту» батырмасын басу керек.

Жүйе қабылданған шешімді сақтайды және шешімді  «Шағымдануда» мәртебесінен «Шағымды қанағаттандырудан бас тарту» деп өзгертеді.  

Камералық бақылаудың хабарлама жіберуі  туралы қабылданған шешімді толтыру үшін лотты таңдап, «Камералық бақылау» батырмасын басу қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жүйе егер «Ревизор» рөлімен пайдаланушының «Бекітілді» мәртебесімен жасалған хабарлама болса, камералық бақылаудың шешімді жіберу туралы шешімін сақтауға мүмкіндік береді. Егер «Бекітілді» мәртебесімен жасалған хабарлама жоқ болса, онда Жүйе қате туралы хабарламаны бейнелейді: 

Егер лотта «Бекітілді» мәртебесімен жасалған хабарлама болса, Жүйе қабылданған шешімді сақтауға мүмкіндік береді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жүйе бір лот бойынша бұзушылықты жою туралы Мемлекеттік аудиттің, басқа лот бойынша Камералық бақылаудың шешімін жіберуді таңдауға мүмкіндік бермейді.

Шарт жасасуды тоқтата тұруды аяқтау не өткізілмеген сатып алу бойынша бастапқы, қайталама немесе БКА сатып алу жасауды тоқтата тұруды аяқтау

 

Шарт жасасуды тоқтата тұруды аяқтау үшін «Шарт жасасуды тоқтата тұруды аяқтау» батырмасын басу қажет.

Қабылданған шешімдерге байланысты Жүйе келесі нысандарды бейнелейді:

  1. Шешім қабылданды:

- «шағымдарды қанағаттандырудан бас тарту» шағымдануда жатқан барлық лоттар бойынша емес;

- не лоттар бойынша ішінара «шағымдарды қанағаттандырудан бас тарту», лоттар бойынша ішінара «мемлекеттік аудит (сатып алуды жарамсыз деп тану не шешімнің күшін жою (қорытындыны  қайта қарауға жіберу)» шешімі қабылданса, Жүйе төменде берілген нысанды бейнелейді.

- не «мемлекеттік аудит (сатып алуды жарамсыз деп тану не шешімнің күшін жою (қорытындыны  қайта қарауға жіберу))» шешімі барлық лоттар бойынша емес қабылданды.  


 

Ашылған нысанда келесі міндетті деректерді толтырыңыз және «Аяқтау» батырмасын басыңыз:

-        Құжат нөмірі;

-        Құжаттың күні;

-        Құжат атауы  (қазақ тілінде);

-        Құжат атауы (орыс тілінде);

-        Файл – файл қоса тіркеледі.

«Аяқтау» батырмасын басқаннан кейін, Жүйе әрбір лот бойынша қабылданған шешімді тексереді:

  1. Егер шешім қабылданса: Мемлекеттік аудит – Сатып алу жарамсыз деп танылсын. Жүйе: 

1.1.        Өнім берушінің  өтінімінде жоспар тармағының (-тарының)/лот (-тар) мәртебесін, лот (-тар) мәртебелерін «Болдырылмады» мәртебесіне өзгертеді.

1.2.       Егер хабарландырудағы барлық лоттар бойынша сатып алу болдырылмаса, Жүйе хабарландыру мәртебесін «Болдырылмады» мәртебесіне өзгертеді.

1.3.       Тапсырыс беруші өкіліне, ұйымдастырушы өкіліне,  Хатшыға, сатып алуға қатысқан (осы лот бойынша) өнім берушілерге жеке кабинетке сатып алуды болдырмау туралы хабарлама жібереді.    

1.4.       Қорытындылар хаттамасын автоматты түрде қалыптастырады, сатып алуды болдырмау туралы шешім қабылданған лоттар бойынша  қорытындылардың күшін жою туралы шешім шығарады.

  1. Егер шешім қабылданса: Мемлекеттік аудит – шешімнің күшін жою (қорытындынды қайта қарауға жіберу), бұл ретте  басқа лоттар бойынша  сатып алуды жарамсыз деп тау туралы не шағымдарды қанағаттандырудан бас тарту туралы қабылданған шешім болғанына байланыссыз, Жүйе: 

2.1. Қорындыларды қайта қарау туралы шешім қабылданған жоспар тармағының (-тарының)/лот (-тар) мәртебесін «Қорытындыларды қайта қарау» деп өзгертеді, сондай-ақ хабарландыру мәртебесін «Қорытындыларды қайта қарау» деп өзгертеді. 

2.2. Тапсырыс беруші өкіліне, ұйымдастырушы өкіліне,  Хатшыға, сатып алуға қатысқан (осы лот бойынша) өнім берушілерге жеке кабинетке қорытындыларды қайта қарау туралы хабарлама жібереді.   

2.3. Комиссия мүшелері үшін қорытындыларды қайта қарау туралы шешім қабылданған лоттар мен өтінімдер бойынша өтінімді қайта қарауды жүргізуді қолжетімді етеді. Қорытындыларды қайта қарау сипаттамасын Ұйымдастырушыға арналған нұсқаулықтан қараңыз. 

  1. Егер мынадай  шешім қабылданса: Шағымдарды қанағаттандырудан бас тартылсын.

3.1. Олар бойынша шағымдарды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданған, тоқтатыла тұрған жоспар тармағының (-тарының)/лот (-тар) мәртебесін  «Сатып алу өткізілді/Сатып алу өткізілмеді» деп өзгертеді. 

3.2. Егер басқа лоттар бойынша қайта қарау туралы шешім қабылданбаса, онда хабарландыру мәртебесін «Аяқталды» деп өзгертеді. 

3.2.    Тапсырыс беруші өкіліне, ұйымдастырушы өкіліне,  Хатшыға, сатып алуға қатысқан (осы лот бойынша) өнім берушілерге жеке кабинетке сатып алу жаңғыртылғаны туралы хабарлама жібереді.     

 

  1. Егер мынадай шешім қабылданса:

- лоттар бойынша ішінара «шағымдарды қанағаттандырудан бас тарту», лоттар бойынша ішінара «камералық бақылау», онда Жүйе төменде берілген нысанды бейнелейді.

Ашылған нысанда келесі міндетті деректерді толтырыңыз және «Аяқтау» батырмасын басыңыз (бұл жолдар шағымдарды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім балғандықтан, толтырылады):

-        Құжат нөмірі;

-        Құжаттың күні;

-        Құжат атауы  (қазақ тілінде);

-        Құжат атауы (орыс тілінде);

-        Файл – файл қоса тіркеледі.

«Аяқтау» батырмасын басқаннан кейін, Жүйе:

1. Олар бойынша шағымдарды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданған, тоқтатыла тұрған жоспар тармағының (-тарының)/лот (-тар) мәртебесін  «Сатып алу өткізілді/Сатып алу өткізілмеді» деп өзгертеді.   

2. Хабарландыру мәртебесін «Хабарламаны орындау туралы шешім қабылдау» мәртебесіне өзгертеді.

3. Камералық бақылау хабарлама жіберген жоспар тармағының (-тарының)/лот (-тар) мәртебесін  «Хабарламаны орындау туралы шешім қабылдау» деп өзгертеді.

4. Тапсырыс беруші өкіліне, ұйымдастырушы өкіліне,  Хатшыға, сатып алуға қатысқан (осы лот бойынша) өнім берушілерге жеке кабинетке сатып алу жаңғыртылғаны туралы хабарлама жібереді.

5. Сатып алуды ұйымдастырушының барлық қызметкерлеріне хабарлама жібергені туралы хабарлама жолдайды.

6. Жүйе хабарландыру мәртебесін «Жеткізілді» деп өзгертеді.

7. Жүйе жеткізу күні мен уақыты милисекундқа дейін тіркейді.

8. Жүйе хабарламаға қарсылық жіберу атқарымын белсенді етеді.

 

9. Жүйе хабарландыру, лоттар/жоспар тармақтары мәртебесін (хабарлама жіберілгендері бойынша ғана) «Хабарламаны орындау туралы шешім қабылдау» деп өзгертеді және «Хабарландыруды орындамай сатып алуды жалғастыру» батырмасын белсенді етеді.

 

10. Хабарлама жасауға, жіберуге, «Тексерілді» және «Бұзылды» тексеру бегілерін қоюға қолжетімділікті жабады.

 

11. Егер лот бойынша хабарлама  № 26 бейін немесе  №26   № 5, 6, 7, 26, 26/1 тәуекелдер бейіні бойынша ғана жіберілсе, Жүйе МС Ұйымдастырушыға сатып алуды болдырмау жолымен бұзушылықты жоюды белсенді етеді.

 

12. Егер №№ 5, 6, 7, 26/1  тәуекелдер бейіні бойынша хабарлама жіберілсе (яғни № 26 бейін жоқ), Жүйе ҚҚ қайта қарау атқарымын белсенді етеді

 

  1. Барлық тоқтатыла тұрған лоттар бойынша «Камералық бақылау» шешімін жіберуге шешім қабылдаса, Жүйе:

3.1. Хабарландыру мәртебесін «Хабарламаны орындау туралы шешім қабылдау» мәртебесіне өзгертеді.   

3.2. Камералық бақылау хабарлама жіберген жоспар тармағының (-тарының)/лот (-тар) мәртебесін  «Хабарламаны орындау туралы шешім қабылдау» деп өзгертеді.

3.3.  Тапсырыс беруші өкіліне, ұйымдастырушы өкіліне,  Хатшыға, сатып алуға қатысқан (осы лот бойынша) өнім берушілерге жеке кабинетке сатып алу жаңғыртылғаны туралы хабарлама жібереді.

3.4.             Сатып алуды ұйымдастырушының барлық қызметкерлеріне хабарлама жібергені туралы хабарлама жолдайды.

3.5.            Жүйе хабарландыру мәртебесін «Жеткізілді» деп өзгертеді.

3.6. Жүйе жеткізу күні мен уақыты милисекундқа дейін тіркейді.

3.7. Жүйе хабарламаға қарсылық жіберу атқарымын белсенді етеді.

3.8. Жүйе хабарландыру, лоттар/жоспар тармақтары мәртебесін (хабарлама жіберілгендері бойынша ғана) «Хабарламаны орындау туралы шешім қабылдау» деп өзгертеді және «Хабарландыруды орындамай сатып алуды жалғастыру» батырмасын белсенді етеді.

3.9. Хабарлама жасауға, жіберуге, «Тексерілді» және «Бұзылды» тексеру бегілерін қоюға қолжетімділікті жабады.

3.10. Егер лот бойынша хабарлама  № 26 бейін немесе  №26   № 5, 6, 7, 26, 26/1 тәуекелдер бейіні бойынша ғана жіберілсе, Жүйе МС Ұйымдастырушыға сатып алуды болдырмау жолымен бұзушылықты жоюды белсенді етеді.

3.11. Егер №№ 5, 6, 7, 26/1  тәуекелдер бейіні бойынша хабарлама жіберілсе (яғни № 26 бейін жоқ), Жүйе ҚҚ қайта қарау атқарымын белсенді етеді

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер  «Тексеруші органдар  қызметкері» рөлімен пайдаланушы қорытындылар хаттамасын жариялаған күннен бастап 6-шы жұмыс күнінен  қорытындылар хаттамасын жариялаған күннен 16 жұмыс күніне дейін   Шарт жасасуды тоқтата тұруды аяқтамаса, онда Жүйе тоқтатыла тұрған лоттар мәртебесін  автоматты түрде  шарт жасасуды тоқтата тұруға дейін болған алдындағы мәртебесіне «Сатып алу өткізілді»/»Сатып алу өткізілмеді» деп өзгертеді.

Бұл ретте лоттар бойынша қорытындыларды қайта қарау, сатып алудан бас тарту не шағымды қанағаттандырудан бас тарту  туралы ішінара қабылданған шешімдер күшін жояды.   

Жүйе  Шарт жасасуды тоқтата тұруды автоматты түрде аяқтағаннан кейін, Жүйе  тапсырыс берушілердің өкілдеріне, ұйымдастырушы өкіліне. Өтінім берген өнім берушілерге шарт жасасу жаңғыртылғаны туралы хабарлама жіберуі тиіс.


  • Нет меток