Дерево страниц
Перейти к концу метаданных
Переход к началу метаданных

1.Камералдық бақылауға жататын есептерді қалыптастыру және лоттарды/жоспар тармақтарын орындауға жазу

«Ашық конкурс», «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс», «Аукцион», «БҰС», «Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу», «Тауар биржалары» тәсілдерімен сатып алу бойынша есептерді қалыптастыру үшін «ЭМСС» АИАЖ-да «КҚБ» есептері» рөлімен авторлану қажет, ал лоттарды/жоспар тармақтарын орындауға жазу үшін «Лоттар жөніндегі менеджер» рөлі, яғни екі рөл  «КҚБ есептері», «КҚБ» есептері» болуы тиіс.    

Бұдан әрі «Статистика» тарауына өтіп, «Камералдық бақылауға жататын лоттар/жоспар тармақтары бойынша есептер» тармағын таңдау қажет. 

Ашылған нысанға сүзгінің міндетті параметрлерін енгізу: есептің түрін таңдаңыз, қалған параметрлерді қажет болғанда толтыруға және «Қалыптастыру» батырмасын басуға болады.  

 

Жүйе сүзгіде таңдалған параметрлерге сәйкес есепті бейнелейді.

Есепті бірден   Excelге түсіру үшін   «Excellде қалыптастыру» батырмасын  басу қажет

Есепті қалыптастырғаннан кейін орындаушыға жазу қажет жоспар тармақтарын/лоттарды таңдау қажет. 

«Лоттарды жазу жөніндегі менеджер» рөлімен лоттарды/жоспар тармақтарын жазу  «Ревизор» рөліндегі пайдаланушы орындауға мынадай жағдайларда қолжетімді: 

-              «Тауар биржалары»  сатып алу тәсілдері үшін жоспар тармақтары бойынша  «Бекітілді» мәртебесімен.

-               «Шарт жобасы» статусындағы «Шартты тікелей жасау арқылы бір көзден» сатып алу тәсілі үшін жоспар тармағы бойынша, егер :

  1.  мемлекеттік сатып алу сомасы   бес миллион теңгеден асса
  2. бірдей атаулары және ТЖҚ БНА кодтарымен мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының біреуден артық тармағы болса  

-              егер сома 2  миллион теңгеден асса, «БҰС» сатып алу тәсілі үшін лоттар бойынша   «Жарияланды», «Жарияланды (өтінімдерді қабылдау)» мәртебесімен хабарландыру жариялаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде,

-             төменде берілген бағыттарға сәйкес «Ашық конкурс»,«Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс», «Аукцион», «БҰС» сатып алу тәсілдері үшін лоттар бойынша.

-        Бірінші бағыт бойынша, Жүйе  құжаттаманы талқылау мерзімі ішінде (яғни «Жарияланды» хабарландыру мәртебесімен 5 жұмыс күні ішінде)   құжаттамасы талқылануға жататын лоттар үшін лоттарды жазуға мүмкіндік береді. Талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін Жүйе  орындауға лотқа жазуға тыйым салады. Хабарламада сондай-ақ талқылауға жатпайтын лоттар (яғни аралас хабарландыру: талқылауға жатпайтын лоттары бар) болған жағдайда, лоттарды жазу мерзімі құжаттаманы талқылау мерзімі ішінде;

-       Бірінші бағыт бойынша, Жүйе «Жарияланды», «Жарияланды (өтінімдерді қабылдау)» мәртебесімен хабарландыру және лоттар жариялаған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде қайталап сатып алулар үшін құжаттамасы талқылануға жатпайтын лоттар үшін орындауға лотты жазуға  мүмкіндік береді.   Хабарландыру жариялаған күннен бастап 10 күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін Жүйе белгілерді қоюға тыйым салады;

-       Екінші бағыт бойынша, Жүйе  құжаттамасы талқылауға жататын лоттар үшін  хабарландырулар мен лоттардың  «Жарияланды (өтінімдерді қабылдау)» статусымен өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарландыру күнінен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде орындауға лотты жазуға  мүмкіндік береді. Өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн аяқталғаннан кейін, Жүйе белгілерді қоюға тыйым салады.   

-       Үшінші бағыт бойынша, Жүйе «Жарияланды  (өтінімдерді толықтыру)» хабарландыру мәртебесі бар хабарландырулар мен лоттар үшін алдын  ала жіберу хаттамасын орналастырған сәттен бастап  үш жұмыс күні ішінде орындауға сомасы 5 млн теңгеден жоғары лотты жазуға мүмкіндік береді. 

-        Төртінші  бағыт бойынша, Жүйе егер хабарландыру мәртебесі: Аяқталды, Шағымдануда, ал лот (-тар) мен жоспар тармағының (-тарының) мәртебесі: Сатып алу өткізілді, Сатып алу өткізілмеді, Шағымдануда (МС Заңның 47-бабына сәйкес өнім берушілерден шағым келіп түскен жағдайда) болса, төменде берілген шарттар орындалса, лотты жазуға мүмкіндік береді:

  1. Егер шағымдар болмаса, онда бір өтінімнен артық берілген және  оның қорытындысы бойынша 50  млн жоғары лот сомасы бар әлеуетті өнім  беруші ғана жіберілген лоттар ғана қолжетімді;
  2.  егер оның негізінде   шарттар жасасу тоқтатылған лот бойынша шағым берілсе,  онда «Шағымдануда» мәртебесімен лот   1-тармақта жоғарыда берілген шарттарға байланыссыз қолжетімді.

 

Назар аударыңыз! Орындаушыға орындауға бір лот/жоспар тармағы немесе бірнеше лот/жоспар тармақтары бойынша жазуға болады. 

Назар аударыңыз! Егер лот немесе жоспар тармағы  орындауға біреуге жазылса және ол бойыша тексеру жүргізілмесе не хабарлама құрылмаса, Жүйе басқа пайдаланушыға лот/жоспар тармағын қайта жазуға мүмкіндік береді.  .

Назар аударыңыз! Аталған жоспар/лот тармағы бойынша тексеру белгілері белгіленбесе және хабарлау құрылмаған жағдайда ғана жоспар/лот тармағынан бас тарту.

 

Бұдан әрі «Жауаптыны таңдау» батырмасын басу қажет

Ашылған нысанда Жүйе  Сіздің ұйымыңыздың «Ревизор» рөлі бар барлық қызметкерлерін көрсетеді Лоттарды/жоспар тармақтарын «Ревизор» рөлі бар пайдаланушыларға ғана жазуға болады. Пайдаланушыны таңдаңыз және «Таңдау» батырмасын басыңыз.

Бұдан әрі «Сақтау» батырмасын басу қажет. Орындаушыны сақтағаннан кейін, Жүйе орындаушының Т.А.Ә. және орындаушының ұйымын көрсетеді. 

 

2. Лоттар мен жоспар тармақтары үшін бақылауды жүзеге асыру критерийлерін және анықталған бұзушылықтарды көрсету

«Лоттар жөніндегі менеджер» рөлімен пайдаланушы лоттарды/жоспар тармақтарын После орындауға «Ревизор» рөліндегі пайдаланушыға жазғаннан кейін, Жүйе  орындауға лот/жоспар тармағы жазылған пайдаланушыға ғана бақылауды жүзеге асыру критерийлері мен айқындалған бұзушылықтарды көрсетуге мүмкіндік береді:   

-             «Тауар биржалары»  сатып алу тәсілдері үшін жоспар тармақтары бойынша  «Бекітілді» мәртебесімен.

-             «Бекітілді» мәртебесімен «Бір көзден алу жолымен шарт жасасу» сатып алу тәсілдері үшін жоспар тармақтары бойынша, егер:

1.         мемлекеттік сатып алу сомасы   бес миллион теңгеден асса;

2.         бірдей атаулары және ТЖҚ БНА кодтарымен мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының біреуден артық тармағы болса  

-      егер сома 2  миллион теңгеден асса, «БҰС» сатып алу тәсілі үшін лоттар бойынша   «Жарияланды», «Жарияланды (өтінімдерді қабылдау)» мәртебесімен хабарландыру жариялаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде, 

-             төменде берілген бағыттарға сәйкес «Ашық конкурс», «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс», «Аукцион», «БҰС» сатып алу тәсілдері үшін лоттар бойынша.

-       Бірінші бағыт бойынша, Жүйе  құжаттаманы талқылау мерзімі ішінде (яғни «Жарияланды» хабарландыру мәртебесімен 5 жұмыс күні ішінде)   құжаттамасы талқылануға жататын лоттар үшін лоттарды жазуға мүмкіндік береді. Талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін Жүйе  орындауға лотқа жазуға тыйым салады. Хабарламада сондай-ақ талқылауға жатпайтын лоттар (яғни аралас хабарландыру: талқылауға жатпайтын лоттары бар) болған жағдайда, лоттарды жазу мерзімі құжаттаманы талқылау мерзімі ішінде;

-       Бірінші бағыт бойынша, Жүйе «Жарияланды», «Жарияланды (өтінімдерді қабылдау)» мәртебесімен хабарландыру және лоттар жариялаған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде қайталап сатып алулар үшін құжаттамасы талқылануға жатпайтын лоттар үшін орындауға лотты жазуға  мүмкіндік береді.   Хабарландыру жариялаған күннен бастап 10 күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін Жүйе белгілерді қоюға тыйым салады;

-      Екінші бағыт бойынша, Жүйе  құжаттамасы талқылауға жататын лоттар үшін  хабарландырулар мен лоттардың  «Жарияланды (өтінімдерді қабылдау)» статусымен өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарландыру күнінен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде орындауға лотты жазуға  мүмкіндік береді. Өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн аяқталғаннан кейін, Жүйе белгілерді қоюға тыйым салады; 

-       Үшінші бағыт бойынша, Жүйе «Жарияланды  (өтінімдерді толықтыру)» хабарландыру мәртебесі бар хабарландырулар мен лоттар үшін алдын  ала жіберу хаттамасын орналастырған сәттен бастап  үш жұмыс күні ішінде орындауға сомасы 5 млн теңгеден жоғары лотты жазуға мүмкіндік береді. 

-        Төртінші  бағыт бойынша, Жүйе егер хабарландыру мәртебесі: Аяқталды, Шағымдануда, ал лот (-тар) мен жоспар тармағының (-тарының) мәртебесі: Сатып алу өткізілді, Сатып алу өткізілмеді, Шағымдануда (МС Заңның 47-бабына сәйкес өнім берушілерден шағым келіп түскен жағдайда) болса, төменде берілген шарттар орындалса, лотты жазуға мүмкіндік береді:  

  1. Егер шағымдар болмаса, онда бір өтінімнен артық берілген және  оның қорытындысы бойынша 50  млн жоғары лот сомасы бар әлеуетті өнім  беруші ғана жіберілген лоттар ғана қолжетімді;
  2.  Егер оның негізінде   шарттар жасасу тоқтатылған лот бойынша шағым берілсе,  онда «Шағымдануда» мәртебесімен лот   1-тармақта жоғарыда берілген шарттарға байланыссыз қолжетімді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ Төртінші бағыт бойынша!

ҚХ жариялаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде шағым жіберілген жағдайда  және 6 ж. к. бастап шағымдар бойынша қабылданған шешім «Шағымды қанағаттандырудан бас тарту»  болса (яғни, шарт жасасуды тоқтата тұру аяқталса), онда «Тексерілді» және «Бұзылды» белгілерін қою барлық лоттар бойынша белсенді.    Бұл ретте хабарландыру мәртебесі: «Аяқталды», ал лот (-тар) мен жоспар тармағының (-тарының) мәртебесі: Сатып алу өткізілді/Сатып алу өткізілмеді  болуы тиіс.

ҚХ жариялаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде шағым жіберілген жағдайда және 6 ж. к. бастап шағымдар бойынша қабылданған шешім   (яғни, шарт жасасуды тоқтата тұру аяқталса): тым болмағанда хабарландырудағы бір лот бойынша  «Мемлекеттік аудит - сатып алуды болдырмау» немесе «Мемлекеттік аудит – қорытындыларды қайта қарау» болса, онда  «Тексерілді» және «Бұзылды»  белгілерін қою хабарландырудағы барлық лоттар бойынша белсенді емес.

 Өткізілген сатып алу бойынша 5 ж.к. өткеннен кейін шарттар құрылған немесе өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден сатып алу немесе қайталама конккурс құрылған жағдайда, Жүйе жоғарыда берілген лоттар бойынша тексеру белгілерін қоюға тыйым салады.

 2.1. Маған орындауға жазылған лоттар/жоспар тармақтары

 Маған орындауға жазылған лоттар, жоспар тармақтары бойынша бақылауды жүезеге асыру критерийлерін және айқындалған бұзушылықтарды көрсету үшін «ЭМС» АИАЖ-да «Ревизор» рөлімен авторланып, «ІМАК/ІМАД жұмыс кабинеті» тарауына өтіп,   «Маған орындауға жазылған лоттар/жоспар тармақтары» тармағын таңдау қажет.

Ашылған нысанда Жүйе орындауға белгіленген барлық лоттар мен жоспар тармақтарын көрсетеді.

2.2.  «Камералдық бақылау» беті. «Ашық конкурс»«Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс», «Аукцион», «БҰС» сатып алу тәсілдері үшін камералдық бақылауды жүзеге асыру.

Лоттар бойынша камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін «Сатып алу нөмірі» жолында гиперсілтемені басу қажет.

Ашылған хабарландыруда «Қолжетімді әрекеттер» - «Камералдық бақылау» мәзірін басу қажет.

 

Жүйе бақылауды жүзеге асыру критерийлері мен анықталған бұзушылықтарды көрету үшін қолжетімді лоттармен  № {хабарландыру нөмірі} бойынша «МС камералдық бақылау»  бетін бейнелейді.

 

Камералдық бақылау бетінде «Ашық конкурс», «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс», «Аукцион»  сатып алу тәсілдері үшін бағыттар бейнеленеді:  Бірінші бағыт, екінші бағыт, үшінші  бағыт, төртінші  бағыт. Бағыттар белсенді және хабарландыру мәртебесі мен жариялану мерзіміне байланысты бақылау өлшемдері мен анықталған бұзушылықтарды көрссету үшін бейнеленеді. Бұл туралы жоғарыда жазылды. Әр бағытта Жүйе тиісті бағытқа қатысты тәуекелдер бейінін бейнелейді.  

Ашық конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын «МС камералдық бақылау» атты  1-кестені қараңыз.  «Жою тәсілдері» бағанында  Камералдық бақылау хабарлама жібергеннен кейін Ұйымдастырушының бұзушылықтарды жою тәсілдері бейнеленген.

Бақылауды жүзеге асыру өлшемдерін көрсету үшін тиісті лотта тәуекелдің әрбір профилі үшін «Тексерілді» бағанына  «Иә» белгісін қою қажет. Үндемеуі бойынша «Жоқ» бейнеленеді.

Анықталған бұзушылықтарды көрсету үшін тиісті лоттағы тәуекелдің әрбір бейіні үшін «Бұзылды» бағанына «Иә» белгісін қою қажет.   Үндемеуі бойынша «Жоқ» бейнеленеді. 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! «Тексерілді» бағанында «Иә» белгісі қойылғанша, Жүйе «Бұзылды» бағанына «Иә» белгісін қоюға мүмкіндік бермейді.

 

«Иә» белгісін қойғаннан кейін, Жүйе «Жоқ» белгісінен «Иә» белгісіне автоматты түрде ауыстырады.

 

Бұдан әрі «Сақтау» батырмасын басу жолымен өзгерісті міндетті түрде сақтау керек.

 

Бақылауды жүзеге асырукритерийлері мен анықталған бұзушылықтарды көрсету үшін тәуекелдің тиісті бейінінде барлық лоттар бойынша «Тексерілді» бағанына және «Бұзылды» бағанына суретте көрсетілгендей  белгі қою қажет.

 

Қанат белгіні басқаннан кейін Жүйе таңдалған тәуекел бейініндегі барлық лоттар бойынша «Жоқ» белгісінен «Иә» белгісіне автоматты түрде өзгертеді.    Белгіні қойғаннан кейін өзгерісті сақтау қажет.

Бір лотқа арналған барлық тәуекел  бейіні бойынша бақылауды жүзеге асыру өлшемдері мен анықталған бұзушылықтарды көрсету үшін «Тексерілді» бағанына және «Бұзылды» бағанына суретте көрсетілгендей белгі қою қажет. 

 

Қанат белгіні басқаннан кейін Жүйе таңдалған лоттағы тәуекелдер бейіні   бойынша «Жоқ» белгісінен «Иә» белгісіне автоматты түрде өзгертеді.   Белгіні қойғаннан кейін өзгерісті сақтау қажет.

Белгілер қойылған жағдайда, «Аяқтау» батырмасы көрсетіледі. Батырманы басқан кезде Жүйе «Камералдық бақылау жүргізу нәтижелері туралы анықтама» нысанын көрсетеді:

Тексеруді аяқтау үшін, «Аяқтау» батырмасын басу қажет, бұдан соң осы анықтамаға ЭЦҚ қою қажет.

Қолтаңба қойылған анықтама «Камералдық бақылау жүргізу нәтижелері туралы анықтама» бағанында "Маған орындауға жазылған лоттар/жоспар тармақтары" тарауында көрсетіледі:

«Анықтама» гиперсілтемесін басқан кезде, Жүйе   .pdf форматында анықтаманы қалыптастырады:

2.3. «Тауар биржалары», «Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу» тәсілдерімен жоспар тармақтары үшін камералдық бақылауды жүзеге асыру

«Тауар биржалары», «Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу» сатып алу тәсілдерімен  жоспар тармақтары бойынша камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін «ЖТ нөмірі» жолындағы гиперсілтемені басу қажет.

Ашылған бетте жоспар тармағын қарау үшін «Камералдық бақылау» батырмасын басу қажет

Жүйе бақылауды жүзеге асыру критерийлеғрі мен анықталған бұзушылықтарды көрету үшін қолжетімді лоттармен № {хабарландыру нөмірі} бойынша «МС камералдық бақылау»  бетін бейнелейді.

 Назар аударыңыз! Жоспар тармағы бойынша камералдық бақылауды «Тауар биржалары» тәсілі үшін жоспар тармағының «Бекітілді» статусында және «Шартты тікелей жасау арқылы бір көзден» тәсілі үшін «Шарт жобасы» статусында ғана жүзеге асыру.

Бақылауды жүзеге асыру критерийлерін  көрсету үшін тиісті лотта тәуекелдің әрбір профилі үшін «Тексерілді» бағанына  «Иә» белгісін қою қажет. Үндемеуі бойынша «Жоқ» бейнеленеді.

Анықталған бұзушылықтарды көрсету үшін тиісті лоттағы тәуекелдің әрбір бейіні үшін «Бұзылды» бағанына «Иә» белгісін қою қажет.   Үндемеуі бойынша «Жоқ» бейнеленеді.

«Иә» белгісін қойғаннан кейін, Жүйе «Жоқ» белгісінен «Иә» белгісіне автоматты түрде ауыстырады.

Бұдан әрі «Сақтау» батырмасын басу жолымен өзгерісті міндетті түрде сақтау керек 

3. Мемлекеттік аудит объектісіне айқындалған бұзушылықтар бойынша хабарлама жіберу

3.1. Келісуге хабарлама құру және жіберу 

Хабарлама құру үшін «Ревизор» рөлімен авторлану қажет.      

  «Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу», «Тауар биржалары» сатып алу тәсілдерімен жоспар тармақтары үшін «№ {хабарландыру нөмірі} бойынша «МС камералдық бақылау»  бетінде «Жасау» батырмасын басу қажет. 

Назар аударыңыз! Хабарлауды құру және жолдау «Тауар биржалары» тәсілі үшін жоспар тармағының «Бекітілді» статусында және «Шартты тікелей жасау арқылы бір көзден» тәсілі үшін «Шарт жобасы» статусында ғана қолжетімді.

  

Лоттар бойынша - «№ {хабарландыру нөмірі} бойынша «МС камералдық бақылау»  бетінде «Жасау» батырмасын басу қажет.    

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Хабарлама мәртебелерінің мағынасы:

-        Жоба – «Ревизор» рөлімен пайдаланушы хабарламасының жобасы жасалды.   Редакциялау үшін хабарлама жасаушыға, сондай-ақ алып тастау үшін хабарлама жасаушы мен Ұйым қызметкерлеріне   қолжетімді;

-       Келісілуде – хабарлама «Ревизор» рөлімен пайдаланушының келісуге хабарламаны жасаушы ұйым қызметкеріне келісуге  не «Ревизор. Бекітуші» рөлімен пайдаланушыны бекітуге жіберілді;    

-        Қабыл алынбады – хабарламаны хабарлама жасаушы Ұйым қызметкері келісуге қабыл алмады;

-        Бекітілді – хабарламаны «Ревизор» Бекітуші» рөлімен пайдаланушы бекітті;

-        Жеткізілді – хабарлама мемлекеттік аудит объектісіне жеткізілді;

-        Танысты – мемлекеттік аудит объектісі хабарламамен танысты;

-        Қарсылық жіберілді – хабарламаға мемлекеттік аудит объектісі қарсылық жіберді;

-        Орындалуда – хабарламаны мемлекеттік аудит объектісі орындай бастады;

-        Орындалмады. Танысты – хабарламаны орындау мерзімі аяқталды, Ұйымдастырушы хабарламамен танысты;

-        Орындалмады. Таныспады - хабарламаны орындау мерзімі аяқталды, Ұйымдастырушы хабарламамен таныспады;

-        Орындалды – хабарламаны сатып алуды болдырмау не хабарламаны орындаушы  хабарламаны  орындаған кезде конкурстық  құжаттамаға өзгеріс енгізу жолымен, үшінші бағыт бойынша алдын ала жіберу хаттамасын қайта қарау жолымен, төртінші бағыт бойынша қорытындылар хаттамасын қайта қарау жолымен орындады; 

-           Орындалды. Тексерушіде расталуда  – хабарламаны мемлекеттік аудит объектісі  бірінші бағыт  бойынша орындаған кезде конкурстық  құжаттамаға өзгеріс енгізу жолымен, үшінші бағыт бойынша алдын ала жіберу хаттамасын қайта қарау жолымен, төртінші бағыт бойынша қорытындылар хаттамасын қайта қарау жолымен орындады; ІМАД инспекторының орындауды растауы талап етіледі (толығырақ сипаттамасын 3.4. ІМАД инспекторының хабарламаның орындалын растауы тарауын қараңыз);

 -        Орындалды. Тексеруші растамады  - хабарламаны мемлекетік аудит объектісі  бірінші бағыт бойынша конкурстық  құжаттамаға өзгеріс енгізу жолымен, үшінші бағыт бойынша алдын ала жіберу хаттамасын қайта қарау жолымен, төртінші бағыт бойынша қорытындылар хаттамасын қайта қарау жолымен орындады.  Бірақ ІМАД инспекторы  хабарламаның орындалуын растамады;

-        Күшін жою – қарсылыққа оң қорытынды жіберілді, осыған байланысты хабарлама оң қорытындымен орындалды; 

-       Орындау. Қарсылық қанағаттандырудан бас тартылды – қарсылыққа теріс қорытынды жіберілді, осыған байланысты хабарлама орындалған болуы тиіс.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! «Құру» батырмасы тәуекелдердің барлық бейіні бойынша  «Тексерілді» белгісі  қойылған және тым болмағанда бір «Бұзылды» белгісі  бар лот үшін ғана бейнеленеді.  Батырма «Тексерілді» және «Бұзылды» белгілерін қойған авторға ғана белсенді.  

Батырма орындаушыға ғана, яғни  жоспар тармағы немесе лот орындауға жазылған пайдаланушыға белсенді. Тиісті бағытта бір лот бойынша бір ғана хабарлама жіберуге болады

  "Ашық конкурс", "Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс", "Аукцион" сатып алу тәсілдерімен лоттар бойынша  «Құру» батырмасы төмендегі шарттар орындалған жағдайда көрсетіледі:

 1-бағыт бойынша. «Құру» батырмасы төмендегі талаптарды  орындаған жағдайда бейнеленеді:

1.1 Тәуекелдердің барлық бейіні бойынша  «Тексерілді» белгісі  қойылса  және тым болмағанда бір «Бұзылды» белгісі болса. Батырма «Тексерілді» және «Бұзылды» белгілерін қойған авторға ғана белсенді.  Тиісті бағыттағы бір лот бойынша бір ғана хабарлама жіберуге болады.

1.2 Құжаттамасы талқылауға жататын лоттар үшін (сондай-ақ осындай хабарландыруларда талқылауға жатпайтын лоттар болса)   – не құжаттаманы талқылау күні (5 жұмыс күні) аяқталмаса, яғни хабарландыру мен лоттар мәртебесі «Жарияланды» болуы тиіс.

1.3Құжаттамасы талқылауға не қайталап сатып алуға  жатпайтын лоттар  үшін (яғни хабарландыруда талқылауға жататын барлық лоттар жарияланған)     – хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өтпеді ме.  

  2-бағыт бойынша. «Құру» батырмасы төмендегі талаптарды  орындаған жағдайда бейнеленеді:

2.1. Тәуекелдердің барлық бейіні бойынша  «Тексерілді» белгісі  қойылса  және тым болмағанда бір «Бұзылды» белгісі болса. Батырма «Тексерілді» және «Бұзылды» белгілерін қойған авторға ғана белсенді.  Тиісті бағыттағы бір лот бойынша бір ғана хабарлама жіберуге болады.   

2.2. Егер өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өтпесе. Қабылдау басталғаны туралы жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң.

3-бағыт бойынша. «Құру» батырмасы төмендегі талаптарды  орындаған жағдайда бейнеленеді:

3.1. Тәуекелдердің барлық бейіні бойынша  «Тексерілді» белгісі  қойылса  және тым болмағанда бір «Бұзылды» белгісі болса. Батырма «Тексерілді» және «Бұзылды» белгілерін қойған авторға ғана белсенді.  Тиісті бағыттағы бір лот бойынша бір ғана хабарлама жіберуге болады.

3.2. Егер алдын ала жіберу хаттамасын жариялаған күннен бастап 3 жұмыс күні өтпесе  (яғни хабарландыру мен лоттар мәртебесі «Жарияланды (өтінімдерді толықтыру) болуы тиіс)»).

4-бағыт бойынша. «Құру» батырмасы төмендегі талаптарды  орындаған жағдайда бейнеленеді:

4.1. Тәуекелдердің барлық бейіні бойынша  «Тексерілді» белгісі  қойылса  және тым болмағанда бір «Бұзылды» белгісі болса. Батырма «Тексерілді» және «Бұзылды» белгілерін қойған авторға ғана белсенді.  Тиісті бағыттағы бір лот бойынша бір ғана хабарлама жіберуге болады.

4.2.  Қорытындылар хаттамасына шағымдану мерзімі аяқталғаннан кейін, яғни ҚХ жариялаған күннен бастап 5 ж.к. өткен соң, егер:

4.2.1. ҚХ жариялаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жіберілген шағымдар болмаса және хабарландыру мәртебесі:  Аяқталды, Шағымдануда, ал лот (-тар) мен жоспар тармағының (-тарының) мәртебесі: Сатып алу өтті, Сатып алу өтпеді, Шағымдануда болса. 

4.2.2. ҚХ жариялаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде шағым жіберілген жағдайда және олар бойынша шешім қабылданбаса, яғни шарт жасасуды тоқтата тұру аяқталмаса.    Бұл ретте хабарландыру мәртебесі:  Шағымдануда, ал лот (-тар) мен жоспар тармағының (-тарының) мәртебесі : Сатып алу өткізілді/Сатып алу өткізілмеді  (шағымдар болмаған лоттар бойынша), Шағымдануда (шағымдар болған лоттар бойынша) болса.

 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер лотқа шағым келіп түссе және лот «Шағымдануда» мәртебесімен болса, Жүйе барлық бағыттағы тәуекелдердің барлық бейіндері бойынша «Тексерілді» және «Бұзылды» белгілерін белсенді етеді.

 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өткізілген сатып алулар бойынша 5 жү.к. күндері өткеннен кейін  шарт жасалған немесе өтпей қалған сатып алулар бойынша бір көзден сатып алу не қайталап конкурс жасалса, Жүйе жоғарыда берілген лоттар бойынша хабарлама жасауға тыйым салады.   

  4.2.3. ҚХ жариялаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде шағым жіберілген жағдайда және шағымдар бойынша қабылданған шешімдер болса (яғни шарт жасасуды тоқтата тұру аяқталды): «Шағымды қанағаттандырудан бас тарту»), онда «Тексерілді» және «Бұзылды» белгілерін қою барлық лоттар бойынша белсенді. Хабарландыру мәртебесі:  Аяқталды, ал лот (-тар) мен жоспар тармағының (-тарының) мәртебесі: Сатып алу өтті, Сатып алу өтпеді болуы тиіс.

 4.2.4.   ҚХ жариялаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде шағым жіберілген жағдайда шағымдар бойынша қабылданған шешімдердің біреуі   (яғни, шарт жасасуды тоқтата тұру аяқталды): тым болмағанда хабарландырудағы бір лот бойынша  «Мемлекеттік аудит - сатып алуды болдырмау» не «Мемлекеттік аудит – қорытындыларды қайта қарау» не «Камералдық бақылау» болса, хабарландыру жасау белсенді емес.    

«Баға ұсыныстарын сұрату» сатып алу тәсілдерімен лоттар үшін   «Жарияланды», «Жарияланды (өтінімдерді қабылдау)» мәртебесімен  хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде.

Батырманы басқан кезде Жүйе   «№  {хабарлама нөмірі} жасау және жіберу» нысанын жасайды және бейнелейді.   _____ суретті қараңыз.

 

Хабарлама құрғаннан кейін Жүйе тәуекелдер бейінін редакциялауды белсенді емес етеді. 

Ашылған нысанда,   «№  хабарландыру {хабарландыру нөмірі} бойынша МС камералдық бақылау» бетінде көрсетілген тәуекелдер бейіні  түрінде анықталған бұзушылықтарды бейнелейді.

Міндетті жолдарды толтырыңыз:

-        Орыс тілінде бұзушылық сипаттамасы;

-        Қазақ тілінде бұзушылық сипаттамасы;

-        Келісуші.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жүйе бұзушылық сипаттамасын тек орыс тілінде не тек қазақ тілінде толтыруға мүмкіндік береді. Қазақ және орыс тілдерінде толтыру міндетті емес.

«Келісуші» жолында Жүйе хабарламаны  келісушіні таңдауға мүмкіндік береді.

Келісушіні таңдау үшін «Таңдау» батырмасын басу қажет.

 


Ашылған нысанда хабарламаны келісетін пайдаланушыны таңдау.

Егер «Ревизор» рөлімен пайдаланушыны таңдаса, Жүйе  осы пайдаланушыға  хабарламаны келісуге және келесі пайдаланушыға келісуге жіберуге мүмкіндік береді.

 Егер «Ревизор. Бекітуші» рөлімен пайдаланушыны таңдаса, Жүйе  осы пайдаланушыға  хабарламаны бекітуге және мемлекеттік аудит объектісіне жіберуге не хабарламаны келісуге  және келесі пайдаланушыға келісуге жіберуге мүмкіндік береді.

Ескертпе: Жүйе келісуші ретінде өзін таңдауға, ал егер сізді «Ревизор. Бекітуші» рөлі болса, онда бекітуші адам ретінде таңдауға мүмкіндік береді.

 Пайдаланушыны таңдағаннан кейін «Таңдау» батырмасын басу керек.

 

Пайдаланушыны таңдағаннан кейін, Жүйе таңдалған пайдаланушыны қосады.

 

Хабарламаны сақтау үшін «Сақтау» батырмасын басу қажет.    Батырманы басқаннан кейін, Жүйе:

-        «Жоба» мәртебесімен хабарламаны сақтайды;

-        Хабарламаға нөмір береді.

Жоба»/ «Қабыл алынбады» мәртебесі бар сақталған хабарламаны қарау, редакциялау немесе алып тастау үшін  «ІМАК/ІМАД жұмыс кабинеті» - «Хабарлама» тарауына өту қажет.    Ашылған нысанда, Жүйе  хабарламалар  журналын бейнелейді.

Хабарламаны іздеу сүзгісінде  сүзгі критерийлерін толтыру керек: мысалы «Хабарлама құрушының ТАӘ» жолына өзіңнің ТАӘ енгізу,    «Хабарлама мәртебесі» жолында   «Жобаға» не «Қабыл алынбады» мәртебесін толтырып, «Іздеу» батырмасын басу керек.    

Хабарламалар журналында Жүйе жоба немесе Қабыл алынбады мәртебесімен Сіз жасаған барлық хабарламаларды бейнелейді.   

Хабарламалар тізімінде редакциялау үшін  «»,пиктограммасын, ал алып тастау үшін «» пиктограммасын басу керек

 

«Келісуге жіберу» батырмасын басқаннан кейін, Жүйе:

-        «Келісуші» жолында көрсетілген пайдаланушыға келісуге хабарламаны жолдайды.

-           Үлгіге сәйкес хабарламаны қалыптастырады және «Хабарлама файлы» жолында бейнелейді;

-           Хабарламаға «Келісілуде» мәртебесін береді.   

 

Келісуге хабарламаны жібергеннен кейін Жүйе хабарлама нысанын жабады және келісуге хабарламалар журналын бейнелейді.

3.2 «Ревизор» рөлімен пайдаланушының хабарламасын келісу

Хабарламаны келісу үшін «Ревизор» рөлімен Порталда авторлану қажет. «ІМАК»/ІМАД жұмыс кабинеті»- «Хабарлама» тарауына өту.

 

Ашылған нысанда, Жүйе  хабарламалар  журналын бейнелейді.Хабарламаны іздеу сүзгісінде сүзгі өлшемдерін толтыру: мысалы «Келісуші» жолына өзіңіздің ТАӘ енгізу, ал «Хабарлама мәртебесі» жолында «Келісілуде» мәртебесін толтырып, «Іздеу» батырмасын басу керек.

 

Жүйе сізге келісуге жолданған барлық хабарламаларды бейнелейді.

Іздеу нәтижелерінде хабарлама №  гиперсілтемесін басу керек.

 

Хабарламаны келісу үшін ашылған нысанда келісілетін адамды таңдау. «Келісуші» жолында Жүйе хабарламаны келісушіні таңдауға мүмкіндік береді.

 Келісушіні таңдау үшін «Таңдау» батырмасын басу қажет.

 

Ашылған нысанда хабарламаны келісетін пайдаланушыны таңдау.

Егер «Ревизор» рөлімен пайдаланушыны таңдаса, Жүйе  осы пайдаланушыға  хабарламаны келісуге және келесі пайдаланушыға келісуге жіберуге мүмкіндік береді.

 Егер «Ревизор. Бекітуші» рөлімен пайдаланушыны таңдаса, Жүйе  осы пайдаланушыға  хабарламаны бекітуге және мемлекеттік аудит объектісіне жіберуге не хабарламаны келісуге  және келесі пайдаланушыға келісуге жіберуге мүмкіндік береді.

Ескертпе: Хабарламаны келісу үшін қайтадан хабарлама жасаушыны таңдауға болады.

 

 

Пайдаланушыны таңдағаннан кейін, Жүйе таңдалған пайдаланушыны қосады. Келісілетін адамды қосқаннан кейін хабарламаны одан әрі келісуге жіберу үшін  «Келісу және одан әрі келісуге жіберу» батырмасын басу қажет .

 

Хабарламаны келісуге қабыл алмау үшін қабыл алмау себебін енгізіп, «Қабыл алмау» батырмасын басу қажет.

 

«Қабыл алмау» батырмасын басқаннан кейін, Жүйе хабарландыру мәртебесін   «Қабыл алынбады» деп өзгертеді және хабарлама хабарламаны  жасаушыға редакциялау, алып тастау үшін қолжетімді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өткізілген сатып алулар бойынша 5 ж.к. күндері өткеннен кейін  шарттар құрылған немесе өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден сатып алу не қайталама конкурс   құрылған жағдайда, Жүйе жоғарыда келтірілген лоттар бойынша хабарламаны келісуге тыйым салады.

3.4 «Ревизор. Бекітуші» рөлімен пайдаланушының   хабарламаны бекітуі  және мемлекеттік аудит объектісіне жіберуі

Хабарламаны бекіту. Келісу үшін «Ревизор. Бекітуші» рөлімен Порталда авторлану қажет. «ІМАК»/ІМАД жұмыс кабинеті»- «Хабарлама» тарауына өту.

 

Ашылған нысанда, Жүйе  хабарламалар  журналын бейнелейді. Іздеу сүзгісінде сүзгі өлшемдерін толтыру: мысалы, «Келісуші» жолына өзінің ТАӘ енгізу, «Хабарлама мәртебесі» жолында «Келісілуде» мәртебесін толтырып, «Іздеу» батырмасын басу керек.

 

Жүйе сізге келісуге жолданған барлық хабарламаларды бейнелейді.

Іздеу нәтижелерінде хабарлама №  гиперсілтемесін басу керек.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Хабарламаға келіскен жағдайда ашылған нысанда келісілетін адамды таңдау. «Келісуші» жолында Жүйе хабарламаны келісушіні таңдауға мүмкіндік береді. Бұл үшін «Таңдау» батырмасын басу арқылы келісілетін адамды таңдау қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өткізілген сатып алулар бойынша 5 ж.к. күндері өткеннен кейін  шарттар құрылған немесе өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден сатып алу не қайталама конкурс   құрылған жағдайда, Жүйе   хабарламаны бекітуге тыйым салады.  

Ашылған нысанда хабарламаны келісетін пайдаланушыны таңдау.

Егер «Ревизор» рөлімен пайдаланушыны таңдаса, Жүйе  осы пайдаланушыға  хабарламаны келісуге және келесі пайдаланушыға келісуге жіберуге мүмкіндік береді.

 Егер «Ревизор. Бекітуші» рөлімен пайдаланушыны таңдаса, Жүйе  осы пайдаланушыға  хабарламаны бекітуге және мемлекеттік аудит объектісіне жіберуге не хабарламаны келісуге  және келесі пайдаланушыға келісуге жіберуге мүмкіндік береді.

Ескертпе: Хабарламаны келісу үшін қайтадан хабарлама жасаушыны таңдауға болады.

 

Пайдаланушыны таңдағаннан кейін, Жүйе таңдалған пайдаланушыны қосады. Келісілетін адамды қосқаннан кейін хабарламаны одан әрі келісуге жіберу үшін  «Келісу және одан әрі келісуге жіберу» батырмасын басу қажет .

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Хабарламаны келісуге қабыл алмаған жағдайда, қабыл алмау себебін енгізу және «Қабыл алмау» батырмасын басу қажет.

 

«Қабыл алмау» батырмасын басқаннан кейін, Жүйе хабарландыру мәртебесін   «Қабыл алынбады» деп өзгертеді және хабарлама хабарламаны  жасаушыға редакциялау, алып тастау үшін қолжетімді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Хабарламаны бекітіп, мемлекеттік адуит объектісіне келісуге жіберген жағдайда, «Бекіту және жіберу» батырмасын басу қажет.

 

Батырманы басқаннан кейін, Жүйе PDF форматында хабарламаны қайта қалыптастырады, қалыптасқан хабарламада бекітушінің лауазымы мен аты-жөнін бейнелейді, «Қолтаңба қою» батырмасын бейнелейді.

Хабарламаға қол қою үшін «Қолтаңба қою» батырмасын басу керек.

 

«Қолтаңба қою» батырмасын басқаннан кейін, Жүйе хабарламаға ЭЦҚ ойдағыдай қойғаннан кейін, Жүйе хабарлама мәртебесін   «Бекітілді» деп өзгертеді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Хабарламаларды жіберу үшін хабарландыруға өту және «Камералдық бақылау» қолжетімді әрекеттерінен таңдау. Егер төменде берілген талаптар орындалса, «Барлық хабарламаны жіберу» батырмасы бейнеленеді. Лот бойынша тым болмағанда бір хабарламаны жібергеннен кейін Жүйе хабарландырудағы басқа лоттар бойынша жіберуге мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты «Барлық хабарламаларды жіберу» батырмасын басар алдында бұзушылық анықталған барлық лоттар бойынша «Бекітілді» мәртебесі болуы қажет.

 

Бірінші бағыт бойынша. Хабарлама жіберу үшін «Барлық хабарламаны жіберу» батырмасын басу қажет. «Барлық хабарламаны жіберу» батырмасы төмендегі талаптар орындалған жағдайда бейнеленеді:

1. Ағымдағы сатып алуда хабарлама жасаушылардың біреуіне, яғни егер хабарландыруда бірнеше лот және әрбір лотқа хабарландыруды «Ревизор» рөлімен түрлі пайдаланушылар жасаған болса, онда «Ревизор» рөліндегі барлық осы пайдаланушыларға батырма қолжетімді.

2. Хабарландыруда барлық лоттар бойынша тәуекелдердің барлық бейіндері бойынша «Тексерілді» белгісі қойылса және «Бекітілді мәртебесімен тым болмағанда бір хабарлама болса, батырма белсенді.

3. Құжаттамасы талқылауға жатпайтын  лоттар үшін не хабарландыру, лот, жоспар тармағы  «Жарияланды» мәртебесімен, хабарландыру, лоттың «Жарияланды (өтінімдерді қабылдау) мәртебесімен қайталама сатып алу  хабарландыру жариялаған күннен кейінгі күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде. Бұл ретте Жүйе хабарландыруды жариялаған күні хабарлама жіберуге тыйым салмауы тиіс.  

4. Хабарландыру, лот, жоспар тармағы  «Жарияланды» мәртебесімен құжаттамасы талқылауға жататын  лоттар немесе аралас лоттар үшін (яғни, хабарландыруда талқылауға жататын және талқылауға жатпайтын лоттар болса)  хабарландыру жариялаған күннен бастап құжаттаманы талқылау мерзімі ішінде (5  жұмыс күні).   

5. «Барлық хабарламаны жіберу» батырмасын басқаннан кейін Жүйе  мынадай мәтінмен «Бекітілген хабарламаны (-ларды) жіберуді растау» модальдық терезесі бейнеленеді: Сіз бекітілген хабарламаны (-ларды) шынында да жібергіңіз келіп отыр ма? Бекітілген хабарламаны (-ларды) жібергеннен кейін Жүйе  «Тексерілді» белгісі қойылған және хабарлама жасалмаған немесе хабарлама бар, бірақ бекітілмеген басқа лоттар бойынша хабарлама жіберуге мүмкіндік бермейді.

6. «Растау» батырмасын басқаннан кейін Жүйе:

6.1. Жүйе сатып алуды Ұйымдастырушы  ұйымның  барлық қызметкерлеріне (мемлекеттік аудит объектісіне)  жеке кабинетке хабарлама жіберілгені туралы хабарлама жолдайды.

6.2. Жүйе хабарлама мәртебесін «Жеткізілді» деп өзгертеді.

6.3.Жүйе жеткізу күні мен уақытын милисекундқа дейін тіркейді.

6.4. Жүйе хабарламаға қарсылық жіберу функциясын белсенді етеді.

6.5. Жүйе хабарламаны орындауды белсенді етеді:

6.5.1.      Егер хабарлама № 1 бейін бойынша ғана жіберілсе:

6.5.1.1. Талқылауға жататын лоттар үшін, Жүйе құжаттаманы талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін КҚ/АҚ-ға өзгерістер енгізу жолымен МС ұйымдастырушыға бұзушылықты жоюды белсенді етеді.

6.5.1.2. Талқылауға жатпайтын лоттар үшін, оның ішінде қайталама сатып алу үшін, Жүйе сатып алудың күшін жою функционалын белсенді етеді.

6.5.1.3. Талқылауға жататын және жатпайтын лоттар үшін, оның ішінде қайталама сатып алулар үшін, егер № 3,4,12 тәуекелдер бейіндері және т.б. бірінші бағыт  бойынша, оның ішінде № 1 бейін бойынша жіберілсе,    Жүйе сатып алу атқарымын белсенді етеді.

 Екінші бағыт бойынша. Хабарлама жіберу үшін «Барлық хабарламаны жіберу» батырмасын басу қажет. «Барлық хабарламаны жіберу» батырмасы төмендегі талаптар орындалған жағдайда бейнеленеді:

1. КҚ/АҚ өзгерткеніне не өзгертпегеніне байланыссыз талқылауға жататын лоттар үшін ғана орындалады.

2. Қайталама сатып алу үшін (КҚ/АҚ өзгертпеген жағдайда)  және талқылауға жатпайтын лоттар үшін орындалмайды.

3. Ағымдағы сатып алуда хабарлама жасаушылардың біреуіне, яғни егер хабарландыруда бірнеше лот және әрбір лотқа хабарландыруды «Ревизор» рөлімен түрлі пайдаланушылар жасаған болса, онда «Ревизор» рөліндегі барлық осы пайдаланушыларға батырма қолжетімді.

4. Хабарландыруда барлық лоттар бойынша тәуекелдердің барлық бейіндері бойынша «Тексерілді» белгісі қойылса және «Бекітілді мәртебесімен тым болмағанда бір хабарлама болса, батырма белсенді.

5. Өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы жарияланғаннан кейінгі күнде  Өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде  Хабарландыру, лот мәртебесі «Жарияланды (өтінімдер қабылдау), жоспар тармағының мәртебесі «Жарияланды» болуы тиіс.  

7. «Барлық хабарламаны жіберу» батырмасын басқаннан кейін Жүйе  мынадай мәтінмен «Бекітілген хабарламаны (-ларды) жіберуді растау» модальдық терезесі бейнеленеді: Сіз бекітілген хабарламаны (-ларды) шынында да жібергіңіз келіп отыр ма?  Бекітілген хабарламаны (-ларды) жібергеннен кейін Жүйе  «Тексерілді» белгісі қойылған және хабарлама жасалмаған немесе хабарлама бар, бірақ бекітілмеген басқа лоттар бойынша хабарлама жіберуге мүмкіндік бермейді.    .

8. «Растау» батырмасын басқаннан кейін Жүйе:

8.3.Жүйе сатып алуды Ұйымдастырушы  ұйымның  барлық қызметкерлеріне (мемлекеттік аудит объектісіне)  жеке кабинетке хабарлама жіберілгені туралы хабарлама жолдайды.

8.4.Жүйе хабарлама мәртебесін «Жеткізілді» деп өзгертеді .

8.5.Жүйе жеткізу күні мен уақытын милисекундқа дейін тіркейді.

8.6.Жүйе хабарламаға қарсылық жіберу функциясын белсенді етеді.

Жүйе хабарламаны орындауды белсенді етеді путем отмены закупки.

 

Үшінші бағыт бойынша. Хабарлама жіберу үшін «Барлық хабарламаны жіберу» батырмасын басу қажет. «Барлық хабарламаны жіберу» батырмасы төмендегі талаптар орындалған жағдайда бейнеленеді:

1. Ағымдағы сатып алуда хабарлама жасаушылардың біреуіне, яғни егер хабарландыруда бірнеше лот және әрбір лотқа хабарландыруды «Ревизор» рөлімен түрлі пайдаланушылар жасаған болса, онда «Ревизор» рөліндегі барлық осы пайдаланушыларға батырма қолжетімді.

2. Хабарландыруда барлық лоттар бойынша тәуекелдердің барлық бейіндері бойынша «Тексерілді» белгісі қойылса және «Бекітілді мәртебесімен тым болмағанда бір хабарлама болса, батырма белсенді.

3. Хабарландыру, лот мәртебесі «Өтінімдерді толықтыру жарияланды» болуы, жоспар тармағының мәртебесі өтінімдерді толықтыру мерзімі ішінде «Жарияланды» болуы тиіс.   Өтінімдерді толықтыру мерзімі аяқталғаннан кейін Жүйе хабарлама жіберуге тыйым салады.

4. «Барлық хабарламаны жіберу» батырмасын басқаннан кейін Жүйе  мынадай мәтінмен «Бекітілген хабарламаны (-ларды) жіберуді растау» модальдық терезесі бейнеленеді: Сіз бекітілген хабарламаны (-ларды) шынында да жібергіңіз келіп отыр ма? Бекітілген хабарламаны (-ларды) жібергеннен кейін Жүйе  «Тексерілді» белгісі қойылған және хабарлама жасалмаған немесе хабарлама бар, бірақ бекітілмеген басқа лоттар бойынша хабарлама жіберуге мүмкіндік бермейді. 

5. «Растау» батырмасын басқаннан кейін Жүйе:

8.7. Жүйе сатып алуды Ұйымдастырушы ұйымның барлық қызметкерлеріне (мемлекеттік аудит объектісіне)  жеке кабинетке хабарландыру жіберілгені туралы хабарлама жібереді.

8.8.Жүйе хабарлама мәртебесін «Жеткізілді» деп өзгертеді .

8.9.Жүйе жеткізу күні мен уақытын милисекундқа дейін тіркейді.

8.10. Жүйе хабарламаға қарсылық жіберу функциясын белсенді етеді.

8.11. Жүйе хабарландыру мен лоттар мәртебесін өтінімдерді толықтыру мерзімі аяқталғаннан кейін «АЖХ қайта қарау бойынша шешім қабылдау» деп өзгертеді.   Мәртебесі ауысқаннан кейін, Жүйе «АЖХ қайта қарау», «Қайта қараусыз сатып алуды жалғастыру» батырмасын белсенді етеді.

 Төртінші бағыт бойынша. Хабарлама жіберу үшін «Барлық хабарламаны жіберу» батырмасын басу қажет. «Барлық хабарламаны жіберу» батырмасы төмендегі талаптар орындалған жағдайда бейнеленеді:

1. Ағымдағы сатып алуда хабарлама жасаушылардың біреуіне, яғни егер хабарландыруда бірнеше лот және әрбір лотқа хабарландыруды «Ревизор» рөлімен түрлі пайдаланушылар жасаған болса, онда «Ревизор» рөліндегі барлық осы пайдаланушыларға батырма қолжетімді.

2. Хабарландыруда барлық лоттар бойынша тәуекелдердің барлық бейіндері бойынша «Тексерілді» белгісі қойылса және «Бекітілді мәртебесімен тым болмағанда бір хабарлама болса, батырма белсенді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бұл ретте тым болмағанда тағы бір бекітілмеген хабарлама болса, онда батырма көрсетілмейді.

3. ҚХ жариялаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жіберілген шағымдар болмаса, онда батырма ҚХ жарияланған күннен бастап 5 ж.к. өткеннен кейін бірден белсенді болады.   Хабарландыру мәртебесі «Аяқталды», лоттар мен жоспар тармақтарының мәртебесі   «Сатып алу өтті»/«Сатып алу өтпеді» болуы тиіс.

4. ҚХ жариялаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде шағым жіберілген жағдайда,  батырма шағым бойынша мынадай шешімдер қабылданғанда ғана (яғни, шарт жасасуды тоқтата тұру аяқталды) белсенді: «Шағымды қанағаттандырудан бас тарту». Хабарландыру мәртебесі «Аяқталды», лот (-тар) мен жоспар (-лар) тармақтарының мәртебесі   «Сатып алу өтті»/«Сатып алу өтпеді» болуы тиіс.

5. «Барлық хабарламаны жіберу» батырмасын басқаннан кейін Жүйе  мынадай мәтінмен «Бекітілген хабарламаны (-ларды) жіберуді растау» модальдық терезесі бейнелейді: Сіз бекітілген хабарламаны (-ларды) шынында да жібергіңіз келіп отыр ма?  Бекітілген хабарламаны (-ларды) жібергеннен кейін Жүйе  «Тексерілді» белгісі қойылған және хабарлама жасалмаған немесе хабарлама бар, бірақ бекітілмеген басқа лоттар бойынша хабарлама жіберуге мүмкіндік бермейді.

5.1. «Растау» батырмасын басқаннан кейін Жүйе:

5.1.1. Жүйе сатып алуды Ұйымдастырушы  ұйымның  барлық қызметкерлеріне (мемлекеттік аудит объектісіне)  жеке кабинетке хабарлама жіберілгені туралы хабарлама жолдайды.

5.1.2. Жүйе хабарлама мәртебесін «Жеткізілді» деп өзгертеді .

5.1.3. Жүйе жеткізу күні мен уақытын милисекундқа дейін тіркейді.

5.1.4. Жүйе хабарламаға қарсылық жіберу функциясын белсенді етеді.

5.1.5. Жүйе хабарландыру, лоттар/жоспар тармақтарының мәртебесін (хабарлама жіберілгендер бойынша ғана)  «Хабарламаны орындау  жөнінде шешім қабылдау» деп өзгертеді және «Хабарламаны орындамай сатып алуды жалғастыру» батырмасын белсенді етеді.

5.5.1.1 «Тексерілді» және «Бұзылды» тексеру белгілерін қоюға, хабарлама жасау мен жіберуге қолжетімділікті жабады.

5.1.6. Егер №№ 5, 6, 7 тәуекелдер бейіні бойынша хабарлама жіберілсе, Жүйе ҚХ қайта қарау функционалын  белсенді етеді. 

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!  ҚХ жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде шағым жіберілген жағдайда шағымдар бойынша қабылданған шешімдердің біреуі (яғни шарт жасауды тоқтата тұру аяқталды), тым болмағанда хабарландырудағы бір лот бойынша  «Мемлекеттік аудит - сатып алуды болдырмау» не «Мемлекеттік аудит – қорытындыларды қайта қарау» не «Камералдық бақылау» болса, «Барлық хабарламаны жіберу» батырмасы бейнеленбейді. 

 

 

3.5  «Ревизор» рөлімен пайдаланушының хабарламаның орындалуын растауы

Хабарламаны орындағаннан кейін:

1)    Конкурстық құжаттамаға өзгеріс енгізу не   бірінші бағыт бойынша сатып алуды болдырмау жолымен;

2)       Екінші бағыт бойынша сатып алуды болдырмау;

3)      Үшінші бағыт бойынша алдын ала жіберу хаттамасын қайта қарау,

4)     төртінші бағыт бойынша қорытындылар хаттамасын қайта қарау. Хабарламаны жасаушыға хабарламаны орындауды растау қажет. Бұл үшін   «Орындалды. Тексерушіде расталуда» мәртебесімен хабарламаны тауып, «Іздеу» батырмасын басу қажет.  

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер хабарлама сатып алуды болдырмау жолымен орындалса, ІМАД инспекторы хабарламаның орындалуын растауы қажет емес.

 

Іздеу нәтижелерінде (хабарламалар журналында) хабарлама нөміріне гиперсілтемені басу керек.

 

Ашылған нысанда «Хабарламаның орындалуын растау» жолында   «Орындалды» не «Орындалмады» мәнін таңдау.   «Орындалмады» мәні таңдалған жағдайда,  онда «Сипаттама» жолын міндетті түрде толтыру қажет.

 Жолдарды толтырғаннан кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет.

 

Деректерді сақтағаннан кейін, «Орындалды» мәні таңдалса, Жүйе хабарламаны    «Орындалды. Тексерушіде расталуда»  мәртебесінен «Орындалды» мәртебесіне өзгертеді.

 

Егер  «Орындалмады» мәні таңдалса, Жүйе хабарламаны    «Орындалды. Тексерушіде расталуда»  мәртебесінен «Орындалды. Тексеруші растамады»  мәртебесіне өзгертеді.

 

3.6 Хабарламаны кері шақырып  алу

Келісуге жіберілген хаттаманы кері шақырып алу үшін хабарламаны жасаушыға «Ревизор» рөлімен «Келісілуде» не «Бекітілді» мәртебесі бар хабарландыруға кіріп, «Хабарламаны кері шақырып алу» батырмасын басу керек.

 

Хабарламаны кері шақырып алғаннан кейін, Жүйе хабарлама мәртебесін «Жоба «деп өзгертеді.  Жүйе хабарлама жобасын алып тастауға не басқа келісетін адамға  жіберуге мүмкіндік береді. 

4. «Қарсылықтар жөніндегі менеджер» рөлімен пайдаланушыға қарсылық жазу

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы немесе Тапсырыс беруші қарсылықтарды жібергеннен кейін, барлық жаңа келіп түскен қарсылықтарды «Қарсылықтар жөніндегі менеджер» рөлімен пайдалданушы ғана көреді. 

Қарсылықты қарау және қажет болғанда қарсылыққа қорытынды құру үшін «Қарсылықтар жөніндегі менеджер» рөлімен пайдаланушыға «Бақылаушы» рөлімен қарсылықты орындауға жазу қажет. 

Қарсылықтарды жазу үшін «Қарсылықтар жөніндегі менеджер» рөлімен пайдаланушыға  «ІМАК/ІМАД жұмыс кабинеті» тарауына өтіп, «Қарсылықтар журналы» тармағын таңдау қажет.

Ашылған қарсылықтар журналында қарсылықтарды іздеуде «Қарсылық жазылды/жазылған жоқ» сүзгісінен «Жазылмады» мәнін таңдаңыз.  

Іздеу нәтижелерінде Жүйе жазылмаған барлық қарсылықтарды көрсетеді.

Орындауға қарсылық жазу үшін қарсылықты таңдау және «Орындаушыны таңдау» батырмасын басу қажет. 

Ашылған нысанда, Жүйе «Бақылаушы» рөлімен Сіздің ұйымыңыздың барлық қызметкерлерін көрсетеді. Орындаушыны таңдау және «Таңдау» батырмасын басу қажет.  

Бұдан әрі «Орындаушыны тағайындау» батырмасын басу қажет. Батырманы басқаннан кейін Жүйе таңдалған орындаушыны сақтайды. 

5. Қарсылыққа қорытынды жіберу

5.1  Келісуге қорытынды жасау және жіберу

Қорытынды жасау үшін «Бақылаушы» рөлімен (қарсылық орындауға жазылған пайдаланушыға) авторлану қажет. «ІМАК/ІМАД жұмыс кабинеті» - «Қарсылықтар журналы» тарауына өту. 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қорытынды мәртебелерін белгілеу:

-        Жоба – Қорытынды жобасы жасалды. Қорытынды жасаушыға редакциялау үшін қолжетімді, сондай-ақ алып тастау үшін жасаушыға және қорытынды жасаушы Ұйымның қызметкерлеріне  қолжетімді;

-        Келісілуде – қорытынды жасаушы Ұйымның қызметкеріне келісуге жіберілді;

-        Қабыл алынбады – қорытындыны қорытынды жасаушы Ұйымның қызметкері  келісуге қабыл алмады;

-        Жеткізілді – қорытынды мемлекеттік аудит объектісіне жеткізілді;

 

Жүйе мемлекеттік аудит объектілері жіберген хабарламаға қарсылықты бейнелейді.

Іздеу сүзгісінде «Маған тағайындалған қарсылықтар» жолын белсенді ету керек.

 

Жүйе Сізге орындауға тағайындалған барлық қарсылықтарды көрсетеді. 

Қорытынды жасау үшін «Қорытынды» батырмасын басу керек.

 

 Жүйе «№ {қорытынды нөмірі} қорытындыны жасау және келісуге жіберу» нысанын бейнелейді

 

Ашылған нысанда міндетті жолдарды толтырыңыз:

-        Орыс тілінде қорытынды сипаттамасы;

-        Қазақ тілінде қорытынды сипаттамасы;

-        Қорытынды мойындалады – мәні таңдалады: оң не теріс.

Келісуші: 

  • қарсылықты толық қанағаттандыру туралы
  • қарсылықты ішінара қанағаттандыру туралы 
  • қарсылықтан бас тарту  туралы

-        Келісуші.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жүйе қорытынды сипаттамасын тек орыс тілінде не тек қазақ тілінде толтыруға мүмкіндік береді. Қазақ және орыс тілдерінде толтыру міндетті емес.

«Келісуші» жолында Жүйе қорытындыны  келісушіні таңдауға мүмкіндік береді . Келісушіні таңдау үшін «Таңдау» батырмасын басу қажет.

Ашылған нысанда қорытынды келісілетін пайдаланушыны таңдау.

 Егер  «Бақылаушы» рөлімен пайдаланушыны таңдаса, Жүйе осы пайдаланушыға қорытындыны келісіп,  келесі пайдаланушыға келісуге жіберуге мүмкіндік береді.

 Егер  «Бақылаушы. Бекітуші» рөлімен пайдаланушыны таңдаса, Жүйе осы пайдаланушыға қорытындыны бекітіп, мемлекеттік аудит объектісіне жіберуге не қорытындыны  келісіп, келесі пайдаланушыға келісуге жіберуге мүмкіндік береді .

Ескертпе: Жүйе келісуші адам ретінде өзіңізді  таңдауға, егер сізде «Бақылаушы. Бекітуші» рөлі болса, онда бекітуші адам ретінде таңдауға мүмкіндік береді.

 Пайдаланушыны таңдағаннан кейін «Таңдау» батырмасын басу керек.

 

Пайдаланушыны таңдағаннан кейін, Жүйе таңдалған пайдаланушыны қосады.

 

Қорытындыны сақтау үшін «Сақтау» батырмасын басу керек. Батырманы басқаннан кейін, Жүйе:

-        «Жоба» мәртебесімен қорытындыны сақтайды;

-        Қорытындыға нөмір береді;

-        Қорытындыны жасаушының ТАӘ бейнелейді.

 

«Жоба»/ «Қабыл алынбады» мәртебесімен қорытындыны қарау, редакциялау немесе сақтау үшін,  «ІМАК/ІМАД жұмыс кабинеті» - «Қорытындылар журналына» өту  қажет.   Ашылған нысанда, Жүйе қорытындылар журналын бейнелейді.

Қорытындыларды іздеу сүзгісінде сүзгі өлшемдерін толтыру: мысалы,  «Қорытындыны жасаушының ТАӘ» жолында өзіңнің ТАӘ енгізу, «Қорытынды мәртебесі» жолында  «Жоба» немесе «Қабыл алынбады» мәртебесін толтырып, «Іздеу» батырмасын басу керек.

Қорытындылары тізімінде редакциялау үшін  «»,пиктограммасын, алып тастау үшін «» пиктограммасын басу керек.

 

«Келісуге жіберу» батырмасын басқаннан кейін, Жүйе:

-        «Келісуші» жолында көрсетілген пайдаланушыға келісуге қорытындыны жібереді.

-        Үлгіге сәйкес қорытындыны қалыптастырады және «Қорытынды файлы» жолында бейнелейді;

-        Қорытындыға   «Келісілуде» мәртебесін береді.

Қорытындыны келісуге жібергеннен кейін Жүйе қорытынды нысанын жабады және қорытындылар журналын бейнелейді.

5.2 «Бақылаушы»  рөлімен пайдаланушының қорытындысын келісу

 

Қорытындыны келісу үшін Порталда «Бақылаушы» рөлімен авторлану қажет.  «ІМАК/ІМАД жұмыс кабинеті» - «Қорытындылар журналы» тарауына өту.  

 

Ашылған нысанда, Жүйе қорытындылар журналын бейнелейді. Іздеу сүзгісінде сүзгі өлшемдерін толтыру: мысалы, «Келсуші» жолына өзінің ТАӘ енгізу, «Қорытынды мәртебесі» жолында «Келісілуде» мәртебесін толтыру және «Іздеу» батырмасын басу.

 

Жүйе сізге келісуге  жіберілген қорытындылардың барлығын бейнелейді .

Іздеу нәтижелерінде  қорытынды № гиперсілтемесін басу керек.

 

Қорытындыны келісу үшін ашылған нысанда келісілетін адамды таңдау. «Келісуші» жолында Жүйе қорытындыны  келісушіні таңдауға мүмкіндік береді.

 Келісушіні таңдау үшін «Таңдау» батырмасын басу қажет.

 

Ашылған нысанда қорытынды келісілетін пайдаланушыны таңдау.  Егер  «Бақылаушы» рөлімен пайдаланушыны таңдаса, Жүйе осы пайдаланушыға қорытындыны келісіп,  келесі пайдаланушыға келісуге жіберуге мүмкіндік береді.

  Егер  «Бақылаушы. Бекітуші» рөлімен пайдаланушыны таңдаса, Жүйе осы пайдаланушыға қорытындыны бекітіп, мемлекеттік аудит объектісіне жіберуге не қорытындыны  келісіп, келесі пайдаланушыға келісуге жіберуге мүмкіндік береді .

Ескертпе: Қорытындыны келісу үшін қайтадан қорытынды жасаушыны таңдауға болады.

 

Пайдаланушыны таңдағаннан кейін, Жүйе таңдалған пайдаланушыны қосады.  Келісуші адамды қосқаннан кейін  бұдан әрі келісуге қорытындыны жіберу үшін «Келісу және одан әрі келісуге жіберу» батырмасын басу қажет .

Қорытындының келісуге қабыл алмау үшін қабыл алмау себебін енгізіп, «Қабыл алмау» батырмасын басу қажет.

 

«Қабыл алмау» батырмасын басқаннан кейін, Жүйе қорытынды мәртебесін «Қабыл алынбады» деп өзгертеді және хабарлама қорытынды жасаушыны редакциялау, алып тастау үшін қолжетімді.

5.3  «Бақылаушы. Бекітуші» рөлімен пайдаланушы қорытындысын бекіту және Мемлекеттік аудит объектісіне жіберу

Қорытындыны бекіту, келісу үшін Порталда «Бақылаушы. Бекітуші» рөлімен авторлану қажет.   «ІМАК/ІМАД жұмыс кабинеті» - «Қорытындылар журналы» тарауына өту. 

 

Ашылған нысанда, Жүйе қорытындылар журналын бейнелейді. Іздеу сүзгісінде сүзгі өлшемдерін толтыру: мысалы, «Келісуші» жолына өзінің ТАӘ енгізу, «Қорытынды мәртебесі» жолында «Келісілуде» мәртебесін толтыру және «Іздеу» батырмасын басу.

Жүйе сізге келісуге  жіберілген қорытындылардың барлығын бейнелейді .

Іздеу нәтижелерінде  қорытынды № гиперсілтемесін басу керек.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қорытындыны келіскен жағдайда ашылған нысанда келісілетін адамды таңдау. «Келісуші» жолында Жүйе қорытындыны  келісушіні таңдауға мүмкіндік береді. Бұл үшін «Таңдау» батырмасын басу арқылы келісілетін адамды таңдау қажет.

Ашылған нысанда қорытынды келісілетін пайдаланушыны таңдау.

 Егер  «Бақылаушы» рөлімен пайдаланушыны таңдаса, Жүйе осы пайдаланушыға қорытындыны келісіп,  келесі пайдаланушыға келісуге жіберуге мүмкіндік береді.

  Егер  «Бақылаушы. Бекітуші» рөлімен пайдаланушыны таңдаса, Жүйе осы пайдаланушыға қорытындыны бекітіп, мемлекеттік аудит объектісіне жіберуге не қорытындыны  келісіп, келесі пайдаланушыға келісуге жіберуге мүмкіндік береді .

Ескертпе: Қорытындыны келісу үшін қайтадан қорытынды жасаушыны таңдауға болады.

 

Пайдаланушыны таңдағаннан кейін, Жүйе таңдалған пайдаланушыны қосады.  Келісуші адамды қосқаннан кейін  бұдан әрі келісуге қорытындыны жіберу үшін «Келісу және одан әрі келісуге жіберу» батырмасын басу қажет .

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қорытындыны келісуге қабыл алмаған жағдайда, қабыл алмау себебін енгізу және «Қабыл алмау» батырмасын басу қажет.

«Қабыл алмау» батырмасын басқаннан кейін Жүйе қорытынды мәртебесін «Қабыл алынбады» деп өзгертеді және  қорытынды редакциялау, алып тастау үшін қорытындыны жасаушыға қолжетімді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қорытындыны бекітіп, мемлекеттік аудит объектісіне жіберген жағдайда, «Бекіту және жөнелту» батырмасын басу қажет.

 

Батырманы басқаннан кейін, Жүйе PDF форматында қорытындыны қайта қалыптастырады, қалыптасқан қорытындыда бекітушінің лауазымын, ТАӘ бейнелейді, «Қол қою» батырмасын бейнелейді.

Қорытындыға  қол қою үшін «Қол қою» батырмасын басу керек.

 

«Қолтаңба қою» батырмасын басқаннан кейін, қорытындыға ЭЦҚ қоюға мүмкіндік береді. Қол қойғаннан кейін Жүйе:

-         Қорытынды мәртебесін «Жеткізілді» деп өзгертеді;

-        Жеткізу күні мен уақытын тіркейді;

-         Егер қорытынды «Оң» деп  танылса, онда қарсылық мәртебесін  «Оң» деп өзгертеді, ал хабарлама мәртебесін «Орындалды. Оң қорытынды» деп өзгертеді және хабарламаны орындау мүмкіндігін жабады: сатып алуды болдырмау,  құжаттамаға өзгерістер енгізу, бағытына байланысты қорытындылар  хаттамасын қайта қарау жолымен;

-        Егер қорытынды «қарсылықты ішінара қанағаттандыру туралы» деп танылса, Жүйе қарсылық мәртебесін «Ішінара қанағаттандырылды» деп өзгертеді, хабарлама мәртебесі «Орындау. Қарсылықты ішінара орындау» болып қала береді, «Хабарламалар журналы» нысанында хабарламаны орындаудың қалған мерзімін есептеу жаңғыртылады.  Жүйе орындау мерзімінің күнін орындалғанға  дейін қалған жұмыс күндері санына ұлғайтады.

-        Егер қорытынды « қарсылықтан бас тарту  туралы» деп танылса, Жүйе қарсылық мәртебесін «Қанағаттандырудан бас тартылды» деп өзгертеді, хабарлама мәртебесі «Орындау. Қарсылықты қанағаттандырудан бас тартылды» болып қала береді, «Хабарламалар журналы» нысанында хабарламаны орындаудың қалған мерзімін есептеу жаңғыртылады. Жүйе орындау мерзімінің күнін орындалғанға  дейін қалған жұмыс күндері санына ұлғайтады.

6.    «Ревизор», «Ревизор. Бекітуші» рөлімен пайдаланушылардың қарсылықтарды қарауы

 

Сіздің ұйымыңыз жіберген хабарламаларға мемлекеттік аудит объектісі жіберген қарсылықтарды қарау үшін "ІМАК/ІМАД» жұмыс кабинеті – «Қарсылық» тарауына өту қажет.

 

Ашылған нысанда Жүйе сіздің ұйымыңыз жасаған хабарламаларға жіберілген барлық қарсылықтарды бейнелейді.

 

7.  «Ревизор», «Ревизор. Бекітуші» рөлімен пайдаланушылардың қорытындыларды  қарауы 

Қарсылыққа жіберілген қорытындылары қарау үшін, бұл ретте хабарлама сіздің ұйымыңыз жасаған хабарламаға жіберілген, "ІМАК/ІМАД» жұмыс кабинеті – «Қорытынды» тарауына өту қажет.

 

Жүйе  қарсылыққа жіберілген қорытындыны бейнелейді, бұл ретте қарсылық сіздің ұйымыңыз жасаған хабарламаларға жіберілген.

8.  «Бақылаушы», «Бақылаушы. Бекітуші» рөлімен пайдаланушылардың хабарламаларды  қарауы

 

Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік аудит объектілеріне жіберген барлық хабарламаларды қарау үшін "ІМАК/ІМАД» жұмыс кабинеті – «Хабарламалар журналы» тарауына өту қажет. 

Жүйе Ішкі мемлекеттік аудит департаменттері мемлекеттік аудит объектілеріне жіберген барлық хабарламаларды бейнелейді.

 

10.  Бір архивпен «Барлығын жүктеп алу» батырмасы

 

Жүйе хабарландыру кезеңіне  байланысты  хабарландырудағы барлық бар құжаттарды жүктеп алуға мүмкіндік береді:

- Хабарландыру құжаттары (конкурстық/аукциондық құжаттама/шарт жобасы/техникалық  ерекшелік және т.б.);

- Өнім берушілердің өтінімдері;

- Хаттамалар;

- Шарттар.

 Құжаттарды жүктеп алу үшін «Құжаттама» қосымша бетіне өту және «Барлығын жүктеп алу» батырмасын басу. Батырманы басқаннан кейін Жүйе құжаттарды компьютерге жүктейді. Құжаттарды қарау үшін архивтен шығару қажет.

 

11. Салынған әкімшілік өндіріп алулар туралы ақпарат

  «Орындалды», «Орындалды. Растауда», «Орындалды. Тексерушілер растамады», «Орындалған жоқ. Танысты», «Орындау. Қарсылықты қанағаттандырудан бас тартылды», «Орындалған жоқ. Танысқан жоқ», «Күші жойылды» мәртебелерінде хабарламалар құрушылар болып табылатын Ревизор рөліндегі қызметкерлердің  «Салынған әкімшілік өндіріп алулар туралы ақпарат» нысанының жолдарын толтыруға мүмкіндіктері бар .

Бұл нысанда жолдардың  толтырылу міндеттілігіне мынадай тексерулер бар: 

1. Лауазымды тұлғалар саны -   «Сомада салынды (теңге) жолы толтырылса, жол міндетті».
2. Сомада салынды (теңге) -   «Лауазымды тұлғалар саны жолы толтырылса, жол міндетті».
3. Сомада өндіріп алынды (теңге) - Қолмен толтырылады.   «Сомада салынды (тенге) » жолдары толтырыған жағдайда ғана толтырылады, бірақ ол міндетті емес. 

4. Комитетке  шығыс операцияларды тоқтата тұруға хат жіберу күні - міндетті емес жол. Күні ағымдағыдан кеш бола алмайды
5. Дата отправки материалов в соответствующие органы - міндетті емес жол. Күні ағымдағыдан кеш бола алмайды
6. ІМАК сарапшысының қайта тексеру нәтижелері - міндетті емес жол

Деректерді сақтау үшін «Сақтау» батырмасын басыңыз.  Бұдан соң толтырылған деректерді редакциялауға болады, бұл үшін   "Редакциялау" батырмасын басыңыз.  "Қосымша ақпаратты толтыруды аяқтау» батырмасын басқаннан кейін деректер редакциялау үшін қолжетімді емес.  

12. Шығыс операцияларды тоқтата тұру

«Салынған әкімшілік өндіріп алулар туралы ақпарат» нысанының жолдарын толтыру хабарламасы бойынша «Өкімдер жөніндегі менеджер» рөлімен қызметкерге толтыру үшін  "Шығыс операцияларды тоқтата тұру" нысаны қолжетімді болады.

«Салынған әкімшілік өндіріп алулар туралы ақпарат» нысаны толтырылса, Өкімдер жөніндегі менеджерге Менеджеру по распоряжениям доступны все уведомления  в статусах «Орындалды», «Орындалды. Растауда», «Орындалды. Тексерушілер растамады», «Орындалған жоқ. Танысты», «Орындау. Қарсылықты қанағаттандырудан бас тартылды», «Орындалған жоқ. Танысқан жоқ», «Күші жойылды» мәртебелеріндегі барлық хабарламалар қолжетімді. Шығыс операцияларды тоқтата тұру туралы деректерді толтыру үшін "ІМАК/ІМАД жұмыс кабинеті" - "Хабарламалар» тарауына өту және керек хабарламаны ашу қажет.   

"Шығыс операцияларды тоқтата тұру"  қосымша бетінде өкім құжаты туралы  деректерді толтыру және құжаттың скан-көшірмесін қоса тіркеу қажет:

 

Бұдан әрі «Сақтау» батырмасын басыңыз:


Деректерді сақтағаннан кейін Өкімдер жөніндегі менеджерге  «Шығыс операцияларды тоқтат тұру туралы өкімнің күшін жою" қосымша бетінде нысан толтыру үшін қолжетімді болады.

 

"Шығыс операцияларды тоқтат тұру туралы өкімнің күшін жою" қосымша бетінде сондай-ақ өкімнің күшін жою туралы құжаттың деректерін толтыру және құжаттың скан-көшірмесін қоса тіркеу қажет:

Бұдан әріақтау" батырмасын басыңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Сақталған деректер редакциялауға жатпайды, сондықтан «Сақтау» батырмасын басар алдында енгізілген деректердің дұрыстығына көз жеткізіңіз.

  • Нет меток